Attention: Information about the quality of the article, certificate, reference and journal types are available only to the author of the article or correspondent of the journal.

Рухани жаңғыруымыздың басты тірегі – латын әліпбиіне көшу

Alphabet
Рухани жаңғыруымыздың басты тірегі – латын әліпбиіне көшу

Author: Сандыбаева Альбина Баймулдиновна
Job: "Михайловка орта мектебі" КММ
Position: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Date of publish: 18.11.2018
Publisher: Альбина С.


Бір әріп – бір дыбыс. Рухани жаңғыруымыздың басты тірегі – латын әліпбиіне көшу. Бұл елін жаңа кезеңге бағыттаған Президентіміздің өміршең идеяға негізделген бастамасы.

Жаңа әліпби тіліміздің мәртебесін халықаралық дәрежедегі тілдер қатарына енуді мақсат етеді. Бұл экономика, саясат, мәдениет сияқты ауқымды салаларды алға тартады.

Латын әліпбиі кеңінен қолданысқа енген 1927-1940 жылдардың бедерінде ел арасындағы сауаттылықты жою басты өзекті мәселе болған. Сол кеңестік кезеңіндегі әліпби төңірегіндегі тарихи тартыста латын әріптерін қазақтың дыбыстық жүйесіне мейлінше ыңғайлап, жаңашыл әдістерге жол ашқан Т. Шонанов, Ә.Үсенов, Н.Төреқұлов, Т.Жүргенов, И.Қабылов секілді қайраткерлеріміздің еңбектерінің зор үлесі болды. Олар жаңа әліппеге көшудің уақыт талабынан жаңа қоғам сұранысынан туындап отырғанын, қазақ тіліне қай әліппе үйлесетінін, оқу мен жазуға жеңіл болатынын түсіндіріп, орнықты байлам жасап кеткен.

Бүгін рухани жаңғыруға бет бұрған шағымызда отандық ғалымдарымыз белгілі бір әліпби жүйесін қалыптастырды. Ал біз, ұстаздар қауымы – бұл қоғамдық маңызы бар бастаманы жүзеге асыруға ат салысамыз деп ойлаймын.

List of portals for teachers and students

  1. Linguistic Olympiads - https://wonder.zti.kz
  2. Olympiads on the basics of primary education - https://kokon.kz
  3. Cyber Olympiad in Italian drafts - https://doiby.zti.kz
  4. Intellectual Cyber Chess Olympiads - https://chess.zti.kz
  5. Competitions, conferences, olympiads - https://kzu.kz
  6. Republican competitions, courses, conferences, and olympiads, and courses - https://ukz.kz
  7. Intellectual competitions, conferences, and olympiads - https://tarim.kz
  8. The methodical journal for teachers - https://adisteme.kz
  9. Republican Distance Olympiads – https://clever.zti.kz
  10. Competitions, conferences, olympiads - https://talimger.kz
  11. Smart Library - http://w.zti.kz/crviy