Экологиялық тәрбие беру мәселелері

Экология
Экологиялық тәрбие беру мәселелері

Мақала авторы: Махаметжанова Малиням Махаметжановна
Жұмыс орны: Алматы аграрлық колледжі
Лауазымы: Оқытушы
Порталға жариялану мерзімі: 22.11.2016


Экологиялық тәрбие беру мәселелері
″Қазақстан барысы өзі ішетін тұнық судың ылайланбауын, ал өзі аясында тіршілік ететін табиғатпен тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отыратын болады″
Н.Ә. Назарбаев
Еліміздің Білім туралы заңында ″ Бала тәрбиесіндегі басты міндет″ жаратылыстану және техникалық пәндер мазмұнын экологиялық және әлеуметтік маңызы бар фактілермен толықтыру арқылы жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру үрдісін жетілдіріп жүзеге асыру деп көрсетілген. Жаратылыстану пәндерінде білім алушыларға сабақ тақырыптарымен байланыстырып экологиялық мәселелердің туындау себебін және өзі өмір сүріп отырған ортаның жағдайын таныстырып отырған жөн. Басты экологиялық жағдайдың туындауна мыналар жатады;
1. Тіршілік етуге және дамуға қажетті энергия көзінің азаюы
2. Қоршаған ортаның өндіріс қалдықтарымен ластануы
3. Халық денсаулығының нашарлауы
4. Биологиялық түрлердің азаюы
Табиғат – адамның күнкөріс көзі. Бірақ оны есеп қисапсыз шашып-төгіп, ластап, пайдалануға тиіс емеспіз. Ол келер ұрпақтардың мекен- тұрағы, несібесі, көзбен көріп қызықтап, көңіл тойдыратын қуанышы.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің ең өзекті орталығы сабақ. Сабақ барысында ең маңызды мақсаттар мен міндеттерді басшылыққа алу керек.
▪ Табиғаттың біртұтастығын табиғатқа ұқыпты қатысатын қажеттілігін ұғындыру
▪ Қоршаған ортадағы өзгерістерді бақылау, жергілікті экологиялық материалдарды пайдалану;
▪ Жергілікті жердегі экологиялық проблемаларды өз бетінше шешуге дағдыландыру;
▪ Зерттеушілік қабілеті мен шығармашылық белсенділігін дамыту
▪ Табиғатты қорғау шараларына өз бетінше қатыса алу үшін тәжірибелік қабілеттерін дамытуға жетелейді.
Бұл мақсаттар толық нәтиже беру үшін сабақтың әдіс тәсілдері сан алуан түрлі болуы мүмкін. Дәстүрлі емес сабақ түрлері – экологиялық аукцион, саяхат, сот сабақ, дөңгелек үстел, зерттеушілік т.б.

Жалпы экологиялық тәрбие

Қалыптасады.
Экологиялық тәрбие тек сабақпен шектеліп қоймай, сыныптан тыс уақытта әр түрлі іс-шаралар ұйымдастыру керек.
▪ Экологиялық ақпарат іздену
▪ Экологиялық телеарна – ақбарат жинау, көзбен көру
▪ Эко туризим- табиғи эскерткіштер
▪ Эко таным – табиғатты тікелей сезіну
▪ Экологиялық дәстүр – ұлттық сана т.б.
Әсіресі табиғатқа таным жорық жасаудың берері мол. Еліміздің болашағы жас ұрпақтың көзін ашып, оларды жеріміз, табиғатымыз үшін жаны ашитын қамқоршы етіп өсіруге күш салып. Табиғат анамызға ашкөздікпен қарайтындармен күресуге тәрбиелеуіміз керек, және Қазақстан Республикасының конституциясында ″Табиғатты сақтау және оның байлықтарын қорғау – әр бір адамның міндеті″ деп көрсетілуі тегіннен тегін болмаса керек.

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz