Коучинг сабағының жоспары
Тақырыбы: «Топтық жұмыстың тиімділігін қалай жақсартуға болады?»
Мақсаты:
Бірлескен – топтық жұмысты ұйымдастыру туралы білу;
Топтық жұмыстың тиімділігі туралы түсіну;
Топтық жұмыстың тиімділігін арттыратын әдіс-тәсілдердің оңтайлы түрлерін меңгеру;
Сабақта тиімді топтық жұмысты ұйымдастырып қолдану.
Күтілетін нәтиже:
Топтық жұмысты жүргізу жүйесін меңгеріп, өз сабақтарында пайдаланады.
Өз сабақтарындағы осы кезге дейінгі өткізген топтық жұмыс туралы пікірлерімен кері байланыс орнатады;
Топтық жұмысты қолдануды жоспарлай алатын болады;
Топтық жұмысты іс-тәжірибелерінде тиімді қолдану шеберлігін арттырады.
Ресурстар: слайд-таныстырылым, тақырыпқа байланысты мәтіндер, плакат, маркер, стикерлер
Коучинг сабағының құндылығы: құпиялылық, сенімділік, ашықтық, әділдік, біртұтастық, шынайылық, теңдік.
Коучинг барысындағы іс-әрекет
Сәлемдесу;
Жайлы ахуал орнату – «Гүлмен тілек»
Топтастыру «Күн сәулесі» арқылы
Топбасшыны сайлау, жауапкершіліктерді бөлісу
«Миға шабуыл» әдісі
– АКТ. «Құмырсқалар» бейнематериалы көрсетіледі;
– Ойлануға уақыт беріліп, сұрақтар қойылады:
– Сонымен, жаңа ғана сіздер көрген бейнематериалдағы құмырсқалардың бойында қандай қасиеттерді байқадыңыздар?
– Бүгінгі коучинг қандай тақырыпта болады деп ойлайсыздар?
– Топтық жұмыс сабақта тиімді деп ойлайсыздарма?
Слайд-таныстырылым
– коучинг тақырыбы, мақсаты мен күтілетін нәтижесі көрсетіледі, ынтымақтастық және топтық жұмыс туралы шағын теориялық ақпарат беріледі.
– «Бас бармақ» кері байланыс
«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі
Мәтінмен жеке жұмыс (Түртіп алу әдісі – + ? )
Жұптық жұмыс
Топпен жұмыс «Топтық жұмыстың тиімділігін қалай жақсартуға болады?» тақырыбында постер қорғау
«Сұрақты ұстап ал» әдісімен (жеке, топпен жауаптар)
Ауызша кері байланыс Сұрақ? Осы топпен жұмыс барысында Сіздер қандай жағдайларды байқадыңыздар?
Мәтінді игеруге жеке, жұппен, топпен жұмыстың қаншалықты тиімділігі болды деп ойлайсыздар?
«Сұрақтары бар қорап»
– Мұғалімдер стикерлерге сұрақ, ұсыныстарын жазып қорапқа салады
– «Даналық ағашы»