Attention: Information about the quality of the article, certificate, reference and journal types are available only to the author of the article or correspondent of the journal.

Логопедиялық жұмыстар

Logopedia
Логопедиялық жұмыстар

Author: Машжанова Рабиға Сатбалдықызы
Job: "Болашақ" бөбекжай-бақшасы
Position: Логопед-педагог
Date of publish: 20.11.2021
Publisher: Аина Ш.


Логопед баламен жұмыс істеу  тәрбиешінің  орны ерекше. Тәрбиеші  тілінде кемістігі бар баланың  отбасымен тығыз байланыс жасайды, топта балалардың   ықыласпен қарауын қадағалайды, топтағы, өмірде қоғам жұмысына тартып, баланы сөйлеуін түзетуге қызығушылығын белсендірілуіне жағдай жасайды.

Түзету жұмысының негізгі міндеттеріне: жалпы, ұсақ, артикуляциялық моторикасын, фонациялық тыныс алуын, сөз қорын молайту т.б. жатады. Түзету педагогикалық жұмыс тұтықпаның клиникалық түріне байланысты жүргізіледі. Баланың өзінің тәртібі мен сөйлеу кемшіліктерін  түзету тәсілдерін меңгеруі, оның түзету логопедиялық процесіне белсенді табысты қатысуына мүмкіндік береді. Жұмыс барысында әр түрлі дәстүрлі және арнайы оқу құралдары қолданылады. Оларға көптеген оқулықтар, оқу процесінде, ойындар, фильмдер, видио материалдар жатады.

Тілінде  кемістігі бар балалар үшін өте қажетті жаттығу түрі.Оны күнделікті өмірде үзбей қолданып жүрсе үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады. Тыныс алу – адам тәнінің аса маңызды қызметтерінің бірі болып табылады. Тыныс алу жаттығуының балалар денсаулығы үшін пайдасы өте зор. Себебі дұрыс тыныс ала отырып баланың сөйлеу тілі де кезегімен қалыптасады.

Тыныс алу үшін қолданылатын ойындар мен жаттығулар

Екі ұрытты толтырып, балаға қарап үрлеу керек. Балаға да солай істеуін сұрап, егер үрлей алмаса, үйрету.

Дауыссыз дыбыстармен жұмыс жүргізу кезіндегі ойын әдістері.

1.Дыбыстың артикуляциясы.

– тіл өз үйшігінде турыпты. Ол ұшақтың әнін үйренгісі келді. Ол күлімсіреп барлық тістерін көрсетті де, үйін кең ашты, дауысын қосты, құйыршығын тез жоғарғы есікке лақтырды суық желді жіберді. Тілі «р-р-р-р» деп ән айтты, құйыршықтың дірілдегенің сезді. Ұшақтың әнін бірге айтайық “ р-р-р”!

2) Дыбысты сөзде танып білу

Тәрбиеші суретті көрсетеді немесе сөздерді айтады. Ал балалар р дыбысы бар сөздерді танып біледі: шапалақтайды немесе қолдарын көтереді, сосын бірге айтып өтеді.

3) Буын ұй құстар :

. ра-ра-ра – ұшып жүр ара; ар-ар-ар – дала толы қар; ыр-ыр-ыр – үйдың сыртында қыр; ры-ры-ры – жапырақтар сары; ір-ір-ір – үсті – басы кір;

4) Жаңылтпаштар:

Мұртты мұртын сүртті, мұрттыны біреу түртті. Торта қойдым, орта қойдым, орта қойдым, жорта қойдым.

«Жұлдыздарды ұшырайық»

Тапсырма: жұлдыздар мен жүрекшелерді үрлеу, (заттардың өте жеңіл екенін ескеріп, балалардың заттарды ұшыру үшін үрлеу жылдамдығын түсіндіру.

«Жел мен көбелек»

Бұл тапсырма үшін кез келген гүл суреті  қажет. (балаларға қызықты болу үшін әр түрлі жәндіктерді қоюға болады.)

Көбелек гүлге қонды,

Кенеттен жел соғып

Көбелекке тиіп, көбелек ұшып кетті.

Кеме жүзді

Ойын үшін қағаздан жасалған кеме жасалады, тегіс үстелге кою. Балаға кеме үстелдің соңына дейін жету үшін қалай үрлеу керек екенін үйрету. (Ойын баланың ұзақ, қатты тынысын дамытады.)

Дауысты дыбыстармен жұмыс:

Тілінде кемістігі бар балаларға сөздегі дауысты дыбысты бөліп айтуды үйрету үлкен нәтиже береді.Кейбір дауысты дыбыстарды созып айту үшін, сөйлеуді жеңілдетіп,тілдегі құрысуларды болдырмайды. Дем шығару арқылы дауысты дыбыстармен жұмыс жасау керек:

А-о А-о-у-ы М-м-м-м-м-а-а-а М-м-м-м-м-у-у-у

А-о-у А-о-у-ы-и М-м-м-м-м-о-о-о М-м-м-м-м-ы-ы

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Малдыбаева А.О., Орынбаева Э.Ә. «Дефектология негіздері» Шымкент 2007 ж.
  2. Намазбаева Ж. «Дефектологтың  кеңесі» А., 1980 ж.
  3. Өмірбекова Қ., Серікбаев Қ. «Логопедия» А., 1996 ж.
  4. Филичева Т.Б., Чевелева Н. А. «Логопедическая работа в специальном детском саду» М., 1997 г.

 

List of portals for teachers and students

  1. Linguistic Olympiads - https://wonder.zti.kz
  2. Olympiads on the basics of primary education - https://kokon.kz
  3. Cyber Olympiad in Italian drafts - https://doiby.zti.kz
  4. Intellectual Cyber Chess Olympiads - https://chess.zti.kz
  5. Competitions, conferences, olympiads - https://kzu.kz
  6. Republican competitions, courses, conferences, and olympiads, and courses - https://ukz.kz
  7. Intellectual competitions, conferences, and olympiads - https://tarim.kz
  8. The methodical journal for teachers - https://adisteme.kz
  9. Republican Distance Olympiads – https://clever.zti.kz
  10. Competitions, conferences, olympiads - https://talimger.kz
  11. Smart Library - http://w.zti.kz/crviy