Экономика көшбасшысы

Экономика
Экономика көшбасшысы

Мақала авторы: Тохметова Алия Махсуткызы
Жұмыс орны: Қарағанды облысы Балқаш қаласы «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ Экономика пәні мұғалімі Тохметова Алия Махсуткызы
Лауазымы: Экономика пәні мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 19.05.2016


Тақырыбы: «Экономика көшбасшысы» (сайыс)
Мақсаты: Оқушыларды білімпаздыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелей отырып, өз ойын ашық айта білетін қабілетті тұлға қалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін,оның дәстүрлерін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуге ықпал ету.
Көрнекілігі: интерактивті тақта слайд.
Түрі: сайыс
Әдісі: Сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс:Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, информатика, география, экономика.
Ұйымдастыру .
1) Оқушылармен сәлемдесу.
2) Ойынның мақсатын айту.
3) Ойыншылармен таныстыру.
4) Топ лидерімен таныстыру.
4) Сарапшы мамандармен таныстыру.
5)Сайысшарттарыментаныстыру
Мұғалімнің сөзі: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің 5-сыныптар арасында өткелі отырған «Экономика көшбасшысы» сайысына қош келдіңіздер! Сайысымызға үш топ қатысады, қатысқалы отырған ойыншылармен таныс болыңыздар:
І-топ.«Тұтынушылар» /5а/
ІІ-топ «Экономистер» /5б/
III-топ «Акционерлер» /5в/
Сайыс шарттары:
1. «Кім тапқыр?»(Рәміздерге байланысты сұрақтар қойылады)
2. «Өнер-білім бар жұрттар» (Мақал-мәтелдер жарысы).
3. «Білім аукционы» (әр топқа оқу пәндері бойынша сұрақ қойылады дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинақтайды.)
4. «Эрудиттер сайысы» (оқушылар сұрақтарға жылдам жауап беруі керек, сұраққа тез және дәл жауап беріп, уақытты тиімді пайдаланған топ жеңіске жетеді).
5. «Отандық брендті бірге жасайық» (Оқушылар өздерінің таңдаған тауарларын жарнамалайды. Жарнамалар әдемі де қызықты қимылдармен, өлеңдермен, әндермен шығуы керек).
5. «Ситуациялық сұрақтар»(Тақырыпқа байланысты қорғау)
6. «Эссе»
Мұғалім: Бізді қоршаған ортаға үңіле қарайтын болсақ, ол тым күрделі және онда болып жататын әртүрлі өзгерістер бір-бірімен өзара тығыз байланысқан. Осы құбылыстарды жан-жақты зерттеу ісімен көптеген ғылымдар айналысады, солардың ішінде экономика ғылымының орны ерекше.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Әуелі экономика, содан кейін саясат» деген қағида ұстанып, еліміздің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып демократияландыру бағытын алға жылжытты.
І. «Кім тапқыр?»
Шарты: Әр топқ Қазақстан Республикасының рәміздеріне байланысты 5 сұрақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

1-топ
1.ҚР Мемлекеттік Рәміздерін ата. /Ту, Елтаңба, Әнұран/
2.ҚР Тәуелсіздік алған жыл /1991 жыл, 16 желтоқсан/
3.ҚР Мемлекеттік туында қандай түстер кездеседі? /Көк, сары/
4.Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі. /Жұлдыз/
5.Президенттің жұмыс орны.
2-топ
1.ҚР Мемлекеттік тілі? /Қазақ тілі/
2.Қазақстан Тәуелсіздігіне биыл неше жыл?
3.Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін құс./Қыран бүркіт/
4.Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануар./Қанатты пырақ/
5.ҚР Конституция күні қашан? /1995 ж, 30 тамыз/
3-топ
1.ҚР Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл? /1992 жыл/
2.Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады? /теңге/
3Ұлттық валюта қашан қабылданды? (1993 жыл 15 қараша)

ІI.»Өнер-білім бар жұрттар». Мақал-мәтелдердіңжалғасынтабу.
Шарты: Әр топқа 5 мақал-мәтелді жалғастырып айту керек. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.
1.Адамды асырайтын-…….(еңбек)
2.Жеті рет өлшеп, ……… (бір рет кес).
3.Есептей білгеннің ……. (есесі кетпейді).
4.Судың да ……………….(сұрауы бар).
5.Теңге …………….(тиыннан құралады).
6.Ақыл азбайды ……..(білім тозбайды).
7.Досы көпті …… алмайды (жау),
Ақылы көпті …..алмайды.(дау)
8.Ақшаны табудан ……. (шашуоңай).
9.Ақшаны ….. (ақшажасайды).
10.Ақша кетуге тырысады,
Есеп …… (ұстауға тырысады).
11.Еңбегіне қарай — құрмет.
Жасына қарай —…..(ізет)
12.Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,
Бітірген ….. (ісін) сұра.
13.Істеу қиын, сынау……(оңай.)
14.Шебердің инесі де алтын,
Соққан …….(күймесі) де алтын.
15.Көктемде жерге түскен бірдән,
Күзді күні …..(мың) дән болады.

