Педагогика
Әнесов Ғани Әбдіхамитұлы, Педагогикалық әдіс–тәсілдер білім сапасын арттырудың басты құралы

Мақала авторы: Әнесов Ғани Әбдіхамитұлы
Жұмыс орны: "Абылай хан" атындағы колледж мекемесі (Қызылорда қаласы)
Лауазымы: Химия пәнінің оқытушысы
Порталға жариялану мерзімі: 05.01.2018

Педагогикалық әдіс–тәсілдер білім сапасын арттырудың басты құралы

 

Білім беру жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білім берудің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы айрықша. Танымал ғалым, педагог, философ, профессор Джон Дьюидің: «Егер біз бүгін балаларымызды кешегідегідей оқытатын болсақ, онда біз оның ертеңін ұрлаймыз» деген ойына негізделе отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастап отырмыз. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды.  Осыған орай мұғалім алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды, тілдерді меңгеру, оларды тиімді қолдану міндеті тұр. Білім мазмұнының жаңаруымен қатар критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарды қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Заманауи мұғалім оқыту стратегиясының барлық мүмкіндіктерін қолдану үшін түрлі педагогикалық тәсілдерді құрамдастыруда әртүрлі арсеналы болу қажет. Білім беру стратегиялары барлық сыныппен, топта жүргізілетін жұмыс, жеке жұмыс және білім алушылармен кері байланыстан тұрады. [1,28-бет]

Қазіргі таңда әр ұстаздың  алдына қoйып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетiлдiрiп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Оқыту процесінде пайдаланылып отырған әртүрлі әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялар өз нәтижелерін беруде. Олар баланың жеке қасиетін аша отырып, оның танымдық қабілетін  қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасап отыр. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар білім алушының  жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуына ықпал етеді. [1,40-бет]

 

Әдіс-тәсіл түрі Мақсаты Тиімділігі Қолданылуы
 

«Миға шабуыл»

(әдіс)

Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салу. Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болады. Жаңа сабақ бастар алдында осы әдіс бойынша сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады.
«Сұраққа жетіп ал»

әдісі

А.Ж.Егізбаев бойынша

Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту. Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Ақпаратпен ықыласпен жұмыс жасайды. Мәтінге, әңгімеге сұрақ қояды, тұжырымдайды. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды және сұрақтар қояды. Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды.  Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақ қояды және талқылайды. Мәтінді толық немесе бір бөлігін оқыту (мәтіннің күрделілігіне, оқушылардың даму ерекшелігіне қарай) оқылған мәтіннің мазмұнына әр деңгейлі сұрақтар қою. 1-ші доп – сұрақ қояды, 2-ші доп сол сұраққа жауап береді.
«Джигсо» әдісі

Элиот Аронсон бойынша

Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту. Ынтымақта бірлікте жұмыс жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға,   түйінді ойды саралауға жетелейді. Көлемді мәтін төрт бөлікке бөлінеді оқушыларда  төрт адамдық шағын топтарға бөлініп  («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады,

сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.

«INSERT» әдісі Оқылған мәліметті   түртіп  алу жүйесі бойынша   таным түсінігін  қалыптастыру. Жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу жүйесімен мәлімет жинайды, саралайды, бағалайды. Тапсырманы оқып, түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс жасалады:W- білемін; + жаңалық; — білмеймін; ?- білгім келеді; кесте жүйесі бойынша жұмыс жасайды.
«Кластер» әдісі  Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды жинақтау, тұжырымдау. Тақырыптардың байланыстары туралы  сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздейді, идеяларды жинақтайды. Тұжырымды ойларын қарталарға түсіріп, топтық жұмыс қорғалады (постер)
«Фишбоун» әдісі (постерде)

Жапондық профессор Исикава бойынша

Жаңа мәліметті, идеяларды сұрақ-жауап арқылы жаза  отырып, қорытынды ойларын жинақтау. Берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді. Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге болады.
«Үштік» әдіс

(Ойлан, жұптас, бөліс)

Оқушылар ойына келген жауаптар немесе идеяларды барынша көп жазу арқылы, кейін өз идеяларымен бөлісу. Оқушылардың есте сақтау қабілеті (мұқият тыңдалым) сақталады. Өз ойын ашық айта алады. Оқушылардың оқылым, айтылым, тындалым, жазылым дағдылары қалыптасады. Сынып бойынша тапсырманы оқиды. Оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді:бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады.
SWOT талдау  Оқушының бір мәселе бойынша ойлау, талдау, салыстыру қабілетін дамыту. Өз пікірін ашық айту.  Сабақты қорытындылау барысында және кері байланыс беруге қолданылады.

 

  Бұл әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды, жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, мүмкіндіктері бағаланып, қауіп-қатерлері туралы нақты дәлелдер келтіріледі.

 

«Кейс – стади» әдісі Нақты болған немесе ойдан шығарған жағдаятты талдау, болжау. Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Мәселелерді шешуге, баламасын анықтауға, мақсаттарын айтуға, талдауға мүмкіндік береді. Жұмысты жүргізу үшін бір  жағдаят ұсынылады, оны бөліп-бөліп кезекпен оқиды, немесе айтады, қалғандары талдау жасап, өз ойларын ортаға салады.
«Кинометафора» әдісі

Харизма бойынша

(Н.Баринов)

Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.
«Бес саусақ» әдісі Оқушының бір-біріне бес саусақтай бірігуіне ықпал ету. Бас бармақ – басты мәселе

Балалы үйрек – бірлесу

Ортан терек – ойлану

Шылдыр шүмек – шынайылық

Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы

Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:

1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

2. «Балалы үйрек»— бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?

3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?

4.  «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақмаған ұнадыма? Неліктен?

5 «Кішкентай  бөбек»-көңіл-күй ахуалы.

Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

«Сұрақ ілмегі» әдісі Оқушының ойын ашық білдіруіне дағдыландыру. Оқушы сабақтың қай бөлігін немесе тақырыпты түсінбеген болмаса сабақ төңірегінде ойландырып жүрген сұрақтарын ашық айтады. Бұл әдісті жазбаша немесе ауызша өткізуге болады. Сұрақ қою арқылы баланың сабақты қалай меңгергенін немесе меңгермеген жерлерін білуге болады. Керісінше бала өз ойын ашық жазып іліп кетуіне болады. Түрткі болу, сынақтан өткізу немесе қайта бағыттау техникаларын пайдаланады.
«Эйлер шеңбері» әдісі

А.Ж.Егизбаев бойынша

Тақырып бойынша негізгі идеяларды жинақтап, саралау. Идеялар жинақталып, сараланады А-4 параққа, шағын постерге Эйлер шеңбері сызылып, кезекпен идеялар талқыланып, жазылады. Не?Қалай? Неге? Нәтиже? деген Мәселер бойынша идеялар сараланады.
«МИКС» жаттығуы

А.Ж.Егизбаев бойынша

 

Идеяларды жинақтап, түйіндеу, кері байланыс жасау. Идеяларды жинақтау, түйіндейді. Әр топ шығармашылық көзқарас білдіреді. Тақтаға түйінді 9-10 тірек сөздер жазылады. 1-ші топ – өлең шығару, 2-ші топ – эссе жазу, 3-ші топ – суреттеу, 4-ші топ – сахналық көрініс, 5-ші топ – бір әннің мелодиясына салып, топпен орындау.
«Желпуіш» әдісі

Саймон Браунхилл бойынша

 Идеяларды жинақтау, жазбаша кері байланыс беру Идеялар талқыланады, жинақталады А-4 түрлі түсті параққа желпуіш жасалынып, әрбір бөлігіне кезекпен идеялар жазылады, кейін талқыланады.

 

Қорытынды

Жалпы қорыта айтқанда, аталған әдіс — тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни,білім алушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді ұжымда ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа кез-келген пәндер  осындай әдістерді пайдаланса, тиімді болатындығын айтуға болады. Осыдан кейін ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану»  Оқу құралы /Әлімов А.Қ., Астана, 2014ж. «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы.
  2. «Ел және мұғалім» газеті, №5 (0014), 10 ақпан, 2017 ж.
  3. Ү. Бөлекбаева.  «Ұстаздық ізденістер»   Алматы, 2007 жыл
  4. Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру.  «Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық орталығы.  Шымкент, 2014 жыл
  5. 5. Жаңа жоба-жаңашылдық бастауы.  Алматы, 2012 жыл

 

 

 

 

Педагогика
Қобдабай Қабдыразақұлы, Қазақ педагогикасындағы танымдық түйткілдер

Мақала авторы: Қобдабай Қабдыразақұлы
Жұмыс орны: зейнеткер мұғалім
Лауазымы: зейнеткер
Порталға жариялану мерзімі: 15.12.2017

