Елбасы — ұлт мақтанышы

Тәрбие сағаты
Елбасы — ұлт мақтанышы

Мақала авторы: Сатыбалдиева Индира Калдыбековна
Жұмыс орны: Алматы қаласы Әуезов ауданы №42 жалпы білім беретін мектеп
Лауазымы: информатика пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 19.02.2016


Сабақтың мақсаты: Елбасының өмірі мен еңбегін үлгі тұта отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін, ұлттық сана-сезімі жоғары, саяси-құқықтық мәдениеті қалыптасқан тұлға тәрбиелеу

Көрнекілігі:. Н.Ә.Назарбаевтың кітаптарынан көрме, портреті, қанатты сөздері, тақырып жазылған баннер, видео-роликтер және жылдар жазылған қима қағаздар.

Фирдауси: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгін біз 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған «ЕЛБАСЫ – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ» атты сынып сағатына қош келдіңіздер!.

Ерасыл: Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

Фирдауси: Бүгінгі сынып сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз!   1 желтоқсан – Президент күніне орай өткізіліп отырған « Елбасы ұлт мақтанышы» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз!

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ ОРЫНДАЛАДЫ.

Ерасыл:  Ауыр күнді артымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Фирдауси: Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Ерасыл:  Бүгінгі күн бізге ОҢАЙЛЫҚПЕН КЕЛГЕН ЖОҚ.Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға-апаларымыз, ата-бабаларымыз тер төкті. Соның арқасында бүгінде біз, Тәуелсіз, дербес, әлем таныған Қазақстан атанып отырмыз. Қазақ деген атымызды алғанға дейін қазақ халқының басынан не өтпеді, не көрмеді.

Ақбота:    Қазақстан дейтін менің бар елім .

                  Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанған

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

 

Назерке:  Бар әлемге шын танылдық міне, біз

Елін сүйген Елбасы деп білеміз

Тең аталып Қазақстан Нұрсұлтан

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз

 

Айлина:  Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп

Елдің даңқы бар жаранға естіліп,

Елбасыны құрметтейтін ерекше

Армысыздар ,ақ пейілді көпшілік

 

Азиз:       Азаттық пен елге қонды тосқан бақ

Қазақ елін мойындауда дос таңдап

Елбасының еңбегімен нұрлана

Қазағымның мерейі тұр аспандап

 

Алия:      Елі үшін олжа салып қиырдан

Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан

Мерекеңіз құтты болсын көпшілік

Елбасының құрметіне жиылған

Фирдауси: Анасы түсінде буырқанып дөңбекшіп жатқан теңізді көреді. Теңізге түссе түбінен қару тауып алады. Иығына мылтықты асып алып еш тұншықпастан, қиналмастан жағаға шығады. Анасы ағайындарына түсін жорытқанда: Алла жар болсын, түсін жақсы екен,дүниеге шекесі торсықтай ұл келеді екен. Міне, бұл 1940 жылдың 6 шілдесінде шыр етіп дүние есігін ашқан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еді.

Ерасыл:  Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6-шілде де Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқыды. Ата-анасын құрмет тұтты. Ұшқыш болуды армандады.

Әже: Адам ата жаратқан иемнің тілін алмады. Бізді жаратқан жаратушы Адам атаны жұмақ бағынан қуып жібереді,балам.

Нұрсұлтан: Әже, содан кейін не болды?

Әже: Содан кейін балам, жаратушы ием адам баласын жер бетіне түсірді.Сосын оның ұрпағы көбейіп,дүниенің төрт бұрышына кеңінен тарап кетті.

Нұрсұлтан: Әже, біз қалай пайда болдық?

Әже: Барлық адамдар адамнан пайда болады, бірақ олар әр түрлі жерде тұрады.

Әже: Әр қазақ өзінің жеті  атасын Айдар болған.

 Нұрсұлтан: Айдар?

Әже:  Иә, Айдардан — Мырзатай. Мырзатайдан — Кенбаба. Кенбабадан — Еділ, Еділден — Сабақбай, Сабақбайдан — Назарбай, Назарбайдан — Әбіш.

