Педагогика
Махамбетова Асел Аскаровна, Білім беру үдерісіндегі құзыреттілік ұстаным

Мақала авторы: Махамбетова Асел Аскаровна
Жұмыс орны: Павлодар гуманитарлық-педагогикалық колледжі
Лауазымы: педагогика және психология пәндерінің оқытушысы
Порталға жариялану мерзімі: 31.01.2017

Білім беру үдерісіндегі құзыреттілік ұстаным

 

Елбасының биылғы Жолдауының әр тарауы қоғамдағы өзекті мәселелердің шешіміне бағытталған. Әсіресе, Президенттің білім және ғылым саласы жөнінде көтерген мәселесі қазіргі таңдағы күрделі мәселелердің бірі болып отыр. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын әрбір қадамын сенімді басқан мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықтар қатарынан қалмай, болашақты оптимистік көзқараспен болжамдап, өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдей алатын, өркениетті даму жолындағы жаңа бағыттарын айқындаудың жолы деп білеміз.
Әрине, біздің еліміз үдемелі индустриалды-инновациялық бағытта шарықтап, тез дамып келе жатқан елдердің қатарында. Елбасының осындай саясатын жете түсінген ел азаматы өзінің кәсіби біліктілігін үзбей жетілдіріп, озық технологияларды меңгеру жолында тынымсыз еңбек етуі тиіс. «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық», деп көрсеткен Елбасы Н.Назарбаев білім мен ғылымды жетілдіруде барлық мүмкіншіліктерді қарастырып, нақты шаралар мен бағдарламаларды жетілдіруді талап етіп отыр. [1; 1-5 б.].

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады,” – деп атап көрсеткен еді. Яғни білікті, білімді, бәсекеге қабілетті маман кәсіби жағынан ғана шебер болмауы керек, сонымен қатар өз елінің мәдениетін, салт-дәстүрін, мемлекеттік тілді де жақсы білуі керек.

Бүгінгі күні көкейтесті болып отырған білімнің құзырлылық ұстанымын жүзеге асыру құралы ретінде педагогикалық технологиялар мен белсенді оқыту әдістерінің алар орны ерекше. Әрекетке негізделген технологиялық оқыту танымдық белсенділігі жоғары, өмірдің әртүрлі мәселелерінен хабардар, кез-келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін құзырлы азаматтарды қалыптастырады.

В.Шепель компетенттілік ұғымына білім, біліктілік, тәжірибе, білімді пайдалануға теориялық-тәжірибелік дайыңдық ретінде анықтама береді. В.Ландшеер, П.Симонов, М.Чошановтардың түсіндірмесі бұл анықтамаға қайшы келмейді. Дегенмен, В.Симонов әлеуметтік даярлық туралы айтса, М.Чошанов көбінесе компетенттіліктің мазмұндық (білім) және процессуалдық (білік), ал В. Ландшеер компетенттілікті тереңдетілген білім деп түсіндіріледі. Ал психологиялық сөздіктерде «компетенттілік жеке тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеті» деген түсінік берілген.»Осы айтылғандарды қорытындылай келе компетенттілік ұғымына мынадай анықтама беруге болады: «Компетенция — оқудың және өздігінен білім алудың нәтижесінде қалыптасатын және адамның әлеуметтік мобильділігін анықтайтын, білім мен тәжірибеге, құндылықтар мен бейімділіктерге негізделген жалпы қабілеттіліктер. Демек, компетенттілік ұғымы «білім», «біліктілік», «дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды. Алайда бұл білім, біліктілік, дағдының жай жиынтығы емес. Компетенттілік оқу нәтижелерімен қатар, оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттері мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді.» Білім, білік, дағды қасиеті өзінің даралығымен сипатталып, өз бетімен жетілдіріліп отырған жағдайда ғана құзіреттіліктің негізі бола алады. «Құзырлылық» ұғымы жайлы Құдайбергенова К.С. «Құзырлылық табиғаты — тұлғаның өзіндік дамуында» атты еңбегінде былай деп көрсетті: «Құзырлылық ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» десе, бұл жайлы Б.А.Тұрғынбаева «Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту» еңбегінде «…өзінің практикалық әрекет арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, ресей ғалымы Н.В. Кузминаның көзқарасы бойынша «Құзырлылық дегеніміз – педагогтың басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы деді» [2; 1-6 б.].

Әдіснамалық деңгейге соңғы кездері қолданысқа «құзырлылық» ұғымы еніп отыр. Ғылыми әдебиеттерде құзырлылық қайсыбір тапсырманы орындай алуға қабілеттілік, оқушының қалыптасып үлгерген жеке сапасы мен тәжірибесінің жиынтығы ретінде қарастырылады.

Құзырлылық дегеніміз оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Педагогика ғылымында кәсіби құзырлылық еңбегінің жемістілігін анықтайтын білімі мен біліктілігінің жиынтығы, тапсырманы орындаудағы дағды көлемі, білім кешені мен  кәсіби  тұлғалық сапасы, кәсіби векторы, теориялық, білімдік және кәсіби дайындығының бірлігі, жоғары мәдениеттілікті талап ететін қызметтің күрделі түрлерін орындаудағы қабілеті деген мағынада ашылған. Құзырлылық — танымдық, пәндік — практикалық, тұлғалық тәжірибенің күрделі пайымдамасы. «Құзырлылық» ұғымының қазақ тіліндегі түсіндірмесі «жасай алу» деген мағынаны білдіреді. «Competent» сөзі французша «компетентті» «заңға сай», латынша «сай болу», «қабілетті», «талап қою», «жарамды», ағылшынша «қабілетті» деген мағынаны білдіреді. Психологиялық сөздіктерде бұл ұғымға қатысты «компетенттілік және тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеті» деген түсінік берілген. Осы «компетенттілік» шетелдік түсіндірме сөздікте меңгеруші ретінде қарастырылған. «Компетенттілік» ұғымының мазмұны мынадай: Компетенттілік меңгерген, заңға сәйкес; Белгілі бір саланы білетін тұлға [3; 7 б.].

Компетенция – оқудың және өздігінен білім алудың нәтижесінде қалыптасатын, білім мен тәжірибеге, құндылықтар мен бейімділіктерге негізделген жалпы қабілеттері. Компетенцияның түйінді құраушысы біліктілік болып табылады. Оқытудағы компетенттілік тәсіл оқыту нәтижесі ретіндегі білім сапасын қамтамасыз етеді және білім мазмұнынан білім, біліктілік, дағдыға, щығармашылық іс-әрекет тәсілдері мен эмоционалдық құндылық қатынастар тәжірибесіне негізделген түйінді компетенттіліктерді бөліп қарастырайық. Түйінді компетенттіліктердің құрылымы төмендегідей бөлінеді:

Өзіндік танымдық іс-әрекет саласындағы базалық компетенциялар.

Олар: оқу, жазу, есептей алу, сөйлей алу, және түрлі жиындарда өз ойын басқаларға жеткізе алу, оқу іс-әрекетінің нәтижелерін талдай алу, әртүрлі ақпарат көздерінен білім жинақтап білуді меңгерту жатады (кітаптан, газет-журналдардан, теле-радиохабарлардан, интернеттен т.б.).

Мәдени іс-әрекетіндегі компетенцияларға бос уақытын өзінің рухани

және мәдени дамуы үшін пайдалана білу (көркем әдебиееттер оқу, түрлі лекциялар мен баяндамалар тыңдауға қатысу, олимпиадалар, байқаулар, конференциялар) жатады.

Тұрмыстық саладағы компетенциялар: жеке гигиенаға,

өз денсаулығын нығайтуға, отбасы тұрмысына қатысты мәселелер.

Әлеуметтік еңбек іс-әрекеттері саласындағы компетенциялар – бұл

оқу еңбегін ұйымдастыра білу дағдысы, ұжымдағы өзара қарым-қатынасы этикасы,өз мүмкіндігін бағалау, жауапкершілігік жүгін арқалай білу.

Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің ұлттық білім беру жүйесінің біздің еліміздегі білім беру жүйесінен айырмашылығы мынада:

Оқытудың кіріктірілген мақсаттары пәндік мақсаттарға қарағанда

басым;

Оқытудағы іс-әрекетінің тәсілі қарапайым біліктілік пен

дағдыларды ығыстырған;

Оқытудың компетенттілік тәсілі қолданылады.

Мектептегі білім беру сапасын бағалаудың жаңа жүйесіне көшу байқалады.

Мұғалім мен оқушы арасындағы авторитарлық қарым-қатынастар оқу ісі әрекетіндегі бірлестікке, жұптастыққа айналған.

Бүгінгі таңдағы елімізде жүріп жатқан экономикалық-әлеуметтік дамулар келешек ұрпаққа білім берудің мақсаттары мен мазмұнын түбірімен жан-жақты қайта ойластырылып, жаңа сапаға жету міндеттерін көздейді. Сондықтан білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны қалыптастыруға, оқу үрдісіне тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіруге, баланың шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталуы тиіс.

Мәдениеттанымдық құзіреттілік – адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну, этномәдениеттілік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу.

Оқу танымдық құзіреттілік – оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық.

Коммуникативті құзіреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.

Ақпараттық-технологиялық құзіреттілік – бағдарлай білу, білім мен ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу.

Әлеуметтік-еңбек құзіреттілік-әлеуметтік қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай білу, шешім қабылдай білу.

Тұлғалық өзін өзі дамыту құзіреттілік- өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау [4; 82-83 б.].

Білім беру процесін түйінді компетенттіліктерді қалыптастыруға бағдарлау.

Компетенттілік дегеніміз – оқыту нәтижесінде алған білім мен біліктілікті тәжірибеде қолдана алу қабілеттігі.

Оқытудың күтілетін нәтижелеріне бағытталған әдістемені былайша сипаттауға болады.

Жеткен нәтиже мен жоспарланған нәтиже арасында алшақтық байқалса, онда оқыту нәтижесіндегі проблемаларды анықтау.

Оқыту нәтижелерінің проблемалары оқу-тәрбие процесіндегі қандай кемшіліктерге байланысты туындады (бағдарлама дұрыс құрылған ба?, әлде әдістеме жеткіліксіз бе? Оқу-тәрбие үрдісі дұрыс ұйымдастырылған ба? т.б.

Тәрбие процесіндегі кемшіліктер неге байланысты екенін анықтау.(кадр мәселелері, ғылыми-әдістемелік, материалдық техникалық қаржы, нормативтік-құқықтық және т.б.).

Оқу-тәрбие үрдісіндегі проблемалар басқару жүйесіндегі қандай кемшіліктерге байланысты туындап отыратындығын анықтау.

Мұғалімнің құзырлығын анықтау үшін Д.Б.Эльконин мен Г.В.Драгунованның зерттеу әдісін қолдану тиімді [5; 3-13 б.].

Қорытындылай келсек, оқушы құзыреттілігін қалыптастыру үшін әр ұстаз өзіне тиімді әдіс-тәсіл мен технологияны қолдана алады.