Қазақ педагогикасындағы танымдық түйткілдер

Бүгінгі Қазақ педогогикасы, ірі төрт саладан тұратын іргелі ғылымға айналды.Олар:Әулеттік мектеп педагогикасы,әлеуметтік педагогика және ілімдік педагогика,материалистік пелагогика.Қазақ мектебінің басы– Ана мектебі. Оның тарихы тым тереңде жатыр.Ол даму тарихында Дана мектебі дәрежесіне жеткен.Қазақтың жеке ел болып,еңсе көтерген сол бір дәуірде,текті ата әулеттерінде Қарашаңырақ мектебі орнаған. Әулет,ауыл, ру,тайпа аумағында ақсақалдар мектебі ерте дәуірде қалыптасқан. Бұлар тіршіліктің бар саласында,өмірдің әр белесіне етене араласып, әже-ата,әке-шеше, жезде -женге мектебі аталып, қазақ қоғамында ауқымды педагогикалық іс-әрекет жүргізді, жас ұрпақты өмірге дайындады,үлгі-өнеге ұқтырды.Оларды жалпысынан Әулет мектебі деп атадық Әулет мектебінде-білім беру, тәрбиелеу ісі әдетте, отбасылық тәрбие делініп келгені белгілі.Қазақтың ұрпақ тәрбиелеу үлгі өнегесі бір ғана отбасының міндеті болған жоқ және тек бір ғана отбасы шеңберінде жүзеге асқан жоқ. Шындығында,ол іс-әрекет оқшауланған бір ғана отбасылы- педагогикалық процесс те емес.Баланың тәрбиесі мен оның үлгі-өнеге игеруіне тек әке-шеше ғана емес,ағайын кез-келген туыс,ауыл-аймақ,көрші қолаң,алыс-жақын бәрі де жауапты болған. Танысын- танымасын ересек қазақ, баланың оғаш қимыл әрекетіне, құлық-мінезіне ескертпе жасап, тиым қоюға міндетті болған.Дәлірек айтқанда,әрбір ересек адам,ақсақал қария, ақын-жырау,сері-сал,жүргінші-жолаушы,түсел-мейман, ел кезген диуана, керек десеңіз,дала кезген жат жұрттық жиһангер бәрі-бәрі әулет мектебіне қатысып, ұстаздық етуге тиіс болған. Сонымен қатар әулет мектебі тек жастарға тәлім-тәрбие,білім беру үшін құрылған жоқ.жасамыстар да,қарттар да бұл мектепке әрі ұстаз,әрі шәкірт болған.Қазақта үзіліссіз білім беру, тәрбиелеу ісі,осылай,әулет мектебі арқылы жүзеге асқан.Әулет мектебі; ата-әже,әке-шеше,жеңге-жезде деген сияқты отбасылық білім беру,тәрбилік үлгі-өнеге қөрсету үшін тармақтала отырып дамыды.Ол-балалар ойын- сауығын (ұлттық жалпы ойынды),ұлттық еңбек мейрамдарын,сайыс-додалар мен ғұрып салттарын қамти отырып,қазаққа өнер-білім беріп, ұлттық ой-санасын орнықтыратын,кісілік келбетін айшықтайтын педагогикалық құралдар жүйесін тағайындап өмірге келтірген,керектеніп пайдаланған.Ал,қазақтың педагогикалық ілімі,қазақ философиясымен бірге қалыптасып,біте қайнасқан.Дәлірек айтқанда,. қазақ педагогикасы қазақтың даналық ой-пікірлерімен, адамтану білімімен,дүниетанымдық,наным-сеінімімен, әдептік үлгі-өнегесімен тікелей байланысты дамып,бүгінгі педагогикаға ұласты.Анығында,қазақ педагогикасы-аталған төрт тұғырдың өзара байланысы мен заңдылықтарына сүйене отырып дамып жетілді. Қазақ педагогикасы–оқыту және тәрбиелеу ісінде шәкірт пен ұстаз алдына айқын мұрат-мақсат жүктеген; үнемі басшылыққа алатын,тұрақты да, терең қағидаларға сүйенген;айқын жолы мен амал-айласы бар, жүйелі ,қалыптасқан;ұлық ұстаздардың әр дәуірде ойлап тапқан ілімдеріне негізделген;- сүбелі дүниетаным,ұлтанды мәдениет.Оны ғылыми тұрғыдан пайымидап,теориялық тұрғыдан саралайтын,оның құрамдас бөліктері мен ұғымдар арасындағы байланысты, заңдылықтарды ашып көрсететін педагогикалық ғылымның бір тармағын (Г.Н.Волков үлгісімен) Этнопедагогика деседі.(Біз бұл атауды қабылдауға құлықты емеспіз.Себебі қазақтың тәрбиелеу ілімі-өзі ғылыми педагогика) Талай ғасыр талқысынан сүрінбей өтіп,бізге жеткен, қызылшаха жәндікті салып жібергенде, «өңдеп», «кісі» етіп «өндіріп» беретін Тәңір сыйлаған,ерекше құрылымы бар-«Электрондық–тәрбиелік қазақ машинасы»- ұлт өкілін қалыптастыратын қазақ үрдісі. Ұлттық тәрбие үрдісінің ерекше қасиеті-өткенді талдап,кәзіргіні анықтап,болашақты болжауға мүмкіндік беретін,табанға тірек,барша ұстазға бағыт-бағдар болатын шамшырақ болуында.Ұлт өкілін қалыптастыратын қазақ үрдісіне тап болған,қандайда болсын жеке адам,егер, ол;әжептәуір басқа ұлт өкілі болуға төселген болса да,тіптен сезім мүшелерінде қандай бір кемістік болса да,тіптен дүние танымы, наным-сенімі өзгешелеу болса да, белгілі уақытта қазақ ұлт өкілі болып,қайта қалыптаса алады.Тек кейбір жағдайларда; ұлттық тілді меңгермеген, ойлау жүйесіне басқаның әсері тиген адамның ұлт өкілі болып қалыптасуы аздап кешігетіні болмаса бәрі –бір түбінде оңалады. Осы ұлағатты мұраның пайдаға асып,бағы жанған ордасы-қазақтың әулеттік мектебі-Ана мен Дана мектебі болатын. Қазақ педагогикасының туып қалыптасып,дамып жетілген, өсіп өркендеген бесігі де әулеттік мектеп еді.Ол мектептің басы-Ана мектебі-күні бүгінгі дейін жалғасын тауып, қызметін атқарып келеді.Біз осы мектепте ұстанған тәлім-тәрбиелік,білім беру ісінің негізін, бағытын,қағида мұратын тағайындаған педагогикалық ілімді-әулеттік мектеп педагоги-касы деп отырмыз.Екінші жағынан қазақ педагогикасы-әулеттік мектеп педагогикасы мен Ұлы Дала ұстаздарының ілімдік дүниетанымына негізделіп қалыптаса тұрып,халық педагогикасы,этнопедагогика ұғымдарына сіңісіп, өзінің түп тамырлық мағынасынан айырылып барады.Қазақта топтық, таптық,бектік немесе байларға, кедейлерге(касталық) тәрбие деген айырма болмаған.