ІIІ. «Білім аукционы»
Көңілін халқыңның тапқан бүгін
Елес қой мынау бізге жат күн бүгін.
Бір-бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық.
Сайыста оқушылардың тапқырлығын…

Шарты:Топтарға сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинақтайды. Аукционда сауда еліміздің ақша бірлігі «теңгемен» жүргізіледі. Өз капиталын көбейту олардың өз қолында. Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы 100 теңге. Егер дұрыс жауап айтылса, баға құны сол топқа беріледі.

Мұғалім:«Адам байлығының ішіндег ең тамашасы-білім» деп шығыс ғұламасы
әл-Бируни айтқандай білім байлығы саудаға түсер аукционды бастаймыз!!!
1.Сауда қашан пайда болды? (30 000 мың жыл бұрын)
2. Ұлы экономистерді ата. (Адам Смит, Абрахам Маслоу)
3.Тауарлар мен көрсетілетін қызмет үшін қабылданатындардың барлығы (Ақша)
4.Елдіңақшабірлігінемесешетмемлекеттердіңақшабелгісіқалайаталады? (валюта).
5. 2000 теңгенің 10 % — ы? (200 теңге)
6. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді пайдаланушы адам. (Тұтынушы)
7.Біздің еліміздің басқа елдерге сататын тауарлары мен қызмет көрсетулер. (Экспорт)
8. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер (Сауда)
9. Экономиканың үш басты сұрағы. /Не? Қалай? Кім үшін?/
10.Экономиканың үш басты мақсаты? /Қажеттілікті қанағаттандыру/
11.Табыс пен шығын арасындағы айырмашылық. /Пайда/
12.Біздің елімізбен шекаралас жатқан мемлекеттерді ата. /Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекствн, Түркіменстан/
13.Өзбекстанның астанасы. /Ташкент/
14.Қытайдың астанасы. /Пекин/
15.Ресейдің астанасы./Мәскеу/
16.Бәсеке дегеніміз не? /Өндірушілер арасындағы жарыс/
17.Қазақстанның экономикасы қандай?/Өтпелі/
18.Біздің еліміздің басқа елдерден сатып алатын тауарлар мен қызмет көрсетулер/
19.Қарызға алған ақша не деп аталады? /Несие/
20.1000 теңгенің 10%-ы? /100 теге/

IV. «Эрудиттер сайысы».Шарты: Оқушылар слайдта шатастырып көрсетіліп тұрған әріптерден экономикалық сөздерді табады. Ең көп сөз тапқан топқа 10 ұпайдан беріледі

V. «Отандық брендті бірге жасайық» (Үйге берілген тапсырма, жарнама жасау шеберлігі)
Шарты: Оқушылар өздерінің таңдаған тауарларын жарнамалайды. Жарнамалар әдемі де қызықты қимылдармен, өлеңдермен, әндермен шығуы керек.

І. «Фуд-Мастер» компаниясының жарнамасы. /5а сыныбы/
ІІ. «Рахат» кондитерлік фабрикасының жарнамасы. /5б сыныбы/
III. «Эйвон» компаниясының жарнамасы. /5в сыныбы/
VI. «Ситуациялық сұрақтар». Тақырып бойынша қорғау.
Шарты: Үш топқа үнемдеуге байланысты ситуациялық сұрақтар беріледі.
І -топ. Электр энергиясын үнемдеу. /5а сыныбы/
ІІ-топ. Уақытты үнемдеу./5б сыныбы/
III-топ.Судың да сұрауы бар. /5в сыныбы/
VII. «Тақырыпқа байланысты эссе жазу»
І топ. Егер мен бизнесмен болсам
ІІ топ. Артық ақшаны қалай табуға болады?
IIIтоп. Егер артық ақшаң болса не істер едің?
Мұғалімнің қорытынды сөзі. Әділқазылар алқасына сөз.

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Конкурстар мен олимпиадалар - https://kzu.kz