Attention: Information about the quality of the article, certificate, reference and journal types are available only to the author of the article or correspondent of the journal.

Білім беру мазмұнын жаңарту – болашаққа қадам

Basics of Education
Білім беру мазмұнын жаңарту – болашаққа қадам

Author: Насирова Тойган Темировна
Job: Атырау қаласы И. Тайманов аттындағы №27 орта мектеп
Position: мұғалім
Date of publish: 16.01.2018
Publisher: Н.


Оқыту үдерісіне жаңашылдықты енгізе кәсіби қызметке қолдау көрсету, жаңартылған  білім беру бастамаларын жасау, табысты нәтижеге қол жеткізу үшін оқыту мен оқу үдерісіне жаңа мазмұнды идеялар, сындарлы оқыту теориясына негізделген әдістемелер жасау –  басты мақсатым.  Білім алушыларға қалай оқу керектігіне бағыт-бағдар беріп, өздігінен білім алудың жолын көрсетіп, өзінің біліміне өзі жауапты екендігін, өзін-өзі бағалай алуға, сыни тұрғыдан ойланатын, әлеуметтенген жеке тұлға болып қалыптасуына жетелейтін білім негіздерін меңгертуге баса көңіл аударамын. Бүгінгі шәкірт мұғалімнің қолдауымен емін-еркін қарым-қатынасқа түсе алады,  алған білімдерін өмірде қолдануға тез бейімделеді. Әрине,  өз-өзіңе деген сенімділігі оянып, өзіндік көзқарасын білдіре алатын дамыған тұлға қалыптастыруда мұғалімнің еңбегі ұшан-теңіз. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Ақылың мен білімің екі жақтан» деген ұстанымды ұстанып, жиған-тергенімді алған қойған мақсатқа бағыттауға жұмылдырдым.

Әр сабағымда  ынтымақтастық  және топтық жұмысты ұйымдастыру  арқылы оқушыларымның әрқайсысымен  өзара  сыйластық пен сенімге негізделген жеке қарым-қатынас орнатуға мүдделі болу мақсатына құрылған  жұмыстарымның  маңызы зор болды. Кешегі дәстүрлі оқыту жүйесі тұлғаның дамуын оның парасаттық (интеллектуалдық)  деңгейімен түсіндірсе, бүгінде бұл мәселе тұлғаның өзіндік рефлексиясымен, яғни қоршаған, зерттеліп жатқан болмысқа деген адамның өзіндік көзқарасы, оның құндылықтарын, себептері мен салдарын, мағынасын түсінуімен байланысты екеніне көз жеткізе алдым.  «Адамға оқып-үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» екенін бағдарлай алдым.  Ал бүкіл әлемді және басқаны түсінуге, адам болуға, адамгершілік қасиеттерді бойыңа дарытуға тек диалог арқылы ғана жетуге болады. Оқушыларым   пән мазмұнын меңгеру арқылы қоғамдық өмірге араласуға қажетті жазылым- айтылым, тыңдалым, оқылым, әдеби тіл нормаларын сақтау дағдыларын жағдаяттар жүйесі негізінде дамытады. Олар  өмірлік жағдаяттарда еркін қарым-қатынас жасайды, өзара пікір алмасады,  көзқарастарын білдіреді, өз ойын жүйелі де нақты жеткізе алады. Берілген кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады; түрлі мәтіндерді өздігінен  түсініп оқиды; оқығаны бойынша өзіндік қорытынды жасап, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдылары арқылы тың идеяларын өзгелермен еркін бөліседі.

Жаңа идеяларды іске асыру үшін өз мектебімде де тәжірибеге өзгеріс енгізуді және әріптестеріммен жүргізілетін жұмысты ойластырып, оны жоспарлауда тәлім алушының қызметкер және тұлға ретінде өсуіне баса назар аударып келемін. Әріптестермен тәжірибе алмасқанда ғана мұғалімнің құзіреттілігі артады. Құзіреттілік пен сенімнің артуы  оқытудың инновациялық әдістерін ұсынуға мәжбүр етеді. Мұғалімдердің келешектегі бағасы оқушылардың  жетістіктеріне  тікелей байланысты, демек, өз-өзінің тиімділігін көтеру көшбасшылықтың маңызды факторы болып табылады.

Түрлі тақырыптардатренинг, шеберлік сынып, семинар, дөңгелек үстел, коучинг   шараларын ұйымдастыруда мұғалімдердің көшбасшылығын күшейту және дамыту  тәсілдерін қарастыра отырып, мұғалім көшбасшылығын жоғары нәтижеге жеткізуде,  жұмысын дамытуда көшбасшысы бола алатындығына сенім қалыптастыру жолдарын тереңдете түстім

Әл-Фарабидің «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» дегендей, өзгерістер енгізу үшін әріптестерім де  стратегиялық шешімдер қабылдауға,бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға,кәсіби білімді құруға және таратуға ат салысады деген сенімдемін.Адам тәрбиелеудің асқан ұсталарының әдістемелік тәсідері мен шеберлік мектептерінен үйрене жүріп, мен де өзіндік әдістемемді табуға талпындым. Өзіме қажетті әдіс-тәсілдерді жинау арқылы әдістемелік қоржынымды толықтыра түстім.

List of portals for teachers and students

  1. Linguistic Olympiads - https://wonder.zti.kz
  2. Olympiads on the basics of primary education - https://kokon.kz
  3. Cyber Olympiad in Italian drafts - https://doiby.zti.kz
  4. Intellectual Cyber Chess Olympiads - https://chess.zti.kz
  5. Competitions, conferences, olympiads - https://kzu.kz
  6. Republican competitions, courses, conferences, and olympiads, and courses - https://ukz.kz
  7. Intellectual competitions, conferences, and olympiads - https://tarim.kz
  8. The methodical journal for teachers - https://adisteme.kz
  9. Republican Distance Olympiads – https://clever.zti.kz
  10. Competitions, conferences, olympiads - https://talimger.kz
  11. Smart Library - http://w.zti.kz/crviy