Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
Новоселов орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Ескендирова Гульден Галимжановна
Дүниетану пәнінен
2-4 сыныптарына тест тапсырмалары
Әдістемелік құрал
Ұсынылған әдістемелік құрал мемлекеттік білім стандартына сай дайындалған.
Тестік тапсырмалар «Дүниетану» оқу пәнінің негізгі бөлімдері бойынша 2-4 сынып оқушыларының білімін тексеруге, бақылауға және бағалауға бағытталған.
Жинақ бастауыш мектеп оқушыларына, оқытушыларға және ата-аналарға арналған.
АУА
1.Ауа – бұл …
а) сұйық зат;
в) қатты зат;
с) газтәрізді зат;
- Дұрыс ұғымды таңда:
а) ауа — газдардың қоспасы;
в) ауа – сұйықтықтар қоспасы;
с) ауа – қатты заттар қоспасы;
- Ауаның қасиеті туралы дұрыс деректі сыз:
а) мөлдір, түссіз;
в) иісі бар, иісі жоқ;
с) сығылады, серпімді;
г) салмағы бар, орын алады;
д) жануды қолдайды, жануды қолдамайды;
е) ауа суда жоқ, ауа суда еріген;
ж) ауа бос орындарды толтырады;
- Ауаның қандай қасиеті туралы сипатталғанын анықтап, қасиетін жаз.
а) Резенке допты жерге соқты. Ол жерде ұзақ секіреді.
Ауа_______________________________
в) Май шамды жағып оны стақанмен жауып қойды. Май шам сөніп қалды.
Ауа_______________________________
с) Стақан суға түйір қантты салды. Одан көпіршіктер шыға бастады.
Ауа________________________________
- Терезелерге жылу сақтау үшін қос әйнектер орнатады, өйткені:
а) жылыған кезде ауа кеңейеді;
в) салқындау кезінде ауа сығылады;
с) жылу ауаны нашар өткізеді.
- «Егер ауа болмаса, онда … ». Дұрыс жауапты қорша:
а) күн сәулелері бар тіршілікті күйдіріп жібереді;
в) жануар мен өсімдіктің кейбір түрлері жойылып кетеді;
с) тірі ағзалар дем ала алмайды;
д) планета өлі аспан денесіне айналады;
- Ауаға не зиянды болуы мүмкін, астын сыз:
Күйе, шаң, түтін, аэрозольдар, су буы, газдар, оттегі.
- Ауаның ластану көзін көрсет:
а) өрт пен жанған алау;
в) қуыршақтармен ойын;
с) автокөліктен бөлінетін газдар;
- Ауаны ластанудан қорғау үшін қажет:
а) барлық фабрикалар мен зауыттарды тоқтату;
в) автокөлікті пайдалануға тыйым салу;
с) зауыттар мен фабрикалардың құбырларына, көліктерге арнайы сүзгілер орнату;
СУ
- Су – бұл …
а) қатты зат;
в) сұйық зат;
с) газтәрізді зат;
- Сөйлемді толықтыр ….
Су қатты күйде – бұл____________________________
Су газтәрізді күйде – бұл _________________________
- Дұрыс түпнұсқасын таңда және қорша:
а) су температурасы жоғарылаған сайын, булану жылдам жүреді;
в) су температурасы жоғарылаған сайын булану баяу жүреді;
с) су температурасы төмендеген сайын булану баяу жүреді;
- Су мұзға айналады:
а) температура +5°С және одан жоғары болса;
в) температура 0°С және одан төмен болса;
с) температура 0-ден +5°С болса;
- Таза судың қасиетіне байланысты қате тұжырымды сызып, орнына дұрыс тұжырымды жаз:
Мөлдір, қышқыл, сұйықтық, сфералық пішінді, иісі жоқ, ақ түсті, температурасы бар …_______________________________
- Судың қандай қасиеті туралы сипатталғанын анықтап, қасиетін жаз.
а) үстел үстіндегі тостағаннан су төгілді. Су үстел үстіне жайылды. Су_______________.
