Attention: Information about the quality of the article, certificate, reference and journal types are available only to the author of the article or correspondent of the journal.

Басты ұстаным – Мәңгілік ел

Essay
Басты ұстаным – Мәңгілік ел

Author: Талапкер Асылай Мухамбетовна
Job: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасы
Position: әдіскер
Date of publish: 26.03.2017
Publisher: Асылай Т.


 

Өткен  ғасырдың  90-жылдарының   басында  Тәуелсіздік  таңы   арайланып  атқанша   еліміз  қаншама  рет  қайғы  жамылып,   қасіретті  бастан  кешірді?!   Бірақ   соның  бәріне  де  мойымаған  қазақ   халық  Желтоқсанның  мұзға  жаққан  алауымен  бірге   оянып,   ақыры   тас  түнектің  түндігін  түріп  тастады.   Ата –  бабамыз  ғасырлар  бойына  аңсаған  азаттықтың   ақ  таңына  аман  жеттік.

Осынау  баға  жетпес  бақыт  бағын  бастан  ұшырып  алмау  үшін  Елбасымыз  бастаған  ел  тізгінін  ұстаған  азаматтар  Тәуелсіздіктің  тұғырын  биік,  іргесін  бүтін  қылып    сақтап   қалу   үшін  маңдай  терін  аямай  сарп  етті.   Бірлік   пен  ұлтаралық  татулықтың   темірқазығы  адастырмай  қазақ   елінің    шаңырағы  шайқалмай,  керісінше  керегісі  кеңейіп,  Ұлт  Көшбасшысы   көздегендей   дамыған  50  елдің  қатарынан  табылдық.  Демократиялық  дамудың  даңғыл  жолына  түскен  елеміз   енді  «Қазақстан – 2050» стратегиясын  бетке  ұстап,  озық  30  мемлекеттің  көшіне  ілесуге  бағыт  алды.  Сөйтіп  Евразия  құрлығында   баһадүр  бабаларымыз  аңсаған  Мәңгілік  ел – Қазақстан  мемлекеті  қалыптасты.

Мәңгілік  ел  бүгінгі  біздің  ұлттық   идеологиямызға айналды.   Бұл – бүгінгі   бүлдіршіндеріміз  бен   ертеңгі   өскелең   ұрпағымыздың   ұстанар  өмірлік    мұраты.  Ол  алдағы   2050  жылға  дейінгі   даму  стратегиямыздың   негізі  ғана  емес,  ел  ертеңін  кемел   келешекте  де  жарқын  болашаққа  жол  сілтейтін  басты  темірқазығымыз  болып   қала  бермек.

Мәңгілік  ел  – ол  біздің  тарихымыздың   тамырының   тым  тереңде  жатқандығын  айғақтайды.  Қазіргі  кең  байтақ  қазақ   даласын  мекен  еткен  аталарымыздың   арғы  бабалары  түрік   халықтары да  осы  Мәңгілік  ел  идеясын  мемлекеттігінің  басты  мұраты  етіп  алды.   Жарты  әлемді  аузына  қаратқан  сол  бабамыздың   болмысынан  дарып,  қанымызға  сіңген  асыл  қасиетті  сақтап  отырып,  жаңа  мыңжылдық    дәуірінде  бостандығымызды   баянды  ету – ата – бабамыз   алдындағы  борышымыз   саналады.  Сол  арқылы  ғана   қазіргі   жаһандану  заманында  дүниежүзі  қауымдастығы  алдында  өзіндік  қолтаңбасы  бар,  ұлттық  ою- өрнегімен  ерекшеленген  ел  ретінде  әлем  мойындаған  мәңгілік  қазақ  еліне  айналған.

List of portals for teachers and students

  1. Linguistic Olympiads - https://wonder.zti.kz
  2. Olympiads on the basics of primary education - https://kokon.kz
  3. Cyber Olympiad in Italian drafts - https://doiby.zti.kz
  4. Intellectual Cyber Chess Olympiads - https://chess.zti.kz
  5. Competitions, conferences, olympiads - https://kzu.kz
  6. Republican competitions, courses, conferences, and olympiads, and courses - https://ukz.kz
  7. Intellectual competitions, conferences, and olympiads - https://tarim.kz
  8. The methodical journal for teachers - https://adisteme.kz
  9. Republican Distance Olympiads – https://clever.zti.kz
  10. Competitions, conferences, olympiads - https://talimger.kz
  11. Smart Library - http://w.zti.kz/crviy