Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдарламасы» аясындағы «Туған жер» жобасын қолдап қуаттаймыз.
Туған жер – туып өскен, кіндік қаның тамған, аяулы да құрметті атамекенің. Оның тамыры – Қазақстан, қазақ елі.
Әрбір қазақ елінің ардақты азаматы, асыл ұрпағы өз елін, өз атамекенін анасындай аялайды. Өйткені «Отан-отбасынан басталады». Отбасының ұйытқысы аяулы анамыз бен ардақты әкеміз.
Елбасының «Туған жер» бағдарламасының жобаға қосылуы, Отанға, туған жерге, атамекеніне деген ыстық ықыласы, биік құрметінің негізі болары анық. Оның өз еліне, туған жеріне құрметі, қимастық сезімі оның дәлелі деп ойлаймыз.
Мен өзім 30 жылдан бері ұстаздық қызмет атқарып келемін. Қазақ елінің ертеңі, болашағы болған жас ұрпаққа саналы білім беріп, дамыған елдер қатарына қосылуын үлес қосу баст міндетіміз. Бұл жолда ұстаздар қауымы Елбасының «Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ» идеясын негізге аламыз.
Саналы ұрпағымыздың, білімді, туған жерге құрметпен қарайтын, биік-рухты, нар тұлғалы азамат болу жолында Елбасының ерен еңбегі зор. Бүгінгі жастардың жаңаша, заманауи технологиялар негізінде білім алып, алған білімдерін өмірде қолдана алуларына көп мүмкіндік беріп отыр.
«Туған жерге – туың тік»,-деп дана халқымыз текке айтпаған болар. Сондықтан әрбір қазақ азаматы алған саналы тәрбиесін, сапалы білімін туған жеріне арнап, туған жерінің өсіп, өркендеуіне өз үлесін қосса құба-құп болар еді. Елбасымыздың «Туған жер» бағдарламасының маңызы бүгінгі ұрпақ үшін өте игі жоба болып отыр. Оның астарында мол мағына жатыр. Әрбір дәрісімізде бұл жобаны тілге тиек етіп, қолдап, қуаттап, бүгінгі саналы ұрпаққа жеткізу біздің басты міндетіміз.