Пәні: Химия Күні: Мұғалім :Джаилмысова С.М.
Сынып: 7 «А» Қатысқан оқушылар саны: 22
Қатыспаған оқушылар саны: –
Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу үдерісі. №11 зертханалық тәжірибе «Тыныс алу үдерісін зерттеу»
Сабақ негізделген оқу мақсаттары:
7.5.1.3 -адам ағзасына кіретін элементтерді (О, С, Н, N, Ca, P, K) білу;
7.5.1.4 -тыныс алу үдерісін түсіндіру
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі: Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік: Адам ағзасындағы химиялық элементтер.Тыныс алу үдерісі.
«Тыныс алу үдерісін зерттеу»
Ресурстар: Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.топтық жұмыс , жеке жұмыс
Құндылықтарға баулу: Топпен , жұппен жұмыста достық қатынасты қалыптастыру. Қоршаған ортаны қорғауға баулу
Пәнаралық байланыс: Биология , ағылшын тілі, музыка
Алдыңғы оқу: Тағам құрамындағы қоректік заттар.
«Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау»
Сабақтың басы: (5 минут )
Сәлемдесу (Ынтымақтастық атмосферасын құру )
Оқушыларды екі қатарға тұрғызып сәттілік тілеу
Көңіл-күй металдарына оқушы өз көңіл-күйі бойынша смаилик жапсыру
Алдыңғы оқу бойынша «доп лақтыру » әдісімен өткен тақырыпты қайталау (сұрақтар Тағам құрамындағы қоректік заттар.
- Нәруызды тағамдарды ата
- Нәруыз құрамындағы элементтерді ата
- Майлардың қандай түрлері бар
- Адам массасының неше пайызы май
- Көмірсуға бай тағамдарды ата
- Көмірсу құрамына қандай элементтер кіреді
- Көмірсулар қайда көп кездеседі
- Қандай дәрумендерді білесің
- Макроэлементтерді ата
- Микроэлементтерді ата
- Кальций қандай тағам құрамында болады
- Фосфор қандай тағам құрамында болады
- Калий қандай тағам құрамында болады
- Хлор қандай тағам құрамында болады
- Күкірт қандай тағам құрамында болады
- Натрий қандай тағам құрамында болады
- Магний қандай тағам құрамында болады
- Фтор қандай тағам құрамында болады
- Темір қандай тағам құрамында болады
- Мыс қандай тағам құрамында болады
- Йод қандай тағам құрамында болады
ҚБ жауап берген оқушыға конфет беріп , сол конфет бойынша топқа бөлу (конфетте түрлі смаилик жапсырылған)
ТОПТАР
1-Оттек тобы
2- Көмірқышқыл газы тобы
3- Фотосинтез тобы
4- Энергия тобы
ҚБ : Тапсырманы орындаған әр балаға конфеттер беріп отырамын.
Сабақтың ортасы: (25 минут)
Жаңа тақырыпты таныстыру: ( Жұмбақ жасыру)
Бар ма жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (АУА)
(Жаңа тақырыпты анықтап алу үшін тәжірибе жасату)
Қанша уақыт тыныс алмай тұра аламыз екен ? ол үшін секундомер қосып тыныс алуды тоқтатамыз. Демек балалар біз тыныс алмай қанша минут шыдаймыз екеніне көз жеткіздік , бұл тәжірибені мен сендерге қандай мақсатта жасаттым , яғни біз бүгін тынысалу процесіне тоқталамыз.
(Болжау стратегиясы ): «Күту ағашына» бүгінгі сабақтан не күтеміз соны жазып ілеміз
Видео көрсетілім «Фотосинтез»
Оқушылар жаңа терминдерді дәптерлеріне жазып алады үш тілде
Көмірқышқыл газы- углекислый газ- carbon dioxide
Оттек- кислород-oxygen
Глюкоза-глюкоза- glucose
Целлюлоза-целлюлоза- cellulose
Тыныс алу- дыхание- breath
Ауа- воздух-air
Фотосинтез- фотосинтез-photosynthesis
Хлоропласт- хлоропласт- Chloroplast
ҚБ(қалыптастырушы бағалау бас бармақ әдісімен)
Топтық жұмыс( Тақырыпты топтарға бөліп беру танысуға)
1-Оттек тобы (тыныс алу ) Ақыл картасы
2- Көмірқышқыл газы тобы ( Тыныс алу мүшелері) постер
3- Фотосинтез тобы ( Тыныс алу маңызы ) Ақыл картасы
4- Энергия тобы ( Фотосинтез ) постер
Әр топтан баяндаушы оқушы шығып айтып шығады
ҚБ отшашу шапалақпен
Сергіту сәті «телефон» ойын ойнату ( 2 минут) (екі қатарға тұрған оқушының ең соңғысына элемент атын айтып олар алдыңғысына айтып ең бірінші оқушы тақтаға элемент таңбасын жазады музыка ойнап тұрады)
Зерттеу жұмыстары ( 5 минут )Қауіпсіздік ережесін еске түсіреміз
№ 11 зертханалық жұмыс орындауға
Топтарға реактивтер таратылып беріледі
Мұғалім нұсқауы бойынша тапсырмаларды орындап қорытынды жазады
ҚБ (қалыптастырушы бағалау смаилик тарату)
Жұптық жұмыс : Кесте толтыру (дәптермен жұмыс)
Жеке жұмыс : Салыстыру кестесі
ҚБ (топ мүшелері бірін бірі бағалауы)
Сабақтың соңы: (3 минут ):
Үйге тапсырма: №19 оқу, кесте толтыру , Эссе
Кері байланыс : «Күту ағашына» оқушылар мақсатына жете алдыма
Шынында ойлағандары болды ма стикерге жазып тақтаға іледі.