Олай болса, қазіргі жаңа қоғамды демократизациялау жағдайында педагогтардың кәсіби компетенттілігі әлеуметтік-педагогикалық мәні өте жоғары мәселе.

Сонымен, ұстаздық ұстанымдарымыз “құзыретті тұлғаны” дамыту, ізденісті маңдайға тигізіп, білімді санаға сіңіру, ұғымды түсінікке ұйытқы болғызу болып табылады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. 1. http://archive.adiletgazeti.kz/
  2. Ж.Серікбаева Құзырлық–білім сапасын арттыру кепілі http://uadocs.exdat.com/
  3. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық табиғаты-тұлғаның өздік дамуында. А.-2006 ж., «Принт-АСС», 7-бет
    4. Шишов С. Понятие компетенции в контексте качества образования современная школ-1999, №1 стр. 82-83.
    5. Лебедев О.Е. Компетентностный подход в образовании //школьные технологии 2004, № 5 стр.3-13.

 

Түйін

Мақалада құзыреттілік, оның түрлеріне  қатысты пікірлер мен көзқарастар қарастырылған. Зерттеу нәтижелерін оқытушылардың сабақ беруі барысында  қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

 

Резюме

В статье  рассматривается  мнения и взгляды касающиеся термина и видов компетенции.  Результаты исследования можно использовать как дополнительный материал при проведении занятий преподавателями.

 

 

 

Педагогика
НУРИМАНОВА ГУЛЬНУР, РЕАЛИЯ СӨЗДЕРДІҢ АУДАРМА САЛАСЫНДАҒЫ ОРНЫ

Мақала авторы: НУРИМАНОВА ГУЛЬНУР
Жұмыс орны: С.Бәйішев атындағы орта мектебі
Лауазымы: МАГИСТРАНТ
Порталға жариялану мерзімі: 25.01.2017

РЕАЛИЯ СӨЗДЕРДІҢ АУДАРМА САЛАСЫНДАҒЫ ОРНЫ

Нуриманова Г.Н.,©2 курс магистранты
© Нуриманова Г.Н., Давлетбаева Р.Г., 2016
Ақмолла атындағы БМПУ
Ғылыми жетекші – п.ғ.д., проф. Давлетбаева Р.Г.
(Россия, г. Уфа)
РЕАЛИЯ СӨЗДЕРДІҢ АУДАРМА САЛАСЫНДАҒЫ ОРНЫ
Аударма теориясы және практикасы саласында жұмыс істе-ген С.И. Влахов және С.П. Флориндердің пікірінше, реалия сөздердің аудармасы екі рет шартты: қағида бойынша реалия сөздер аударылмайды (сөздік тәртіп бойынша) және қағида бойынша ол аудару тәсілімен(контекстте) жеткізіледі [1:26].
И. Левый реалия сөздерді «аудармашының азабы» деп атаған. Осыған қарамастан А.В. Федоров «басқа тілге аударыл-майтын сөз жоқ, яғни, берілген тілдің көп таралған сөз тір-кестерімен сипатталмайтыны жоқ» деген пікір айтады [2:198].
Аудару кезінде реалия сөздерді жеткізуде негізгі екі қиыншылық кездесетіні туралы айта кету қажет: аудару тілінде сәйкес сөздің (эквиваленттің) болмауы, бұл осы тілде сөйлейтін адамдарда осы реалиямен белгіленген объектінің болмауына байланысты; реалияның заттық мағынасын (семантикасын) жет-кізгенде оның нақышын (коннотациясын), ұлттық-тарихи ерек-шелігін де жеткізу қажет [2:87].
Көп уақыт бойы реалия сөздерді аудару кезінде ұлттық және тарихи өзгешелігін жеткізу маңызды мәселелердің бірі бо-лып келді.
Кейбір лингвист ғалымдар өз ғылыми зерттеулерінде «реа-лия» терминін емес, «эквивалентсіз лексика» терминін қолдай-ды. Алайда «реалия» ұғымын «термин» ұғымынан бөліп қарастыру керек. Реалия сөздер көркем әдебиетте өте жиі кезде-седі. Олар белгілі бір халықтың мәдениетімен байланысты. Осы халықтың тілі үшін жалпы қолданбалы, ал басқа тілдер үшін жат. Қандай да болса ұлттық бояусыз, ғылым саласына жататын терминдер жасанды түрде пайда болады. Олар тек қана затты не құбылысты атау үшін қолданылады. Енді «реалия» терминінің әр алуан анықтамаларын қарастырайық:
1) реалия – бұл ұғым, практикалық түрде басқа тілде сөй-лейтін адамдардың өмірінде болмайтын ұғым; 233

2) сыртқы лингвистикамен және аударматанумен зерт-телінетін әр түрлі факторлар және олардың тілде бейнеленуі, сондай-ақ берілген елдің мемлекеттік құрылымы, халықтың та-рихы, мәдениеті, тілі, берілген тіл меңгерушілерінің байланы-стары және т.б.;
3) сөздің номинативті мәні үшін негіз болып табылатын ма-териалдық мәдениеттің заттары;
4) өмірдің және тұрмыстың ұлттық ерекшеліктерін бел-гілейтін сөздер [1:2].
Аудармашылармен, аударма теоретиктерімен және линг-висттермен қолданылып жатқан терминологияда айқындық болмағандықтан, аударматанудағы реалия және әдебиет тану ғылымындағы, лингвистикадағы реалия арасындағы шекаралар өте тұрақсыз.
«Реалия» сөзі – латын (realis, -e, көпше түрі realia- «зат, нәрсе») сын есімінің көпше түрінен шыққан. Сәйкес лексикалық категориялар ықпалының әсерінен (орыс және болгар тілдерін-де) зат есімге айналды. Онымен (негізінен филология мәтін-дерінде) материалды түрде болып тұрған немесе болған, көпте-ген жағдайларда мағынасы жағынан «өмір» ұғымымен затты, нәрсені байланыстырады; мысалы, «европалық (қоғамдық) өмірдің реалиялары». Сөздік анықтамаларына сәйкес – бұл «ма-териалдық мәдениеттің кез келген заты», «классикалық грамма-тикада бұл осы тілде бейнелеу көзқарас тарапынан осы елдегі мемлекеттік құрылым, осы халықтың тарихы, мәдениеті, осы ана тілін білетін адамдардың қатынастары және т.б. әр түрлі факторлар», «сөздің атаулы мағынасы үшін негіз болған матери-алды мәдениеттің заттары» [3:283].
А.В. Федоров реалияны түпнұсқаның сөзі ретінде анықтай-ды. «Ол тек қана аймақтық құбылысты білдіретін, басқа ха-лықтың тұрмысында және түсінігінде болмайтын нәрсе» [2:283].
Реалия – зат, елтану ғылымының шекараларында да кең мағынаны білдіреді. Кейбір кездерде ол тілдік емес ақиқатты-лықтың ралия-сөз шекараларына сыймайды; реалия – берілген тілдің лексикасының элементі ретінде бір белгіні білдіреді. Осы мәселені нақтылау үшін В.Д. Андреев, В.Г. Гак, Б.И. Репин осы ұғымды дәлдеуге тырысады. Сонда «реалия» терминімен бірге «реалия-сөз» терминін қолданады.
Реалия сөздерге эквивалентсіз лексиканы да жатқызуға бо-лады. Эквивалентсіз лексика: 234

1) Басқа тілдің лексикалық бірліктері арасында толық немесе жартылай эквиваленттері жоқ лексикалық бірліктер (сөздер және тұрақты тіркестер). Өте жиі эквивалентсіз лекси-каға: реалия сөздер, уақытша эквиваленті жоқ терминдер, кез-дейсоқ эквивалентсіз сөздер жатқызылады.
2) Аймақтық құбылыстарды және ұғымдарды білдіретін берілген мәтіннің реалия сөздері, аударма тілінде сәйкестілігі жоқ сөздер.
«Реалия» ретінде, қателікпен қолданылатын тағы бір ұғым – «лакуна». Номинативті бірліктердің номинативті-мәдени ерекшелігі тек қана эквивалентсіз лексика ретінде байқалмайды. Сонымен қатар, осы тілде басқа тілдегі сөздердің, ұғымдардың болмауы. Яғни, лакуналар – тілдің семантикалық картасындағы ақ дақтар [4:283; 31].
Жоғарыда айтылған барлық анықтамалар аудару практика-сына жатады да, аударма тілінде басқа тілде реалия болатын сөздерге тұрақты элементтердің болмау фактісін белгілейді. Алайда, мәдени, ғылыми-техникалық, саяси дамудың қарқыны-на байланысты белгілі бір кезеңде осы реалия сөздер және олар-ды белгілейтін сөздер аударма тілінде болмауы мүмкін.
Ал басқа жағынан, реалия белгілі бір тарихи кезеңмен шектеулі болуы мүмкін. Сонда, реалия сөздер тілде то-лықтауыш қызметін атқарады. Олар тек қана ерекше заттарды, құбылыстарды білдірмей, сонымен қатар олар белгілі бір тарихи кезеңімен ара қатынасын белгілейді. Мысалы: das Femegericht (жасырынды соттау XIV-XV ғасырлар).
Ал тілдік формасы жағынан, негізінен, реалия сөздер зат есімдер (неміс тілінде өте жиі құрмалас зат есімдер), кейбір кез-дерде сөз тіркестері, аббревиатуралар, сын есімдер, етістіктер және зат есімдердің – реалия сөздердің туындылары.
Реалия сөздер сипаттайтын факторларына сәйкес келесі топтарға бөлінеді:
1) заттық (географиялық, тұрмыс, киім, ақша, өлшеу бірлігі, сәулеттік, атақ және лауазым, партиялар, саяси-әлеуметтік қозғалыстар, әскери, әкімшілік-территориялық бірліктер, фольк-лор, ойыншықтар, ойындар, билер, жанрлар, мәдени реалия сөздер);
2) жергілікті (ұлтқа және тілге байланысты);
3) уақыттық (осы заманғы және көне реалия сөздер);
4) аудармашылық. 235
Қорыта айтқанда, реалия сөздер ұлттық діл мен санаға, ұлт-тық мәдениет пен салт-дәстүрге қатысты пайда болған, ежелден қалыптасқан атаулар болып саналады. Оларды аудару және оқы-ту мәселесі өзекті болып саналады.

