Attention: Information about the quality of the article, certificate, reference and journal types are available only to the author of the article or correspondent of the journal.

Жігіт сұлтаны

Educational Hour
Жігіт сұлтаны

Author: Аштаева Дамеш Сарсембаевна
Job: Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қапай батыр ауылында "Васильковка негізгі мектебі" КММ
Position: Бастауыш сынып мұғалімі
Date of publish: 20.11.2021
Publisher: Индира Т.


Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны»

Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт – дәстүрі, әдет – ғұрпы, жөн – жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Сіздер бүгін жігітке жеті өнер де аз дегендей 1 «Ә» сынып оқушыларының «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келіпсіздер.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Құрметті көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық. Бүгін міне төрт жігіт өз өнерлерін көрсетпек. Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап жігіттеріміздің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.

Жүргізуші: Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға,
Жігерленіп келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен табысуға.

  1. Қуантады білімімен бізді Әлихан

Қол соғып қарсы алайық, енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.
 

  1. Спортпенен білім жағын бір қосқан

Кем калмаған талантпенен табысқан

Қараңыздар Ерлік ортада

Тауды бұзар шын кіріссе намыстан 

  1. Біледі ол жақсы менен жаманды
    Өнерімен тамсандырған адамды
    Қошеметпен шақыралық ортаға
    Сұлтан атты жігіт болған сарбазды
  2. Еңбексүйгіш, таудай талап бойында,

Барлық істі тыңдау бар ойында

Рахымқожа  Әлижандай  жігітті

Шақыралық қошеметпен ортаға

І бөлім: «Таныстыру»

Жігіттер өздерін таныстырып өтеді.

2 бөлім:  «Жігітке жеті өнер де аз» (өз өнерін көрсету )
Ал, кәнеки қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар деп жігіттеріміз өнерлерін ортаға салады.

3 – бөлім «Бәрекелді, сайыпқыран» (мәнерлеп оқу  сайысы )

4 – бөлім. Үй тапсырмасы

5-бөлім «Қол күрес»     

Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.деп бүгінгі
«Жігіт сұлтаны» сайысымызда аяқталып келеді.
Енді сөз кезегін әділ қазыларға берейік.

List of portals for teachers and students

  1. Linguistic Olympiads - https://wonder.zti.kz
  2. Olympiads on the basics of primary education - https://kokon.kz
  3. Cyber Olympiad in Italian drafts - https://doiby.zti.kz
  4. Intellectual Cyber Chess Olympiads - https://chess.zti.kz
  5. Competitions, conferences, olympiads - https://kzu.kz
  6. Republican competitions, courses, conferences, and olympiads, and courses - https://ukz.kz
  7. Intellectual competitions, conferences, and olympiads - https://tarim.kz
  8. The methodical journal for teachers - https://adisteme.kz
  9. Republican Distance Olympiads – https://clever.zti.kz
  10. Competitions, conferences, olympiads - https://talimger.kz
  11. Smart Library - http://w.zti.kz/crviy