Attention: Information about the quality of the article, certificate, reference and journal types are available only to the author of the article or correspondent of the journal.

Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық ойындармен тәрбиелеу

Preschool education and training
Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық ойындармен тәрбиелеу

Author: Тишбекова Кенжегуль Махметовна
Job: КМҚК "Ақбота" сәбилер бақшасы
Position: Тәрбиеші
Date of publish: 19.02.2022
Publisher: Кенжегуль Т.


Ұлттық ойындар – халқымыздың ата –бабамыздың қасиет тұтқан, ғасырлар қойнауынан пісіп-жетіліп бізге жеткен, көне тарихымыз бен бүгінгі күннің арасындағы өткел іспеттес баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан ұлттық ойындар туралы түсінікті мектеп жасына дейінгі балалардың санасына бүгіннен сіңіріп, өз халқының ұлттық ерекшеліктерін қалыптастыру қажет. Себебі, қазақ халқының ұлттық ойындары сонау ерте заманнан келе жатқан, атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отыруына байланысты оның өмір сүру дағдысы, салт-дәстүрінен де молынан хабар береді. Сонымен бірге, бұл ойындар халқымыздың өнер саласының бір түрі ретінде әдебиеті мен мәдениетінің төрінен ойып орнын алған болатын. Кез келген ойынның жас бала организмнің дене күш-қуатын молайтып, оны шапшандыққа, дәлдікке тәрбиелеп қана қоймай, оның тағы басқа қасиеттерінің ашылуына септігін тигізеді. Бүлдіршіндерге ұлттық ойындарынан кеңінен түсінік бере отырып, ойнату үстінде олардың қиялын қозғап, рухани жан-дүниесіне игі әсер ету міндетін орындау қажет. Ал ұлттық ойындарды балабақшада ойнату әдістеріне келер болсақ, бірінші кезекте ойын технологиясына баса назар аударуға тиіспіз. Ойын – бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты болып табылатындықтан, ол табиғат құбылысын, өзін қоршаған ортаны, айналасындағы заттардың не үшін қажет екенін ойын арқылы түсініп, санасына ұялатады. Баланың өмір есігін ашып, іс-әрекеттерге баруы осы ойыннан бастау алады. Сонымен бірге, қазақ халқының балабақша тәрбиеленушілеріне барынша лайықты ұлттық ойында түрлері  «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Ақ сандық – Көк сандық», «Айгөлек», «Ақ сүйек» болып табылады. Соныме қатар ұлттық үстел-үсті ойындарына «Білектесу», «Киіз үй», «Ұлттық тағамдар» т.б ойындарын ойнатамыз.Ұлттық ойындар ойнатудың негізгі мақсаты, ең алдымен балалардың денсаулығын нығайту, денені шынықтыру, ішкі жан-дүниесін байытып, мәдениетін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі жетілдіру болып табылады. Балаларға халқымыздың ұлттық ойындарына деген құрметін, қызығушылығын арттыра отырып, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу міндетін орындау үшін, балабақшада ойынды ойнату технологиясына баса назар аударамын.

Мен балалардың ойын үстінде өздерін соншалықты еркін, көңілді ұстап, ойын әдістерін шығармашылықпен сомдай алатынына көз жеткіздім. Сондықтан бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне қарай қызықты ойын түрлерін іріктеп алып, өзімнің жұмыс жоспарыма енгізіп, олардың тиімді іске асырылуына аса мән беріп келемін. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға адамгершілік тәрбиесін беруде де осы ұлттық ойындарды ойнатудың тікелей қатысы бар. Өйткені, ойынның мазмұны әр түрлі іс-әрекеттер арқылы ашылады. Ойын үстінде балалар, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерде болады. Мен сонымен бірге, балабақшада халқымыздың ұлттық ойындарын ойнату кезінде, іс-әрекет үстіндегі балалардың қуанышы мен ренішін айқын көріп отырамын. Сол себепті ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі де назар аударып, олардың іс-әрекет үстінде ойлануына, ойлана отырып әрекет етуіне мүмкіндік беріп отырамын. Ал мұның бүлдіршіннің эмоциялық әсерге бөленуіне, белсенділігінің артуына, батыл әрекет етуіне, ой-қиялының дамуына игі әсер етіп, сонымен бірге олардың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштай түседі.

Қорыта айтқанда, мектепке дейінгі білім беру мекемесі – өскелең ұрпақтың болашағын қалыптастырудың алғашқы табалдырығы, еліміздің келешегін айқындау жолында қажырлы еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген балабақша тәрбиешілерінің, оларға үлкен сеніммен қараған ата-аналар мен бүлдіршіндердің алтын ұясы. Мен осынау күрделі де, аса маңызды міндетті орындау жолында бүлдіршіндердің халқымыздық ұлттық ойындарына, ұлттық ерекшеліктеріне деген сый-құрметін арттыра отырып, ұлтжанды азаматтар тәрбиелеп шығамыз деп ойлаймын.

List of portals for teachers and students

  1. Linguistic Olympiads - https://wonder.zti.kz
  2. Olympiads on the basics of primary education - https://kokon.kz
  3. Cyber Olympiad in Italian drafts - https://doiby.zti.kz
  4. Intellectual Cyber Chess Olympiads - https://chess.zti.kz
  5. Competitions, conferences, olympiads - https://kzu.kz
  6. Republican competitions, courses, conferences, and olympiads, and courses - https://ukz.kz
  7. Intellectual competitions, conferences, and olympiads - https://tarim.kz
  8. The methodical journal for teachers - https://adisteme.kz
  9. Republican Distance Olympiads – https://clever.zti.kz
  10. Competitions, conferences, olympiads - https://talimger.kz
  11. Smart Library - http://w.zti.kz/crviy