Attention: Information about the quality of the article, certificate, reference and journal types are available only to the author of the article or correspondent of the journal.

Қашықтықтан оқытудың артықшылығы

Computer science
Қашықтықтан оқытудың артықшылығы

Author: Эсенова Каламкас Ешимбаевна
Job: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің «№17 орта мектеп» КММ
Position: Информатика пәні мұғалімі
Date of publish: 08.05.2020
Publisher: Э.


Қашықтықтан оқыту — педагог пен білім алушы арасында қандай да бір қашықтықта ғаламтор ресурстары арқылы өткізілетін оқытудың формасын айтады.

Қашықтықтан оқыту кез-келген уақытта және компьютер мен ғаламтор бар кез-келген жерде оқуға мүмкіндік береді. Педагог пен білім алушы арасындағы диалог бейнеконференция, топтық чаттар, презентациялар, тесттер, бейнероликтер арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, сабақты қайта-қайта қарау мүмкіндігі арқасында жоғары тиімділікке қол жеткізіледі. Қашықтықтан оқыту ғылыми кітапханалардың электрондық ресурстарына (www.okulyk.kz, www.kitap.kz )  кедергісіз қол жетімділікті қамтамасыз етеді.

Қашықтан оқыту барысында бірнеше ғаламтор-платформаларын қолданамын. Біріншіден, ол – mektep.edu.kz. Оқушылар мен ата-аналардың басым көпшілігі бұл жүйені біледі. ok.edus.kz порталы оқушы  үшін сабақтарды игеруге, үй тапсырмаларын орындауға арналған. Екінші білім беру платформасы – bilimland.kz. Үшіншісі – daryn.online, www.opiq.kz және басқа жүйелер. Оларда дайын бейнесабақтар, мультимедиялық ресурстар бар. Аталған ғаламтор-платформалар барлық ғылымдар мен пәндер бойынша қажетті білімді алуға мүмкіндік береді. Тапсырмалар, тақырыпқа байланысты Youtube видеосабақтар сілтемесін жіберу және қабылдау үшін WhatsApp, Telegram мессенджерлер көмегімен жүзеге асырамын.

Google forms, quizizz.com  арқылы  өзіндік жұмыстарын өткізудемін. Оқушылар код теру арқылы, берілген тестті онлайн режимде орындай алады, нәтижесін қадағалап отырамын.

Қашықтықтан оқуға көмекші құралдар: Zoom, Bandicam, TechSmith Camtasia және т.б. 

Жаңа форматтағы қашықтықтан оқыту жүйесі тек ұстаздар қауымы үшін ғана емес, ата-аналар мен оқушыларға да пайдасы бар. Еліміздің алдағы уақытта өркениетті мемлекеттер қатарынан көрінуі, білімді әрі білгір ұрпақты тәрбиелеу заман талабына сай білім алудан, жаңашылдықтан бастау алатынын айтқым келеді.

List of portals for teachers and students

  1. Linguistic Olympiads - https://wonder.zti.kz
  2. Olympiads on the basics of primary education - https://kokon.kz
  3. Cyber Olympiad in Italian drafts - https://doiby.zti.kz
  4. Intellectual Cyber Chess Olympiads - https://chess.zti.kz
  5. Competitions, conferences, olympiads - https://kzu.kz
  6. Republican competitions, courses, conferences, and olympiads, and courses - https://ukz.kz
  7. Intellectual competitions, conferences, and olympiads - https://tarim.kz
  8. The methodical journal for teachers - https://adisteme.kz
  9. Republican Distance Olympiads – https://clever.zti.kz
  10. Competitions, conferences, olympiads - https://talimger.kz
  11. Smart Library - http://w.zti.kz/crviy