Елбасы кемеңгер көшбасшы [Эссе]

Автор статьи : Шалқы Д.
Организация : № 27 Өмірзақ орта мектебі
Должность : Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Дата : 25.02.2016
Издатель : Шалкы Д., Автор
Редакционная коллегия: разрешена только онлайн публикация

Тақырыбы: «Елбасы кемеңгер көшбасшы» Мақсаты: Тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дүниеге келгені туралы, өмір жолынан мағлұмат беру. Балаларды Отанын, елін, халқын сүюге, патриоттық тәлім-тәрбие беру. Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайдтар, «Астана - жаңа қала» слайд, Елбасыныңсуреттері, ҚР рәміздері, оқушылар шығармасы және суреттері. Барысы: Әнұран орындалады Ұстаз: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін бізде ашық тәрбие сабағы, өйткені біз бүгін өзіміздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кең мағлұмат аламыз. Қазақстанның егеменді ел атануына Елбасымыздың қосқан үлесі зор. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымақтастығын жарастырып отырған ұлы тұлға. Тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткізген табыстарын біліп жүру біздің басты міндетіміз. 1-жүргізуші: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді, лауазымды тұлға. Мұндай көшбасшымыз бар біздің болашағымыз айқын! Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қай қалада дүниеге келген? 2-жүргізуші: Алматы облысы Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген. 1-жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, елдің ішкі және сыртқы саясатын жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді. Н.Ә.Назарбаев 1940жылы 6-шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету болды. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста еңбек еткеннен кейін біраз қазақтар жігіттерімен Украинаға барып металлург жұмысшы мамандығын меңгереді. 2-жүргізуші: 1991жылы 1-желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Призеденті етіп сайланды. Балалар енді біз елбасымыздың туралы жылы лебіздерді айтайықшы. 1-жүргізуші: : Жолыңыз даңғыл әрқашан, Жүзіңіз жарқын Нұраға. Білімді әрі көреген, Бағына біткен қазақтың. Аман-есен жүр, аға. 2-жүргізуші: Туса да азапты күн, Ту қылған азаттығын Таныттық, аға әлемге Қазақтың қазақтығын. 1-жүргізуші: Ел басшысы сайланып, Ант берді ұлы халқына. Құтты болсын,Нұраға, Қуанып жатыр халқың да 2-жүргізуші: Туған жансыз халықтан, Халық сынды алыптан. Өзіңізсіз әлемге Қазақ елін танытқан. 1-жүргізуші: Кең байтақ қой Қазақстан картасы, Астанамен айшықталған ортасы. Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем, Бұның бәрі Елбасының арқасы. Шықты тарап ой-данадан, Бері қарап жұлдыз беті. Өзі қалап сайлап алған, Елімнің бар Президенті «Менің Қазақстаным» ән 2-жүргізуші: Тағы,тағы Нұреке, Асулардан асыңыз. Құшағында бақыттың Жүзге жетсін жасыңыз. 1-жүргізуші: Әр сөздің астарында осы арада, Ағайын, ой жіберіп жете қара. Тәуелсіз Қазақстан тарихында, Тұлғасы Елбасының жеке дара. 2-жүргізуші: Өмірің судай асып өзегімен, Келеді Президенттер кезегімен. «Елбасы Назарбаев» егіз ұғым Жасайды мәңгі бірге өз елімен! 1-жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаев 1991жыл 1 желтоқсанда Қ.Р президенті болып сайланды. Нұрсұлатан Назарбаев президент болғалы аз уақыт ішінде қаншама жетістіктерге қолымыз жетті. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Мемлекеттік рәміздеріміз белгіленіп, Ата заңымыз қабылданды. Жетінші қысқы Азия ойындарының жалауы елімізде желбіреді. Слайд «Елбасы кемеңгер көшбасшы» 2-жүргізуші: 1998ж 6 мамырда Елбасының жарлығымен мемлекет астанасы Ақмола қаласына ауыстырылды. Ақмола атауы Астана болып өзгерді. Ұстаз: Әр халықтың тарихта қалуы ана тіліне байланысты. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Тіл туралы заң қабылданды. Қуан халқым, күшіне енді « Тіл» заңы, «Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады. Ел елдігі бағалар тілменен, Сол арқылы құрылады гүл бағы. Слайд Рәміздер туралы 1-жүргізуші: Қазақстан Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнеленген, Шаңырақтың айналасында күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған.Оны аңыз әңгімелердегі пырақтар көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында жұлдыз орналасқан, ал төменгі жағында « Қазақстан» деген жазу бар. 2-жүргізуші: Рәміздерім елдігімнің бейнесі, Білу керек баладағы ең кіші. Рәміздерім Әнұран, Ту, Елтаңба, Рәміздерді жатқа білгейсің. Ұстаз: Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол Тәуелсіз Қазақстан деп елбасымыз айтқандай кең байтақ Қазақстан туған өлкеміз, оны сүйіп, құрметтеу барлығымыздың парызымыз. Елбасымыз Қазақстан елін дамытып, одан әрі өркендеуіне басшылық етіп отырған ерекше тұлға. Біз елбасымызды әрқашанда мақтан тұтамыз. 1-жүргізуші: Елбасымыз саған мәңгі ризамыз, Үлкен кіші, ағайындар бәріміз. Ұлтым елім деп қайғырған ұлы жан. Сіз біздердің піріміз де әніміз. 2-жүргізуші: Ауыр күнді артымызға тастауы – Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауы Туды ұстап тура жолға түсіріп, Жас Отанның өмірін де түсініп, «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, Бір керемет жасады-ау кісілік! Ән «Көк тудың желбірегені» хор Қорытынды: «Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз» дей келе. Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына, еліміздің көк туын бүкіл әлемге танытты, еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдердің қатарына қосылуына аянбай еңбек етті. 1 желтоқсан Елімізде президент күні деп белгіленді. Бұл күні бүкіл қазақ елі мерекелі, жақсы ән-күй мен қарсы алып кең түрде, елбасымызға деген сенім, құрметпен атап өтеді. Құрметті оқушылар бүгін тәрбие сағаты барысында Егемен еліміздің жеткен жетістіктеріне куә болдық. Қазақстанның болашағы сендерсіңдер. Сондықтан да саналы, білімді, адами қасиеттерге болу арқылы ел сеніміне ие бола білуге талпыныңдар!!!