в) шәйнекте су ұзақ қайнап жатты. Көп ұзамай шәйнекте су қалмады.
Су________________.
с) бір стақан суға қант салды. Көп ұзамай қант еріді. Су________________.
д) бір стақан суға қасық салды. Қасық жақсы көрінеді. Су_________________.
- Суда еритін заттардың астын сыз:
а) қант, саз, оттегі, сода, ұн, мұнай, тұз, құм.
- Суды саздан тазарту үшін …
а) суды таза ыдысқа құю керек;
в) суды тұндыру керек;
с) суды сүзу керек;
- Көлдің, өзеннің, томардың суын ішуге болмайды, себебі:
а) суда еріген минералды заттар болуы мүмкін;
в) суда су түбінен шығып жатқан еріген газ болуы мүмкін;
с) суда зиянды заттар мен ауру тудырушы микробтар болуы мүмкін;
- Адамдарға қажет су:
а) мөлдір;
в) таза;
с) тұзды;
- Көлдер мен өзен суларының ластану себебін көрсет:
а) суды тұрмыста пайдалану;
в) зауыт пен фабрикалардан сарқынды суларды ағызу, фермалардан зиянды қалдықтардың ағызу;
с) суды өндірісте пайдалану;
- Зауыттар мен фабрикаларда суды тазарту үшін қолданады:
а) сүзгілер;
в) қышқылдар;
с) пластикалық құбырлар;
ТОПЫРАҚ
- Топырақ – бұл … .
а) жердің жоғарғы қабаты ;
в) жердің жоғарғы құнарлы қабаты ;
с) қара немесе сұр түсті зат;
- Топырақ тұрады:
а) микробтардан, өсімдіктердің тамырынан, топырақта тіршілік ететін әр түрлі жануарлардан;
в) ауадан, судан, қарашіріктен, құмнан, саздан, тұздардан;
с) ауа, су, қарашірік, құм, саз, тұздар, өсімдіктер мен ұсақ жануарлардың қалдығынан;
- Топырақтың негізгі қасиеті болып табылады:
а) қара түс;
в) құнарлылығы;
с) сусымалы;
д) онда өсімдіктер өседі;
- Құнарлы топырақ болады:
а) қоңыр түс;
в) сары түс;
с) түсі қара.
- Топырақ құнарлығына әсер етеді:
а) топырақтағы қарашірік болуы;
в) топырақтағы су болуы;
с) топырақта құм және саз болуы;
- Топырақта қарашірік пайда болады:
а) құм және саздан;
в) су мен ауадан;
с) өсімдіктер мен жануарлардың қалдығынан;
- Суға топырақты салған кезде, су көпіршіктері бөлінеді. Бұдан не білеміз:
а) топырақта бар ауаны су ығыстырады;
в) суда бар ауаны топырақ ығыстырады;;
- Өсімдіктердің өмірін қамтамасыз ететін, топырақтың құрамдас бөліктері аталған қатарды таңда:
а) Су, ауа, минералды тұздар.
в) Құрттар, тышқандар құрттар, жәндіктер.
с) Тас, құм, саз.
- Топырақта мекендейтін тірі ағзалар түрлері көрсетілген қатарды таңда:
а) Құмырсқалар, шыбын, қоңыздар;
в) Көбелектер, қоңыздар, тышқандар;
с) Жауын құрттар, көртышқандар, бұзаубас;
ӨСІМДІК ТІРШІЛІГІНЕ ҚАЖЕТТІ ЖАҒДАЙЛАР
- Өсімдіктің өсуі мен дамуы үшін қажет:
а) жылу, су, ауа, жарық, қоректік заттар;
в) су, жылу, құм, оттегі;
с) ауа, су, қоректік заттар, суық, түнек.
