Attention: Information about the quality of the article, certificate, reference and journal types are available only to the author of the article or correspondent of the journal.

Ұстаз – ұлағатты есім

Ode to teacher
Ұстаз – ұлағатты есім

Author: Чабаева Мадина Елеусиновна
Job: Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы №1 орта мектеп
Position: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Date of publish: 24.09.2017
Publisher: Ч.


Күрең күздің жанға жайлы жайма шуақ сәттерінің бірінде қазан айының қоңыр күндерімен ілесіп, төл мерекеміз – Ұстаздар күні де келіп жетті.

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Біз білім ордасы – мектеп табалдырығын аттап, онда қызықты да терең білім алып, тылсым дүниені таныдық.

Қай жерге барса да төрден орын алатын ұстаздар қауымына әріптес болу бақыты мағанда бұйырыпты. Мен мектеп табалдырығын аттаған сәтте алдымнан жарқырай шығып қолыма қалам ұстатып, әліппе жаттатқан аяулы ұстазым Зияда апайымды көрген сайын менде ұстаз болуды армандадым. Сол арманым шындыққа ұласып бұл күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімімін. Әрине мұғалім мамандығы оңай жұмыс емес, қиыны мен қызығы қатар жүретін мамандық. Ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдерінен үйренгенімізді өз шәкірттеріміздің бойына ұялатуға тырысамыз.
Ұстаздар қауымы, біздер, әр баланы білім тұңғиығынан нәр алдырып, ізгілік пен адамгершіліккке баулып, табандылықпен еңбек етіп, алдына биік мақсаттар қоюды үйретуге тырысамыз.
“Ұстаз, сенің алдыңда бас июге рұқсат ет!” – деген көпке танымал өлең жолдарында осы бір жанкешті абзал жандарға деген ұланғайыр алғыс көрініс тапқан.

Құрметті Ұстаздарым, әріптестерім,  бүгінгі мереке сіздердің мерекелеріңіз! Сіздерге денсаулық, бақ-береке, шығармашылық табыстар тілеймін.
Алдыңызда отырған шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!

List of portals for teachers and students

  1. Linguistic Olympiads - https://wonder.zti.kz
  2. Olympiads on the basics of primary education - https://kokon.kz
  3. Cyber Olympiad in Italian drafts - https://doiby.zti.kz
  4. Intellectual Cyber Chess Olympiads - https://chess.zti.kz
  5. Competitions, conferences, olympiads - https://kzu.kz
  6. Republican competitions, courses, conferences, and olympiads, and courses - https://ukz.kz
  7. Intellectual competitions, conferences, and olympiads - https://tarim.kz
  8. The methodical journal for teachers - https://adisteme.kz
  9. Republican Distance Olympiads – https://clever.zti.kz
  10. Competitions, conferences, olympiads - https://talimger.kz
  11. Smart Library - http://w.zti.kz/crviy