Физика | 7а сынып | |
Сабақтың тақырыбы: | Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. Қуат. | |
Мақсаты: | Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы, қуат туралы, олардың байланыстылығын және формулаларын қорытып шығарып үйрену | |
Сілтеме | «Физика және астрономия» (автор: Р.Башарұлы)
«Физика» 7 сынып электрондық оқулық |
|
Оқу нәтижесі | Жұмыс, қуат анықтамаларын, формулаларын біледі
Топпен жұмыс жасай біледі Топ ережесіне бағына біледі. Бір-бірін бағалауды үйренеді |
|
Негізгі идеялар | Жұмыс, қуат формулаларын ажырата алады. A = Fs және N = формулаларын біледі. | |
Ресурстар | Интерактивті тақта, постер, электрондық оқулық | |
Сабақ өткізілу уақыты: | 45 мин | |
Оқыту әдістері | Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер
АКТ, СТО: сұрақ-жауап, диалог, миға шабуыл. Бағалау: формативті бағалау, стикерлер, қол шапалақтау, жиынтық бағалау Жұмыс түрлері: жұптық, топтық, жеке жұмыс |
|
Дерек көздері | Физика және астрономия оқулығы | |
Тапсырмалар | Постер дайындау |
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||||||||
Психологиялық
дайындық |
Әрбір күнге арналған рецептіні оқыту
Оқушыларды топқа бөлу |
Оқушылар А, N, Дж, Вт қағаздарын суыру арқылы 4 топқа бөлінеді | ||||||||
І. Білу | · Сабақтың мақсатын айқындау
Миға шабуыл «Жұмыс» тақырыбына постер қорғауға бағыт-бағдар беру |
Өздеріне мақсат қоя білуге үйренеді.
Әр топ өз постерін қорғауға дайындалады. Әр топтан бір оқушы тақырыптарын қорғап, жұмыс туралы білімдерін ортаға салады. |
||||||||
ІІ.Түсіну | Әр топқа жұмыс, қуат тақырыбын түсініп оқуын тапсыру.
Анықтамалар, формулалар бойынша сұрақтар қойып, түсініктерін анықтау -Жұмыс қалай белгіленеді? — Қуат қалай белгіленеді? -Жұмыстың формуласы? -Қуаттың формуласы? — Жұмыстың өлшем бірлігі — Қуаттың өлшем бірлігі Үйдегі қолданып жүрген заттардың қуатын білесіздер ма? |
Әр топ тақырыпты өз беттерінше оқып, мағынасын ашады.
Оқушылар сұраққа толық жауап береді. Топ мүшелері жауаптарды өзара бағалап отырады. -А -N -A=F*S — N=A/t — Дж — Вт — автомобильдікі – 70-80 кВт, үтіктікі – т.б |
||||||||
ІІІ. Қолдану | Формулаларды пайдалану арқылы есептер шығару
28 жат (1) Машина 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Егер оның моторының тарту күші 2000Н болса, онда ол 10с-та қанша жұмыс атқарады? Берілгені: F=2000 Н v=72 км/сағ=20 м/с t=10 с А=? Шешуі: А= F*s; s=v*t A=F*v*t= 2000*20*10=400000Дж
|
Оқушылар есепті оқиды, түсіндіреді, формуласын айтады, есептер шығарады, өз пікірлерін айтады.
1)Массасы 2 т автомобиль 0,5 км жолда бір қалыпты қозғалғанда оның двигателі қандай жұмыс өндіреді? Берілгені: m=2т=2000 кг S=0,5км=500м Т/к А-? A=F*s; F=mg; А=mgs; Шешуі: A=2000кг*10 Н/кг*500м= 10 МДж Жауабы: А=10 МДж 2)Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 минутта қанша жұмыс істейді? Берілгені: t=10 с =600 c N=30 Вт Т/к A -? Шешуі: A = N*t A=600 с * 30 Вт= 18000 Дж Жауабы: A=18 кДж |
||||||||
ІҮ. Талдау | Интерактивті тақтадан «Физика» электрондық оқулығынан жұмыс, қуат тақырыбын тыңдату.
Сергіту сәті |
«Жұмыс, қуат» тақырыбына талдау жасау | ||||||||
Ү.Жинақтау
|
Интерактивті тақтадан сұрақтар қою.
1)Жұмыстың формуласы 2)Жұмыстың анықтамасы 3)Қуаттың анықтамасы 4)Қуаттың формуласы 5)Өлшем бірліктері Сәйкестендір
|
Сұрақтарға жауап береді. Жеке, жұптық, топтық жұмыс жасайды.
Сәйкестендіреді.
|
||||||||
ҮІ.Бағалау
|
Деңгейлік есептер шығару арқылы бағалау. Формативті бағалау, «өте жақсы», «жарайсың» сөздері арқылы ынталандыру. | Оқушылар бір-бірін бағалайды. | ||||||||
V. Үйге тапсырмасын беру | Тақырыпты оқу.
29 жаттығу №4 есепті шығару |
Оқушылар күнделіктеріне жазады. | ||||||||
VII. Рефлексия
|
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? | Тілек ағашына жапсыру |