Attention: Information about the quality of the article, certificate, reference and journal types are available only to the author of the article or correspondent of the journal.

Менің өмірімде өзін-өзі тану пәнінің алатын орны

Self-Knowledge
Менің өмірімде өзін-өзі тану пәнінің алатын орны

Author: Абдыгомар Рауан
Job: Ш.Айманов мектебі
Position: оқушы
Date of publish: 20.01.2017
Publisher: Мадина С.


       Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше. Жалпы айтқанда өзін-өзі тану жас жеткіншекті, яғни бізді өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, өзі бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді. Осы «Өзін-өзі тану» пәнінің арқасында мен өзімнің бойымдағы шығармашылық әлеуетін таныдым, өзімнің эмоционалдық көңіл-күйім мен мінез-құлық ерекшеліктерімді ұғына білдім, өз әдет-қылығым мен тәртімді басқара және бағалай білуге мүмкіндік туғыздым. «Өзін-өзі тану» пәнінің келер ұрпаққа пайдасы зор. Өскелең ұрпақтың тұлғалық дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-құлық дұрыстылығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға үлкен көмегі бар.

Біздің Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында  «Өзін-өзі тану» сабағы белсенді түрде өткізіледі. Түрлі музыкалық шығармаларды тыңдау, бейне көріністерді тамашалау, бір-бірімізбен ашық-еркін сөйлесу, ұстазымыздың жақсы шырайы бізді жылы көңіл-күйге бөлеп, оң көзқарасын байқата отырып, сенімге, сабырлыққа бөлейді. Бұнымен менің айтқым келгені «Өзін-өзі тану» пәні бізге ерекше сенім береді. Түрлі құндылықтарды өз бойымызға сіңіртіп, бойымыздағы жаман әрекеттерді, ашулықты жоюға тырысамыз.

Қорыта келе, «Өзін-өзі тану» пәні жүректен ерекше орны табылатын пән. Бұл пәнді бізге игеруге мүмкіндік беріп жатқан ұстаздар мен Сара Алпысқызына алғысымыз шексіз.

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы,

 Баянауыл ауылы Ш.Айманов атындағы

жалпы орта білім беру мектеп-интернатының

 9 «А» сынып оқушысы Абдығомар Рауан

List of portals for teachers and students

  1. Linguistic Olympiads - https://wonder.zti.kz
  2. Olympiads on the basics of primary education - https://kokon.kz
  3. Cyber Olympiad in Italian drafts - https://doiby.zti.kz
  4. Intellectual Cyber Chess Olympiads - https://chess.zti.kz
  5. Competitions, conferences, olympiads - https://kzu.kz
  6. Republican competitions, courses, conferences, and olympiads, and courses - https://ukz.kz
  7. Intellectual competitions, conferences, and olympiads - https://tarim.kz
  8. The methodical journal for teachers - https://adisteme.kz
  9. Republican Distance Olympiads – https://clever.zti.kz
  10. Competitions, conferences, olympiads - https://talimger.kz
  11. Smart Library - http://w.zti.kz/crviy