Attention: Information about the quality of the article, certificate, reference and journal types are available only to the author of the article or correspondent of the journal.

Skillfolio платформасындағы курстар және оқу процесінде қолданылуы

Training
Skillfolio платформасындағы курстар және оқу процесінде қолданылуы

Author: Ережепова Римма Гизатуллақызы
Job: Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг Университеті, КЕАҚ
Position: аға оқытушы
Date of publish: 28.12.2021
Publisher: Римма Е.


Біздің күнделікті өміріміз, қоғамымыз қарқынды өзгеруде, жаңаруда. Кәсібилікке және жеке шеңберде сұранысқа ие, сәтті маманға айналуда қандай дағдыларды қалыптастыру және дамыту керек. Өзіңе және студентте дағдылар мен таланттарды ашуда, сенімділік пен өз жолыңды табуда қалай көмектесу керек, Skillfolio цифрлық платформасы Есенов Университеті (YU) оқытушылары алдында осындай міндеттерді қоя білді.

2021 жылының 1 қарашасынан бастап Yessenov University сертификатталған тьюторлар командасы (14 адам) Skillfolio цифрлық платформасы арқылы ПОҚ-ның I-легін оқытуды аяқтаса, «Туризм және тілдер» факультеті оқытушылары цифрлық Skillfolio платформасында әлеуметтік-эмоционалдық диагностикалау  курсынан өтті.

Skillfolio цифрлық платформасы туралы айтатын болсақ, бұл дағдылар мен дарындылықтардың қалыптасуын ашу құралы. Аталған платформа арқылы 13-18 жас аралығындағы жасөспірімдерді диагностикалау кезінде есте сақтау және зейін деңгейін анықтауға арналған тренажерлар, ұжымдағы рөлін анықтауға арналған тестілік квест, эмоционалдық құзыреттілікті дамыту, қызығушылық тесті сияқты құралдар кешенін қолдананады. Бұл кәсіптік бағдар беру бойынша классикалық тестілер сияқты емес, бұл баланың даму бағытының, оның болашақ қызмет аясының көрінісі.

Skillfolio диагностикасы оқудың әрі қарайғы жолын құрайтын негіз болып табылады. Бұл кәсіби бағдар берудің классикалық тесті емес, білім алушының  қабілеттерін, дағдыларын және кәсіби рөлдерін тікелей анықтау. Нәтижелер даму бағытын, ұсынылатын оқу профилін және қызметтің әлеуетті саласын анықтауға көмектеседі. Зерттеу әлеуметтік және эмоционалдық интеллект деңгейін анықтау тесті негізінде әзірленді және отбасылық тәрбиедегі балаларға арнайы бейімделіп жасалған. Бұл 30-дан 60 минутқа дейін аз уақытты алады.

Сонымен аталған платформа арқылы не үйрендік? Өз жұмысыңда дағдыларды, құралдар техникасын қолдана білуді, сонымен бірге, студенттерде дамыту сияқты белгілі бір дағдылармен құзіреттіліктерді(күнді жоспарлау,эмоцияларды басқара білу,тиімді білім алу үшін жаңа технологияларды жоспарлау және қолдану,стратегиялық ұсыныстар және.т.б.)қалыптастыру. Осы дағдыларды қалыптастыра отырып, білім алушы өзінің «әлсіз» және «күшті» жақтарын анықтай отырып, өзінің «даму зонасын» түсіне отырып, дамытуға серпін береді.

Семинарларға SOFT SKILLS-тің диагностикасы мен даму серпіні: эмоциялық интеллект, командада жұмыс істеу, коммуникация, креативті, сыни, жүйелі және цифрлық ойлау, практикалық тапсырмаларды белсенді талқылау кіреді.

Курсқа 109 тыңдаушы қатысып, “Skillfolio цифрлық платформасы арқылы заманауи педагогтың тьюторлық құзыреттілігін дамыту” курсы бойынша білімді игеру бір ай бойына жалғасты.

List of portals for teachers and students

  1. Linguistic Olympiads - https://wonder.zti.kz
  2. Olympiads on the basics of primary education - https://kokon.kz
  3. Cyber Olympiad in Italian drafts - https://doiby.zti.kz
  4. Intellectual Cyber Chess Olympiads - https://chess.zti.kz
  5. Competitions, conferences, olympiads - https://kzu.kz
  6. Republican competitions, courses, conferences, and olympiads, and courses - https://ukz.kz
  7. Intellectual competitions, conferences, and olympiads - https://tarim.kz
  8. The methodical journal for teachers - https://adisteme.kz
  9. Republican Distance Olympiads – https://clever.zti.kz
  10. Competitions, conferences, olympiads - https://talimger.kz
  11. Smart Library - http://w.zti.kz/crviy