- Өсімдіктер топырақтан алады:
а) қарашірік, құм, саз;
б) ауа, су, тұз;
в) өсімдіктер және жануарлар қалдықтары;
- Әрбір тобқа 2 өсімдіктердің атауын жаз:
Біржылдық:
Екіжылдық:
Көпжылдық:
- Өсімдіктердің тұқымдарын әдетте қапшықтарда сақтайды. Бұл ретте тұқым өнбейді, өйткені:
а) қарашірік жоқ;
б) су жоқ;
в) жарық жоқ.
- Жер үсті және жер асты бөліктеріне жататын өсімдік мүшелерін сызықпен қос:
мұртша
тамырсабақ
түйнек
жер асты қосалқы тамырлар
жапырақша
пиязшық
ұрық
жер үсті өркендер
- Өсімдік пен оның көбею мүшесі арасындағы сәйкестікті анықта:
қарақат пиязшық
бүлдірген түйнек
ләйлігүл «мұртша»
қияр жапырақша
жауқазын тамырсабақ
қарлыған қалемше
шегіргүл өркен
картоп ұрық
- Өсімдік жемісінің басты белгісі :
а) дөңгелек;
в) тұқым бар;
с) жеуге жарамды;
д) пайдалы;
- Біртұқымды жемістердің астын сыз:
Қияр, шие, өрік, қауын, қарбыз, қызанақ, алма, өрік, қауын, кәді, шабдалы.
ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТІРШІЛІГІ
- Өсімдіктің ұрықтан бастап даму ретін 1-ден 4 цифрын қою арқылы көрсет:
тамыр жапырақ
ұрық сабақ
- Тұқымның өнуі үшін қажет ….
а) жылу, су, ауа;
в) қарашірік, саз және құм;
с) жарық, су жіне көмірқышқыл газы;
- Өсімдік бөліктерінің атын толықтырып жаз:
а) тыныс алады, күн сәулесін аулайды___________________________
в) топырақта өсімдікті ұстап тұрады______________________________
с) тамырдан басқа мүшелерге қоректік заттарды тасымалдайды______________
- Қант пен крахмал түзілетін өсімдік бөлігі:
а) тамыр;
в) жапырақ;
с) сабақ;
- Қант пен крахмал түзу үшін өсімдікке қажет:
а) су мен көмірқышқыл газының болуы;
в) топырақ пен ауаның болуы;
с) жарық, су және көмірқышқыл газының болуы;
- Өсімдік жапырағында қоректік заттармен бірге түзілетін негізгі зат:
а) оттегі;
в) көмірқышқыл газы;
с) азот;
- Жапыраққа жасыл түс беретін заттың атауы:
а) крахмал;
в) хлорофилл;
с) көмірқышқыл газы;
- Өсімдік жапырағының күннің атысымен батуына дейін тыным таппайтын мезгілі:
а) көктемде;
в) жазда;
с) күзде;
- Көптеген өсімдіктердің жапырақтарының түстері күзде өзгереді, себебі:
а) күн сәулесі жарқырайды және өсімдік өзіне көп жылу алады;
в) жаз бойы жапырағында минералды тұздар, қант және крахмал көп мөлшерде жинақталады;
с) жылу азайғандықтан өсімдіктердің қоректенуі баяулайды және жапырақтары хлорофилл түзуді тоқтатады;
- Тозаңданудан кейін гүлдердің орнында пайда болады …
а) жапырақтар;
в) тұқымды жемістер;
с) сабақтар;
- Барлық жәндіктер тозаідандырушы болып табылатын топты көрсет:
а) аралар, көбелектер, түкті аралар;
в) өрмекшілер, ұлулар, кенелер;
с) жұлдызқұрттар, инеліктер, көбелектер;
ӨСІМДІКТЕРДІҢ АЛУАНТҮРЛІЛІГІ
- Өсімдіктер туралы ғылым:
а) биология;
в) зоология;
с) география
д) ботаника;
- Сәйкестендір:
Бақбақ ағаштар
Бөртегүл( сирень)
үйеңкі бұталар
жауқазын
қайың шөптесін
шырша өсімдіктер
таңқурай
3.Тек жапырақты ағаштар тобына жататын өсімдіктер тобын көрсет:
а) Көктерек, терек, жөке.
