Attention: Information about the quality of the article, certificate, reference and journal types are available only to the author of the article or correspondent of the journal.

Тәуелсіз елдің ұрпақтары

Conference report, Essay
Тәуелсіз елдің ұрпақтары

Author: Ерболекова Нурсулу Сулеймановна
Job: Фариза Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектеп
Position: Мұғалім
Date of publish: 12.11.2021
Publisher: Нурсулу Е.


Тәуелсіздік елдің ұрпақтары кімдер? Олар қандай? Дана ма, дара ма, шала ма? Өзім де тәуелсіз елдің ұланы болғандықтан, замандастарымды сырттай бақылау арқылы, бүгініме баға беріп,  осынау алтын уақыттың адамдары туралы жазып көрейін.

Қазақ қазақ болғанға дейінгі кезеңнің әр тұлғасының әр қасиеті бүгінгі тәуелсіз елдің ұрпақтарының бойында жинақталған. Жаугершілік замандағы өр рух, кеңестік дәуірдегі терең білім бүгінгі бөлек дәуірдің еркіндігімен астасып, күллі әлемге өзін мойындатуға ұмтылған тұлғаны қалыптастырды. Бүгінгі жастар – тәуекелшіл. Таңдай қақтырар жаңалықтардың авторлары болуының себебі де осы. Батыс шоуын, шығыс дәстүрін тықпаласа да, тобырға ілеспей даралана біленетін  дарындар – бүгінгі қоғамның жеңісі.

Әлем құшағын жайғанымен, ол құшаққа оңай қабылдамайды. Бірақ, әлемде орын тапқан адамға берер мұмкіндігі көп. Білімге бас қоямын десең, алдыңнан қайнар бұлаққа жол ашылады. Қалаған  көзінен шөліңді қандыр. Өз тарихыңды оқуға қысым жоқ. Шеңбермен қоршалмаған. Әлем сені тарихыңмен қабылдап, бөтенсімейді. Сондықтан, бүгінгі күннің ұрпақтарының тереңде жатқан тамырынан нәр алатын діңі мықты емен болуға әлеуеті жеткілікті.

Тәуелсіз елдің ұрпақтарының тағы бір қыры – табандылық. Солай болуы  заңды да. Тәуелсіздіктің өзі төрт жүзден астам көтерілістің, қаншама күрестің нәтижесі екенін бағамдасақ, одан кейінгі туған ұрпақтың табиғатында табандылықтың болуы – парыз. Қазіргі жастың негативі көп заманда, сыни пікірі көп қоғамда өзінің жолын адаспай тауып, бағытын белгілеп, сол жолда табанды түрде  жұмыс жасап, өзін мойындатуы– жастармен бірге елдің де жасарып, дамуына үлесін қосып келеді.

Тәуелсіздіктің таңының тәттілігінен бе, бүгінгі ұрпақ – өмірге шексіз ғашық. Өмірді сан түрлі бояуға құштар. Сондықтан, өнерге бейім. Өткенімізде жоқ, өнердің түрін ойлап табады. Бақыттың суретін салып береді. Әнменен әлемді тамсандырып, сөзімен сүйсіндіріп жүр. Тәуелсіз жас тәнті етеді.

Кезінде қытайларға Ұлы Қытай қорғанын салдырған ғұндардың өр рухы бүгінгі ұрпақтың бойында бар. Қазіргі жас – рухани жаңғыруды мақсат етті. Білім саласынан бастап, барлық жобаларына осы мақсатты негіз етіп, барын сала жұмыстанды. Ұлттық киімдерді жаңашыл қоғамға қайтадан сәнді етті. Көненің көзін қайта әкелді,  салт-дәстүрге жақындай түсті. Мәдени мұраның өткеннің елесінде қалып қойған түрлерін зерттеп, көрермендерге ұсынды. Ұлы даланың ұрпағы екенін ұғынды. Жеті қырын жете түсінді.

«Тәртіпке бағынған – құл болмас» деген Бауыржан Момышұлының пікірін ұраны еткен жастар заңды жетік біледі. Өйткені, бұл заңның қалай келгенін, қасиеті мен киесін құрметтей біледі. Заң сауаттылығы өз құқығын қорғай білетін ХХІ ғасыр тұлғасын қалыптастырды. Тәуелсіз елдің ұрпағына тән басты қасиет осы.

Шындығында, ұлы даланың ғана емес, ұрпағының да бірнеше қыры бар еді. Жан-жақтылықты сыйлаған – еркіндігі. Ия, біз – еркінбіз. Біз – тәуелсізбіз.Біз нағыз алтын уақытта, бақытты кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Бұл біздің басымызға бұйырған бақ. Тәңірден келген тәтті сыйдың иесі екеніміз – біздің қазақ ғұмырындағы ерекше толқын екендігімізді білдіреді. Махамбет қорғап, Бұқар баптаған, Абай түзеп, Ыбырай оқуға шақырған, Міржақып рухын  оятып, Мағжан сеніп өткен, Әлихан аманатын тапсырған, Қайрат еркіндігін сыйлап, Ләззат өзін құрбан еткен, қазақтың тағы бір толқыны – біздер, тәуелсіздіктің туындысымыз. Басымыз бұғауда, тіліміз тұсауда емес. Әнұранды айқайлап айтып, елімізде еркін жүреміз.Біз – көз жасы мен төгілген қанның өтемі болған бақытты ұрпақпыз. Біз – “өткен” аңсап кеткен “бүгінбіз”. Біз – болашаққа бастайтын көпірміз. Тәуелсіз елдің ұрпағы ретінде, өз ойымды өлеңмен түйіндегім келеді:

Күн болып ашқан мен түндік,

Қалдырмай жерде еш мұңлық.

Арман боп келген қазаққа

Ол баға жетпес Еркіндік!

 

Дұғасы болып тілінде,

Ұраны болып үнінде.

Қайтадан келдік өмірге

Тәуелсіздіктің күнінде.

 

Қыс өткенімен қыраусыз.

Қалмайды құны сұраусыз.

Менмін ғой Жарқын болашақ!

Азатпын, басым бұғаусыз.

 

Қарусыз белде асынар.

Нұр болып бейбіт тасынар.

Көк туда бар ғой зор еңбек.

Ананың қанша жасы бар?!

 

Көмілген боздақ құзы бар

Жүректе қатқан мұзы бар.

Тәуелсіздіктің жолында

Күш пенен қанның ізі бар.

 

Тәу етпес оған ел бостан.

Үлесі бар ер тең қосқан.

Санамда қалар жаңғырып.

Қасқалдақ ұшқан желтоқсан.

 

Мамыржай елді саялап.

Ойым жоқ күшті аямақ.

Мен Тәуелсіз ел ұланы

Өтемін оны аялап!

List of portals for teachers and students

  1. Linguistic Olympiads - https://wonder.zti.kz
  2. Olympiads on the basics of primary education - https://kokon.kz
  3. Cyber Olympiad in Italian drafts - https://doiby.zti.kz
  4. Intellectual Cyber Chess Olympiads - https://chess.zti.kz
  5. Competitions, conferences, olympiads - https://kzu.kz
  6. Republican competitions, courses, conferences, and olympiads, and courses - https://ukz.kz
  7. Intellectual competitions, conferences, and olympiads - https://tarim.kz
  8. The methodical journal for teachers - https://adisteme.kz
  9. Republican Distance Olympiads – https://clever.zti.kz
  10. Competitions, conferences, olympiads - https://talimger.kz
  11. Smart Library - http://w.zti.kz/crviy