Педагогика
Насырова Гульнара, Портфолио как показатель компетентности учителя

Мақала авторы: Насырова Гульнара
Жұмыс орны: РИПК СО
Лауазымы: преподаватель
Порталға жариялану мерзімі: 25.01.2017

Портфолио как показатель компетентности учителя

Стоит отметить, что до внедрения Программы уровневых курсов повышения квалификации учительское отношение к термину «портфолио» было разное. Кто- то это считал обязательным только для аттестационного периода, а кто-то для фиксации учительских достижений. К тому же, далеко не каждый учитель системно пополнял свое собственное портфолио, так как не считал это нужным, а может быть и просто не задумывался о его необходимости. Теперь же, для отслеживания обратной связи в посткурсовой период в общеобразовательных школах, приоритетным становится именно комплектование учительского Портфолио, как одного из способов сбора доказательств при определении уровня практических действий и их результатов.
Прежде чем акцентировать внимание на структуру действующего Портфолио в посткурсовой период, давайте уточним следующее: «Одной из образовательных технологий, поддерживающей компетентностно-ориентированный подход в образовании, развитие самостоятельности, является технология работы с портфолио. Термин “портфолио” (такой термин используется в технологии критического мышления или портфель – адаптация термина в русском языке) пришел в педагогику, так же как и запрос на новую образовательную парадигму, из политики и бизнеса. Портфолио могут быть служебными, профессиональными, деловыми и представляться как в текстовом, так и в электронном виде. Существуют различные подходы к определению понятия портфолио.
Портфолио – это:
— способ фиксирования, накопления и оценки (включая самооценивание) индивидуальных достижений школьника в определенный период обучения;
— коллекция работ и результатов учащегося, демонстрирующая усилия, прогресс и достижения в различных избранных им областях;
— систематический и специально организованный сбор доказательств, используемых учителем и учащимися для мониторинга знаний, навыков и отношений школьников.
(Н.Б.Железнякова «Использование технологии «Портфолио» — http://rmo-msk.ru/metodicheskaya-kopilka).
Значить, работу с портфолио можно и нужно формировать с началом педагогической деятельности и данный процесс является целенаправленным, где осуществляется преемственность в обучении и учительской практики. Как известно, в рамках любой школы формат наблюдений и изучение учительской практики отслеживается по следующим направлениям:
1. личная информация (достижения)
2. планирование
3. рабочие материалы
4. публикации
У каждого педагога портфолио должно быть индивидуальным, ровно, как и он сам, так как не бывает двух одинаковых учителей, ведь каждый из них имеет собственные успехи, наработки, профессиональные навыки, а также прочие индивидуальные особенности. Но сегодня учителя зачастую прибегают к эпизодическим или фрагментным действиям по формированию накопительных папок, т.е. если востребовано, то вкладывает и показывает, если нет — то «забыто». Это неправильно, тем более на сегодняшний день учительское Портфолио – важный документ, который является некой копилкой, куда складываются все материалы с практическими доказательствами «от апробации до ресертификации». Также наблюдается, сегодня учителя нуждаются не только в разнообразном арсенале стратегий обучения, в предоставлении им возможностей применения различных педагогических подходов, а также, в получении персональной обратной связи для определения уровня собственной практики.
Благодаря уровневым курсам казахстанские учителя получили и получают обстоятельные знания о том, как происходит обучение. Они научились определить уровень мотивации отдельных учащихся, могут сотрудничать не только с коллегами по преподаваемому ими предмету, но и по другим учебным предметам в рамках сетевых профессиональных сообществ. Совершенствуют свои потенциальные профессиональные способности при управлении и планировании учебной среды. Непрерывно рефлексируют в ходе своей практики для того, чтобы учиться самому и обучать других коллег. «Поистине новым является заключение о том, что перечисленные навыки значимы за пределами общепедагогического контекста и потому уровнем их развития у конкретных субъектов, равно как и коллектива субъектов, обусловлена в конечном итоге динамика изменений мировой экономики. В этой связи, школы должны быть более последовательны в обучении критическому мышлению учащихся, в комплексном решении проблем, касающихся индивидуальности каждого ученика. Для реализации подобных принципиальных изменений необходимо принятие обязательств по руководству школами и активное участие в их выполнении наиболее опытных и талантливых педагогов, всех заинтересованных сторон системы образования (Руководство для учителя второго (основного) уровня, 4 издание – 144 стр.).
В рамках уровневых курсов учителя осознали, что работать «по накатанной», теперь не получится, именно апробируя идеи нововведений коллег в обучении, учителя убеждаются в значимости роли учителя-лидера в условиях школы. Сегодня школьный учитель поставлен в такие форматы, когда овладение исследовательскими навыками выступает обязательным условием его формирования как педагогического субъекта согласно новой парадигме и методологии образования. Школьный учитель сумел определить, что основной целью образования становится не простая совокупность знаний, умений и навыков, а основанная на них личная, социальная и профессиональная компетентность – это умение самостоятельно добывать, анализировать и эффективно использовать информацию, умение рационально и эффективно жить и работать в быстро изменяющемся мире.
Проработав несколько лет в системе повышения квалификации, все чаще убеждаемся, что существует много подходов к формированию навыков рефлексии (самооценки) у учителя. Учителя сегодня не загонишь в формулу «знания-умения-навыки», и нет определенного инструмента, которым можно измерить все достижения, неповторимые моменты педагогического творчества в повторяющемся учебном процессе. Ничем не измеряются в труде учителя и озарения, которые возникают при изучении и внедрении ключевых идей в контексте 7 модулей по Программе уровневых курсов. Поэтому в следующих рекомендациях мы намерены показать вам примерный электронный формат систематизации материалов, накопленных вами в ходе педагогической практики. Ваше педагогическое портфолио является авторским отчетом о результативности практической деятельности, что позволяет увидеть картину по реализации коучинга, менторинга и исследований в действии. Ваш накопленный материал должен обеспечить отслеживание результатов ваших действий, продемонстрировать способности практического применения профессиональных знаний и умений.
Какова же структура портфолио сертифицированного учителя? Есть ли общепринятая модель портфолио? Нет. Как было отмечено выше Портфолио школьного учителя очень индивидуально и при формировании портфолио большую роль играет специфика учебной дисциплины в контексте изменяемой практики. Здесь должны воедино сливаться личные педагогические идеи и убедительные средства подтверждения их эффективности, накапливаются сведения, касающиеся достижений конкретного учителя в преподавании и обучении в рамках реализуемой практики.
Портфолио позволяет не только собрать все документы вместе, но у каждого будет возможность в электронном виде компоновать собственные материалы в одно целое, где каждая папка представляет свое доказательства и ни в коем случае такое портфолио не является «беспорядочной свалкой» всех и все.
Почему мы рекомендуем данный формат? Потому что, часто задаются вопросы о том, как собирать материалы для подтверждения сертифицированного уровня, о работе и отчетности, которую учитель должен иметь в наличии и предоставлять по мере необходимости. То есть, вы внедряете идеи 7 модулей в свой учебный план на всех уроках во всех классах и для подтверждения этой деятельности вы составляете ССП по всем урокам, которые ведете. Как отметили выше, по направлениям деятельности у вас должен быть план, согласованный с администрацией или рассмотренный в школьном сообществе сертифицированных учителей.
Планирование – это первоочередной документ для обоснования при любых финансовых отчетностях, где распределены сроки и часы практических мероприятий. К тому же, это возможность в любое время объяснить какой деятельностью вы занимались и занимаетесь, подтвердить это соответствующими материалами, доказательствами. Например, если вы провели урок – его рефлексия с подтверждениями, если посещали урок менти – таблица наблюдения, беседа после урока – рефлексия подопечного и ваша обратная связь, коучинг – план, рефлексивный отчет с доказательствами. Таким образом, ежедневно, еженедельно в электронном формате пополняется разделы портфолио, свои материалы будете предоставлять по требованию в рамках запрашиваемой формы для аналитики посткурсовой деятельности.
Как было отмечено на семинаре совещания, организованный АО НЦПК «Өрлеу» (23-25.12.2015 г.) отличительной чертой сегодняшнего мониторинга как основополагающего механизма управления качеством повышения квалификации педагогов республики является достоверная информация о соответствии фактического результата его ожиданиям. Поэтому после любых курсов повышения квалификации прослеживается ваша учительская практика путем диагностических инструментарий (анкетирование, опрос, измерение, обратная связь и др.), где определяются образовательные результаты, возможности и потребности педагогов в условиях общеобразовательных школ:
— оценивание качество обучающих программ и индивидуальных занятий при помощи анализа информации, полученной из разных источников
— умение рефлектировать и оценивать качество собственной практики, используя информацию, полученную из разных источников
Сегодня приоритетном направлением мониторинга системы повышения квалификации является изучение и оценки посткурсовой деятельности любого уровня, которое меняет отношение к учительской практике. После похождения курсов каждый учитель согласно идеям изученной программы нацелены к обновлению содержание работы, где он обязательно пересматривает текущие шаги и способы достижения промежуточных, конечных целей. Во время мониторинговых исследований разного назначения вы не можете давать сиюминутные точные результаты по востребованию, естественно будете ссылаться на собранные доказательства в Портфолио и через сравнительный анализ выберите нужную информацию для контроля или для эксперта. Именно собственные накопленные материалы является основой для рефлексивного мышления при работе с современными теориями, идеями и подходами к обучению и изучению. Поэтому учитывайте и то, что каждый раздел вашего портфолио является личным доказательством достижений – это практическое повествование об аспектах преподавательской деятельности, включая отчетов и рефлексию, с приложением доказательств по направлениям деятельности. К тому же, через чтение и размышление личных материалов вы можете определить собственные взгляды к нововведениям, возможности расширение самооценки о знаниях, пониманиях и навыках. Изучая обратную связь, изо дня в день, увидите свой профессиональный рост, и в этом заключается привилегия накопление материалов, доказательств при внедрении изменений в практику.
Представленная система работы с портфолио может быть использована в условиях любого общеобразовательного учреждения, и данный формат является как образец электронного сбора доказательств. С учетом требований и условий организации образования у каждого учителя имеется список необходимых материалов для руководства и контроля, соответственно, собранные материалы в Портфолио, будут размещены бумажном варианте по требованию и назначению, если в этом есть необходимость. Если можно кратко обобщить то, что содержится в Портфолио нужно для решения следующих задач учителя:
— для предъявления результатов и достижений;
— для обобщения своего опыта и систематизации материалов;
— для обмена опытом и установления контактов/связей;
— для использования в качестве инструмента анализа и рефлексии профессиональной деятельности;
— для расширения возможностей получения внешней оценки;
 для самопрезентации и признания в профессиональном сообществе.

Список литературы:
1. Н.Б.Железнякова «Использование технологии «Портфолио» — http://rmo-msk.ru/metodicheskaya-kopilka
2. Руководство для учителя второго (основного) уровня, 2015 г., 4 издание – 144 стр.

