Attention: Information about the quality of the article, certificate, reference and journal types are available only to the author of the article or correspondent of the journal.

Жігіт сұлтаны байқауы

Educational Hour, Competition
Жігіт сұлтаны байқауы

Author: Мухамадиева Гульмира Мейрмановна
Job: Астана қаласындағы 58 мектеп-гимназиясы
Position: Бастауыш сынып мұғалімі
Date of publish: 10.01.2017
Publisher: М.


“Жігіттің сұңқары кім?”,

саралаңыз

(Сайыс-байқау)

 

1-бастаушы: Құрметті қауым! Сіздерді “Жігіт сұлтаны” сайысын тамашалауға шақырамыз.

 

2-жүргізуші: Береке де осында,

Мереке де осында.

Болып жатыр той-думан

Қырандардың қосында.

 

1-жүргізуші: Асқақтаған ән дайын,

Күмбірлеген күй дайын.

Ал, кәнекей, қырандар!

Босқа қарап тұрмаңдар!

Бастап жігіт өнерін,

алыстарға самғаңдар!

 

2-жүргізуші: Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін жігіттерді қол  шапалақтап, қошаметтеп ортаға шақырайық.

 

1-жүргізуші: Сайысқа қатысушы жігіттер көпшілікпен сәлемдесіп, өздерін таныстырады. Жігіт сұлтанының бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың деген сұраққа жауап береді.

 

2-жүргізуші: Ей жігіттер!

Сендерге артар міндет көп.

Көтер биік ата салтын құрметтеп

Ақтай білсең ата-баба үмітін

Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.

 

Сұрақтар: Нөмірленген асықтардағы сұрақтарға жауап беру.

 

№1 асық. Мал жіліктерінің атауын айт.

І. Қол жіліктері:  6

1. Кәрі жілік – 2

2. Күң жілік – 2

3. Жауырын – 2

ІІ. Сан жіліктері: 6

1. Асықты жілік – 2

2. Тоқпан жілік – 2

3. Жамбас – 2

 

№2 асық. Қонаққа ет тарту рәсімі қалай?

1. Құда табақ: бас, жамбас

2. Күйеу табақ: төс т.б.

 

№3 асық. Төрт түлік мал пірінің  аталуы қалай?

1. Түйе – Ойсылқара

2. Жылқы – Қамбар ата

3. Қой – Шопан ата

4. Ешкі – Шек-Шек ата

5. Сиыр – Зеңгі баба

 

№4 асық.  Қазақша ай аттарының аталуын  айту керек.

1. Қаңтар 7. Шілде

2. Ақпан 8. Тамыз

3. Наурыз 9. Қыркүйек

4. Сәуір 10. Қазан

5. Мамыр 11. Қараша

6. Маусым 12. Желтоқсан

 

№5 асық.  Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай?

І. Жылқы – құлын

ІІ. Сиыр – бұзау

ІІІ. Қой – қозы

ІҮ. Ешкі – лақ

 

№6 асық. Жыртқыш құстардың атын ата.

Бүркіт, лашын, қыран, қырғи.

 

 

№7 асық. Қазақ халқының салт-дәстүр,

той-томалақтарын  атап шық, біреуін түсіндір.

Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар.

 

№8 асық.  Аттың ер-тұмандарына нелер жатады?

Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы.

 

1-жүргізуші: Әділ қазылар алқасы жігіттердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.

(Ән орындалады)

 

2-жүргізуші: Қыран-бүркіт көтерер ердің нарқын,

Қыран жігіт асырар елдің даңқын!-

демекші, енді жігіттерміздің өнерін тамашалайық.

 

(Әрқайсысы өз өнерін көрсетеді)

 

1-жүргізуші: Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес,

Қоян қолтық алыспай, –  демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстардағы өнерлерін көрейік.

1. Салмақ тасын көтеру.

2. Мойын арқан тартпақ.

3. Білек күшін сынау.

 

2-жүргізуші: Жігіттер, жаман істі кәсіп етпе,

Досыңды бірге жүрген басып өтпе,

Басыңа әлдеқандай  іс түскенде.

Келесі кезекті тағы да әнге берейік.

 

(Ән орындалады)

 

1-жүргізуші: Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері,

Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.

Көңіліңді шат сезімге баурайды,

Халқымыздың бүгіні мен өткені.

 

(Тарихи тұлғалар, ескі ұғымдар туралы сұрақтарға жауап беру)

 

Сұрақтар: Асықтар арқылы жауап береді.

 

№1 асық. Қазақ халқының тарихында қандай хандар, батырлар, билер, шешендер өткен?

 

Хандар: Абылай, Әбілхайыр, Тәуке, Жәңгір т.б.

Батырлар: Сыпатай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай т.б.

Шешендер: Жиренше, Бөлтірік т.б.

Билер: Қаз дауысты Қазыбек, Төле би, Әйтеке би т.б.

 

№2 асық. Үш ұғым туралы сұрақтар

1. Үш  жүз:  Ұлы, Орта, Кіші

2. Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі

3. Үш даусыз: Мінез, кәрілік, ажал

 

№3 асық. Жеті атаны талдап беру.

Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

 

№4 асық. 5 асыл мен 5 дұшпанды ата.

Бес асыл мыналар: талап, еңбек, терең ой,

қанағат ету, рақым жасау.

Бес дұшпан мыналар: өсек, өтірік, мақтаншақ,

еріншек,  бекер мал шашпақ.

№5 асық.   Ұлттық ойындардың түрлерін атап шық.

Ақсүйек, асау үйрету, арқан тарту, тымпи,

сақина салу т.б.

 

Жүргізуші: “Жеті атасын білмеген жетесіз” – деп халқымыз айтпақшы, кешіміздің соңында біздің қыран жігіттеріміз өздерінің жеті аталарын атап, дастарханымызға бата берсін!

 

(Сайыс соңы концерттік бағдарламаға ұласады)

 

 

List of portals for teachers and students

  1. Linguistic Olympiads - https://wonder.zti.kz
  2. Olympiads on the basics of primary education - https://kokon.kz
  3. Cyber Olympiad in Italian drafts - https://doiby.zti.kz
  4. Intellectual Cyber Chess Olympiads - https://chess.zti.kz
  5. Competitions, conferences, olympiads - https://kzu.kz
  6. Republican competitions, courses, conferences, and olympiads, and courses - https://ukz.kz
  7. Intellectual competitions, conferences, and olympiads - https://tarim.kz
  8. The methodical journal for teachers - https://adisteme.kz
  9. Republican Distance Olympiads – https://clever.zti.kz
  10. Competitions, conferences, olympiads - https://talimger.kz
  11. Smart Library - http://w.zti.kz/crviy