Attention: Information about the quality of the article, certificate, reference and journal types are available only to the author of the article or correspondent of the journal.

Өзін-өзі тану пәнімен интеграцияланған дүниетану пәні сабағы

Self-Knowledge
Өзін-өзі тану пәнімен интеграцияланған дүниетану пәні сабағы

Author: Сапиева Лаззат Еркиновна
Job: Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Жамбыл жалпы білім беретін негізгі мектебі
Position: өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Date of publish: 28.09.2017
Publisher: С.


«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған дүниетану пәні сабағының жоспары

Мектеп: Жамбыл жалпы білім беретін негізгі мектебі Мерзімі: 15.03.17ж.

Мұғалім: Сапиева Л.Е. Сексенғали Э.С.  Сынып: 2   Оқушылар саны: 7  

Тақырыбы: Малшаруашылығы     Құндылық:  Сүйіспеншілік 

Қасиеттер:  жануарларға сүйіспеншілік, достық, өзгеге көмек көрсету.

 

Сабақтың мақсаты: Малшаруашылығы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

1. Малшаруашылығының адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру, малшаруашылығы мамандарының еңбегін бағалай білуге үйрету.

2. Білімдерін жинақтауға, талдай білуге дағдыландыру.

3. Жануарларға сүйіспеншілік танытуға, олармен дос болуға, өзгеге көмек көрсетуге тәрбиелеу.

 

Ресурстар: (материалдар, көздері)

 

Дүниетану оқулығы

Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезеңі

 

Тыныштық сәті «Орманға ойша серуен»

 

Жаңа сабақ

«Артығын тап!» дидактикалық ойыны. Мұғалім оқушыларға 4 хатқалта таратып береді:

Қоян, сиыр, түлкі, қасқыр        (Сиыр)

Қарлығаш, қарға, қой, бұлбұл  (Қой)

Қызғалдақ, түйе, раушан           (Түйе)

Алма, өрік, алмұрт, жылқы       (Жылқы)

–          Неге бұл сөздерді артық деп ойлайсыңдар?

–          Бұларды бір сөзбен қалай атауға болады?   (Мал)

–          Олай болса бүгін біз малшаруашылығы туралы оқып білеміз.

Малшаруашылығы адамды тамақ өнімдерімен, өндірісті шикізатпен қамтамасыз етеді. Сиыр ірі қара малға жатады. Одан ет, сүт, тері өнімдері алынады. Қойдан ет, май, сүт, жүн, тері алынады. Жүн көрпеге салуға, киіз, текемет басуға, байпақ жасауға жұмсалады.Жылқының еті, сүті тағам ретінде пайдаланылады. Биенің сүтінен қымыз жасайды, қымыз денсаулыққа өте пайдалы. Түйе-адамға сусын, тамақ, киім берумен қатар, таптырмас көлік. Ол кез-келген ауа райына қарамастан, жолсыздан жол табатын жануар. Біз үй жануарларын дұрыс баптап, күтіп өсірсек олар да бізге керек нәрселерімізді береді. Жалпы адамзат атаулының бір-біріне берері мол, ұшан теңіз.Адамдар да сүйіспеншілікпен тәрбиеленіп өссе, олар дұрыс әрекет жасап, бір-біріне қайырымды, мейірімді, жанашыр болып өседі. Ондай адамдар ешкімге қиянат жасамайды, қолынан келгенін аямайды. Әрдайым адамзатқа, қоршаған ортаға риясыз сүйіспеншілікпен жақсылық жасай  алады. Үй жануарлары бізге қажетті етін, сүтін, жүнін, терісін берсе, ал адамдар оларға жылы жер, шөбін, жемін дайындайды, суарады. Баптап күткен малдың да өрісі кең болады.  Сондықтан да біз жан-жануарларға, өсімдіктерге, айнала қоршаған ортаға, жалпы адамзатқа сүйіспеншілікпен қарауымыз керек.

Дәптермен жұмыс.  

Берілген сөйлемдерді аяқтау. Бір-бірін тексеру. Үй жануарларының біреуінің суретін салу.

Сергіту сәті: «Кім қалай дыбыстайды?» ойыны.

«Еркін жазу» стратегиясы. Оқушылар малшаруашылығы туралы қысқаша әңгіме құрастырады. Жұппен талқылып, содан жеке-жеке жазады.

1.      Мал бізге не береді?

2.      Онда кімдер жұмыс істейді?

3.      Малды қалай күтіп- бағады?

Үйге тапсырма. 74-75 беттердегі Малшаруашылығы мәтінін оқу. Төрт-түлік мал туралы мақал немесе тақпақ жаттау.

Сабақтың қорытынды сәті.

– Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, жан-жануарларға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.  Барлығын риясыз сүйіспеншілікпен жасайық!  Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді    жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Ескерту

 

Сыртқы интеграция

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ішкі интеграция

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыртқы интеграция

List of portals for teachers and students

  1. Linguistic Olympiads - https://wonder.zti.kz
  2. Olympiads on the basics of primary education - https://kokon.kz
  3. Cyber Olympiad in Italian drafts - https://doiby.zti.kz
  4. Intellectual Cyber Chess Olympiads - https://chess.zti.kz
  5. Competitions, conferences, olympiads - https://kzu.kz
  6. Republican competitions, courses, conferences, and olympiads, and courses - https://ukz.kz
  7. Intellectual competitions, conferences, and olympiads - https://tarim.kz
  8. The methodical journal for teachers - https://adisteme.kz
  9. Republican Distance Olympiads – https://clever.zti.kz
  10. Competitions, conferences, olympiads - https://talimger.kz
  11. Smart Library - http://w.zti.kz/crviy