Қай-қайсысы да Ана мектебінен оқып білім алған, өнеге үйреніп тәрбие көрген. “Этнопедагогика-халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжiрибесi туралы , олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым. Халық педагогикасы-халықтық ауыз әдебиетiнде, салт-дәстүрлерiнде, ырымдарында, балалар ойындары мен ойыншықтарында кездесетiн педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу тәжiрибесiнiң жиынтығы. Этникалық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мiнездегi ерекшелiктердi зерттейдi. Онда-халыққа қажеттi қасиеттердi қалыптастыру үшiн пайдаланылатын педагогикалық мақсаттың, мiндеттердiң, әдiс-құралдардың, тәсiлдердiң жиынтығы мен өзара байланысы қарастырылады ” дей келе, оның зерттеу тақырыбы — тәрбие, ал тәрбие объектiсi — адам, тұлға”,— дейдi Г.Н.Волков Бізде жазылған,жүзге тарта оқулықтар мен оқыту кешендік құралдар,құрылған бағдармалар,пәндік –әдістемелік нұсқаулар, түсініктемелерде Г.Н.Волковтың осы анықтамасы ашық та айқын көрсетілген,барлығы оны негіз еткен.Ал, осылардың кез-келгенін алып,ашып көрсеңіз,ең алдымен,қазақ халқының жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі, ұлттық мінезді қалыптастыру үшін пайдалан-атын педагогикалық мақсаттың,міндеттердің,әдіс-құралдардың,тәсілдердің жиын-тығы мен олардың өзара байланысын таба алумыз тиісті бола тұра,оларды таппаймыз. Ал,бірер тұлғалардың. бірер Ұлық ұстадар мен ғұламалалардың,тәрбие хәкімдердің педагоги-калық ой-пікірлері айтылғанымен,оларды материалистік педагогика тұрғысынан талданған-дықтан,шынайы танылмай тайқып шыға келеді.Айталық,Дана Абайдың басындағы тақиясын алып шляпа кигізіп,кеудешесін шешіп,кастюм кигізгендіктен бір де А.С.Пушкинге,бір де И.Гёте екен деп қаламыз, нақтылы атеист педагог болып кеткенін көреміз.Солай бола тұра, бұлар неліктен Этнопедагогика аталған?!Атына заты сәйкеспеуі қалай? Алғашқы «Қазақ этнопедагогика» оқулығы(Ә.Табылдиев Қазақ этнопедагогикасы Алматы.2001.) былай баста-лады:«Этнопедагогика-белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық,тәрбиелік,мәдени мұрасы.(Міне, ғылым мәдени мұра бола қалады.) Этнопедагогика екі саладан тұрады:халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерінен құралған ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім –тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі»(3-б.)Түсінуге тым қиындық туғызатын екінші сөйлемдегі ашық ой: «Этнопедагогика екі саладан тұрады:халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерінен құралған…»дығы.(Ол екеуін зерттейтін де,қарастыратын да сүбелі ғылымдар бар еді ғой!)
«Қазақ этнопедагогикасының негізгі саласы-халық педагогикасында өрнекті ұғым-әдеп.» (5-сөйлем,сонда,)Осылай бұл ғылым саласы ептеп кеңейгенімен,атауын алған педагогиканың анықтамасына қауышпай фольклортану,этнография, этика ғылымдарының сүрлеуімен біраз дүниенің «тәрбиелік мәніне» талдау жасап,соңында,қазақ ғұрып салтынан бірнешеуді мектеп сахнасына шығарып аяқтайды.Осы «екі саладан тұрады» деген пікір,2001 жылдан кейін жазылған этнопедагогикалық еңбектердің,жасалған бағдармалар мен әдістемелік кешендердің көбісінде кезігеді. «…халық педагогикасының ауқымы,арман-мақсаты,талап тілегі нақты,жинақы,белгілі көзқарасқа сай құрылған-ды.Сондықтан,этнопедагогикада қарастырылатын тәлім-тәрбиелік мәселелелрдің бәрі бірдей біздің кәдемізге жарай бермейді,өйткені оның озығы мен қоса тозығы да жиі кездеседі.» (Қ. Жарықбаев. Этнопсихология-ұлт тәрбиесінің өзегі.А.,2005. 5-б.) Этнопедагогика ғылым екені рас болса,оның зерттеулерінің ешбір зияны жоқ,толығымен кәдеге жарайтыны белгілі.Оның зерттеу обьектісі-халық педагогикасы «…талап-тілегі нақты жинақы,белгілі көзқарасқа сай құрылған болса мұндай күдік қайдан,қалай туындаған?Осы күдікті пікірдің жалғасы ретінде әулеттік педагогика мен әлеуметтік педагогиканың құралдары мен амал-тәсілдерін қайта қарап,оларды, «ғылымиландырып» керектену керек деген бағытты уағыздаушылар да бар. «Халықтық педагогика ғылымиландырмаса,бүгінгі педагогикалық айналымға өте алмайды,Ғылыми айналымда болмаса,оку-тәрбие үдерісіне өтпейді.Себебі бүгінде баланы бұрынғыдай отбасында ғана тәрбиелей алмайсыз,тәрбиелейтін,әлеуметтендіретін арнайы мекемелелердің әлеуметтік қызметіне жүгінеміз.»(Сараш Қоңырбаева. Ғылыми тұрғысынан саралау заман талабы.. .Дарабоз.№7.100-б,) Материалистік педагогика өмірімізге еңгенге дейінгі бұл ғалымның ата-бабасы,арғы тегі көргенсіз, тәрбиесіз,тексіз болған ба?Әулеттік педагогиканы,ілімдік педагогиканы немесе әлеуметтік педагогиканы ғылыми педагогикаға санамағаны ма?Ал,осы үшеуін біріктіріп,ұлттық педагогика атап жүргендер бар.Біз,әрине бұл пікірді қолдаймыз Оның үстіне советтік дәуірде өмірге келіп,қауымдық тәлім-тәрбие,оқу білім беру үрдісінде ғылыми негіз ретінде танылған,кәзір де салтанат құрып тұрған материалдистік педагогика да Қазақ Педагогикасының кең салалы құрамдас бөлігі.Бұл педагогиканы қалыптастыруда Қазақстанның дарынды көптеген ғалымдары еңбек сіңіргені белгілі.Осы төртеуінің жиынтығын ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАСЫ деп жүрміз.
