Attention: Information about the quality of the article, certificate, reference and journal types are available only to the author of the article or correspondent of the journal.

Тарих төңірегіндегі тұғырлы тұлға – Әлихан Бөкейхан

History
Тарих төңірегіндегі тұғырлы тұлға – Әлихан Бөкейхан

Author: Орынбасар Аятбек Ғалымжанулы
Job: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Position: Магистрант
Date of publish: 16.11.2021
Publisher: Гульмира М.


Жетекшісі: профессор, доцент Жанатаев Данат Жанатайұлы

     Биыл тәуелсіздік алғанымызға отыз жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында атқарылған жұмыстарда аз емес. Тәуелсіздік таңы арқасында қанша ақтаңдақтарымыз ақталып, олар туралы зерттеулер, ғылыми мақалалар мен тұжырымы тұшымды кітаптар басылып шықты. Қазақ елінің тәуелсіздігін о бастан-ақ аңсаған ұлт зиялылары кем болмады. Сондай біртуар азаматтардың қатарында Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы және алты Алаштың ардақтысы, қазақтың қамын жеп өткен Әлихан Бөкейхановта бар. Қазақ елінің болашағы үшін тынбай еңбек етіп, Алаш зиялыларының басын қосып, қазақ жастары мен келешегіне біршама ықпал етерлік істерді амалға асырды. Елдің ертеңі үшін білім мен ғылым жолында да із қалдырды.

Ә. Бөкейханов туралы «Семипалатинский листок» газетінің 1906 жылы 5 маусымындағы санында: «Ол Орман институтының студенті болып жүрген кезінде барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әсіресе, солшылдарға ілесетін. Марксизм туралы қызу пікірталастарда экономикалық материализм қағидаларын дес бермей қорғайтын» делінген. Әлихан Ресей жандармерия басқармасының назарына алғаш рет студенттік жазаға – ақ ілігіп, «саяси сенімсіздердің қара тізіміне алынды». Ол институтты бітіргеннен кейін Омбыға барды. Онда орман шаруашылық училищесіне математика пәнінен оқытушы болып орналасты. Социалистік бағыттағы «Степной край » газетіне белсенді түрде араласып, оның редакция алқасы құрамына енді [1. 36-б.]. Әлихан Бөкейханов студенттік кезеңдерінен ақ өзін шыңдап біршама іргелі әрекеттерге етене араласып, саяси қозғалыстарға белсенділік таныта білген. Қаншама қиын кезеңдерде  аянбай еңбектеніп, әлеуметтік проблемаларды көтеріп, сондай проблемалардың шешу тетіктерін ақтарып отырды.

Әлихан Бөкейхановтың ел үшін айтқан мына сөзінде: Бостандыққа қуансаңдар, мені басшымыз деп айтқандарың шын болса, міне, мен – өле өлгенше сендерге қызмет қылуға уәде беремін, сендер уәде бересіңдер ме бостандықтың жолымен болуға? Бостандықтың жолымен болсаңдар: баршаны жемеуге, бірігуге, бас пайдасы мен жұрт пайдасын бірдей көруге, барлық күштеріңді ғылым жолына, бостандық арқасымен көгеру жолына жұмсауға керек. Міне, бостандық болғалы осыларды қылып отырған шығарсыңдар. Осыларды қылмасаңдар, бостандықтың өзінен-өзі сендерге түк әкеп бермейді . Әлихан Бөкейхановтың жайылған жұрттың бір болмай, ойы мен ісі түзелмейінше бостандық үшін еткен еңбектің еш кететінін, өзіме деп  емес ортақ елім деп еңбектенуге,  ғылымсыз, білімсіз жарқын болашақтың болмауын нақты көрсетіп берген. Бостандықтың беріктігі білім мен бірлікті тең ұстау арқасында тұрақты болатынын меңзегендей.

Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ, «Қозы Көрпеш – Баянды» шығарған, Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау . Зиялы ғалым, зерттеуші, тарихшы, экономист, аудармашы Ә. Бөкейхан ұлтын сүйген ұлы тұлға ретінде, қазақ халқына деген шексіз құрметі, елінің ірі тұлғаларын әлемге таныту үшін туған осы мақсатынан байқауға болады.

Еркіндік үшін ерен еңбек еткен Ә. Бөкейханның идеялары мен ойлары өз заманынан ерте өткен ұлы тұлғалардың ойларымен дәлме-дәл келіп, тарихпен байланысқан позициясы бойынша әрекет етті. Абай заманында қара сөзге қосып халықты білімге шақырған болса, Исатай мен Кенесарыдай батырлардың  бір болып еркіндік үшін еткен әрекеттерінен құралған сан ғасырлық идеологияларды Әлихан өз кезегінде қазақ жастарын ағарту жұмысына атсалысуынан, халықтың бостандығы үшін тер төгуінен байқауға болады.

Әлихан Бөкейханның руханият саласындағы тарихи қызметі ең бірінші кезекте «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасындағы «Ғылым-білім үйрету» әрі Жалпы қазақ-қырғыз сиезінің оқу мәселесіне қатысты қаулысындағы

  1. Ұлт мектептеріне программа жасау.
  2. Мұғалімдерге қалай оқыту тәртіптерін үйрететін жолбасшы кітаптар жазу.
  3. Тәрбие жайынан кітаптар жазу.
  4. Бүкіл қазақ-қырғызға оқу ісін қалай жүргізу туралы жоба шығару.
  5. «Қазақ» емлесін тексеріп, түзету.
  6. Қазақ-қырғыз тіліне пайдалы кітаптарды тәржімә ету» сипатындағы күн тәртібіне өткір қойылған мәселелердің оңтайлы шешім табуына бағытталды. Әлихан Бөкейхановтың ғылым жолындағы дара жолын жоғарыда айтылған сыни проблемаларды көтеруінен аңғарамыз. Жылдардан асып, ғасырларға ұласқан проблемалардың негізгілерін қазақ халқының болмысын қалыптастыру жолында атқарылуы керек істерді тізгіндеп берді.

