Attention: Information about the quality of the article, certificate, reference and journal types are available only to the author of the article or correspondent of the journal.

Ауруды басқару бағдарламасын енгізудегі халықаралық тәжірибелер және мейіргердің ролі

Medicine
Ауруды басқару бағдарламасын енгізудегі халықаралық тәжірибелер және мейіргердің ролі

Author: Аманова Динара Оразалиевна
Job: Қызылорда Медициналық Жоғары Колледжі
Position: Оқытушы
Date of publish: 11.11.2019
Publisher: А.


«Біз біріншілік медико-санитарлық-көмек сапасын жоғарылатуымыз және профилактикалық шараларға ден қоюымыз керек. Білікті ұйымдастырылған профилактикалық шаралар арқылы аурудың ерте сатысында алдын-алуға болады. Сондықтан халықтың денсаулығын сақтауға ұлттық денсаулықты бақылау бағдарламасын енгізу керек» – деген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  (“Қазақстан-2050” cтратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты) халыққа жолдауы негізінде елімізде ауруларды басқару бағдарламасы іске асырылуда.

Ауруларды басқару бағдарламасы (АББ) – созылмалы ауруларды жүргізуді жақсарту бойынша кешенді, әртүрлі жоспарлы тәсіл болып табылады, диагностикаланған созылмалы инфекциялық емес аурулары бар адамдарды қолдауға арналған және пациентті өз-өзіне көмек көрсетуді қоса алғанда, үйлестірілген шаралар арқылы өз ауруларын басқаруға тартуға бағытталған. Мұндай бағдарлама Жеке тұлғаларға басқа медициналық қызмет көрсетушілермен бірге өзінің ауруын басқаруға және асқынуды болдырмауға мүмкіндік береді

Ауруларды басқару (өзін – өзі басқару) – бұл созылмалы аурулары бар адамның симптомдарды, физикалық және әлеуметтік салдарды емдеуді, сондай-ақ асқынулар, асқынулар санын, стационарлық және жедел медициналық көмекке қажеттілікті төмендету үшін өмір салтындағы өзгерістерді басқару қабілеті.

ҚР ДСМ деңгейінде халықаралық кеңесшілермен АББ енгізудегі халықаралық тәжірибе мен түрлі тәсілдер талқыланды. Ғылыми-дәлелді медицинаға негізделген ауруларды басқару бағдарламасын әзірлеу және енгізу, халықтың денсаулық мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру және денсаулық сақтау реформаларын одан әрі нығайту және әлеуметтік жаңғырту тәсілдерін шешу үшін мемлекет, қызметкерлер және азаматтардың өздері арасында азаматтардың денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін арттыру талқыланды.

Ауруларды басқару бағдарламасын қолдану арқылы ДДҰ ЕӨБ зерттеулерінің деректері бойынша, артериялық гипертензия кезінде – 75%, несеп шығару жолдарының инфекциялары кезінде – 44% және стенокардия кезінде – 42% ауыр асқынулардың дамуын, еңбекке қабілеттілігінен айырылуды, алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде тиімді шаралар кезінде науқасты экономикалық шығын әкелетін емдеуге жатқызуды болдырмауға болады.

Ауруды басқару бағдарламасы бойынша әлемдік тәжірибеде:

  • Финляндияда ЖИА бойынша өлім көрсеткіші жоғары деңгейде болуына орай, 1972-1977 жылдар аралығында – АББ пилоттық режимде, кейін – Финляндияның барлық өңірінде жүрді;
  • Голландия елінде ауруларды басқару бағдарламасы  2000 жылы қантты диабет ауруы бойынша жүргізілді;
  • Германияда ауруларды басқару бағдарламасы 2001 жылы – қантты диабеттің 2-ші типі, өкпе обыры және ЖИА,  2003 жылы сүт безі обыры бойынша  жүзеге асырылды;
  • Канада елінде 2003 жылы  – СЖЖ, ӨСОА, қантты  диабет аурулары бойынша ауруларды басқару бағдарламалары іске асырылды.

Канада соңғы деректер бойынша гипертония ауруының  алдын алу және бақылау саласындағы әлемдегі жетекші ел болып табылады.

Пилоттық өңірлерде АББ-ны енгізумен денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының денсаулық сақтауды стандарттау орталығының БМСК жетілдіру бөлімі жүзеге асырады. Енгізу бойынша жұмыс Canadian society for international health консалтингтік компаниясының қолдауымен жүзеге асырылады. Үйлестіруші орган Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті болып табылады.

Ауруларды басқару бағдарламасындағы мейіргердің  ролі:

  • Телефон желісі арқылы пациентпен үнемі байланыста болу.
  • Пациентке және оның туыстарына күтім шараларын үйрету
  • АҚҚ өлшеу техникасына пациетті үйрету
  • Қосымша медициналық тексерулерге шақырады
  • Медбике жоспарланған дәрігер қабылдауына келуін қадағалайды

Осылайша, мінез-құлықтың өзгеруі, медициналық команданың емдеу және алдын алу кеңестеріне бейімділік, ауруды бақылау және өзін-өзі бақылау аймақ денсаулығының көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартуға алып келуі мүмкін, бұл ретте, жүректі ауыстырып салу сияқты үлкен экономикалық салымдарды талап етпей, және басқа да басқарылмайтын ауру жағдайында медицина қызметкерлері баруға мәжбүр болатын инвазиялық емдеу әдістері. Ауруды басқару бағдарламаларын енгізу үздік көрсеткіштерге ықпал етеді, бірақ пациенттің ғана емес, бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің күш-жігерін талап етеді.

Ауруды басқару бағдарламаларын енгізу үздік көрсеткіштерге ықпал етеді, бірақ пациенттің ғана емес, бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің күш-жігерін талап етеді.

Ауруларды басқару бағдарламасы қазіргі сұранысты қанағаттандыратын, тұрғындар мен медицина қызметкерлері арасындағы сенімділікті орнататын, ең бастысы аурулардың алдын алуда қажетті бағдарлама және оның мазмұнын әрбір медицина қызметкері меңгеруі қажет деп ойлаймын.

List of portals for teachers and students

  1. Linguistic Olympiads - https://wonder.zti.kz
  2. Olympiads on the basics of primary education - https://kokon.kz
  3. Cyber Olympiad in Italian drafts - https://doiby.zti.kz
  4. Intellectual Cyber Chess Olympiads - https://chess.zti.kz
  5. Competitions, conferences, olympiads - https://kzu.kz
  6. Republican competitions, courses, conferences, and olympiads, and courses - https://ukz.kz
  7. Intellectual competitions, conferences, and olympiads - https://tarim.kz
  8. The methodical journal for teachers - https://adisteme.kz
  9. Republican Distance Olympiads – https://clever.zti.kz
  10. Competitions, conferences, olympiads - https://talimger.kz
  11. Smart Library - http://w.zti.kz/crviy