Attention: Information about the quality of the article, certificate, reference and journal types are available only to the author of the article or correspondent of the journal.

Ұлттық аспап – ұлты қазақтың мақтанышы

Music
Ұлттық аспап – ұлты қазақтың мақтанышы

Author: Ревшенов Шынгыс Айтбаевич
Job: Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебі
Position: Музыка пәні мұғалімі
Date of publish: 21.02.2018
Publisher: Р.


 

Домбыра – қаны қазақ атаулының  көңілін тербете, жүрегін елжірете білетін аспабы. Жәй ғана бір қу ағаш емес, екі ішектің құдіретімен қазақ болмысын, тарихы мен шежіресін, қуанышы мен қайғысын көрсете білген аспап. Бір тілі Құрманғазы атамыздың төкпесі боп, бір тілі Тәттімбет атамыздың шертпесі боп тарихтан-тарихқа жеткен аспап. Осындай аспапты ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу бәріміздің борышымыз. Бірақ қалай жеткіземіз? Сананы компьютердің сәулесі ғана қызықтырған бұл заманда домбыраның қадыр-қасиетін қалай арттырамыз? Бұл аспапты ұрпаққа кім, кімдер үйретеді? Мектептегі музыка сабағы бұл аспапқа түсінік беріп өтумен ғана шектеледі. Сондағысы, музыка мұғалімдерінің қосымша еңбектерінің арқасында бұл аспапты кейбір шәкірттер меңгеріп жүр. Мектеп қабырғасынан домбыраға деген сүйіспеншілігі қалыптаспаған оқушы, әрине, музыка институтына жол іздемейді. Осылайша домбыраға деген ынта-жігер бала кездің өзінде қалыптаспай қалады. Үлкен өмірде қолданысқа да енбейді. Бұл – ұлттық аспабымызды ұрпақ жадынан бірте-бірте шығарып жатқан індет секілді. Заман өзгерген сайын білім саласы да сан алуан өзгерістерге ұшырауда. Алайда, қандай өзгерістер болса да, ұлттық аспапты болашаққа жеткізуге міндеттіміз.

Мектептегі музыка сабағы 1-6 сыныптар арасында аптасына бір рет қана өтіледі. Оқушы берілген тақырыпты меңгерумен ғана шектеліп қалатын секілді. Тақырыпты түсіндіру, жаңа әннің әуенін үйрету, сөзін жаздыру, қосымша ноталық сауаттылыққа үйрету, бұл – мұғалімнің 40-45 минут ішіндегі міндеттемесі. Музыка сабағына берілген уақыт ұлттық аспапты насихаттауға, үйретуге жетпейтіні анық. Ұлттық құндылықты бірінші орынға қою керек болса, барлық мектепте домбыра үйірмесі болу керек сияқты. Аз сағатта болса да, бұл үйірменің нәтижесі болары анық. Бұл тұста мынадай ой туындауы мүмкін: домбыраны үйрететін қосымша саз мектептері, мәдениет үйлері, клубтар бар, солардан үйренсе болады емес пе? Әрине, бірақ біраз өңірде саз мектептері,  клубтарда үйірмелер жоқ және барлық ата-ана баласын ақылы үйірмеге бере алмайды.  Егер домбыра үйірмесі барлық мектептерде болса, ойлана беріңіз, әр мектептен кем дегенде 10 бала ұлттық аспапты ұмытпауға, оны болашаққа таратуға себепкер боп жүрер еді.

Домбыра үйрену оқушының бәріне бірдей қызықты бола бермеуі мүмкін. Бұл  үлкен психологиялық дайындықты қажет етеді:

1) Мұғалім оқушыны ылғи мадақтап, кем тұстарын көргенде ұрыспай, қатені жөндей білуге үйретуі қажет.

2) Мектеп ішіндегі домбыра тарту жарыстарын ұйымдастыруға мектеп ұжымының ерекше көңіл бөлуі керек. Бұл баланың талпынысын оятатын негізгі себеп. Өйткені өнердің бәрі көрермен үшін жұмыс жасауға бағытталған.

3) Ұлттық аспабымызды ұмытпай, оны насихаттауға үлес қосып, баланы тәрбиелеп жатқаны үшін ата-аналарды марапаттау жұмыстарын жүргізу. Бұлда оқушының жігерін жаңаландыруға, жаңа бет алысқа үйретеді.

4) Мемлекет қолдауы. Бұл тұста дәстүрлі аудандық, облыстық, республикалық оқушылар жарыстарын, байқауларын, т.б. ұйымдастырып,  марапаттау, ынталандыру сыйлықтарын беру қажет. Әрине, қазіргі таңда байқаулар (ақылы) көп. Дегенмен, тікелей мектеп оқушылары арасында ұлттық аспапты насихаттауға арналған жарыстар жоқ. Мектепте «алтын күз», «қыз сыны», жігіт сұлтаны» байқауына оқушының өзі қызығып дайындалады. Сол секілді мектеп қабырғасында домбыра үйрену жарыстарына да ерекше көңіл бөлу керек. Мұның бәрі оқушының домбыра аспабын үйренуге деген қызығушылығын оятуға бағытталған қадамдар. Мұнда тек үйретуші мұғалімнің ғана емес, мектептің, мектеп ұжымының, ата-ананың, көрерменнің рөлдері де аса маңызды боп саналады. Өйткені қазақ қай салада болмасын «бәрекелді» десе шабыттанған халық.

Ұлттық өнерді дамыту – әрбір қазаққа сын. Жаңарған жаңа қоғамның жаңа белестеріне қадам басқан, сәт тайын жаңару үстіндегі елміз. Қай белестен ассақ та, салт-дәстүр мен ұлттық бірегейлікті сақтауға тиістіміз. Елбасымыз айтқандай, біздің тіліміз бен музыкамыз, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі сақталып, жусан иісіндей аңқып тұрса, бір ғанибет емес пе? Ойымды мына бір өлең шумақтарымен түйіндейін:

Ұлттық өнер ұлықтауға мәңгі лайық,

Ұрпақ үшін мол мұра қалдырайық.

Елімізде болсын тек бейбіт өмір,

Бәріміз де рухани жаңғырайық!

List of portals for teachers and students

  1. Linguistic Olympiads - https://wonder.zti.kz
  2. Olympiads on the basics of primary education - https://kokon.kz
  3. Cyber Olympiad in Italian drafts - https://doiby.zti.kz
  4. Intellectual Cyber Chess Olympiads - https://chess.zti.kz
  5. Competitions, conferences, olympiads - https://kzu.kz
  6. Republican competitions, courses, conferences, and olympiads, and courses - https://ukz.kz
  7. Intellectual competitions, conferences, and olympiads - https://tarim.kz
  8. The methodical journal for teachers - https://adisteme.kz
  9. Republican Distance Olympiads – https://clever.zti.kz
  10. Competitions, conferences, olympiads - https://talimger.kz
  11. Smart Library - http://w.zti.kz/crviy