Attention: Information about the quality of the article, certificate, reference and journal types are available only to the author of the article or correspondent of the journal.

Қазақ тілін орыс сыныптарында жаңаша оқытудың тәрбиелік мәні

Methodical piggy bank
Қазақ тілін орыс сыныптарында жаңаша оқытудың тәрбиелік мәні

Author: Сатубалиева Айнур Набиуллиновна
Job: Бөрлі ауданы, Березов мектеп-балабақша кешені
Position: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Date of publish: 10.02.2016
Publisher: С.


Қазақ тілін жаңаша оқыту бастауыш оқушыларының танымдық қабілеттерін ұштастыруға, қарым-қатынас жасауға тәрбиелік ықпалын тигізеді.

Қазақ тілін жаңаша оқыту сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының мектеп оқушыларымен қарым-қатынас жасауы барысында салт-дәстүрлерге, ұлттық мейрам, Наурыз мерекесіне байланысты, ұлттық ойындарды меңгерту әдістемелеріне қатысты мәліметтер қарастырылады.

Жаңаша оқыту арқылы берілген мәтіннің көмегімен еліміздің егемендік алуы, тіл мәртебесінің жоғарылауы , тарихи тұлғалар туралы танымы артады. Жаңа сөздер мен қиын ұғымдарды тез түсініп, оны тиянақты меңгереді.

Жаңаша оқыту әдіс-тәсілдері бастауыш сынып оқушыларының жаңа сөздерді меңгерту әдіс-тәсілдерін есте сақтауына, олармен жұмыс істеуіне жеңілдік тигізеді. Бастауыш сынып оқушылары осы жаңаша өтілген сабақтарда қажетті лексиканы естеріне сақтап, практика жүзінде қолдана алады. Сабақты жаңаша оқытуда бастауыш сынып оқушыларының жаңа материалды тыңғылықты меңгеруге ынтасы артады.

Қазақ тілінен білім беруде, сарқылмас бай әдеби мұраларын меңгертуде жаңаша оқытудың тәрбиелік маңызы зор. Ағартушы педагог Жүсіпбек аймауытов: «Тәрбиеден мақсұт-баланы тәрбиелеуде дәл өзіндей қылып шығару ғой» деп көрсеткендей, тәрбие беруде оқушының өз-өзін танып шығу ғана емес, келешек өмірге қажетті тәрбие алып шығуы да баасты мақсат болмақ. Ол қандай тұрғыда байқалады десек, оқушының таным қабілеті тереңдеп, өз бетімен тақырыпты меңгеру арқылы ой топшалап, өз ойына қорытынды жасай алуы, қолданып отырған мәтіннен алған ойын, бітімін тиянақтап, болашақта қолдана алуы деп топшалаймыз.

Қазақ тілін жаңаша оқыту әдістемесі бастауыш сынып оқушыларының пәнге деген құштарлығын, қызығушылығын арттырады.

Технологиялық карталар оқушылардың таным әлемін кеңейтуге көмегі бар оқытудың түрі. Қазақ тілінде сөйлесу дағдыларын меңгертудің қолдану аясын түсінбегендіктен оқушылар оны тез ұмытып қалады. Міне, осы тұрғыдан келгенде бастауыш сынып оқушыларына қазақша сөйлеуге үйретуді меңгерту әдіс-тәсілдерін естеріне сақтауда, оларды қолдана білуде тенологиялық картаның рөлі зор. 1-4 сынып оқушысы жүйеленген сөздерді елемес бұрын толтырылған картаға таңданыспен қарайды, назарын сол сызбаға аударады. Екіншіден барып ішіндегі сөздерді оқи бастайды. Әрине сөздің мағынасын түсіндіруге талпыныс білдіреді. Осы арқылы танымы оянады. Бастауыш сынып оқушысының өзіндік жұмысына жол ашылады.

Жаңаша оқытылатын қазақ тілінің тәрбиелік негізін педагог-ғалым М.Арын сөзімен былайша қорытындыласақ орынды болар: « …. оқыту барысында ол өзінің ұясын тапқан құс сияқты өзінің жерінде, елінде, өзіне тән үлкен тарихи қоғамдық ортада жүргенін сезінеді.

List of portals for teachers and students

  1. Linguistic Olympiads - https://wonder.zti.kz
  2. Olympiads on the basics of primary education - https://kokon.kz
  3. Cyber Olympiad in Italian drafts - https://doiby.zti.kz
  4. Intellectual Cyber Chess Olympiads - https://chess.zti.kz
  5. Competitions, conferences, olympiads - https://kzu.kz
  6. Republican competitions, courses, conferences, and olympiads, and courses - https://ukz.kz
  7. Intellectual competitions, conferences, and olympiads - https://tarim.kz
  8. The methodical journal for teachers - https://adisteme.kz
  9. Republican Distance Olympiads – https://clever.zti.kz
  10. Competitions, conferences, olympiads - https://talimger.kz
  11. Smart Library - http://w.zti.kz/crviy