Фирдауси: Иә, сол бала Нұрсұлтан қазіргі таңда әлемді аузына қаратқан Қазақ елінің маңдайына біткен дара тұлға. Қазақстан Республикасының Президенті, ұлт көшбасшысы. Елін  сүйген, елі сүйген Елбасы.

Әр сөздің астарында осы арада,

Ағайын ой жіберіп жіті қара

Тәуелсіз Қазақстан тарихында,

Тұлғасы Елбасының жеке дара.

Ерасыл:  Біз бүгін ұлтымыздың абыройына айналған Президентіміз үшін мақтана аламыз. Қазақтың құлан жортса тұяғы тозатын, қыран ұшса қанаты талатын ұлан байтақ жері бар, сол жері мен елін егемен ел етіп, әлемге танытқан Елбасы.

Елбасы – туған халқын, туған жерін, даласын жанындай сүйетін адам.. Мемлекеттік жоғары лауазымдағы қызмет бос уақыт қалдыра бермейді. Алайда жұмыс арасындағы сирек үзілістерді Нұрсұлтан Назарбаев өзі үшін әрі демалыс, әрі көңіл сергіту саналатын сүйікті істеріне арнауға тырысады. Ол – табиғат аясында болу, спортпен шұғылдану, музыка тыңдау және кітап оқу

Нұрсұлтан Назарбаев – бірқатар ғылыми еңбектердің, ғылыми қоғамдық, саяси тақырыптағы кітаптардың авторы. Демек елбасы – жазушы. Сонымен қатар Әнұранның, «Үшқоңыр», «Сарыарқа», «Елім менің» әндері сөзінің авторы, яғни ақын

Фирдауси: Елбасымыз сегіз қырлы, бір сырлы жан: Елбасы – үлкен саясаткер болумен қатар жан-жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты домбыраны жақсы көреді. Сондай –ақ өнерге де, спортқа да көп көңіл бөлетін адам. Оның дәлелі – атамыздың «Елім менің», және «Үш қоңыр» әндерінің кең тарап халық көңілінен шығуы. Бұл әндердің сөзі Нұрсұлтан Әбішұлынікі екенін біз мақтанышпен айтамыз.

Рауан:… Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын…”

Тәуелсізбін! Бар ма мұң?

Тәләйлі болсын талғамың!

Өркені өссін қазақтың,

Осы – менің арманым!

Күн тұрғанда тұратын,

Жұрты сайран құратын

Қала болсын Астана,

Осы – менің мұратым!

О, Ақорда, Ақшатыр,

Ұлысыма бақшатыр.

Баянды болсынАзаттық,

Осы – менің мақсатым!

Халқым – менің тірегім,

Құрбан жаным, жүрегім!

Атымыз озсын бәйгеде,

Осы – менің тілегім.

Ерасыл:  Ендігі кезек Елбасымыздың қанатты сөздеріне тоқталайық.

Назерке:  Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.

Мухтар: «Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды».

Бекжан: Елдің бетінде, желдің өтінде жүрген адамға сынақ көп.

Ажар: Менің атам да, анам да – қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймын да. Қайта маған тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған Туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын. Ұлттың ұлы болмай тұрып адамзаттың перзенті болу мүмкінбе? Мүмкін емес.

Ануар: Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұлан-ғайыр жер берген, астын-үстін толтырып кен берген, мейірбан ақкөңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген.

Фирдауси: Сөз бостандығы шексіз емес.

Ол – табындыратын ғана емес,

Талқандайтын да қуатты күш.

Мадияр: Біз мемлекет құрдық. Құрғанда да аты бар заты жоқ мемлекет емес, Бүкіл адамзат танитын, танып қана қоймаған – мойындайтын, құрметтейтін мемлекет құра алдық.

Еламан: Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.

Диана: Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет.

Нұрсұлтан: Абайдың сөзі қазақтың бойтұмары.

Еламан:  Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.

Азиз: Ұлттық намыс – ұлы ұғым.

Нұрсұлтан: Бірлік – біздің қасиетті туымыз.

Айлина: Бұл дұниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан.

Алдияр: Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін ерекше қастерлеуіміз, қадірлеуіміз керек.