«Этнопедагогиканың мақсаты-халықтық салт дәстүрді,өнерді дәріптейтін, отанын, елін,жерін сүйетін,жан-жақты жетілген,саналы намысқор,патриот азамат тәрбиелеу» (С.Қалиұлы.Қазақ этнопедагогикасының теориялық негідері мен тарихы А.,2003.4-б,)Ол—тәрбие ісімен айналысатын ұйым ,мекеме ме,әлде қауым ба?Бүгінгі таңда теориялық педагогиканың саласы жиырмаға таяды.Олар алдарына тәрбиелеу мақсатын қойса,зерттеу міндетін кім жүзеге асырмақ?Бұл пікірдің өрістеуі «этнопедагогика мен халық педагогикасы туралы жазылған»,оқулықтар,оны әр сатыдағы мектепте ұлттық педагогиканы оқыту кешендері,өмірде жүзеге асыру бағдармалары,әдістемелелік кеңестер әжептәуір дайындалған.Тәрбиелеу міндетін олар атқара алатын әлеует оларда бар болса мүмкіндік туған.Алайда қандайда педагогикалық ғылымда болуға тиісті зерттеу пәні,зерттеу әдісі,тәрбиелік мақсат-мүддесі,мұраты,ұстануға тиісті қағида ұстанымдыры, тәрбие ісін жүргізудің жолдары,амал- айласы,тәрбиелеу мен білім беруді кім,қашан,қайда жүзеге асырып қандай нәтижеге жететіндігін олардан таба алмаймыз.Сондықтан,ұлттық тәрбиелеу амал-айласын әрбір пәннің мазмұнына сіңіріп игерту ісі мұғалімдердің басты бағытына айналған.Бұл бағытта ұстаздардың атқарған еңбегі ұлан асыр,әрі өткен ғасырда кеткен,айрылған есесін қайырып алғысы келген бе деген ой туады..Осының өзіне ғылыми талдау жасап,табысын таразылап,жетпей жатқан жерін жалғап жіберетін зерттеулер жоққа тән.Шынтуайтында «ғылымидандырғыштардың» әуселесі осында көрінуге тиіс еді. Әзірге байқалмай тұр.Кейінгі шақтарда,Тәрбиелеу қазақ ілімінің дарынды тұлғарларының атымен аталған педагогикалар көбейіп келеді.Мысалы; Фараби педагогикасы,Ж.Баласғұни педагогикасы,М.Қашқари педагогикасы т.б.Ұлы Даланың Ұлық Ұстаздарының педагогикалық жүйесі,ой-санасының озық түйіндері зерттеліп тұжырымдалуы үлкен табыс,оңды бағдар.Осы бағыттағы ғылыми зерттеулер мен оқулықтардың саны біршамаға жеткен.Осы заманғы ұлы ұстаздардың (С.Көбеев,М.Ғабдуллин,Б.Момышұлы, М.Әлімбаев т.б.)педагогикалық еңбектеріне талдау жасап, саралап, бағалау назардан тыс қалмағандығы қуанарлық жайт.Тек,келешекте ескеруге тиісті екі-үш мәселені атаған дұрыс болар. Бірінші.Талданып,зертелген ғұламаның бізге келіп жеткен мұрасын сол ғұламаның өз дүние танымы,көзқарасы аумағында талдау жасап ,тарихи дәуір тынысына үйлестіріліп зерттеу орынды болмақАл,бізде өзіміз материалистік педагогиканың иығына шығып алып, өз дүние танымымыз,көзқарасымызбен талдау жасаймыз.Мысалы «Ж.Баласағұни педагогикасы» деген оқулық жазған ғалымдар(Әбдікәрімұлы Б., Сарбасова Қ.А. Ж.Бала-сағұни педагогикасы: Оқу құралы-Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008) Ж.Баласағұни ғұмыр кешкен шақта болмаған педагогикалық категорияларды оңды-солды қолданылған-дықтан «Құтты білік» дастанынының ХХІ ғасырдағы «қазақи редакцияланған көшірмесі» шыққан.Ал,Ұлы Ұстаздардың педагогикалық ой-пікір,ұстанымдарындағы сабақтастық, іргелестік өте күшті әрі мығым екені белгілі.Ж.Баласағұни еңбегінде,әулеттік педагогикадағы сол кездегі тәрбиелік дәстүрлерді,өзінен бұрынғы ғұламалар(Қорқыт Ата,Фараби т.б.) ілімін байыта жалғастырғаны айқын көрініп тұрса да,оларға аз көңіл аударып,А,Құнанбаев еңбектеріндегі сабақтастыққа айрықша толғанған.Әлем педагогика-сымен байланысы бұл ілімнің толық ашылмай(Ж:Баласағұниды бір кезде «Түрік Конфуцзи деп тегін атамаған шығар),оның әлдемдік педагогикалық ой-санаға қосқан үлесі(кісілік қасиет,ізгілік сапа,имандылық игерту жолы.жомарттық мінез)дәлелмен айшықталмай,бәсең ғана ауызға алынған .Ұлы Ұстаздар арасындағы педагогикалық ойдың сабатастығын оқып танып, терең зерттеу арқылы,өз еңбектерінде арнайы көрсеткен Ж.Баласағұни бабамыз емес,Абай атамыз.Абай дананың «педагогикасы» бар болса сонда осы тамырлы байланысты көрсетсе қандай орынды болар еді. Екінші.Ұлттық педагогиканы зерттеушіледің еңбектерінде талдау, саралау, жүйелеуден гөрі бағалау, айшықтау басымдық алған.Кейде; « бұрын сондай болған екен» деген тәрізді таныстыру да кезігеді.Бұл әдістердің керекті жерінде орынды қолданылса еш сөлекеттігі жоқ екені белгілі.Ал,қоғамдық сұранысты бажайласақ;ұлттық тәрбиелеу құралдары мен тетіктерін осы шақта әулетте,мектепте,қоғамдық ортада қайтып, қалай қажетке жаратамыз?,осының жол жобасын тауып,теориялық негізін анықтау басты мұрат болуда.Үшінші.Әулеттік педагогика,әлеуметтік педаогика және ілімдік педагогикалардың негізгі категориялары анықталып,олардың тәрбие құралдары мен тәрбиелеу мұрат мақсаттары сараланып,оқыту-тәрбиелеу амал-тәсілдері жіктеліп,бір ізге түсіріліп,жүйеленбей келеді. Мұның бірнеше себебі бар болумен қатар, ең бастысы Қазақстан Республикасында Пелагогика ғылымы бір жүйеге түсіп,ортақ заңдылықты толық ұстап,жүйеленіп,үйлестіру қызметі айқындалып,тұтас бір ғылыми ошаққа топтастырылып басқарылмаған.Зерттеу іс-әрекеті жобалы, жоспарлы,бағдарлы жүргізілуге ұйымдастырылмаған.Қоғамның бұл ғылым алдына қойып отырған бүгіні сұранысы,талабы,тақауыры күнгірт,міндет-мақсаты қоғам талабына сәйкестенбей,мемлекет саясатына бағдарланбай,жалаң идеялардың жетегінде кету қаупі де жоқ емес.Ғылым барлығын шешетін мына заманда,мұндай салғырттық жақсылыққа апармасы айқын.

Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым-жазушы)
Дина Ілесбекқызы (педагогика магистрі)
Айнұр Серікқызы (психолог-педагог)
6 желтоқсан 2017

Педагогика
Киблер Наталия Ростиславовна, Направления воспитания

Мақала авторы: Киблер Наталия Ростиславовна
Жұмыс орны: Рудненский социально-гуманитарный колледж им И.Алтынсарина
Лауазымы: преподаватель специальных дисциплин
Порталға жариялану мерзімі: 15.11.2017

Направления воспитания

Тексты для фронтальной работы студентов

Умственное воспитание направлено на развитие интеллекта, познавательных возможностей, склонностей и дарований ученика. Его главная задача – вооружить школьников системой знаний основ наук. В результате их усвоения должны быть сформированы основы мировоззрения – системы взглядов на природу, общество, человеческие ценности, труд, смысл жизни, познание. Мировоззрение предполагает глубокое понимание явлений природы и общественной жизни, умение объяснять эти явления, определять свое отношение к ним, сознательно строить свою жизнь, работать, органически сочетая знания с делами.
Сознательное усвоение системы знаний содействует развитию логического мышления, памяти, внимания, воображения, умственных способностей, склонностей и дарований. Задачи умственного воспитания следующие:
• усвоение определенного объема научных знаний;
• формирование мировоззрения;
• развитие умственных сил, способностей и дарований;
• развитие познавательных интересов;
• развитие потенциальных возможностей личности;
• формирование познавательной активности;
• развитие потребности постоянно пополнять свои знания, повышать уровень общеобразовательной подготовки;
• вооружение учеников методами познавательной деятельности;
• формирование способов мышления, опыта творческой деятельности.
Непреходящая ценность умственного воспитания как важнейшей задачи школы сомнению не подвергается. Другое дело, что его содержание нередко направляется не на развитие личности, а на усвоение суммы знаний, умений и навыков. Из сферы образования иногда выпадают такие важнейшие его компоненты, как передача опыта различных форм и видов деятельности, эмоционально-ценностного отношения к миру, общения и т.д. В результате снижается образовательный уровень не только учеников, но школы как таковой.
Прогрессивные общественные деятели, ученые всех стран мира, в том числе и нашей, сетуют на попытки идеологизации образования, деформации истинного содержания знаний по истории, литературе, уводящие молодые умы в субъективизм идеологических противоборств. Большинство педагогов требуют постоянного обновления направленности образования с учетом быстроизменяющейся жизни.
Что может и что должна делать начальная школа? Сосредоточиться на основном и формировать прочные базисные знания, умения, нравственность и поведение. Потом на этот фундамент можно ставить сколько угодно задач любой сложности. Площадка с непрерывно текущими экспериментами, в которую превратили начальную школу, с этим не справляется и не помогает обществу выпускниками с нормальным начальным образованием. Для успеха нужны взвешенность и стабильность.Будем рассуждать просто. Школа – это место, где чему-то учат, что-то «ставят». В футбольной школе, например, «ставят» ногу, в художественной – руку и глаз, в вокальной – голос. А что должны «поставить» в обычной начальной школе? Здесь должны «поставить» ум ребенка, научить его пользоваться этим человеческим даром; сформировать незыблемые моральные нормы и основы нравственного поведения. Столетиями назначение начальной школы именно так и понималось.

Физическое воспитание – неотъемлемая составная часть почти всех воспитательных систем. Современное общество, в основе которого лежит высокоразвитое производство, требует физически крепких, выносливых, здоровых людей, способных с высокой производительностью трудиться на предприятиях, переносить повышенные нагрузки, быть готовыми к защите Родины. Физическое воспитание также способствует выработке у школьников качеств, необходимых для успешной умственной и трудовой деятельности.
Задачи физического воспитания:
• укрепление здоровья, правильное физическое развитие;
• повышение умственной и физической работоспособности;
• развитие и совершенствование природных двигательных качеств;
• обучение новым видам движений;
• развитие основных двигательных качеств (силы, ловкости, выносливости и др.);
• формирование гигиенических навыков;
• воспитание нравственных качеств (смелости, настойчивости, решительности, дисциплинированности, ответственности, коллективизма);
• формирование потребности в постоянных и систематических занятиях физкультурой и спортом;
• развитие стремления быть здоровым, бодрым, доставлять радость себе и окружающим.
Систематическое физическое воспитание начинается с дошкольного возраста, физкультура – обязательный предмет в школе. Существенным дополнением к урокам физкультуры служат разнообразные формы внеклассной и внешкольной работы. Физическое воспитание тесно связано с другими аспектами воспитания и в единстве с ними формирует всесторонне развитую личность.

Что может и что должна делать начальная школа? Сосредоточиться на основном и формировать прочные базисные знания, умения, нравственность и поведение. Потом на этот фундамент можно ставить сколько угодно задач любой сложности. Площадка с непрерывно текущими экспериментами, в которую превратили начальную школу, с этим не справляется и не помогает обществу выпускниками с нормальным начальным образованием. Для успеха нужны взвешенность и стабильность.Будем рассуждать просто. Школа – это место, где чему-то учат, что-то «ставят». В футбольной школе, например, «ставят» ногу, в художественной – руку и глаз, в вокальной – голос. А что должны «поставить» в обычной начальной школе? Здесь должны «поставить» ум ребенка, научить его пользоваться этим человеческим даром; сформировать незыблемые моральные нормы и основы нравственного поведения. Столетиями назначение начальной школы именно так и понималось.

Трудовое воспитание. Трудно себе представить современного человека, не умеющего плодотворно трудиться, не владеющего знаниями об окружающем его производстве и производственных отношениях, о применяемых орудиях труда. Трудовое начало воспитания – важный, проверенный веками принцип формирования гармонически развитой личности.
Трудовое воспитание охватывает те аспекты воспитательного процесса, где формируются трудовые действия, складываются производственные отношения, изучаются орудия труда и способы их использования. Труд в процессе воспитания выступает как ведущий фактор развития личности, как способ творческого освоения мира, обретения опыта посильной трудовой деятельности в различных сферах, как неотъемлемый компонент общего образования. Вокруг труда во многих педагогических системах концентрируется учебный материал. Труд – неотъемлемая часть физического и эстетического воспитания.
Правильно поставленное политехническое образование развивает трудолюбие, дисциплинированность, ответственность, готовит к осознанному выбору профессии.
Благоприятное воздействие на людей оказывает не любой, а лишь производительный труд, в процессе которого создаются материальные ценности. Производительный труд характеризуется:
1) материальным результатом;
2) организацией;
3) включением в систему трудовых отношений всего общества;
4) материальным вознаграждением.
Новые общественные и производственные реалии требуют эффективного решения предстоящей проблемы. Труд в школе, в том числе и познавательный, должен представлять собой целенаправленную, осмысленную, разнообразную деятельность, имеющую личностную и социальную направленность, учитывающую возрастные психофизиологические особенности учеников. Переосмысление назначения и характера школьного труда вызывает к жизни нестандартные подходы, включающие целый ряд альтернатив: от полного отказа от производственного и даже учебного труда до организации школьных предприятий, действующих по всем законам рыночных отношений. При этом внедряются новые технологии трудового воспитания, осуществляется дифференциация трудового образования, улучшается материальная база, вводятся новые учебные курсы. Конечно, начальная школа лишь приобщает детей к трудовой деятельности, но приобщение это должно быть настоящим.
Что может и что должна делать начальная школа? Сосредоточиться на основном и формировать прочные базисные знания, умения, нравственность и поведение. Потом на этот фундамент можно ставить сколько угодно задач любой сложности. Площадка с непрерывно текущими экспериментами, в которую превратили начальную школу, с этим не справляется и не помогает обществу выпускниками с нормальным начальным образованием. Для успеха нужны взвешенность и стабильность. Будем рассуждать просто. Школа – это место, где чему-то учат, что-то «ставят». В футбольной школе, например, «ставят» ногу, в художественной – руку и глаз, в вокальной – голос. А что должны «поставить» в обычной начальной школе? Здесь должны «поставить» ум ребенка, научить его пользоваться этим человеческим даром; сформировать незыблемые моральные нормы и основы нравственного поведения. Столетиями назначение начальной школы именно так и понималось.