Қазақстан Халық ағарту комиссариатының ұйымдастыруымен 1924 жылы 12-17 маусым аралығында Орынборда өткен Қазақ Білімпаздарының тұңғыш сиезіне Мәскеудегі Күншығыс кіндік баспасынан қатысқан Әлихан Бөкейхан аталған басқосуда талқыланған 1. Қазақ емлесін бірөңкейлеу. 2. Қаріп жағдайын қарастыру. 3. Халық әдебиетінің халін һәм оқылатын пәндерді жоспарлау. 4. Оқу һәм білім кітаптарын көбейту шарасын қарастыру. 5. Қазақ пән сөздері бір болу мәселесінде» өз пікірін білдіріп, қазақ тілінде дауысты «у» мен дауысты «и» жоқ деп дауыс берген болатын . Осындай проблемаларды көтерген қайраткердің зерттеуші, экономист, тарихшы деген көзқарастан бөлек нағыз сыншы, публицист екені көрер көзге айқын-ақ.

«Алаш» идеясын алға тартқан Әлихан: қазақ ұлтшылдығы – ол өз ұлтын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, ата-баба жерін, Отанды сүю, қорғау және қамқор болу деп насихаттады. Ол соңғы демі біткенше туған қазақ халқының ата-баба жеріне деген, ұлттық мемлекет құрып, өзін-өзі басқаруға деген қасиетті құқын табанды түрде қорғап, сол үшін күресіп өтті . Бүгінде Әлиханның ұлт болмысынан құралған сара жолы туралы жазылған еңбектер аз емес. Әлихан тек қазақ тарихында ғана емес әлемдік аренадағы тарихта да өз ізін қалдырды. Тіпті Еуропа мен ЮНЕСКО көлемінде,  шет елдерде қазақ зиялысының идеялогиясын тарқату үшін бірнеше зерттеулерде жүргізілді.

Ә.Бөкейхановтың тарих саласына жазып қалдырған «Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи» атты алғашқы еңбегі 1903 жылы «Россия. Полное географическое описание нашего отечества» деген көп томдық альманахтың 17 томына еніп, Санкт-Петербургте жарық көрді. Шығармада қазақ өлкесінің тас дәуірінен бергі тарихы көрініс тапқан. Сонымен бірге қазақ даласының соңғы ғасырлардағы өмір-тарихын сипаттаған. «Киргизы» атты еңбегі алғаш рет «Формы национального движения в  61 современных государствах» атты жинақта 1910 жылы Санкт -Петербургте басылып шықты. Ә. Бөкейханов назарынан Кенесары Қасымұлы бастаған ұлтазаттық көтерілісі де тыс қалмаған. Оның бұл тақырыпта 1923 жылы Ташкентте «Материалы к истории султана Кенесары Касымова» атты кітапшасы шыққан.

Қорытындылай келе, Әлихан Бөкейханұлы тек Алаш партиясының негізін қалаушы, партияны ұйымдастырушылардың бірі ғана емес, бірегей тұлғалық жол сала білген ғалым десек артық етпес. Қазақ халқының қамын жеген қайраткер біршама ізгі істерді, әрі тарихи әрі мәдени тұрғыдан өшпес мұра қалдырды. Тарихшы, экономист, ұстаз, публицист, аудармашы ретінде әр кісінің бойынан табыла бермейтін қасиеттерді өз бойына сіңіріп, арманы Қазақ автономиясын құру, білім, ғылым, ағартушылық жолында өзінің айтқан «Тірі болсам қазаққа қызмет етпей қоймаймын» деген сөзінің үстесінен шыққандай. Алаш қайраткерінің білім мен ғылым жолындағы еткен еңбектері бүгінгі күннің өзінде де терең зерттеулерді қажет етуде. Сонымен қатар қазақ қоғамының жанашырымен қазақ тіліне байланысты көтерген проблемаларына қарай осы түр сипаттардан да айрықша зер салып зерттеу керек.

Қолданылған әдебиет:

1.Kazgazeta.kz massaget.kz сайттары “Алаш көсемсөзі”,”Алаш және тарих”. Т.Жұртбай “Ұраным Алаш”

2.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 2-том. Алматы,1999ж.

List of portals for teachers and students

  1. Linguistic Olympiads - https://wonder.zti.kz
  2. Olympiads on the basics of primary education - https://kokon.kz
  3. Cyber Olympiad in Italian drafts - https://doiby.zti.kz
  4. Intellectual Cyber Chess Olympiads - https://chess.zti.kz
  5. Competitions, conferences, olympiads - https://kzu.kz
  6. Republican competitions, courses, conferences, and olympiads, and courses - https://ukz.kz
  7. Intellectual competitions, conferences, and olympiads - https://tarim.kz
  8. The methodical journal for teachers - https://adisteme.kz
  9. Republican Distance Olympiads – https://clever.zti.kz
  10. Competitions, conferences, olympiads - https://talimger.kz
  11. Smart Library - http://w.zti.kz/crviy