Attention: Information about the quality of the article, certificate, reference and journal types are available only to the author of the article or correspondent of the journal.

Жаһандану дәуіріндегі қазақтың дәстүрлері

Conference report, Modernization of Kazakhstan's identity
Жаһандану дәуіріндегі қазақтың дәстүрлері

Author: Ережепова Римма Ғизатоллақызы
Job: Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг Университеті, КЕАҚ.
Position: аға оқытушы
Date of publish: 17.12.2021
Publisher: Римма Е.


Жаһандану үдерістері жағдайында мәдени әртүрлілікті сақтау және дамыту мәдени ұдайы өндірістегі ортақ біріктіруші тенденциялар арасындағы және жеке тұлғаның ерекше қасиеттері мәселесі болып табылады.

«Жаһандану» ұғымы ағылшын тіліндегі «global» ұғымынан алынған, оны «әлемдік», «дүниежүзілік» деп аударуға да болады. Ал мағыналық жағынан алғанда, бүкіл әлемді қамтыған, яғни құрлықтық шеңбері шектелмеген, әлемдік деңгейде жүріп жатқан қандай да бір процесті  білдіреді.

Жаһандану – біртұтас адамзаттық мәдениет қалыптастыру үдерісіне ілесу дегенді де білдіреді. Осы жаһандану заманында ұлттық сананы қалай қалыптастыруға және дамытуға болады? Қазіргі кезде дүниежүзіндегі  барлық мемлекеттер жаһандану жағдайына бейімделген. Батыстық өркениетті меңгеру жолында ұлттың тарихы мен салт -дәстүрлерін жоғалту қаупі төнуде. Батыстық үлгідегі білім, ғылымы, технологиясы озық болғанымен, батыстық мәдениетке басымдылық беру, шамадан көп еліктеу дәстүр мен ұлттық мәдениетке нұқсан келтіріп, тәрбиелік, адамгершілік құндылықтардан айырады. Сондықтан жаһандануды әрбір ұлт немесе мемлекет өз табиғатына  қарай бейімдеп сіңіретін болса,  жаһандану қауіпсіз болады. Осы орайда Елбасының 2017 жылғы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында: «ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас­тау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық.

Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деген болатын(1).

Кез келген халықтың өткен тарихының өз өрнегі болғандықтан, халықтың тағдырына ықпал етітндігі сөзсіз. Сондықтан әрбір ұлттың өмірінде салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, ырымдар мен тиымдар, басқа да ұлттық құндылықтар маңызды рөл атқарып,ата-бабадан жалғасып келеді. Ал жаһандану үрдісі кезінде қазақ қоғамында, әсіресе келесі ұрпаққа салт-дәстүрді насихаттап, ата салтын жалғастыру үшін ұлттық тәрбиеге көбірек көңіл бөлуіміз керек.

Қазақ халқында  балаға тәрбие беру ісін әрқашанда  даналық пен жауапкершіліктің көрінісі деп есептелеген. Сондықтан ұлттық тәрбиедегі ең маңызды қадам – кез келген жеке тұлғаның белгілі бір ұлттың мүшесі екенін сезінуге, жауапкершілікке баулу, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу болып табылады. Жаһандану үрдісі арқылы жеткен түрлі ақпараттарды  жастардың тез бойына сіңіріп алатыны анық. Осы ақпараттарды ұлттық табиғатымызға қарай бағыттамасақ, салт-дәстүрлерімізді жаһандану үрдісі жұтып алып, ұлттық мәдениетімізді жаңғырта алмауымыз мүмкін.

Тұңғыш Елбасымыздың  халыққа жолдаған Жолдауының бірінде:  «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын» деп әлеуметтік топ ретінде жастарға және олардың мәселесіне көбірек назар аударуға шақырады. Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын» (1).

Жаһандану үдерісіндегі ұлттық тәрбиеде жастарды тәрбиелеуде қазақ халқының мәдениеті мен әдебиеті, салт-дәстүрі, тілі сияқты рухани құндылықтарға мән берілуі қажет.

  1. ҚР Президентінің ресми сайты. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы. 2017 жылғы 12 сәуір. https://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy

List of portals for teachers and students

  1. Linguistic Olympiads - https://wonder.zti.kz
  2. Olympiads on the basics of primary education - https://kokon.kz
  3. Cyber Olympiad in Italian drafts - https://doiby.zti.kz
  4. Intellectual Cyber Chess Olympiads - https://chess.zti.kz
  5. Competitions, conferences, olympiads - https://kzu.kz
  6. Republican competitions, courses, conferences, and olympiads, and courses - https://ukz.kz
  7. Intellectual competitions, conferences, and olympiads - https://tarim.kz
  8. The methodical journal for teachers - https://adisteme.kz
  9. Republican Distance Olympiads – https://clever.zti.kz
  10. Competitions, conferences, olympiads - https://talimger.kz
  11. Smart Library - http://w.zti.kz/crviy