Нравственное воспитание. Под моралью понимают исторически сложившиеся нормы и правила поведения человека, определяющие его отношение к обществу, труду, людям. Нравственность – это внутренняя мораль, это мораль для себя. Нравственное воспитание решает такие задачи, как формирование понятий, суждений, чувств и убеждений, навыков и привычек поведения, соответствующих нормам общества.
Нравственные понятия и суждения отражают сущность нравственных явлений, дают возможность понимать, что хорошо, что плохо, что справедливо, что несправедливо; со временем они переходят в стойкие убеждения и проявляются в действиях, поступках. Нравственные поступки и действия – определяющий критерий нравственного развития личности. Нравственные чувства – это переживания человеком своего отношения к нравственным явлениям. Они возникают у него в связи с соответствием или несоответствием его поведения требованиям общественной морали, побуждают к преодолению трудностей, стимулируют освоение мира.
В основе нравственного воспитания подрастающего поколения лежат как общечеловеческие ценности, непреходящие моральные нормы, выработанные людьми в процессе исторического развития общества, так и новые принципы и нормы, возникшие на современном этапе развития общества. Непреходящие нравственные качества – честность, справедливость, долг, порядочность, ответственность, честь, совесть, достоинство, гуманизм, бескорыстие, трудолюбие, уважение к старшим. Среди нравственных качеств, рожденных современным развитием общества, выделим уважение к государству, органам власти, государственной символике, законам, Конституции, честное и добросовестное отношение к труду, патриотизм, дисциплинированность, гражданский долг, требовательность к себе, неравнодушие к событиям, происходящим в стране, социальную активность, милосердие.
Что может и что должна делать начальная школа? Сосредоточиться на основном и формировать прочные базисные знания, умения, нравственность и поведение. Потом на этот фундамент можно ставить сколько угодно задач любой сложности. Площадка с непрерывно текущими экспериментами, в которую превратили начальную школу, с этим не справляется и не помогает обществу выпускниками с нормальным начальным образованием. Для успеха нужны взвешенность и стабильность. Будем рассуждать просто. Школа – это место, где чему-то учат, что-то «ставят». В футбольной школе, например, «ставят» ногу, в художественной – руку и глаз, в вокальной – голос. А что должны «поставить» в обычной начальной школе? Здесь должны «поставить» ум ребенка, научить его пользоваться этим человеческим даром; сформировать незыблемые моральные нормы и основы нравственного поведения. Столетиями назначение начальной школы именно так и понималось.

Эстетическое воспитание – еще один базовый компонент воспитательной системы, обобщающий развитие эстетических идеалов, потребностей и вкусов у воспитанников. Задачи его условно можно разделить на две группы – приобретение теоретических знаний и формирование практических умений. Первая решает вопросы приобщения к эстетическим ценностям, вторая – активного включения в эстетическую деятельность. Задачи приобщения:
• формирование эстетических знаний;
• воспитание эстетической культуры;
• овладение эстетическим и культурным наследием прошлого;
• формирование эстетического отношения к действительности;
• развитие эстетических чувств;
• приобщение школьников к прекрасному в жизни, природе, труде;
• развитие потребности строить жизнь и деятельность по законам красоты;
• формирование эстетического идеала;
• формирование стремления быть прекрасным во всем: в мыслях, делах, поступках, внешнем виде.
Включение в эстетическую деятельность предполагает активное участие каждого воспитанника в созидании прекрасного своими руками: занятия живописью, музыкой, хореографией, участие в творческих объединениях, группах, студиях и т.п.
Эстетическое воспитание в современной начальной школе еще не соответствует всем требованиям развития эмоциональной сферы, эстетического сознания личности. Сегодня концепция общего среднего образования и федеральная программа развития школы предполагают новые пути улучшения качества эстетического воспитания. Стройное здание эстетического воспитания, которое предстоит построить в школе, должно опираться на фундамент искусства. Школа не продвинется вперед на пути гуманизации до тех пор, пока предметы художественного цикла не займут достойного места в образовательном процессе, пока не пойдут от них лучи человеческой доброты, красоты и духовности на остальные предметы, на жизнь школы.
Что может и что должна делать начальная школа? Сосредоточиться на основном и формировать прочные базисные знания, умения, нравственность и поведение. Потом на этот фундамент можно ставить сколько угодно задач любой сложности. Площадка с непрерывно текущими экспериментами, в которую превратили начальную школу, с этим не справляется и не помогает обществу выпускниками с нормальным начальным образованием. Для успеха нужны взвешенность и стабильность. Будем рассуждать просто. Школа – это место, где чему-то учат, что-то «ставят». В футбольной школе, например, «ставят» ногу, в художественной – руку и глаз, в вокальной – голос. А что должны «поставить» в обычной начальной школе? Здесь должны «поставить» ум ребенка, научить его пользоваться этим человеческим даром; сформировать незыблемые моральные нормы и основы нравственного поведения. Столетиями назначение начальной школы именно так и понималось.

