Attention: Information about the quality of the article, certificate, reference and journal types are available only to the author of the article or correspondent of the journal.

Құстар табиғат жаршысы

Biology
Құстар табиғат жаршысы

Author: Сапина Замарад Койшигалиевна
Job: Тихонов мектеп-балабақша кешені, Бөрлі ауданы, БҚО
Position: биология пәні мұғалімі
Date of publish: 02.05.2018
Publisher: С.


Құстар – табиғат жаршысы
(сыныптан тыс шара)

Мақсаты: Оқушылардың табиғатқа деген мейірімін ояту, айналадағы өмірді бақылау арқылы дүниетанымын молайту, ой – өрісін жетілдіру.
Көрнекіліктері: «Бұл қай құс?» мультфильмі, «Құстар біздің досымыз» атты бұрыш, құстар туралы буклеттер, альбом, плакаттар, құстардың дыбысы жазылған таспа.
Өткізу әдісі: Сұрақ жауап, түсіндіру, көрнекілік әдістер.
І. Ұйымдастыру
1. Кіріспе бөлімі (Психологиялық дайындық)
Жаңбыр, жаңбыр, жауасың,
Жанымызға дауасың.
Біз ойнайтын ауланың,
Тазартасың ауасын.
– Ендеше сол таза ауамен дем алып көрейік. (балалар тыныс алу жаттығуын жасау үшін, қолдарында жаттығу түрлерін жасайды). «Кеудені керіп тыныс ал», «Аузыңды ауаға толтырып тыныс ал». Жаттығу түрлері арқылы топқа бөлінеді.
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Баршамызға белгілі 1сәуір –Халықаралық құстар күні. Бұл күн сонау 1906 жылдан құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенция жарияланғаннан бері аталып келеді. Бүкіл дүниежүзі бойынша12 мыңдай құс тіршілік етеді. Біздің елімізде құстарға бай. Біздің елімізде 500-ге жуық құстың түрі бар. Олар зиянды жәндіктер мен кенелерді, кемірушілер мен құстарды құртып, егін мен орманды қорғайды.
Ал, ендеше, осындай табиғаттың ерекше бір жаратылысы құстарға арналған тәрбие сағатымызды бастайық. Ол үшін, әуелі экранға назар аударалық,
«Бұл қай құс?» мультфильмін көрсетіп, «СТОП кадр» әдісі арқылы, 2 минуттан соң, мультфильм тоқтатылып, топтарға тапсырма беріледі.
Ой өрбіту бөлімі: Тапсырма: Оқиға әрі қарай қалай өрбиді?
Маңғыз қаз қай құстардың мүшелеріне қызығады, неліктен деп ойлайсыңдар? (Оқушылардың ойлары тыңдалып болған соң, мультфильм аяғына дейін көрсетіледі.) Әр топтың оқиғасы ұнады ма? Ұнаса қошемет көрсетелік. Қол шапалақ.
Талқылау бөлімі: Өздері өрбіткен оқиғамен салыстыра отырып, талқылайды. Ол үшін мына кестемен жұмыс ұсынылады.

Мультфильм желісі бойынша Оқушылардың ойларының желісі бойынша
Аққудан Мойын
Бірқазаннан Тұмсық
Қарға Қанат
Тырна Аяғын
тауыс Құйрығын
Қораз Айдарын
Жапалақ Ақылын

Ой түйіндеу бөлімі: Осы мультфильм арқылы қандай түйін түйеміз. «Ақылды құс өзінде жоқпен мақтанбайды.»
Танымдылық бөлімі: «Кім таниды?» Бұл бөлімде құстардың дауыстарын тыңдатып, құстарды анықтау. Қошемет.
Сезіну бөлімі: «Біз құстарды қорғаймыз» атты шағын эссе жазып, қорытындылау.

Оқушылардың эсселері тыңдалған соң, «Таңдау әдісі» арқылы, сабақ қорытындыланады.

1. Маған сабақ қызықты …………, ………… қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: көп нәрсені үйрендім……………, …………..үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды мұқият…………., ………………зейінсіз тыңдадым.
4. Мен пікір сайыстарға жиі…….., …………..сирек қатыстым.
5. Мен сабақтағы өз жетістігіме ризамын ………, ……………риза емеспін.
Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына «+» белгісін қою тапсырылады.

List of portals for teachers and students

  1. Linguistic Olympiads - https://wonder.zti.kz
  2. Olympiads on the basics of primary education - https://kokon.kz
  3. Cyber Olympiad in Italian drafts - https://doiby.zti.kz
  4. Intellectual Cyber Chess Olympiads - https://chess.zti.kz
  5. Competitions, conferences, olympiads - https://kzu.kz
  6. Republican competitions, courses, conferences, and olympiads, and courses - https://ukz.kz
  7. Intellectual competitions, conferences, and olympiads - https://tarim.kz
  8. The methodical journal for teachers - https://adisteme.kz
  9. Republican Distance Olympiads – https://clever.zti.kz
  10. Competitions, conferences, olympiads - https://talimger.kz
  11. Smart Library - http://w.zti.kz/crviy