Деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру

Математика, Қашықтықтан білім беру
Деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру

Мақала авторы: Жанабаева Светлана Нигиметовна
Жұмыс орны: №6 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы интернатпен кмм
Лауазымы: математика пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 09.10.2016


Өз тәжірибемде адамгершілік қасиеттерді жас ұрпақ бойына дарыту үшін өзімнің педагогикалық шеберлігімді дамыту арқылы, оқу-тәрбие үрдісіне жаңа білім технологиясын пайдалана отырып заман талабына сай білім беру және инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім сапасын арттыру, оқыту үрдісі мен басқарудағы жаңа тәсілдің тиімділігін анықтауды мақсат еттім. Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне- өзі сенімді, интелектуалдық деңгейі биік, дүние танымы дұрыс қалыптасқан тұлға етіп тәрбиелеу менің негізгі міндетім деп санаймын. Қазіргі кезеңде оқу үрдісінің өзегі жаңа технологиялар екені белгілі. Мен 2012-2017 жылдар аралығында деңгейлеп оқыту технологиясымен жұмыс жасаудамын. Негізгі проблемалық тақырыбым: «Деңгейлеп оқыту технологиясын қолдана отырып оқушылардың білім-біліктілік, танымдық белсенділігін, тұлғалық қасиетін қалыптастыру.» Бұл тақырып бойынша жұмыс істеу үшін бес жылға арналған перспективалық және жылдық жұмыс жоспары жасалды.
1. 2012-2013 жыл. Деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушының білім – біліктілік, тұлғалық қасиеттерін ,қабілетін жетілдіру.
2. 2013-2014 жыл. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушы білімін дамыта отырып, оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру.
3. 2014-2015 жыл. Оқушыларды өздігінен ізденушілікке тәрбиелеп, танымдық ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру.
4. 2015-2016 жыл. Жеке тұлғаны өз бетімен білім алуға бейімдеп, өздік жұмыстар арқылы білім-білік дағдыларын бағалау.
5. 2016-2017 жыл. Деңгейлеп оқыту технологиясын игеру нәтижесінде
оқушының жеке тұлғалық қалыптасу рейтингісін анықтау.
1-ші жылдың жұмыс жоспары:
Мерзімі,
Проблемалық тақырыптың жылдық тарауы Жұмыс мазмұны Жұмыс жүргізілетін класс Жұмыс түрі Уақыт
2012-2013
оқу жылы

Деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушының білім –біліктілік, тұлғалық қасиеттерін, қабілетін жетілдіру. 1.Функция, оның қасиеттері және графигі тарауы бойынша:
а) нақты алған білімді деңгейлі тұрғыда қорытындылай білу;
б) басқаларға кедергі келтірмей жұмысқа ынталандыру;
в) «Осында және қазір» ойыны;
2.Тригонометриялық функциялар:
а)өзін –өзі дамыту және жетілдіру жұмыстары;
б) өз білім деңгейін
қисынды түсінуді қалыптастыру;
3.Білім қорытындылау сағаттары:
а) негізгі қасиеттерін
толық меңгеруге
арналған жұмыстар;
б) өнімді қызымет етуге дағдыландыру;
в) алған білімді қорытындылауға өздік жұмыстар;
4.Білім сапасын
анықтау.
5. Жылдық қорытынды.
10а

Білім сапасын анықтау

Өздік жұмыстар

Оқушы қызығушылығын дамыту.