в) Қайың, қарағай, балқарағай, емен.
с) Үйеңкі, шырша, қандыағаш түсті.
- Тек қана қылқан жапырақты ағаштар тобына жататын өсімдіктерді көрсет:
а) Алма ағашы, қайың, кипарис.
в) Қарағай, майқарағай, балқарағай.
с) Терек, балқарағай, көктерек.
- Адам арнайы өсіретін өсімдіктер тобы:
а) жабайы;
в) асыл өсімдіктер;
с) мәдени;
д) бау-бақша өсімдіктері;
- Жабайы өсімдіктерге жатады:
а )алма, таңқурай, алмұрт;
в) шетен(рябина), мүк, қара өрік;
с) емен, тал, қырықбуын (папоротник).
- Мәдени өсімдіктерге жатады:
а) қарақат, қарлыған (крыжовник), алма;
в) майқарағай (пихта), таңқурай, шырғанақ (облепиха);
с) қандағаш(ольха), қарағай, балқарағай (кедр).
- Көптеген өсімдіктер …. , олар медицинада қолданылады. Қалып қойған сөзді таңда.
а) әдемі;
в) дәрілік;
с) биік;
- Сирек кездесетін өсімдіктерді жинауға тыйым салынады. Олар ерекше қорғауға алынған:
а) қорықтарда ;
б) мекемеге қарасты телімдерде;
в) бульварлар мен саябақтарда;
ӨСІМДІКТЕР
1-нұсқа
- Өсімдіктер – … бір бөлігі
а) қоршаған ортаның;
в) тірі табиғаттың;
с) өлі табиғаттың;
- өсімдік бөліктерін жазып көрсет:
1._________________
2._________________
3._________________
4._________________
- Өсімдік осы мүшесі арқылы тыныс алады, крахмал мен қант түзіледі:
а) гүл;
в) сабақ;
с) жапырақ;
- Өсімдік тіршілігінің негізі: а) ұрық; в) жеміс; с) тамыр;
- Өсімдіктердің көбеюге қатысатын жер үсті бөліктерін ата:
- Тамырсабақтар, түйнектер, пиязшықтар – бұлар
- Мына суреттен тамыр, тамырсабақ, тамыр жемісті көрсет:
- Қандай жемістің тамыржемісін тағамға пайдаланады жазып көрсет:
- Ешқандай мүшесі жоқ құрылысы ең қарапайым өсімдіктер:
а) балдырлар;
в) қырықбуындар;
с) мүктер;
- Бидай, арпа, сұлы – бұлар:
а) көлеңкесүйгіш;
в) суыққа төзімді;
с) құрғақшылыққа төзімді;
- Үнемі күнге қарай бұрылатын жарықсүйгіш шөп тұқымдас өсімдік:
а) Мақта.
в) Жүгері.
с) Күнбағыс
- Өсімдіктер – бұл ….
а) гүлдер, ағаштар;
в) тірі ағза;
с) Жердің сәні;
- Өсімдік тіршілігін зерттейтін ғылым — ….
а) ботаника;
в) биология;
с) биография;
- Топыраққа бекіп, қоректік заттарды сіңіретін өсімдік мүшесі:
а) жапырақтар;
в) тамырсабақ,
с) тамыр;
- Өсімдіктің көбею мүшесі:
а) жеміс;
в) ұрық;
с) гүл;
- Өсімдіктерді топтарға бөл. Әр топтың атауын жаз:
Итмұрын, қарағай, майқарағай, шетен, терек, балқарағай, шырша.
- Жүгері қай өсімдік тобына жатады ….