Педагогика
Жартынова Жанар Әлібекқызы, ПОРТФОЛИО — МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШ НЫСАНЫ

Мақала авторы: Жартынова Жанар Әлібекқызы
Жұмыс орны: ББЖ ҚБАРИ
Лауазымы: оқытушы
Порталға жариялану мерзімі: 25.01.2017

ПОРТФОЛИО — МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШ НЫСАНЫ

Деңгейлік біліктілік арттыру бағдарламасы бойынша курсты енгізгенге дейін «портфолио» сөзіне байланысты мұғалімнің көзқарасы әр түрлі болғанын атап өткен жөн. Біреулер оны тек аттестация кезеңінде ғана болуы міндетті десе, енді біреулер мұғалімнің жетістіктерін бекітуге арналған құрал деп санаған. Сонымен қатар, барлық мұғалім бірдей жүйелі түрде портфолио толтырған емес, өйткені оны тек басшылық сұранысына сай қажет жасау деп есептеген. Ал қазіргі уақытта, курстан кейінгі кезеңде жалпы білім беретін мектептерде кері байланысты бақылау үшін, дәлелдемелерді жинау құралы ретінде практика нәтижелері деңгейін анықтауда, іс-шараларды іріктеуде мұғалім Портфолиосы басымдылыққа ие болды.
Курстан кейінгі кезеңнің қолданыстағы Портфолио құрылымына баса назар аударудың алдында, мынаны анықтап алайық: «Білім беру технологияларының бірі, өзін-өзі дамытатын, білім берудегі құзыретілікке-бағытталған тәсілді қолдайтын, технология портфолиомен жұмыс жасау болып табылады. «Портфолио» сөзі (портфель — орыс тілінде бейімдеу сөзі немесе сыни ойлау технологиясында пайдаланылады), сондай-ақ саясат пен бизнестен жаңа білім парадигмасына сұраныс ретінде педагогикаға келді. Портфолионы қызметтік, кәсіптік, іскерлік болуы және мәтіндегі және электронды түрде де ұсынуға болады. Портфолио түсінігін анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Портфолио – бұл:
— белгілі бір кезеңде жеке оқушының оқу жетістіктерін анықтау және бағалау әдісі (соның ішінде өзін-өзі бағалау);
— оқушының түрлі салаларда күш-жігерін көрсетіп, ілгерлеуі және жеткен жетістіктері, жұмыстары мен нәтижелерінің жинағы;
— мұғалімнің оқушының қалыптасқан білім, білік, дағдыларының деңгейін бақылау үшін пайдаланылатын жүйелі және арнайы ұйымдастырылған дәлелдемелерді жинауы. (Н.Б.Железнякова «Использование технологии «Портфолио» — http://rmo-msk.ru/metodicheskaya-kopilka).
Сондықтан, Портфолио мұғалім қызметінің басынан бастап мақсатты үрдіс ретінде қалыптастырып, оқыту және мұғалімдердің тәжірибесінде сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған. Белгілі болғандай, педагогикалық іс-тәжірибеде кез келген мектеп форматын бақылау және зерттеу шеңберінде, келесі бағыттар бақыланады:
1. жеке ақпарат (жетістіктер);
2. жоспарлау;
3. жұмыс материалдары;
4. публикациялар.
Сонымен, әр мұғалімде табыстары, жетістіктері, кәсіби дағдылары және басқа да сипаттамалары бар жеке портфолио болуы тиіс, себебі, екі мұғалім бірдей болмайды ғой. Бірақ та бүгінде байқалатын жағдай, мұғалімдер папкаларды жинағанда жиі кездейсоқ немесе толымсыз іс-қимылға жүгінеді, талап етілген болса, керекті құжаттарды қойып көрсетеді, ал егер жоқ болса — содан кейін оны «ұмыт». Бұл дұрыс емес, әсіресе қазіргі уақытта мұғалім Портфолиосы — маңызды құжат, мұнда «тестілеуден бастап аттестаттациядан өткенге дейін» тәжірибедегі барлық материалдар дәлелдермен бірге салынатын «қоржынның» бір түрі болып табылады. Сондай-ақ, бүгін мұғалім оқу стратегияларының түрлі арсеналын қажет етіп және оқытудың түрлі педагогикалық тәсілдерін қолдану мүмкіндіктерін ұсынып қана қоймайды, сондай-ақ, өз тәжірибесінің деңгейін анықтау үшін жеке кері байланыс алуды ұйымдастырушы болуы керек.
Деңгейлік курстардың арқасында Қазақстан мұғалімдері оқытудың жағдайы мен білім беру жолдарын қалай таңдау мүмкіндіктері болатынын үйреніп, анықтауға бейімделген. Олар оқушының жеке уәж деңгейін, сондай-ақ оқу пәндері бойынша ғана емес, басқа да әріптестерімен қауымдастықтар желісінде ынтымақтасуды анықтауды, оқыту ортасын жоспарлау және басқаруда өзінің әлеуетті кәсіби дағдыларын жақсартуға үйренді. Әріптестерін үйренуге және үйрету мақсатында оларды тәжірибесін үздіксіз рефлексиялайды: «Ал осындай дағдылардың болу, болмауы ұжымдық және жеке табысқа ықпал ететіні, сол арқылы әлемдік экономиканың өзгеру қарқынына ықпал ететіндігі туралы қорытынды шын мәнінде жаңалық. Осыған байланысты мектептер сын тұрғысынан ойлауға үйретуде, әрбір оқушының жеке даралығына қатысты проблемаларды шешу үшін ынтымақтастық жүргізуде өте мұқият болғаны дұрыс. Бұндай өзгерістерді іске асыру үшін барлық мүдделі жақтар, мектеп басшылығы өздеріне міндеттеме алып, сондай-ақ анағұрлым тәжірибелі және дарынды мұғалімдердің белсенді атсалысқаны құба-құп» (Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей, төртінші басылым, 5-бет).
Мұғалімдер деңгейлік курстар аясында енді «үйреншікті» жұмыс істемейтінін түсінді, оқытуда, жаңа идеяны жүзеге асырғанда, мектепте көшбасшы-мұғалім рөлінің маңыздылығын сезінді. Бүгінгі мектеп мұғалімі зерттеу дағдыларын меңгеріп білім әдістемесі мен жаңа парадигмаға сәйкес пән мұғалімі ретінде оның алғышарттарын қалыптастыру үшін қызмет етеді. Ол білім берудің негізгі мақсаты тек қарапайым білім, білік және дағды емес екенін анықтай алады, сондай-ақ олардың жеке, әлеуметтік және кәсіби құзыреттілігіне – өз бетінше шығару мүмкіндігін, талдау және ақпаратты тиімді қолдана алатын, тиімді және жылдам өзгеретін әлемде тиімді өмір сүріп және жұмыс істеуге қабілетті.
Біліктілік арттыру жүйесінде бірнеше жыл қызмет еткеннен кейін, біз мұғалімнің (өз-өзін бағалау) дағдыларын қалыптастырудың көптеген тәсілдері бар екенін анықтадық. Мысалы, мұғалімдерді бүгін «білім-білік-дағды» формуласына кіргізе алмайсыз, сонымен бірге оқу үрдісінде педагогикалық шығармашылықтың барлық жетістіктерін өлшейтін, ешқандай нақты құрал да жоқ. Сондай-ақ, деңгейлік курс Бағдарламасының 7 модуль идеясын енгізіп жүзеге асыру кезінде мұғалімнің оқыту нәтижелірін қандайда бір санақ мысалында өлшеу мүмкін емес. Сондықтан, біз сіздерге бұл ұсынысымызда педагогикалық тәжірибенің барысында жинақталған материалдар үлгісін электрондық форматта жүйелеудің жолдарын көрсетеміз. Педагогикалық портфолиоңыз коучинг, тәлімгерлік және ғылыми-зерттеу тәжірибелік қызметіңіздің есебі туралы нәтижесін көруге мүмкіндік беретін авторлық құқығыңыз болып табылады. Жинаған материалдарыңыз, кәсіби білім мен дағдыларды тәжірибеде қолдануды көрсетіп, сіздің қабілетіңіздің нәтижелерін іс-шараларда қадағалауды қамтамасыз ету керек.
Сертификатталған мұғалімдер портфолиосының құрылымы қандай болуы керек? Портфолионың ортақ моделі бар ма? Жоқ. Портфолио, жоғарыда айтылғандай, мектеп мұғалімінің жеке портфолиосын жасағанда өзгермелі тәжірибе мәнмәтінінде оқытатын пәнінің ерекшіліктері басшылыққа алу маңызды. Портфолиода жеке педагогикалық идеяларын кіріктірілуі, олардың тиімділігін растау үшін сенімді құралдарын біріктіреді және мұғалімнің тәжірибедегі оқыту мен оқу жетістіктері, туралы ақпарат жинақталады. Портфолионың құрылымы барлық құжаттарды жинап қана қоймайды, сонымен бірге әркімге барлық құжаттарды біртұтас электрондық түрде біріктіріп, әрбір қалтаның ішіне «кездейсоқ қоқыс» емес, өз материалдарының дәлелдемелерін жинақтауға мүмкіндік береді.
Неге біз осы форматты ұсынамыз? Себебі, бізге сертификатталған мұғалімдердің тәжірибе нәтижелерін саралау материалдарын қалай жинау керек және мұғалімде болуы тиіс және қажет болғанда ұсынуға немесе көрсетуге не талап етіледі деген сұрақтар жиі қойылады. Яғни, Сіз 7 модульдің идеясын енгізіп сабақ беретін барлық сыныптарға жасалған оқу жоспарыңыз, орта мерзімді тізбектелген сабақ жоспарлары болуы керек. Жоғары да атап өткендей, сіздің жұмыс бағытыңыз бойынша, мектептің сертификатталған мұғалімдерінің қауымдастығында қарастырылған немесе келісілген, әкімшілікпен бекітілген жеке жоспарыңыз болуы тиіс.
Жоспарлар – кез-келген қаржыландыру есебіне негіз болатын, практикалық жұмыстардың сағаттарымен мерзімі көрсетілген басты құжаттардың бірі. Оның үстіне, жоспарлау кез-келген уақытта сіздің жұмысыңызды қандай екенін түсіндіретін, оны тиісті материалдармен дәлелдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, егер де сіз сабақ өткізсеңіз – оның рефлексиясы, тәлім алушының сабағына қатыссаңыз – бақылау парағының үлгісі, сабақтан кейінгі сұхбат – тәліптің рефлексиясы және сіздің кері байланысыңыз, коучинг жоспары, дәлелдемелері рефлексивті есебімен болуы керек. Осылай, күнделікті, апта сайын электронды форматта сіздің портфолиоңыздың қаптамалары толықтырылады, курстан кейінгі жұмыстарыңыздың дәлелдемелерін жоспарлы түрде сараптамашының сұраныс формасы бойынша ұсына аласыз.
«Өрлеу» ҰБАО АҚ (23-25.12.2015ж.) талдау және мониторинг бөлімі ұйымдастырған семинар кеңесінде атап көрсеткендей, республика мұғалімдерінің біліктілігін арттыру сапасын басқару механизмінің негізін қалайтын бүгінгі мониторингтің ерекшелігі, күтілетін нәтижеге сәйкес нақты ақпарат болып табылады. Сондықтан да, кез-келген біліктілік арттыру курстарынан кейінгі мұғалімнің тәжірибесі диагностикалық құралдармен (сауалнама, сауал, өлшем, кері байланыс және т.б.) бақыланып отырады, мұнда білім нәтижесі анықталады, жалпы келесі бағыттар бойынша білім беретін мектеп жағдайында мұғалімдердің мүмкіндіктері мен қажеттіліктері анықталады:
— оқыту бағдарламасының сапасын және әр түрлі дереккөздерден алған, ақпаратты талдау көмегімен жеке сабақтарды бағалау;
— әр түрлі дереккөздерден алынған, ақпаратты талдау көмегімен рефлексиялау және өз тәжірибесінің сапасын бағалау.
Бүгінгі біліктілік арттыру жүйесінің басым бағыттары курстан кейінгі мұғалім қызметінің өзгеруіне қатысы бар бағалау болып табылады. Курстан өткеннен кейін әрбір мұғалім оқыған бағдарламаның идесы бойынша жаңартуды мақсат етеді, міндетті түрде өз қызметінің мазмұнын қайта қарастырып, аралық нәтижеге жетуге ықпал ететін мақсат жолында практикалық шаралар қарастырады. Бірақ, әр түрлі мақсаттар үшін мониторингтік зерттеу барысында, талап бойынша тез арада нақты нәтиже бере алмайсыз, әрине, сонда Сіз Портфолиода жиналған дәлелдемелерге сiлтеме жасайсыз, сарапшыға және бақылауға қажетті ақпаратты таңдап, салыстырмалы талдау жасай аласыз. Өзіңіз жинаған материалдар, қазіргі заманғы теориялардың қажеттілігін анықтауға, оқыту мен оқу тәсілдерін жаңарту идеялардың ықпалына рефлексивті кері байланыс алуға мүмкіндік береді. Сондықтан да, портфолиоңыздың әр бөлімі сіздің жеке тәжірибеңіз бен жетістіктеріңіздің дәлелі болып табылады, олар: оқыту қызметінің тәжірибелік аспектілері, есептер мен рефлексиялар, әр бағыт бойынша басқа да қосымша дәлелдемелер болады. Сонымен қатар, жинақталған оқу немесе жеке материалдарға ой жүгірту арқылы сіз жаңашыл ой-пікіріңізді жинақтайсыз, өзін-өзі бағалау мүмкіндігің кеңейеді, өзара түсіністік пен дағдыларды анықтай алатын боласыз. Кері байланысты оқи отырып, күн сайынғы өзіңіздің кәсіби өсуіңізді көресіз, тәжірибеге өзгеріс енгізудің дәлелдерін жинақтаудың артықшылығы да осында.
Ұсынылған портфолиомен жұмыс жүйесiн кез-келген жалпы білім беретін мекеме жағдайында пайдалануға болады және осы формат электронды дәлелдемелер жинаудың нұсқасы болып табылады. Қажет болған жағдайда білім беру мекемесінің талаптары мен шарттарын ескере отырып, басқару және бақылау үшін қажетті материалдар тізімі бар екені анық. Әрбір мұғалім тиісінше, талап және тағайындау бойынша материалдарын қағаз түрінде жинауыда мүмкін, бірақ әр қандай жағдайда Портфолио төмендегі мұғалім мәселелерін зерттеуге, шешуге, бағалауға керек:
— нәтижелері мен жетістіктерін таныстыру үшін;
— өз тәжірибесін тарату және материалдарын жүйелеу;
— тәжірибе алмасу және байланыстар / қарым-қатынас орнату;
— кәсіби қызмет көрсетудің рефлексиясы және талдау құралы ретінде пайдалануы үшін;
— сыртқы бағалауды алу қолжетімділігін арттыру үшін;
— кәсіби қауымдастықта өзін-өзі ұсыну және тану үшін.