Бақылау

Тұжырымдау

Қорытындылау

Оқушы шығармашылығы

Сапалық жұмыс

Білім тексеру

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

Жыл бойы

Мамыр.
Осындай тұрғыда тақырыпқа сәйкес жылдық жоспар жасалған. Әрбір жыл соңында жұмыс қорытындысы жасалып отырды. Жұмыс қорытындысы бірлестік отырысында қарастырылады. Деңгейлеп- саралап оқыту және ақпараттық оқыту технологиясын өз жұмысыма арқау ете отырып, әр сабағымды қазіргі заман талабына сай түрлі методикалық әдістерді қолдана отырып, жан- жақты дайындықпен өткіземін. Өзіме де , оқушыларға да нақты талап қоя отырып, жоғарғы жетістіктерге жетуге ұмтылудамын. Математиканың қыр –сырын оқушылардың танып-білу, іздену іс- әрекеттерін меңгерту мақсатында еңбек етудемін. Математика пәнін оқытуда теориялық біліммен қатар жүйелі түрде талдау дағдылары мен оқу материалын оқушыларға ғылыми негізде меңгертуді басты мақсат деп санаймын. Математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыруда әр баланың білім деңгейі мен машығын басты назарда ұстап, әрі тақырыптың басты нысанын бүгінгі кунмен байланыстыра жүргізуі, оқушының өзіндік көзқарасын білдіруге, өзінің, өзгенің жауабына сыни, ғылыми- теориялық негізде қарап, талдауға, бағалай білуге жетелеуі сабақтың қызықты да мазмұнды өтуіне жағдай жасайды. Дайын білімді қайталап айта беруге емес, оны өз белсенділіктерімен алуға, өзіндік қорытынды жасауға, оқушылар өз беттерімен анализ, синтез жасауға, баға беруге талпындырып, бір-бірімен ынтымақтастықта, пікірлерін айтуға, қорғай білуге үйренеді. Оқушылардың әр түрлі дайындық деңгейі мен түрлі ынтасын, білімді қабылдай білу дәрежесін саралай келе, ұжымдық оқыту элементтерімен қоса, проблемалық жағдай туғызу, миға шабуыл, болжам жасау, оны дәлелдеу сияқты шығармашылыққа жетелейтін тапсырмаларды үздіксіз қолданып қана қоймай, ондай тапсырмалардың дамытушылық дәрежесін де көтеріп отырамын. Балалардың дарындылығын анықтап, дамыту, ең алдымен зерттеушілік ізденістің жаратылыстан бөлінбейтін құбылыс екендігімен түсіндіріледі. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға ғана тән дәстүрлі мінез-құлық болып саналады. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып табылады. Оқушының математика пәнінен алған білімдерін іс жүзінде қалай пайдалануға болатынын түсіндіру арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Белгілі бір тақырыпты өткен кезде оның математикалық мәніне түсінік беремін. Мысалы, 9 сыныптың алгебра курсында «арифметикалық прогрессия» тақырыбын меңгерткеннен кейін, оның қазақтың жыл қайыру тәжірибесімен байланысты екекндігіне көз жеткізуге болады. Қазақ халқының жыл қайыруы бойынша бірінші мүшел 13 жаста толады. Оған 12 жылдан қосып отырсаң келесі мүшел жас шығады, ал бұл алгебрадағы айырымы d=12 болатын арифметикалық прогрессия.Сол сияқты математикадағы негізгі ұғымдардың бірі функция. Ғылымның әр алуан салаларында, ауыл шаруашылығында, техникада және басқа салаларда кездесетін құбылыстар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Осы құбылыстарды математикада абстракциялау арқылы графиктер, формулалар, суреттеу жолымен өрнектеп нақты мағынасын көрсетеді. Мысалы: у=kх+в сызықты функциясы мектеп математикасындағы ең қарапайым функциялардың бірі. Бұл функция химия, физика пәндерін оқытуда, мысалы: табиғаттың, қоғамның әр түрлі салаларында қандай да бір шаманың өзгеру жылдамдығы оның өзінің сол мезеттегі мөлшеріне байланысты болатын жағдайларда кездеседі. Теоремаларды дәлелдеудің көркемдігі мен есепті шығару жолының әдемілігі олардағы әр алуан түрлендірулермен есептеулердің қысқалығында, дәлелдеулердің қарапайымдылығында және алынған нәтиженің кең қолданыс табуында. Мысалы, 9 кластың геометрия курсындағы «фигураларды түрлендіру» тақырыбын алайық, Симметрия әсемдіктің басты шарттарының бірі. Қазақ халқының тұрмысында үй мүліктерінен, әсемдік бұйымдарынан түрлі симметриялар табуға болады.Мысалы киіз үй жабдығын алайық. Егер шаңырақтың төбесінен перпендикуляр түсірсек, ол киіз үй табаны шеңбердің центрін анықтайды, яғни нүктеге қарағандағы симметрияға мысал бола алады. Жалпы формасына зер сала қарасақ киіз үй күрделі геометриялық беттерден тұратынына көз жеткізуге болады. Сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтау, оқушының кез-келген жаңалыққа құштарлығы белгілі, ендеше жаңа материалдың ерекшелігі мен қасиеттерін айтып бергеннен гөрі оқушының өздігінен игеруіне логикалық негіз жасайтын тақырыпқа алдын ала даярлық тапсырмалары мысалы оң және теріс сандар тақырыбында оқушылардың көпшілігі нүктелердің координаталарын координаталық түзуде орналастырды. Жаңа білімді игеру сабағында проблемалық әдісті қолданып, яғни оқушының алдына мысал беремін, оны жан-жақты талдап практикалық жұмыстан теорияға көшу орындалады. 7 класта натурал және бүтін көрсеткішті дәреже тарауында әрбір тақырыптан соң оқушыларға өздік және тест жұмыстары таратылып нәтижесін қорытындылаған кезде қай оқушының қандай тақырыпты жете меңгермегені анықталып, осы бағытта олармен қосымша жұмыстар жүргізілді. Қысқаша көбейту формулаларын өткен кезде жартылай ізденіс сабағын өткізу оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық белсенділігін арттыруға көмегін тигізді. Мысалы, формуласын өткеннен кейін = -ге түрлендіру арқылы қабілетті оқушының өзіне формуланы қорытып шығаруды тапсырамын. Бұл оқушының пәнге қызығушылығын арттырып, ой-өрісін дамытып, танымдық қызыметін жақсартты. Оқушылар нақты алған білімдерін сыни тұрғыдан қорытындылай білуге үйренді. Жаңа білімді игергеннен кейін үйрену процесінде бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырады. «Осында және қазір» ойыны кезінде оқушы бар білетінін еске түсіреді, дәптерге жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Сабақты түрлендіріп жүргізуде жеті модулді кіріктірудің маңызы зор. Топтық ойын сабақта ыстық орындық, джиксо әдісі, миға шабуыл, қонаққа бару, іс-әрекетті зерттеуді, Lesson study үдерісін жұппен жұмыс, досқа көмек әдістерін қолданудамын. Өз тәжірибемде сабақ түрлерін әртүрлі етіп өткізгенде оқушыға көп әсер ететіндігін, зор ықпал жасайтындығына көз жеткіздім.Жаңа мазмұнда ұйымдастырылған сабақтарда баланың ойлану, танымдық, білімділік ұғымдар мен түсініктерді ой елегінен өткізіп, тұжырым жасап,шешімге келуден тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау қиын емес.Осы технология бойынша жұмыс істеген сыныпта білім сапасы параллель жай класпен салыстырғанда жоғары нәтиже көрсетті.