а) жабайы;
в) мәдени;
- Жеміс пен тұқымға, гүлге, жапырақтарғ су мен қоректік заттарды тасымалдайтын өсімдік мүшесі:
а) тамыр;
в) сабақ;
с) бұтақтар;
- Жеміс … орнында түзіледі:
а) гүлдің;
в) жапырақтың;
с) бүршіктің;
- Көбейеді ( сызықпен қос)
а) ләйлігүл тамырсабақ
картоп пиязшық
жауқазын түйнек
2-нұсқа
- «Қызыл кітапқа» енген қандай өсімдіктерді білесің?
- ________________________________
2.________________________________
3._________________________________
4_________________________________
5._________________________________
- Еменнің өмір сүру ұзақтығы:
а) 10-15жыл
в) 100-150жыл
с) 1000-1500жыл
- Біржылдық өсімдіктер:
а) бидай
в) жидек
с) қымыздық
- Жердің үстіңгі қабатында өсетін шөптесін, ылғалсүйгіш өсімдіктер:
а) шалғын
в) дала
с) таулар
- Май, мата, мақта алынады:
а) жүгеріден
б) күріштен
в) мақтадан
- Крахмал … алынады:
а) мақтадан
б) күріштен
в) жүзімнен
- Адамдар егістікте өсіретін өсімдік атауларын сыз:
Бидай, алма, қызылша, жүгері, таңқурай, күріш, сары өрік, картоп, мақта, сәбіз, күнбағыс;
- Картоп түйнегінен … алынады.
а) ұн
в) жарма
с) крахмал
- Адамдар «Ақ алтын» деп атайды:
а) тұзды
в) нанды
с) қантты
д) мақтаны
- Бау-бақшада өсетін өсімдік түрлерінің астын сыз:
Шие, қызылша, алмұрт, сары өрік, картоп, қарақат, алма, арпа, таңқурай.
- Біздің елімізде кең таралған жеміс дақылдары болып табылады:
а) ананас, банан, апельсин;
б) киви, өрік, лимон;
в) алма, алмұрт, таңқурай.
- Бау-бақшада жұмыспен қамтылған адамдарды атайды:
а) диқаншылар;
б) малшылар;
в) бағбандар;
г) бақшашылар.
- Адамдардың жемісті ағаштар пен бұталарды өсіру себебі:
а) олар үй жануарларына қорек болып табылады;
в) олар бау-бақшаның сәні;
с) олардың құрамында адам ағзасына қажетті пайдалы заттар бар;
- Күріш, мақта, жүгері, қауын, қарбызды өсіреді:
а) орталық Қазақстанда;
в) солтүстік Қазақстанда;
с) оңтүстік Қазақстанда;
- Адам өмірінде өсімдіктердің мәні. Атап шық:
1._____________________________
2.______________________________
3._______________________________
4._______________________________
5._______________________________
ЖАНУАРЛАР
- Жануарлардың өсімдіктерден қандай айырмашылығы бар?
а) A) Өсімдіктер – табиғаттың жансыз бөлігі, жануарлар -тірі табиғат.
в) Өсімдіктер қоректік заттарды өлі табиғаттан алады, жануарлар — тірі табиғаттан алады.
с) Ешқандай айырмашылығы жоқ, бұлар тірі табиғаттың бір бөлігі.
- Барлық жануарларды неше топқа бөлуге болады?
а) 2
в) 3
с) 4
- Жануарлар қоректенуі бойынша қандай топтарға бөлінеді? Сипаттап жаз.
_____________________ , __________________________ , _____________________ .
- Төлдерін сүтпен асырайтын жануарларды атайды _________________________________.
Оны басқаша атайды ________________________.
- Тұяқтылар – бұлар:
а) дән қоректілер.
в) шөп қоректілер.
с) жәндік қоректілер.
- Бұл жануарлардың денесі: бас, кеуде, қарын және алты аяқтан тұрады:
а) Құрттар.
в) Өрмекшілер.
с) Жәндіктер.
- Осы қосмекенділерді: тритон, құрбақа, саламандра, бақа 2 топқа бөліп, әр топты сипаттап жаз.
