Attention: Information about the quality of the article, certificate, reference and journal types are available only to the author of the article or correspondent of the journal.

Туристік арқандар туралы жалпы түсінік

Плагиат

Sports and tourism
Туристік арқандар туралы жалпы түсінік

Author: Серикова Надежда Асылхановна
Job: Теректі ауданы балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы
Position: Қосымша білім беру педагогы
Date of publish: 19.11.2021
Publisher: С.



Plagiarism. A source: https://stud.kz/referat/show/100113

Туризмде арқандар мен байлауларды дұрыс байлау, оларды кез келген жорықтарда, күнделікті тұрмыста қасиетіне қарай қолдана білу оның жіппесі болып табылады. Байлаулар арқылы жасанды өткелден өту, құтқару жұмыстары сол сияқты жеке сақтандыру мен қорғаныс жұмыстарында көптеген операцияларда қолданылатын болады. Туристік байлаулар қарапайым болып көрінгенімен оның байлануының техникасын меңгере білу сонымен қатар қажетті жағдайда қажетті байлауды дұрыс таңдай және дұрыс байлай білу маңызды болып табылады. Себебі кейбір байлаулар сырғып тұрса, кейбірінің бекіп қалатыны сонша оны кейін ағытып алу қиынға соғатын кездер болады.
Байлаулар дегеніміз- туризмде әртүрлі операциялар барысында туристік арқандардың, жіптердің, тростардың бір біріне өзара бекітілуі, қатысушылардың жеке және топтық сақтандырылуы немесе арқандардың ілмекті байлау арқылы орындалатын операцияға лайықты қажетті затқа бекітілуі (терекке, тасқа, бағанға, карабинге, бөренеге т.б). Туризмде байлауларға мынадай шарттар қойылады:
1. Оңай әрі тез байлануы қажет
2. Салмақ түскенде өз бетімен ағытылмауы қажет
3. Операция барысында сырғып, жылжымауы керек
4. Кейін ағытылмастай болып бекіп қалмауы қажет
5. Кез-келген операцияға лайықты таңдалуы қажет
Барлық туристік арқандардың немесе байлаулардың өздеріне тән жеке қасиеттері бар. Мысалы, кез келген туристік арқан аязды күндері 30% әлсізденеді. Сол сияқты суда қалған дымқыл арқан және үнемі арқанға салынған байлауларда оның беріктігін әлсіретеді. Мысалы, сегіздік байлауы 25%-ға, булинь байлауы 30%, ткатский байлауы 35%-ға беріктігін төмендетеді. Басқа көптеген байлаулар өз сапаларын осындай жағдайда және осындай дәрежеде жоғалтатыны дәлелденген. Мұндай арқандарды сақтандыру мақсатында да қолдануға болмайтынын ескерген жөн.

Туристік арқандар түрлері. Спорттық туризмде қолданылатын туристік арқандар сапасы дайындалу материалдарымен және дайындалу технологиясымен ерекшеленеді. Арқанның жеке сапасы яғни салмаққа төзімділігі, диаметрі жөніндегі ақпаратты арқан орамасында дайындаған зауыттың нұсқамасынан көруге болады. Қазіргі таңда туристік арқанның нейрон, капрон және полимедті волононнан дайындалған түрлері жиі қолданысқа ие. Соның ішінде капроннан дайындалған арқанды туристік жорықтарда кездесетін кедергілерді меңгеру операциясында сенімді түрде қолданылады. Туристік арқандардарды қолданылуына қарай негізгі және көмекші деп екі түрге бөледі.
Негізгі арқан- бұл жорық кезінде кедергіден өту барысында саяхатшының өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арналған арқан түрі болып табылады. Негізгі арқанды негізінде операцияның қауіпті тұстарында қолданылады. Негізгі туристік арқандарға диаметрі 10,12,14,16,18 мм қалыңдықтағы арқандар жатқызылады.
Көмекші арқан- қатысушы топтың сақтандыруды ұйымдастыру мақсатында, сонмен қатар саяхатшылардың құрал жабдықтарын тасымалдап көтеруге т.б қосымша операцияларда қолданылады. Көмекші арқандарға диаметрі 3,4,5,6,7,8 мм репшнурлар жатқызылады. Бізде өндіріліп қолданылатын репшнурлардың диаметрі 6 мм. Капроннан және нейлоннан дайындалған арқандарда сапалы болғанымен белгілі себептерге байланысты өз қасиеттерін жоғалтады.
Туристік арқандардың сапасын жоғалту себептері:
• Арқанның иілген тұстарында 30% төмендейді. Мысалы: карабин бекітілген ілмекті байлауларда
• Туристік байлаулар үнемі орындалған арқандар 30% төмендейді
• Ылғалды ауа-райында пайдаланғанда
• Сыр немесе ерітінді тиген, боялған жағдайда 2-4 есеге төмендейді
• Қолдану мерзіміне, ұзақтығына қарай
Арқандардың сақталуы. Туристік арқандарды бухталанған немесе маркировкаланған күйінде арнайы салқындау орында ілулі сақтауға кеңес беріледі. Алайда арқан өте тығыз маркировкаланбауы қажет.

Арқанның кесілген шеті бөліктері тарқатылмас үшін күйдірілуі қажет. Кесіліп күйдірілген арқан изолента немесе скочпен оралғаны жөн.

Туристік арқандар өз сапасын сақталу және қолдану мерзіміне байланысты төмендейтіні туралы да есте сақтаған дұрыс. Тіпті қоңыр салқын жерде сақталған арқанның өзі 4-5 жылдан кейін бір сынама жұлқуды да көтермеуі ықтимал. Арқанға тікелей күн сәулесінің үнемі түсуі де оның сапасының төмендеуін әлдеқайда жеңілдетеді. Сондықтан 11 мм арқанның нормативті сақталу уақыты қалыпты жағдайда 2 жылды құрайды. Сапасының төмендеуіне немесе үзілуіне байланысты есептен шығарылған арқандарды пруссик ретінде де қолдануға қатаң тиым салынады.
Туризмдегі байлаулар жеке қасиеттеріне қарай төмендегідей жіктеледі:
Орындалатын операцияға қарай қажетті затқа бекітілетін негізгі байлаулар.
Диаметріне қарай : 1. Диаметрі бірдей туристік арқандарды жалғау байлаулары
2. Диаметрі әртүрлі туристік арқандаржы жалғау байлаулары.

Туристік операциялар орындауда қолданылатын көмекші байлаулар.
Бақылау байлауы (контрольный), (ізді жолаушы)академиялық, рифовый, ткатский, қарсы сегіздік т.б байлау түрлерін жатқызуға болады.

Қолданылған әдебиеттер тізімін көрсетіңіз!

List of portals for teachers and students

  1. Linguistic Olympiads - https://wonder.zti.kz
  2. Olympiads on the basics of primary education - https://kokon.kz
  3. Cyber Olympiad in Italian drafts - https://doiby.zti.kz
  4. Intellectual Cyber Chess Olympiads - https://chess.zti.kz
  5. Competitions, conferences, olympiads - https://kzu.kz
  6. Republican competitions, courses, conferences, and olympiads, and courses - https://ukz.kz
  7. Intellectual competitions, conferences, and olympiads - https://tarim.kz
  8. The methodical journal for teachers - https://adisteme.kz
  9. Republican Distance Olympiads – https://clever.zti.kz
  10. Competitions, conferences, olympiads - https://talimger.kz
  11. Smart Library - http://w.zti.kz/crviy