Білім берудің сан қырлы да озық ұстанымдарына негізделген жұмыстың арқасында қол жеткізген жетістіктерім де жоқ емес. Сонғы үш жылдағы жетістіктеріме тоқталмақпын:
1.А.Тоқанова математикадан респуб. қашықтық олимпиада «Үздік нәтиже»
2.»Ақбота» интелектуалды марфоны Рахымбек К 3 орын
3. Малахит облыстық интелектуалды сайысы, Ақтаев М -3 орын 7 кл
4.Диплом. Математик халықаралық блиц- турнир 1-орын Кадрбекова И, Тегінбаева А, ОралтаеваА, Қалымова Н 22.12.2014
5. Свидетельство. Халықаралық қашықтық олимпиадасы жүлдегерлерін дайындағаны үшін.
6. Диплом. Математикадан халықаралық қашықтық олимпиадасы
2-орын Кадрбекова И, Тегінбаева А, Сериков Қ,
Құдайбергенова М 16.02.2015.
7.ҰБТ «Алтын белгі» ,грант иегері А.Берикбосынова, «Үздік аттестат» грант иегері Серікқалиева А.
8. Оқу-тәрбие процесіндегі жеткен жетістіктері үшін Мұғалімдер күні құрметіне Астана қаласына саяхатқа жолдама берілді.
9. Алғыс хат. Математикадан халықаралық монопәндік супер жарысқа оқушыларды дайындағаны үшін. Ілгері деңгей. 22.02.2016
Диплом. Математикадан халықаралық монопәндік супер жарыс, ілгері деңгей.1-орын: Кәдірбекова И, Оралтаева А, Қалымова Н 11кл, Қызырханова Д 8 кл. 21.02.2016.
10. Диплом. Республикалық «Жас ғалым» атты ғылыми жұмыстар сайысында 2 орын алған 8 кл Қызырханова Д
11. Малахит облыстық интелектуалды сайысы, Кадірбекова И 11 кл 3орын
12. Алтын белгі иегерлері: Сериков Қуаныш, Қалымова Нұргул
Грант иегерлері: Кәдірбекова И, Оралтаева А, Қалымова Н, АнуарбековаА, Сериков Қ, Мұратбекова Б

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Конкурстар мен олимпиадалар - https://kzu.kz