___________________ ___________________
___________________ ___________________
___________________ ___________________
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
- Омыртқалылар: Омыртқасыздар:
___________________ __________________
___________________ __________________
___________________ __________________
- Сіз орманда жануардың төлін көріп қалдыңыз. Сіздің әрекетіңіз:
а) олны үйге аласыз;
в) қолыңызға алып, сипап көресіз;
с) көрмегендей қасынан өтіп кетесіз;
- Тіршілігінің бір бөлігін суда, бір бөлігін құрлықта өткізетін жануарлар:
____________________________________________.
- Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген ең үлкен кесіртке: -___________________________________.
- Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген дала жыртқышы: —
___________________________________.
- Қазақстанда жойылып бара жатқан құстарды бағатын қорық қалай аталады?
а) «Барс».
в) «Қыран».
с) «Сұңкар».
- Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген жануар:
а) Ұлар.
в) Құр.
с) Шіл.
- Қандай топтың жануарлары жұмыртқа салады?
__________________________ , ________________.
- Қазақстандағы қорықтардың саны:
а) 7
в) 8
с) 9
- Топталып өмір сүреді:
а) шіркейлер.
в) шыбындар.
с) аралар.
- Қандай құстар оңтүстікке соңғы болып ұшып кетеді .
а) су құстары.
в) дән қоректілер.
с) жәндік қоректілер.
- Бұл жануардың түрін сақтап қалу үшін Барсакелмес қорығы құрылды.
а) Бұғы.
в) Елік.
с) Құлан.
- Тоқылдақ ағашты тоқылдатып зиян келтіре ме?
а) Ия, себебі ______________________________.
в) Жоқ, себебі ______________________________.
с) Білмеймін.
- Әлемге үлкен зиян келтіретін жәндік:
а) обыр шегіртке.
в) шегіртке.
с) бүйі.
- Барлық зиянкес жәндіктерді жою дұрыс па?
а) Иә, өйткені_____________________.
в) Жоқ, өйткені_____________________.
с) Білмеймін.
- Жүзім ұлуының мекендейтін ортасы:
а) топырақ.
в) жапырақ.
с) су.
- Шөл жануарлары:
а) қасқыр, аю, түлкі.
в) қоян, тиін, кірпі.
с) құлақты кірпі, қарақұйрық, ақбөкен.
- Мал шаруашылығында еңбек ететін адамдардың кәсіби мамандығын сыз:
Сауыншы, дәрігер, зоотехник, машинист, бұзау бағушы, агроном, құс бағушы, шопан.
- Мал шаруашылығы адамдарға береді:
а) ет, сүт, мамық, тері.
в) мақта, зығыр, пішендік шөптер.
с) жеміс, көкөніс, дәнді дақылдар.
- Мал шаруашылығы тағамдарының астын сыз:
Қияр, қаймақ, ет майы, алма, пияз, ірімшік, картоп, айран, ет, күріш, қант, апельсин, нан, сары май, қызылша, күнбағыс майы, балық, жұмыртқа.
- Үй жануарларын асырайды:
а) өсімдіктер бағында;
в) қорықтарда;
с) фермаларда;
- Үй жануарларына азықты дайындайды:
а) күз бен қыста;
в) көктем мен жазда;
с) жаз бен күзде;
- Қоректену тізбегін құр:
А – шортан. Б – жасыл балдыр. В – шаян.
С – қызыл балық. Д – балықшы.
- Тіршілік иелерін мекен ортасына қоныстандыр:
Бұғы, жылан, барс, шамшат (қатты ағаш), қабан, тауешкі, қарағай, тиін, бүркіт, қайың, сарышұнақ, жөке ағашы, бозторғай, селеу(бетеге).
Орман ____________________________________________
Дала _____________________________________
Тау ______________________________________
- «Қызыл кітапқа» енген құстардың астын сыз:
Ақ дегелек, қоқиқаз, сарнауық торғай, қоқиқаз, дуадақ, бұлдырық, бүркіт, тау-кен дегелек, шыбын аулағышы, барылдақ торғай, тырна, дала бүркіті.