Аққу:  Дана халқымыз қателіктерді түсінеді, оларды кешіре де біледі. Халық кешірмейтін бір-ақ нәрсе бар: ол елдің қолына зарықтырып барып қонған Бақыт құсынан, Тәуелсіздіктен айырылып қалуды кешірмейді. Егер біз тәуелсіздіктен айырылсақ, бізге кешірім жоқ.

Фирдауси: Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясың,

Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.

Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін,

Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.

Тұманбай Молдағалиев

Ерасыл:  Тұңғыш президентіміздің өмір жолы қиын да қайталанбас көп қырлы.

Фирдауси: Біздің Елбасымыз – білімділігімен, парасатты саясатымен, тәжірибесімен бүкіл адамзатты болашаққа бейбіт жолмен жетуге шақырған үлкен тұлға.

Енді назарларыңызды әлем елдерінің бірқатар басшыларының президентіміз туралы айтқан жылы лебіздеріне аударайық.

    Кофи Аннан – БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы: Аққу: «Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда – бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады.

Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады».

    Ким Дэ Чжун – Корея Республикасының Президенті: Азиз: «Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді».

    Эмомали Рахмонов – Тәжікстан Президенті: Фирдауси: «Ашық-жарқындығы, шыншылдығы, тартымдылығы, адамға деген сүйіспеншілігі – мұның бәрі де Нұрсұлтан Әбішұлының табиғатына тән қасиеттер.

Қазақ жұртының, елінің, көп ұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдындағы жоғары жауапкершілік сезімі оның бойынан әмәнда ажыраған емес.

Ол ұлы ұйымдастырушы ретінде Қазақстанды Кеңестен кейінгі кеңістіктің дамыған мемлекеттерінің біріне айналдырды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы табыстары тағлым аларлық.

Нағыз басшы осындай нәтижелерге жете алады, бұл жағынан алғанда Нұрсұлтан Әбішұлы – өз халқының даусыз басшысы».

      Джордж Буш – Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті: Ерасыл: «Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды таратпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. Құрама Штаттар, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін, соның ішінде «Қазбаттың» Ирактағы үздік қызметі үшін ризашылығын білдірді».

Ерасыл:  Елбасы – туған халқын, туған жерін, даласын жанындай сүйетін адам. Мұны сөзі мен де, ісімен де, шығармашылығымен де дәлелдеп келеді.

Фирдауси: Тәуелсіз еліміздің 24 жыл ішінде жүріп өткен шежірелі жылдарына тоқталып өтейік.

Айлина:

  • 1991 жыл 1-желтоқсан. Тұңғыш Республика президентіне жалпыхалықтық сайлау болды. Қазақ КСР-інің Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
  • 1991 жылы 16-желтоқсан. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Бұл күн тәуелсіздік күні болып белгіленді.

Алдияр:

  • 1992 жыл 4-маусым. Мемлекеттік рәміздер туралы заң қабылданды.
  • 1992 жыл. 3-наурыз. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.

Ақбота:

  • 1993 жыл 15-қараша. Қазақстан Республикасының валютасы теңге айналымға енді.

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?

 

Ануар:

  • 1994 жыл Қазақстан шетел мемлекеттерімен достастық келісімдер мен экономикалық ынтымақтасу саласында бірқатар келісілішарттарға қол жеткізді.

Азиз:

  • 1995 жыл 28-қаңтар. Тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

«Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.

Назерке:

  • 1996 жыл Қазақстан ынтымақтасу мақсатында құрылған «Шанхай бестігі» ұйымына мүше бола отырып, өзінің саяси қатынастардағы орнын айқындай түсті.

Нұрсұлтан:

  • 1997 жыл. 10 желтоқсан. Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы деп жарияланды.

Мухтар:

  • 1998 жыл. 6-мамыр. Ақмола қаласының атауы Астана болып жарияланды.
  • 1998 жыл. 10-маусым. Жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
    Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
    Жаңарып қалам, жасарып далам!
    Басыңнан серпі бодандық жүгін,
    Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
    Арыстан жүрек, айбынды елім,
    Таниды сені бар әлем бүгін.

Мадияр:

  • 1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді.

Еламан:

  • 2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» болды.