Әдебиеттер тізімі:
1. Н.Б.Железнякова «Использование технологии «Портфолио» — http://rmo-msk.ru/metodicheskaya-kopilka
2. (Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей, төртінші басылым, 5-бет).

Педагогика
Конкашова Гульмира Ошакбаевна, ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНАЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Мақала авторы: Конкашова Гульмира Ошакбаевна
Жұмыс орны: Экономика, бизнес және құқық колледжі
Лауазымы: оқытушы
Порталға жариялану мерзімі: 21.12.2016

ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНАЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Кәзіргі заманда кәсіптік оқуға жоғарғы сұраныстар орын алып жатыр. Жаңа заманың жұмысшысының еңбек етуінің негізгі  талабы, ол  арнайы дайындық. Білім беру жүйесін дамытудың заманауи үрдістері оқу үдерісіне компьютерлік технологияларды еңдіруді көздейді, қоғамдық өмірдің барлық салаларына белсенді түрде қатысатын, өздігінен жұмыс істей алатын, шығармашылығы мол тұлғаны қалыптастыру колледждің негізгі міндеттерінің бірі.

Компьютерлік білім беру саласындағы шынайы әлем объектілерінің тәртібін үлгілеуге көмектесетін және оқушыларға өздігінен жаңа білім мен машықтарды игеруге жәрдемдесетін виртуалды зертханалар тәжірибеші-педагогтардың назарын аударады.

Зертханалық тәжірибе мақсаты-теориядан алған   білімін тереңдету, әр түрлі көлемдегі өлшеуіш приборлармен жұмыс жасауды оқыту, әдістерімен таныстыру, жинау технолгияларын үйрету және эксперименталдық мәліметтерді өңдеу, нақты зертханалық жұмыс дағдыларын дамыту.

Қытай философы Конфуцийдің «Естігенді ұмытамын, көргенді есте сақтаймын, ал өз ақыл-ойыммен істеген ісімді түсінемін» деген даналық сөзін еске алсақ, зертханалық  жұмыстарды орындау барысында оқушылар теориялық білімдерін практика жүзінде көріп, оның мүмкіндіктерін тереңірек білуге құштарлығы, пәнге деген қызығушылығы артады.

Виртуалды зертхананың артықшылығын атап өте отырып, оны «негізгі назарды зерттелетін теорияның әдістері мен алынатын қорытындылардың сараптамасына бөлуге мүмкіндік беретін» құрал болып табылатынын айтуға болады:

  • оқу үрдісінде оқытушыны алмастырмайтын, студентің білім алу қарқынын және өздігінен оқу мен өзін-өзі қадағалау элементтерімен білім алу жолын таңдау еркіндігін қамтамасыз ете отырып, оқудың тиімді құралы ретінде пайдаланылатынын;
  • өзінің құрамына компьютердің мүмкіндіктері бар жақсы оқулықтың құндылығын біріктіретінін, бұл ақпараттың ауқымды көлемін сақтауды, көрнекілігін, мәтіндік, сызбалық, аудио- және бейне ақпараттарды сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ететінін атап өтуге мүмкіндік береді.

Виртуалды зертхана жағдайында зертханалық тапсырмаларды орындаудың негізгі құндылықтарына төмендегілерді жатқызуға болады:

  • көрнекі суретті және зерттелетін заңдардың әділдігін;
  • сызбаларды өздігінен жинау, олардың параметрлерін есептеу және үдерістерді қадағалау мүмкіндігін;
  • жүргізілетін тәжірибелердің толық қауіпсіздігі мен сыныптағы ауаның тазалығын қамтамасыз етуін;
  • тәжірибелерді өздігінен істеу мүмкіндігін, бұл оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін, олардың конструкторлық қабілеттілігі мен техникалық тапқырлығын арттырады;
  • сабақ үстінде виртуалды зертханалық жұмыстарды орындау теориялық және тәжірибелік сабақтардың арасындағы уақыт тосқауылын жояды, бұл оқытудың тиімділігі мен сапасына әсер етеді, оқушылардың өздігінен танымдық қызметпен айналысуын белсендіреді;
  • виртуалды ақпараттық-оқыту зертханасы белгілі бір әдістемелік негізделген жағдайларда нақты зертханалық құрылғыларға қосымша ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін зерттеу сипатындағы тәжірибелер жүргізуде кең мүмкіндіктерді ұсынады;
  • компьютердегі зертхана оқушылардың стандарттан тыс және проблемалық жағдайларды шешуде субъективті тәжірибесін қамтамасыз етеді.

Зертханалық жұмыстар барысында «студентің зерттеушілермен жасалған бағытта немесе оның өзі жасаған виртуалды құрылғысында «тәжірибе» жасап, талап етілетін көлемдерді өлшеп, содан соң жауаптың компьютерлік тексеруден өтуі» виртуалды ақпараттық-оқыту зертханалары білім берудің басқа да жолдарымен кешенді түрде пайдаланылуының типтік үлгісі болып табылады.

Виртуалды зертханалардың негізгі құндылығы оның мазмұндылығында жатыр. Тамаша навигация, бояу түстері, жылдам жүктелуі мен виртуалды тәжірибелердің сенімділігі білім алу мен игерудің қосымша элементтері ғана. Виртуалды зертханалар «бос үстел» секілді, оған оқушылар арнайы құралдардың көмегімен зертханалық объектілерін жасай алады, оларды бір-біріне қатысты қажетті түрде орналастырады, объектілер арасында байланыстар орнатып, олардың бастапқы мәнін қояды. Негізінен виртуалды зертханалар бір зертханалық модуль негізінде әр түрлі интерактивті модельдер жасауға мүмкіндік береді.

Осылайша, осы заманғы орта білім жағдайындағы виртуалды үдеріс оны жаңа, виртуалды компьютерлік технологиялар деңгейге шығара отырып,  дәстүрлі білім берудің бай педагогикалық әлеуетін пайдалануға бағытталған. Бұдан басқа, виртуалды ақпараттық-оқыту зертханалары жағдайында оқу модельдері арқылы білімнің жаңа салаларын зерттеуде оқушыларда қоршаған орта құбылыстарын танып-білуде өздігінен жұмыс істеу қабілеті артады, өмір сүру барысында туындайтын міндеттерді шешу жолдарын өздігінен табу мүмкіндігі қалыптасады, алынған білімді тәжірибе жүзінде пайдалануға даярлығы артады. Ендеше, оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне септігін тигізетін виртуалды зертханаларды пайдалану электронды білім беретін компьютерлік өнімді ендіру стратегиясындағы сәттіліктің ажырамас бөлігі болып табылады.

Әдебиеттер

  1. А.А. Якушкина, Е.В. Алексеева. Виртуальные лаборатории. // Вопросы информатизации образования,
  2. Михайлов В.Ю., Гостев В.М., Кугуракова В.В., Чугунов В.А. Виртуальная лаборатория как средство обеспечения коллективной научно-методической работы. // Сб. трудов XII международной конференции «ИТО-2002». М.: Проспект, 2002
  3. Гурина Н.А., Медведева О.А. Виртуальная информационно-образовательная лаборатория как средство развития самостоятельности школьников // Информатика и образование, №3, 2007.
  4. http://nsportal.ru/shkola/fizika/library/primenenie-ikt-na-urokakh-fiziki «Применение ИКТ на уроках физики». Парусова И.О.

Педагогика
Нағима Сарсенбаева Виктор Аваси, Коучинг пен менторинг нәтижелері: Жетістігіміз қандай болмақ?

