Attention: Information about the quality of the article, certificate, reference and journal types are available only to the author of the article or correspondent of the journal.

Үш тұғырлы тіл моделі бүгінгі күнгі Қазақстан жағдайында

Trilingual Education
Үш тұғырлы тіл моделі бүгінгі күнгі Қазақстан жағдайында

Author: Есетова Гүлзира Бүркітқызы
Job: Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг Университеті, КЕАҚ
Position: аға оқытушы, магистр
Date of publish: 30.03.2022
Publisher: Римма Е.


Соңғы бірнеше жылдар бойы елімізде тілдік жағдай аясында үштілділікке байланысты болып жатқан белсенді пікірталастарды байқауға болады. Бұл орынды ұсыныстар, себебі тіл – ұлттың қалыптасуының нәтижесі. «Тіл – халықтың ең басты үлкен құндылығы. Уақыт өткен сайын тас қашалады, темірді тат басады, өзіне берілген несібесі таусылғанда адам өмірден өтеді. Ұрпақтан-ұрпаққа тарайтын халықтың рухани мұрасы ретінде тек тіл ғана жалғыз көпір болып қалады» деп, жазған тұңғыш президент Н.А. Назарбаев.

Ұлт бірінші кезекте территориясының, экономикалық өмірінің, психикалық өзіндік пішінінің жалпыға ортақтығымен, сол сияқты тілінің бірегейлігімен көрініс беретін адамзат баласының тарихи қауымдастығы ретінде сипатталады. Сондықтан ол халықты өткенімен, бүгінгісімен және болашағымен байланыстыратын буын деп саналады. Осыған орай тіл білімінің негізін салушы В. Гумбольдт «тіл-ұлттың жаны, әрі тынысы» деп жазған.

Бүгінгі күні Қазақстандық қоғамда қазақстандықтардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерін  меңгеруіне бағытталған үштілділік саясаты жүргізілуде. Бұл бастама 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауын­да Елбасы «Үштұғырлы тілдер» саясаты» атты мәдени жобаны таратуды кезең-кезеңмен бастауды ұсынды. «Қазақстан барлық әлемге тұрғындарына үш тілді қатар қолданатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс» деп, Елбасы бірнеше рет атап көрсетті Ол: «қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – халықаралық тіл ретінде және әлемдік экономиканың жетістіктері интеграциясы ретіндегі ағылшын тілі».  Қазақстандағы үштілділік идеясын Н.Ә.Назарбаев алғаш рет 2004 жылы көтерген, сөйтіп оған бірнеше рет қайта оралды. 2006 жылдың қазан айындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сес­сиясында Елбасы аз дегенде үштілді меңгеру біздің балаларымыз үшін аса қажет екендігін қайта атап көрсетті. «Үш тұғырлы тіл» идеясы  қоғамның қажеттілігін өтеу және жаһандану жағдайына ықпалдасу ретіндегі уақыт талабына сай бастамасы негізінде  аса маңызды.

Мемлекеттік тілді білу және бірнеше тілдерді меңгеру еліміздің азаматтарының бәсекеге қабілеттілігін танытатын факторлардың бірі болып табылады. Әр қазақстандықтың аз дегенде үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруі мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылады.  Бұл адамның ой-өрісін кеңейтуіне, өзін-өзі жүзеге асыруына және еліне барын­ша пайдалы болуына үлкен мүмкіндіктер береді. Қазақстанда сауатты тіл саясатын жүзеге асыру азаматтық бірлікті сақтауға, әртүрлі этностар мен халықтардың өкілдерімен достықты нығайтуға және тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауға ықпал етеді. Сол себепті қазақстанда қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде кезең-кезеңмен ендіру қарастырылған.  Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек»,- деп бағдарымызды айқындап берді.

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» демекші, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің басты талабы. Ең бастысы сол талапқа сай ұстаздар даярлау жоғары оқу орындарына тікелей байланысты. Cоған орай, бүгінде университеттің педагогика мамандықтарының оқытушылар құрамы мемлекет тарапынан өткізіліп жатқан ағылшын тілін меңгеруге бағытталған тілдік курстарда болып, түрлі дәрежедегі сертификаттарға  ие  болды.

Көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру  тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл білімалушыларға халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Қазақ халқымыз бос айтпаған ғой  «Өз тілің – бірлік үшін, өзгетілің– тірлік үшін». Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет. Сонымен қатар, тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Демек әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрмет тұтып, білуі тиіс. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Ана тіліміздің мәртебесін үстем етіп, еліміздің мерейін көтерейік. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін ана тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Бұл біздің басты парызымыз.

List of portals for teachers and students

  1. Linguistic Olympiads - https://wonder.zti.kz
  2. Olympiads on the basics of primary education - https://kokon.kz
  3. Cyber Olympiad in Italian drafts - https://doiby.zti.kz
  4. Intellectual Cyber Chess Olympiads - https://chess.zti.kz
  5. Competitions, conferences, olympiads - https://kzu.kz
  6. Republican competitions, courses, conferences, and olympiads, and courses - https://ukz.kz
  7. Intellectual competitions, conferences, and olympiads - https://tarim.kz
  8. The methodical journal for teachers - https://adisteme.kz
  9. Republican Distance Olympiads – https://clever.zti.kz
  10. Competitions, conferences, olympiads - https://talimger.kz
  11. Smart Library - http://w.zti.kz/crviy