Attention: Information about the quality of the article, certificate, reference and journal types are available only to the author of the article or correspondent of the journal.

Үш тілділік білім беру – жаңашылдық бастауы

English
Үш тілділік білім беру – жаңашылдық бастауы

Author: Досанова Толганай Мадиевна
Job: Жамбыл орта мектебі
Position: ағылшын тілі мұғалімі
Date of publish: 06.11.2017
Publisher: Д.


Ағылшын тілін үйренгеннен біз мәңгүрттенбейміз. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білуіміз керек. Себебі, ағылшын тілі мемлекеттік тілге бәсекелес емес.

Халықаралық қатынас тілі ретінде мойындалған ағылшын тілі бүгінде білім саласына дендеп енді. Себебі білімдегі жаңашылдықтар мен жаңа технологиялардың бәрі ағылшын тілінде жүргізіледі. Әсіресе, ғылыми технологияға негізделген кітаптар мен жобалар да ағылшын тілінде жарық көруде. Мәселен, әлемде жылына жүз мың кітап шықса, соның сексен мыңы шет тілінде шығарылады. Демек, білімнің базасы – тіл біліміне байлаулы тұр.
Ағылшын тілін қызығушылық деп емес, қажеттілік деп түсінетіндер қатары көбейді. Әрине, бұл басымдықты шет тіліне бұру деген сөз емес. Өйткенмен көштен қалмаудың жолы – тіл білу.
Бірнеше жылдан бері Назарбаев Зияткерлік мектебі, Қазақ-түрік лицейлері мен Дарынды балаларға арналған мектептерде үштілділік сатысы білім процесіне енді. Бірақ қалай? Көптің көкейінде жүрген сауалдардың бірі де осы еді. Әсіресе, жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде жүргізу басы ашық сұрақ ретінде санада сақталып қалғаны рас. Себебі күрделі компоненттерге құрылған химия, физика, биология, математика пәндерін ағылшын тілінде меңгерту тәуекелден бұрын, тәжірибені қажет етеді.
Сондықтан қазіргі таңда жаратылыстану пәндерінің мұғалімдерімен қатар ағылшын тілі пәні мұғалімдері де өз білімдірін жетілдіруде. Мәселен, тек Қостанай облысы бойынша 100ден астам мұғалім Педагогикалық шеберлік орталығында білімдерін жетілдіріп жатыр. Бұл курстар 2 ай мен 5 ай аралығында жалғасып, оқу соңында тестілеу тапсырумен аяқталады.
Біліктілікті арттыру курсы соңында әр мұғалім ағылшын тілі пәні бойынша өз деңгейін көтеріп, алдыңғы уақытта жаратылыстану пәндері мұғалімдерімен бірлесе жұмыс жасап, көмектесетін болады.
Ал, болашақта жастарымыз заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін сөйлеп, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса, еліміздің ертеңінің көркейте түсері сөзсіз. Олай болса, бүгінгі талапкерлерге әлемдік кеңістікке қанат қағып, шет тілін меңгерсем деп талап білдіргендерге сәттілік тілейміз.

List of portals for teachers and students

  1. Linguistic Olympiads - https://wonder.zti.kz
  2. Olympiads on the basics of primary education - https://kokon.kz
  3. Cyber Olympiad in Italian drafts - https://doiby.zti.kz
  4. Intellectual Cyber Chess Olympiads - https://chess.zti.kz
  5. Competitions, conferences, olympiads - https://kzu.kz
  6. Republican competitions, courses, conferences, and olympiads, and courses - https://ukz.kz
  7. Intellectual competitions, conferences, and olympiads - https://tarim.kz
  8. The methodical journal for teachers - https://adisteme.kz
  9. Republican Distance Olympiads – https://clever.zti.kz
  10. Competitions, conferences, olympiads - https://talimger.kz
  11. Smart Library - http://w.zti.kz/crviy