Мақала авторы: Нағима Сарсенбаева Виктор Аваси
Жұмыс орны: Физика математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Тараз қаласы
Лауазымы: мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 19.11.2016

Коучинг пен менторинг нәтижелері: Жетістігіміз қандай болмақ?

      Адам баласы жастайынан өмірдің түрлі сатыларынан сүрінбей өтіп, заманауи дағдыларды үйрену үшін сандаған тәлімгерлік пен тағылымдамадан өтеді. Бұл тағылымдық жетістіктер ғаламдық құзырлықты үйренуден басталады (Шрайнер, т.б.,2005). Әр ұрпақ ресми немесе бейресми, тереңдетілген білім алу кезеңдерін бастан өткізіп, әрі қазіргі таңда көп айтылып жүрген өмірлік білім алу мақсатымен оқуларын жалғастырады. (НИШ, 2012). Ересек азаматтарды оқытудың әлемдік тәжірибеден белгілі екі түрі бар олар; коучинг пен менторлық. Тараз қаласындағы Физика-Математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің ұжымы үшін жоғарыда айтылған біліктілік көтеру тәсілдері мектеп мұғалімдерінің білімін көтеруге арналған бағдарламалардың бірегейі болып табылады. Барлық жас мұғалімдер, ұстаздық еңбектің практикалық сырын тану барысында тәжірибелі мұғалімдерге немесе менторларға тіркелген. Тәлім алушылар өздерінің қажеттіліктерін айқындай отырып түрлі кедергілерден өтуге тырысады, және ауқымды мәселелерді шешуді өздері үйренеді. Дегенмен, коуч пен менторлар қолданатын критерийлер тәлімгерлердің дайындығын екшелеуді субьективті түрде бағалайды, бұл критерийлер жүйеге келмеген, әрі қолданыстағы бар үлгіге қарама – қайшы болып тұр. (Эльмор, 2004).

Осы екі терминнің мағынасына тереңдесек, коучинг дегеніміз адамдар арасындағы қысқа- мерзімді ресми немесе бейресми сенімді қарым-қатынас, яғни коуч тәлім алушыға берілген тапсырманы орындауға біріге отырып әрекет етеді немесе тәлім алушының жұмысты өз бетінше  жеке жасай алуына көмектеседі (НИШ, 2012). Тәлім алушы ментордың көмегі арқылы негізгі мақсатқа жеткенде тәлімгерлік оқытуды тоқтатуға болады. НИШ-тағы тәлімгерлік жұмыс жас маманның өзіне есеп беруі және оның негізгі талаптарын қанағаттандыратын тағылымдамадан тұрады. Кейбір бейресми тәлім мысалы, бір әріптестің екіншісінен соңғы үлгідегі техникалық құралды іске қосуға көмектесу, белгілі бір тақырыпқа сөз тіркестерін құрастыру, адамдарға мейіріммен қарау, пайдаланған қағаздарды қайта қолдану, тіпті ән салып беру деген сияқты істен тұрады. Менторлық — тәлім алушының кәсіби деңгейлікке менторсыз өз бетінше қол жеткізу қиын болатын өзара қарым-қатынас түрі (Аваси, Сарсенбаева 2015). Осыған орай, Тараз қаласының Назарбаев Зияткерлік Мектебінде тәлім алушыға сабаққа дайындалу, сабақ өткізу және сабақтан соңғы рефлексия жасауға, мамандыққа баулу дағдылары үйретіледі. Менторлық мектептен тыс, тәлім алушының жеке басына қатысты тұрмыстық жағдайларға байланысты жүруі де мүмкін. Тәлім алушының ментордан үйренері көп. Демек тәлім алушы тәлімгердің/ментордың ақыл- кеңесіне зәру (Эльмор, 1996). Коучинг пен менторлықта жетістіктер түрлі деңгейде көрінеді. Осыған орай коуч те, менторда тәлім алушыны жаңа дағдыға баулуда мұқият болуы тиіс.

Әдістеме ретінде, коучинг пен менторлық топтық оқутылардан бөлек, бұлар кәсіби дағдыны дамытуға бағытталады. Яғни, кәсіби тәжірибесі жоғары адам (еңбек жолы, кемеңгерлігі басым) кәсіби деңгейі, тәжірбиесі аздау әріптесімен бірігіп жұмыс жасайды. Бұл жерде мәселе жас ерекшеліктерде емес. Коуч немесе ментор тәлім алушыдан  жас болуы да мүмкін (ibid.). Әлеуметтік жағынан қарастырсақ, екі адам арасында әріптестік қатынас құрылады. Коуч немесе ментормен салыстырғанда тәлім алушыда тәжірибелік ақпарат қоры аз (Лонг,1997). Бұлардың арасындағы жұмыстың сәтті болуы тәлімгерліктің менторлық түрі әлде коучинг түрінің жүруіне байланысты. Менторлық, әлеуметтік капитал (сенім, өзара қолдау, өзара көмек) ұжымдық және командалық қатынастарды негізге алады (Хэррис және Дали, 2006). Ментор тәлім алушыға түрлі тақырыптық кездесулер, семинарлар, қоңырау шалу, хаттар жіберу арқылы білімі мен тәжірбиесін көтере алады, сонан кейін осы жұмыстың нәтижесін кері байланыс арқылы тексереді. Бірақ, тәлім алушыны бақылау бейресми түрде жүзеге асады. Коуч немесе ментор өз тәжірбиелеріне сүйене отырып тәлім алушының қолынан келетін істі тапсырады. Коучинг пен менторлық өз тәжірибесімен бөлісуді білдіреді. Коуч/ментор тәлім алушыдан кәсіби тәжірбиесі молырақ болғандықтан, тәлім алушының біліктілігінің кемшін тұстарын толтыруға тырысады. Тәлім алушы болса, коуч пен ментордың кеңесі арқылы, өз мамандығына байланысты кәсіби дағдысын кеңейтуге күш салады (Эльмор, 2004). Тәлім алушы өзіне қажетті білім мен тәжірибені меңгерген соң өзі де тәлімгерлік іспен айналысуына болады.

Мамандыққа байланысты білім сапасын көтеру бірегей секіріс емес. Мамандыққа байланысты білім көтеру жоспарлы, Жақын Арадағы Даму аймағы теориясын есте ұстауды талап етуші әрекет. Бұл туралы әдебиеттер коучинг пен менторлық арасындағы байланысты анықтайтын Үйрену Доғасының  сандық қатынасын зерттейді. Үйрену доғасы менторлық пен коучингтің жетістіктерін суреттейтін тәсіл. Дегенмен, бұл мақала есептеуге негізделмейді. Бастапқыда, коуч пен ментордан сабақ алмас бұрын тәлім алушы жоғарыда көрсетілген кестенің А нүктесінде тұрады. Еңбек жолын бастаушы барлық жас маман, тіпті тәжірбиелі деген кейбір мұғалімдер де осы А нүктесінде тұрады. Ешбір әріптестің, ешбір сыртқы күштердің әсерінсіз жас маманның білгені осы нүктеде. Коуч пен ментор жас маманға көмек қолын созбаса, Жақын Арадағы Даму аймағы В немесе С нүктелеріне жетуі беймәлім. С нүктесіне жету ментор мен коучтың қолдауын, көмегін талап етеді. Ал Д нүктесі мамандықты меңгерудің жоғарғы сатысы, демек коуч пен ментор осы нүктеде оқыту мақсатын өзгертеді немесе тәлімгерлікті доғарады. Жақын Арадағы Даму аймағын қарапайым құрал ретінде санағанымызбен, ол менторлық істі объективті түрде бағалауға жәрдемдеседі. Коучинг/менторинг үдерісі уақытты талап ететін үрдіс. А нүктесі мен АВ-ның қосындысы мамандыққа үйрету процесінде тәлім алушының осы үдеріске оның өз тарапынан қосатын үлесін көрсетеді. А нүктесі тәлім алушыны менторға таныстырады. Ал АВ қосындысы менторлық жұмыстың сапасының көрсеткішін білдіреді. Ментор мен тәлім алушының арасындағы жұмыс басталды делік. Тәлімгерлік те басталды.  Бұл жағдайда сабаққа қатысқан күндер есепке алынады. Әріптестер арасында телефон арқылы байланыс та жүзеге асады. Алғашқы таныстырылым оқулар және Кері байланыс орындалады. Болашақ жоспарлар құрылады. Үй тапсырмасы беріледі. Мақсатқа жету үшін тәлімгерлік нәтижелер көріне бастайды, дегенмен олар актуальді оқуды білдірмейді. АВ, ВС, СD доғасынан шыққан нәтиже тәлім алушының талпынысынан туындайтын біліктілік. Бұл енді тәлім алушының бойында жаңадан қалыптасқан тұрақты ерекшелікті, яғни ментордың біліктілігін тәлім алушының іс-әрекетімен қайталауы болып саналады. Атап айтқанда, тәлім алушы менторлық курсқа дейінгі беймәлім кәсіби дағдыны меңгереді. Тәлім алушының үйренген дағдылары мен білімі оның тиімді сабақ беруінен, сабақ жоспарын құрастыруынан, ұжымы мен сыныбына көшбасшылық қабілетін көрсете білуінен байқалады. Сонымен бірге, оқушылардың білімін бағалай алу, оқу бағдарламасы мен білім беру саласындағы мәселелерді шеше алуы да ескеріледі. Мектептегі түрлі шаралар мен сыныптағы жұмысты бақылау, командалық және қызметтік функцияларды  орындай алуы менторлық жұмыстың нәтижесін көрсетеді.

Менторлықтың әсерлі күші D нүктесінде. Бұл нүктеден тәлім алушының кәсіби біліктілігінің көлемін байқауға болады. Тәлім алушының біліктілік дәрежесі өседі. Оның үйренетін мүмкіндіктері тәуекелшілік пен танымнан тұрады. Тәлім алушы алдағы қиыншылықтардың санын кеміте отырып, олардан сабақ алуға тырысады. (Лэк, 2004). Демек, осы кезеңде тәлім алушы өз бетінше әрекет ете алатын, менторлық қабілеті басым, жас мұғалімдердің келесі тобына тәлімгерлік жүргізе алатын маман деген сөз. Бұл көрсеткіш оқыту үрдісіндегі тұрақтылықты білдіреді. Өйткені, бұған дейін бір ментор болса, тағылымдама соңында екі ментор тәлімгерлік санатқа қосылады. Көбею деңгейі қозғалысты білдіреді. Параллель сызықтар заңына орай, екі ментор төрт ментор көлемінде, ал төрт ментор сегіз ментор көлемінде ұлғаяды. Екіншіден, менторға айналған тәлім алушы, өзінің қуатымен жаңа белестерді бағындыруға талпынады. Дәл осы тәуелсіздік бізді қоршаған ортадағы сансыз дағдыларды «әбзелдеуге» көмектеседі. Осы ретте, Тараз қаласының Назарбаев Зияткерлік Мектебінің менторлық жұмысы дәлел бола алады. Шынайы менторлық жұмыс – сәттілік нышаны.

Қолданылған әдебиет

  1. Avasi, V., and Sarsenbayeva, N. (2015). Improving writing outcomes at Grade 11: An Action Research, NIS PhM Taraz
  2. Elmore, T., & Maxwell, J. C. (2001).Mentoring: How to Invest Your Life in Others. Equip.
  3. Elmore, T. (1996). The greatest mentors in the Bible: 32 relationships God used to change the world. Kingdom Publishing House.
  4. Harris, P., & Daley, J. (2006, November). Mentoring in the Workplace: Creating Collaborative Learning Cultures. In Workshop presented at the Adult Learning Australia 46th Annual National Conference.
  5. Lack, R., (2004). 101 Leadership Principles from the Book of Nehemiah. Glifa, Good Literature For All, 3704 Krattige, Switzerland.
  6. Long, J. (1997). The dark side of mentoring.The Australian Educational Researcher24(2), 115-133.
  7. Nazarbayev Intellectual Schools (NIS). (2012). In-service Training Programme for the Pedagogic Staff of the Republic of Kazakhstan. Intermediate Level (1st ed.). Astana, AO: Centre for Pedagogic Measurements.
  8. Schreiner, P., Banev, E., & Oxley, S. (2005). Holistic education resource book. Waxmann Verlag.

 

Педагогика
Кыдырбаева Ботагоз Женисовна, Педагогтардың кәсіби деңгейінің даму критерилары

Мақала авторы: Кыдырбаева Ботагоз Женисовна
Жұмыс орны: № 6 Хромтау гимназиясы
Лауазымы: физика және информатика пәндерінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 21.10.2016

Педагогтардың кәсіби деңгейінің даму критерилары

 

Педагогтертар мен психологтар адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді.Мысалы, ұлы педагогтер А.Дистерверг ,К.Ушинский А.Макаренко ,В.Сухомлинский ,т.б мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы , адамның жан дүниесі , рухани әлеміне бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік- кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.

Обьективті критерийлер. Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі.Жоғары еңбек көрсеткіші,әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б жататындығын атап өтеді.

Субьективті критерийлер. Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субьективті критерийлерге кәсіби – педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын , оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.

Нәтижелі критерийлер. Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады.Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым- қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды, ал оқыту нәтижесі біз үшін баланың психологиялық функцияларын жетіліп, өзінің педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы.

Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады.Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс. А.Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі: мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі: мамандықта өзін-өзі өзектендіру кезеңі:мамандықты еркін меңгерген кезең: мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең. Осылайша ғалым кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын шебер- мұғалімнің , жаңашыл- мұғалімнің, зерттеуші- мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады.

Ең бірінші кезекте мұғалімнің « өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.Қазіргі кәсіптік- педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.

Ал, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық- ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс- қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз.

Критериалды бағалау жолдарын ашу барысында жаңа педагогикалық технологиялардың сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық-коммуникациялық технологиясы және зерттеу мен жобалау технологиялары арқылы жүзеге асыра аламыз.

Сын тұрғысынан ойлау — өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы оқушылармен  пікірлесу, топтасу. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушылардың  бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Ақпараттық-комуникациялық  технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай  ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды, жобалау мен зерттеу әдістері  және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің , оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне, сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді.

Сонымен  қатар телекомуникациялар жүйесі қарқынды дамып, интернет жүйесі әр тұтынушыға ұсынылып, әр оқушы интернет жүйесіне кіруіне мүмкіншілік туып  отыр. Осындай мүмкіншілікті пайдаланып, копьютерлік желіні  қолданып, жергілікті желіні пайдаланып кіріктірілген сабақтар өткізу. Мысалы  практикалық тапсырмалар орындау барысында физика, математика, экономика кабинеттерімен  және библиотеканың мәлімет қорымен байланыс ұйымдастыру.Информатика сабағын интернет-ресурсын пайдалану  арқылы оқушыларды өз бетімен қашықтықтан білім алуға және алған білімдерін тексеруге, оны  практикада қолдана алуына тиімді.

Оқытудың  тұлғалық-бағытталған жүйелерін пайдалану барысында оқушылардың жалпы ойларын бір жүйеге келтіру, жақсы психологиялық жағдай жасау, ойлау қабілеттерін дамыту және өз бетінше білімдерін бір жүйеге келтіру мақсатында зерттеу мен жобалау әдістерін қолдануға болады.

Зерттеу мен жобалау технологиясы бойынша оқушылар жұмыстардың бірнеше түрлерін орындайды. Мысалы: доқлад, реферат дайындап, баяндау; әртүрлі шығармашылық жұмыстарды дайындау; пән бойынша апталықтың бағдарламасын жасау, мерейтойлардың ашуларын дайындау ( ұйымдастырылған жоба); шағын қойылымдар, концерттер дайындау (проект–инсценировка); жобалар бойынша жасаған моделдерін пайдаланып көрме ұйымдастыру(проект–выставка); жоба бойынша видеофильм түсіру
(проект–видеофильм); компьютерді қолданып, видеоклип, слайд, музыкамен сүйемелдеу ( проект– мультимедийный).Жобаны орындау мақсаты- қарым – қатынас, сөйлеу барысында оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетімен атқаратын жұмысын жете білу, жоғарылату болып табылады.

Іс тәжірибеден критериалды бағалау жүйесін  практикада қолданысы  ретінде кластан тыс шара «пікірталас сабағы»

Пікірталас мәдениетіндегі ең бастысы аудиторияға ой тастау, ал көпшілік ойын әрқашан бір арнаға құя бермейді. «Ойды ой қозғайды», жаңа пікір тудырады немесе жаңа пікірдің ашылуына жағдай жасайды, не қарсы көзқарас пайда болады.

Сұрақтың мазмұнына қарап, оны екіге бөлуге болады:

  • түсіндірме сұрақтар;
  • қосымша сұрақтар

Сұраққа берілген жауапқа әрқашан да барлығы бірден келісіп, мойынсұну бола бермеуі де мүмкін, осы тұста пікірталас пайда болады.

Пікірталас – түрлі көзқарас, ой-пікірлерді қатар қою, салыстыру, салғастыру арқылы өзінің көзқарас, ой-пікірін дәлелдеу.

Тақырыбы: «Қазіргі заманның кереметі»

Сабақтың түрі: дебат /пікірталас/

Сабақтың мақсаты:Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау;

Дамытушылық: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп,  қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар, мультимедиа
құралдары

Жұмыс барысы:

Оқушыларды екі топқа бөлу. дебат /пікірталас/ жүргізу

І топтың тақырыбы: «Ғаламтор».

І топтың жоспары: 

Ғаламтордың қызметі.
Ғаламтордың пайдасы.
Ғаламтордың зияны,
ІІ топтың тақырыбы «Электрондық пошта.»
ІІ топтың жоспары:
Электрондық поштаның қызметі.
Оның пайдасы
Оның зияны.
Қолдану ережелері
Жобаларды бағалау, қателерін түсіндіру, жетістіктерін айту.

Оқушыларістейбілуіқажет
Критерий А
Қажеттіақпараттыіздеп табу;
Алынғанақпараттытүсіндіру;
Ақпараттыталдау;
Қазіргіқоғамдағыақпараттыңалатынорныжәнеролінтүсіну;
Критерий В
Мәселеніанықтайалужәне гипотеза ұсыну, зерттеумақсатынанықтау, қорытындышығару;
Қажеттіақпараттыдұрыстаңдайбілу;
Қосымшаақпаратіздейалужәне оны өзбетіменмақсатқажетуүшінқолданаалу;
Критерий С
Мәселенішешужоспарынқұру, өзбетіменсипаттау;
Өзшығармашылыққызметінтиімдіжоспарлаужәнеұйымдастыру;

Критериалды бағалау шкаласы

Критерия Оқушылардың жетістіктерінің деңгейі Дескрипторы
А

Білу және түсіну

0 Оқушы критериийлердің ешқайсысын орындаған жоқ
1 Қажетті ақпаратты іздеп табу

Алынған ақпаратты түсіндіру;

2 Алынған ақпаратты түсіндіру

Өмірге қажетті ақпаратты анықтай алады

3 Ақпаратты және бұрын алған білімді жаңа немесе бейтаныс жағдайларда қолдану және пайдала білуді түсіндіру.

Көркемдеуіш құралдарды орынды қолданады

В қолдану 0 Оқушы критериийлердің ешқайсысын орындаған жоқ
1-2 Берілгендерді дұрыс жинау және қолдану арқылы болжамды зерттеу және өз қорытындыларын жасау.
3 Ақпаратты және бұрын алған білімді жаңа немесе бейтаныс жағдайларда қолдану және пайдалану
4 Дерекнамалардан, анализ, синтез және ақпаратты бағалаудан туындайтын пікірді қалыптастыру.

Мазмұның өз бетімен әсерлі жаза алады

С

Сыни ойлау және зерттеу

0 Оқушы  төменде көрсетілген деңгейлердегі кез-келген біреуінеде жеткен жоқ.
1-2 Ақпаратты  таңдалған бағыттарына байланысты  мақсатына сәйкес кейбір  сараптама жүргізу  және жеке  ой оның дәлелдері мен дәлелдемелер / фактілер қолдану.
3 Ақпаратты  таңдалған бағыттарына байланысты  мақсатына сәйкес  нақты  терең сараптама көрсетіді және  жеке  ой оның дәлелдері мен дәлелдемелер бойынша өз пікірін қолдайды.
4 Қажетті бағдарламаларды техникалық талаптар сай талдау, ресурс шығынына сәйкес бағдарламалар ерекшеліктерін  бағалау үшін өз ұсыныстарын ұсыну және  мүмкін болатын бірнеше нұсқаларын құрастыру, талдау қорытындылау.
Рефлексия   Өз ойларын сөзбен жеткізуі немесе графиктік түрде (яғни ақпаратты меншіктейді) еркін дәйектілейді, өз пікірлері мен идеяларын басқа оқушылармен бөлісуі

Қорыта келе, Теодор Сайзердің «Баға беру және есепке алу – керемет мақсаттар. Білім алу үдерісіне кедергі тигізбейтін және біздің жан салып жасап жатқан ісімізге пайдалы да әділ баға беретін жүйе…» дегендей,  бағалауды дұрыс ұйымдастырылған жағдайда  мұғалім оқушыларға олардың іс-әрекеттеріне байланысты түсінік, ұсыныс т.с.с. бере отырып, жүйелі түрде кері байланысты қамтамасыз етеді. Кері байланыстың әсерінен мұғалімдер  өздерінің оқу үдерісін ұйымдастыруға белсенді қатысады. Ол үшін мұғалім оқушылардың оқу нәтижелерінің өзгеруіне байланысты оқыту және оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін, техникасын өзгертіп отыруы қажет. Мұндай бағалау жаппай тәжірибеде мұғалімнің қалыптастырушы бағалаудың теориялық негіздерін және оны ұйымдастырудың алгоритмін меңгерген кезде ғана жүзеге асады деп есептейміз.

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім берудің негіздері, Педагогика, Қоғамдық пәндер
Казыгулова Маржан Ясыновна, Қоғамдық пәндерді дамыта оқыту технологиясы арқылы студенттердің танымдық белсенділігін арттыру

Мақала авторы: Казыгулова Маржан Ясыновна
Жұмыс орны: Гуманитарлық колледж
Лауазымы: қоғамдық пәндер оқытушысы
Порталға жариялану мерзімі: 06.10.2016

Қоғамдық пәндерді дамыта оқыту технологиясы арқылы студенттердің танымдық белсенділігін арттыру

Білім беру жүйесін дамыту: тәжірибелері, мәселелері, шешу жолдары

         Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің  басты міндеті – білім берудің жаңа технологияларына өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау, өмірге жан-жақты даярланған тұлға етіп шығару. Оқу әдістерін жетілдіру үшін жас ұрпақтың ой еңбегін, өз бетінше жұмыс істей алу белсенділігін, алға қойған мәселені шеше білу қабілетін арттыру мақсатында оқу үрдісінде компьютерлерді және ақпарат  технологияларын кеңінен қолдану керек.

        Қазіргі өзгерістерге толы қоғамда оқу орнының негізгі міндеттерінің бірі – осы өзгерістерді тарихи даму тұрғысынан түсіндіру, көмектесу. Ал түсіндіретін пәндер – тарих, қоғамтану, құқық, экономика және басқа да қоғамдық пәндер.  Адам баласының ғылыми дүние танымын, көзқарасын қалыптастыруда қоғамдық пәндердің маңызы зор. Дүниені, дүниедегі құбылысты, өзгерісті жан-жақты түсіну үшін өткен өмірімізді, тарих беттерінің өткен кезеңдерін, ондағы тарихи деректерді білуіміз керек. Қоғамдық пәндерді оқытып білдіре отырып, жеке тұлға санасына дұрыс дүниетанымды қалыптастырамыз, қоғамда болып жатқан өзгерістерге ғылыми түрде түсіну қабілетін дамытамыз. Оқытуды әрі қарай дамыту, жетілдіру үшін жере тұлғаның ой-еңбегін, өздігінен жұмыс істей алу белсенділігінің , алға қойған мәселені шеше білу, қабілетін арттыру мақсатында оқу үрдісінда жаңа технологияны кеңінен қолдану керек.

         Студенттердің танымдық іс-әрекеттерді жоспарлау және ұйымдастыру біліктерінің қалыптасуына оқу-танымдық тапсырмаларды шығармашылық тұрғыдан шешудің маңызы зор. Танымдық тапсырмаларды орындау шығармашылықты, ізденімпаздықты талап етеді.

        Танымдық іс-әрекетте ізденімпаздықпен жұмыс істеу  — алдымен мақсатты дұрыс қойып, жоспарлы әрекет етуден басталады. Мақсатқа, нәтижеге жетуде жоспар екі  негізгі бағытты қамтуы керек: проблема жүйесі және оның шешу жолдары. Танымдық тапсырмаларды шығармашылықпен шешу үшін алдымен жоспарлау және ұйымдастыру бірлігінің болуы шарт. Бұл біліктер тек қана оқу танымдық тапсырмаларды орындау да үлкен рөл атқарады.

          Танымдық іс-әрекет  — жеке тұлғаның білімге деген өте белсенді оқу-ой әрекеті. Осы іс-әрекетті жетілдіру қажеттігі педагогтар мен психологтардың еңбектерінде айтылған. Сократтың өзі-ақ оқыту барысында оқушының танымдық іс-әрекетін  арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен еді.

         Ұлы педагог Ы.Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде, балалармен дұрыс сөйлесе білуінде «үлгілі, дұрыс бағыты жолға қойылған мектеп оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, өз ортасын тануға, ой еңбегін тануға, ой еңбегін үйретуге тиіс».

         Ш.Құдайбердиев білім беруде оқушының ойлау белсенділігін, ақыл парасатын дамытуды басты бағдар деп таныды. Оқытудың әдіс-тәсілдеріне уақыт деңгейі тұрғысынан қарап, білім алудың өнегелі жолын көрсетті. «Оқыту мен үйрету зорлау, күштеу емес, баланың дербес ерекшелігі мен бейімділігіне қарай жүргізілсе дұрыс болады» — деп көрсетті. Жүйелі, дұрыс ұйымдастырылған танымдық әрекетке түрлері нәтижесінде шәкірттің білімі, біліктілігі кеңейіп, танымдық ізденімпаздығы қалыптасады. Студенттердің жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны ұйымдастыра білуі, танымдық іс әрекет түрлерін таңдап, оны жоспарлай білуі, ізденімпаздығын арттыру қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр.

         Технология – жеке тұлғаны дамытуға негізделген мақсатты педагогикалық жүйе. Ал дамыта оқыту тарих сабағында  ауызша баяндау арқылы білім беретін пән. Қоғамдық пәндер тарих, қоғамтану, экономика негіздері сөз сабағы, сол себепті студенттердің өздігінше, көбіне жеке жұмыс атқаруына қолайлылығын, сызбалардың, кестелердің қолданылуы керектігі ескеріледі. Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, оқушыларға оның әсері мен ықпалы ерекше болады. Бұл үшін өз сабақтарымда жаңа технологиялық оқыту бағдарламаларының дамыта оқыту әдісін таңдап алдым.

           Сабақ – оқытудың негізгі үрдісі. Оны есте қалдыру, жеке тұлғаның санасына терең сіңіру әрбір мұғалімнің өзіндік шеберлігін қажет етеді. Сондықтан пән мұғалімдері  қазіргі оқытудың  тиімді әдіс тәсілдерін, жетістіктерін пайдаланып, сабақтың сапасын, ғылымилығын арттырып, оқушының өзіндік ойлау қабілетін дамытып, ізденіске, шығармашылыққа бағыттауы қажет. Өзімнің жұмысымда «дамыта оқыту технологиясы арқылы» сабақтарымды өткізіп жүргендігім жайлы және оның нәтижелерін ұсынғым келеді. Бұл жоба ең алдымен маған сабақ жоспарын жазуыма еш қиындық  туғызбайды, көптеген жоспарлау жұмыстарын жеңілдетеді. Ал оқушылар болса, жаңа тақырыпты өзінің ізденуі арқылы шығармашылыққа, ізденімпаздыққа ұмтылады, мұғалімнің көмегінсіз әрекет ете алады. Үй тапсырмасын орындауда көп ізденіп, қосымша әдебиеттерді  пайдаланып жауап береді. Сондай-ақ берілген тапсырмаға өздігінше мәнжазба, баяндама, зерттеу, саралау тест жұмыстарын жүзеге асырады.

       Қорыта келгенде, егер мұғалім сабақты қызықты, тартымды өткізіп, үнемі баланың ізденісіне көңіл бөлсек, тұлғаның ойлау қабілеті дамып, танымдық белсенділігі артады.

       Бұрыңғы оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық рөл берілсе, қазіргі технологияларда студент белсенділік көрсетуі тиіс, мұғалім бағыт беруші, ал тұлға өздігінен оқып білім алуы керек. Сол арқылы студент ізденіп, өз қажеттігін, өзі таңдаған  жолында іскерлікпен жетістікке жетуге мүмкіндік алады. Ал мұғалім әрбір жеке тұлғаның қызығушылығын және шығармашылық қабілеттерін ашуға көмектеседі. Ұлы тұлғалардың бірі Н.А.Рубакин: «Нағыз білім атаулыға өздігінен іздену арқылы ғана қол жетеді» десе, ұлы ойшыл Әл-Фараби: «Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз» дей келе мәселенің түйінін шешу жолдарын ойластыруда, танымын арттыруға аса көңіл бөлу керектігін айтқан.  Оның маңыздылығың байқалу жолдары:

  • Жеке тұлға еркін ойлау қабілетін дамыту арқылы таным мақсатына жеткізетін сұрақтар туғызу және оларды анықтау;
  • Жаңа білімді игеру жолдарын іздестіру;
  • Жаңа білімді өздігінен іздену, қосымша құжаттармен, деректі материалдармен жұмыс істеу дағдысын, нақтыландыру, тереңдету;
  • Іздену мәселені дамыта жан-жақты шешуде жаңа білімді игеру кезіндегі пайдаланатын әдістерді меңгеру;
  • Таным белсенділігін дамытатын мәселелер ойлау белсенділігін арттырудың амалы ғана емес, көп жағдайда адамның қабілетінің ашылуына және қай бағытта дамып келе жатқанын да анықтайды.

           Дамыта оқытудың негізі – оның мазмұнында, оқытудың түпкі мақсаты-тек қана білім алу ғана емес, сонымен қатар жан жақты даму болып табылады. Бұл жобаның түпкі мақсаты: ғылыми танымның нәтижелерін игеру, оқушыларды ғылым негіздерімен қаруландыру, оларға тиісті іскерліктермен дағдыларды меңгерту. Сонымен қатар білімге құштар, ой өрісі жан-жақты  дамыған, демократиялық қоғамның азаматын тәрбиелеу.  Ол үшін төмендегі қағидаларды берік ұстанамыз:

    — жеке тұлға мен оқытушы арасындағы тепе-теңдік жағдай;

    — жеке тұлға мен оқытушы арасындағы өзара сыйластық, бір-бірінің үйренуіндегі және үйретудегі көмегінің маңыздылығы;

    — сабақта шешуші рөл оқытушы емес, керісінше жере тұлға екендігі туралы пікір қалыптастыру

    — әрбір жеке тұлғаның  білім дәрежесін басқамен   салыстыру емес, жеке тұлғаның  нәтижесін, бүгінгі мен ертеңін кешегі нәтижелерімен салыстыру арқылы дамыта оқыту.

            Қоғамдық пәндерді оқыту барысында жас ұрпаққа білім беруде білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді жеке тұлғаның дамыту белсенділігін дамыта оқыту технологиясы арқылы дамытсақ, жас ұрпақтың бойына жоғары белсенділікке, адамгершілік қасиеттерді, олардың дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру мүмкіндігі артады. Дамыта оқыту технологиясы арқылы жеке тұлғаның  танымдық және ізденіспен, шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында өзіндік ізденгіштік, мақсаткерлік қасиеттері мен білім сапасының көтерілуі байқалды.

         Қоғамдық пәндерде дамыта оқыту технологиясы  арқылы студенттердің танымдық белсенділігін арттыра оқытудың тиімділігі зор.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Білім туралы » Заң
  2. Т.Тұрлығұл. «Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі». Алматы, 2003 ж
  3. Б.Тұрғынбаева «Дамыта оқыту технологиясы». Алматы, 2007ж