Attention: Information about the quality of the article, certificate, reference and journal types are available only to the author of the article or correspondent of the journal.

Елбасының «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдарламасы» аясындағы «Туған жер» жобасын қуаттаймыз

Essay
Елбасының «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдарламасы» аясындағы «Туған жер» жобасын қуаттаймыз

Author: Мусабекова Шохизат Курбанбайқызы
Job: №9 М.Жұмабаев ЖОМ, ОҚО, Жетісай қаласы
Position: Мұғалім
Date of publish: 09.06.2018
Publisher: М.


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдарламасы» аясындағы «Туған жер» жобасын қолдап қуаттаймыз.

Туған жер – туып өскен, кіндік қаның тамған, аяулы да құрметті атамекенің. Оның тамыры – Қазақстан, қазақ елі.

Әрбір қазақ елінің ардақты азаматы, асыл ұрпағы өз елін, өз атамекенін анасындай аялайды. Өйткені «Отан-отбасынан басталады». Отбасының ұйытқысы аяулы анамыз бен ардақты әкеміз.

Елбасының  «Туған жер» бағдарламасының жобаға қосылуы, Отанға, туған жерге, атамекеніне деген ыстық ықыласы, биік құрметінің негізі болары анық. Оның өз еліне, туған жеріне құрметі, қимастық сезімі оның дәлелі деп ойлаймыз.

Мен өзім 30 жылдан бері ұстаздық қызмет атқарып келемін. Қазақ елінің ертеңі, болашағы болған жас ұрпаққа саналы білім беріп, дамыған елдер қатарына қосылуын үлес қосу баст міндетіміз. Бұл жолда ұстаздар қауымы  Елбасының «Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ» идеясын негізге аламыз.

Саналы ұрпағымыздың, білімді, туған жерге құрметпен қарайтын, биік-рухты, нар тұлғалы азамат болу жолында Елбасының  ерен еңбегі зор. Бүгінгі жастардың жаңаша, заманауи технологиялар негізінде білім алып, алған білімдерін өмірде қолдана алуларына көп мүмкіндік беріп отыр.

«Туған жерге – туың тік»,-деп дана халқымыз текке айтпаған болар. Сондықтан әрбір қазақ азаматы алған саналы тәрбиесін, сапалы білімін туған жеріне арнап, туған жерінің өсіп, өркендеуіне өз үлесін қосса құба-құп болар еді. Елбасымыздың «Туған жер» бағдарламасының маңызы бүгінгі ұрпақ үшін өте игі жоба болып отыр. Оның астарында мол мағына жатыр. Әрбір дәрісімізде бұл жобаны тілге тиек етіп, қолдап, қуаттап, бүгінгі саналы  ұрпаққа жеткізу біздің басты міндетіміз.

List of portals for teachers and students

  1. Linguistic Olympiads - https://wonder.zti.kz
  2. Olympiads on the basics of primary education - https://kokon.kz
  3. Cyber Olympiad in Italian drafts - https://doiby.zti.kz
  4. Intellectual Cyber Chess Olympiads - https://chess.zti.kz
  5. Competitions, conferences, olympiads - https://kzu.kz
  6. Republican competitions, courses, conferences, and olympiads, and courses - https://ukz.kz
  7. Intellectual competitions, conferences, and olympiads - https://tarim.kz
  8. The methodical journal for teachers - https://adisteme.kz
  9. Republican Distance Olympiads – https://clever.zti.kz
  10. Competitions, conferences, olympiads - https://talimger.kz
  11. Smart Library - http://w.zti.kz/crviy