Фирдауси:

  • 2001 жыл Республиканың газ саласының 2015 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының жобасы талқыға түсіп, Қазақстан әлемде өндірген газ саласы бойынша 15, ТМД елдері арасында 4-орынды алатыны жарияланды.

Нұрсұлтан:

  • 2002 жыл «Денсаулық жылы»деп белгіленді.

Әлия:

  • 2003 жыл –  мемлекеттік деңгейде қабылданған оралмандардың тарихи отанына оралуы бағдарламасы қабылданды. 2003-2004 жыл «Ауыл жылы» болып саналды.

Бекжан:

  • 2004 жыл — Қазақстандағы Ресей жылы деп жарияланды.
  • 2005 жыл Дүниежүзі қазақтары үшін құрылтай болды.

Ануар:

  • 2006 жыл. Қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді.
  • 2006 жыл 7-қаңтар. әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік Әнұран ретінде қабылданды.

Егемен елім әнұраны жаңарды,
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.

Алдияр:

  • 2007 жыл — Ел Президентінің шешімімен Қазақстанда ойын бизнесін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге шектеулер қойылып, қызмет ету аясы Заң жүзінде анықталды.

Ажар:

  • 2008 жыл — Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауы республиканың әлеуметтік даму бағыттарында бірқатар мақсаттарды айқындады.

Әлия:

  • 2009 жыл — Әлемдік дағдарыс жағдайына қарамастан Қазақстан жан-жақты даму саясаты бойынша алға басты. Республикада ислам банкинг жүйесін енгізуге бағытталған заң жобалары қабылданды.

Назерке:

  • 2010 жылы ҚР ҰҚЫҰ Саммитіне төрағалық етті.Осы саммитте Астана декларациясы қабылданды.

Аққу:

  • 2011 жылдың басты оқиғасы – бұл әрине сәуір айының басында өткен кезектен тыс Президент сайлауы. Орталық сайлау комитетінің мәліметі бойынша, сайлаушылардың 99,5 % өз дауысын Нұрсұлтан Назарбаевқа берді.

Мухтар:

  • 2012 жыл Қазақстан үшін спорт саласында үлкен жетістіктерге толы болды. Лондон Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 7 алтын алып, жалпы командалық есепте 12 орынға ие болды және «Қазақстан 2050» стратегиясын қабылдады.

Диана:

  • 2013 жыл«Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.

Рауан:

  • 2014 жылАстана күні қарсаңында елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Н.Назарбаев «Бұл – замануи сәулеттің үздік туындысы, ол қалалық ландшафтты өзінің бірегейлігімен толтырады» – деп атап өтті.

Ажар:

  • 2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің, яғни Қазақ Хандығына 550 жылдығын атап өтті.

Ерасыл:  Елбасшымызға талай ақындарымыз жырын арнап, өлеңдерін шығарды. Сонымен қатар өз сыныбымыздағы оқушылардың елбасына арнауы.

Назерке: Тәуелсіздік. Тәуелсіздік – жыр – әнім,

Көкбайрағым, Елтаңба, Әнұраным.

Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,

Қолда елімді қасиетті Құраным!

Ғасырлардан жаһұттай жиған қылық.

Жасасын тәуелсіздік, бейбітшілік!

Ел болып көтерілген шаңыраққа

Тілейміз бақыттылық, баяндылық!

Ерасыл:  Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған «Елім менің» атты әні

Фирдауси: Тәуелсіз еліміздің аспаны ашық, елі аман, жұрты тыныш болсын, ел басқарған Елбасымыз аман болсын! Еліміздің болашағы, жасұрпақ, біздіңқолымызда. Сондықтан елдің, халықтың қамын ойлайтын азамат болайық дегім келеді. Бүгінгі кешімізді Елбасының мынадай сөзімен аяқтағым келіп тұр: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе шын жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың жалғыз ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жантеріңді сығып жүріп еңбек ет, елдің де, жердің де иесі екеніңді ұмытпа».

Ерасыл:  «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, ДОСы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!

Фирдауси: Осымен 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Президенті күніне арналған «ЕЛБАСЫ — ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ»  атты сынып сағатымызды  аяқтаймыз.

Ерасыл:  Ән: «Жаса Қазақстан!»

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz