Attention: Information about the quality of the article, certificate, reference and journal types are available only to the author of the article or correspondent of the journal.

Наурыз мерекесімен құттықтау хат

Human and society
Наурыз мерекесімен құттықтау хат

Author: Текеева Жанша Тажибаевна
Job: Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Position: Мұғалім
Date of publish: 21.03.2016
Publisher: Т.


 Жер жаһан тағы да түледі. Ұлы Дала төсі дүбірлеген  дыбысқа толды. Табиғат – Ана күннің мейірімінен бойына бар жылылықты сіңіріп, Жер-Ананың  тоңы жібіп,  алғашқы көктің бүр жарғанын көріп бойыңды жылылық билегендей сезінесің. Бұл жаңару мен жасарудың  ұлық мерекесі Наурыздың келгенін білдіртеді.Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

  Қыс бойғы бойын бұйығылық басқан халық бір-бірімен арқа-жарқа болып құшақтасып көрісіп, аман-саулық сұрасып жатыр. Ақ жарқын ниетпен “Бір жасыңмен!” деген тілектерін айтуда. Осындай бақыт сыйлайтын  мерекені барша мұсылман халқымен бірге қазақстандықтар да тойлап жатыр.

      Ұлы мереке- достық пен ынтымақтың мерекесі.

Бұл мерекеге Сіздер де құр алақан келмедіңіздер деп білемін.Қазіргі өркениетті Қазақ Елінің білімді  ұлдары мен қыздарын тәрбиелеп жатқан  ұлы тұлға Ұстазға көрсеткен  игі істеріңіз мол. Сіздерге барша қазақстандық Ұстаздар атынан алғыс білдіремін.

     Құрметті “Әдістеме” журналының шығармашылық  алқасы!  Сіздерді Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтай отырып, Сіздің ұжымға шығармашылық шабыт, жанұяларыңызға бақыт пен береке тілеймін! Сіздердің журналыңыз арқылы ел -жұрт өзінің қадірлісін таныды, мұғалім деген есімді көпке танымал ете алдыңыздар. Сіздерді Ұлы Дала елінің жаршысы болатынына сенімім мол.  Сіздерге деген құрметпен.             

                                                                              Текеева  Жанша Тажибаевна

                                       Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы

                                        Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

List of portals for teachers and students

  1. Linguistic Olympiads - https://wonder.zti.kz
  2. Olympiads on the basics of primary education - https://kokon.kz
  3. Cyber Olympiad in Italian drafts - https://doiby.zti.kz
  4. Intellectual Cyber Chess Olympiads - https://chess.zti.kz
  5. Competitions, conferences, olympiads - https://kzu.kz
  6. Republican competitions, courses, conferences, and olympiads, and courses - https://ukz.kz
  7. Intellectual competitions, conferences, and olympiads - https://tarim.kz
  8. The methodical journal for teachers - https://adisteme.kz
  9. Republican Distance Olympiads – https://clever.zti.kz
  10. Competitions, conferences, olympiads - https://talimger.kz
  11. Smart Library - http://w.zti.kz/crviy