Педагогика
Кошпанова Гулшат Абдигалиевна, Шебер – кәсіпке үйретуші негізгі ұстаз

Мақала авторы: Кошпанова Гулшат Абдигалиевна
Жұмыс орны: №3 Байзақ колледжі
Лауазымы: өндірістік оқыту шебері
Порталға жариялану мерзімі: 14.11.2017

Шебер – кәсіпке үйретуші негізгі ұстаз

Өндірістік оқыту шебері – кәсіптік оқу мекемелеріндегі ерекше тұлға, оның қызметтік міндеттері мен мақсаттары көп қырлы және күрделі.

Өндірістік оқыту шеберінің білім алушының тәрбиелеудегі рөлі маңызды. Бұл тек білім алушының тиімді тәрбиелік ықпалымен қатар, тәрбие жұмыстарын өткізу мен ұйымдастыру және оқу процестерінің әдістемесі және орынды ұйымдасуы арқылы да жетістікке жетеді.

Өндірістік оқыту шебері бастауыш кәсіптік білім беру жүйесінің педагогі ретінде көптеген іс-әрекет түрлерін меңгереді, олардың негізгісіне мыналар жатады: өндірістік оқыту, тәрбие жұмысы, оқу-әдістемелік, ұйымдастыру қызметі және т.б.

Өндірістік оқыту сабақтарының негізгі мақсаты – оқушылардың теориялық сабақтардан алған білімдерін тәжірибеде бекіту, оларға компьютерлік бағдарламалармен таныстырып, сол бағдарламалармен жұмыс істеу әдістерін үйрету. Әрбір сабақты тиімді ұйымдастыра отырып, оқушылардың мамандыққа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын тәрбиелеуді көздейді.

Шебер өз пәнін жан-жақты меңгерген жағдайда ғана өз жұмысын дұрыс атқара алады. Білім алушы үлгерімінің жақсы болуы өндірістік оқыту шеберінің сабаққа дайындығына байланысты. Шебер мен білім алушының түсіністікпен жұмыс жасауы, білім беруі және қабылдауы дидактикалық үдеріс болады. Сондықтан оқытудың дидактикалық қағидалары, яғни тәрбие, теория мен тәжірибенің байланысы, көрнекілік, оның ғылымилығы, жүйелілігі және саналылығы есепке алынғанда ғана, оқыту үдерісі тиімді болады.

Оқыту кезінде шебер білім алушыларды еңбекке баулып, берілген техниканы күтіп ұстауға, еңбек мәдениетіне үйретеді.

Білім алушылардың алған теориялық білімдерін өндірістік оқыту кезінде қолдана алады. Олар әртүрлі бағдарламалармен жұмыс істеу, игеру, сонымен бірге техника қауіпсіздік ережелерін сақтап үйренеді.

Егер шебер тек үйретуші деп қарастырылып, оның нұсқауларын білім алушылар автоматты түрде орындаса, мұндай сабақтарының тәрбиелік мәні болмайды. Егер білім алушы тек шебердің нұсқауларын орындаумен шектелмей, өзінің жасаған ісіне ойланып, өзінің еңбегіне жаңалықтар енгізіп, ақиқатқа жеткенше сұрақтар қойып, қызығып, өзінің пікірін айтып отырса, онда мұндай сабақтардың тәрбиелік нәтижесі жоғары болмақ.

Педагогика
Арыстанова Сағыныш Тойбазарқызы, Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік дағдысын қалыптастыру

Мақала авторы: Арыстанова Сағыныш Тойбазарқызы
Жұмыс орны: №31 "Күншуақ" МДҰ
Лауазымы: Тәрбиеші
Порталға жариялану мерзімі: 29.09.2017

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік дағдысын қалыптастыру

Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы, тілде әрбір халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімін, ойлау тәсілінің, мінез — құлқының белгілері бейнеледі.
Тіл мәдениетін меңгеру – адамның сәби шағынан іске асатын, келе — келе біртіндеп жетіліп отыратын нәрсе. Олай болса, тілді отбасында, қоғамдық мекемелерде, мектепке жүйелі жүргізілетін тәрбие процесінде іске асады.
«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында»: «Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту мәселесі барлық сабақта жүзеге асырылады, бағдарламаның ең көлемді бөлімі ана тілі және айналадағы дүниемен таныстыру»,-делінеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жақсы сөйлей білуін бағдарлау, сөздік қорын дамыту, ой — өрісін кеңейту жұмысында өте мұқият қарау қажет. Ол үшін әр тәрбиеші, әрбір бақша меңгерушісі бағдарламада берілген материалдарды ыждағаттықпен оқып, үйренуі керек. Осыдан соң тәрбиеші қандай тақырыпты, қай кезде, қалай, қандай мақсатта, қай сабақпен байланыстыра өткізу керектігін анықтай отырып, әр сабаққа қажетті материалды балаларға қойылатын нақты сұрақтарды көрсетіп жоспарлайды.
Тәрбиеші қай кезде нені өтуге болатынын іріктеп алып жоспар жасайды. Бақылатын көрсету, әңгімелесу кезінде баладан сұрап, өзіне айтқызу, оларды жиірек сөзге қатыстыру ісіне көңіл бөлу.
Тіл дамыту сабақтарында көзделетін негізгі мақсат – баланың сөздік қорын байыту, сөйлем құрап айтуға, әңгімелей білуге үйрету.
Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту, ой — өрісін кеңейту жұмысында бір топтағы әр баланың сөйлеу дәрежесін байқап, анықтау керек. Сонда ғана оқыту — үйрету ісінде неге көңіл бөлуге болатыны айқындалады.
Баланың сөздігі балаларды жекелей бақылау негізінде, нақтылы, көрнекі материалдарға сүйене жүргізіледі.
1). Әңгімелеу, әңгіме құрастыру (өзі көріп білген жайттар туралы, сурет мазмұнын, оқылған шығарманың мазмұнын әңгімелету).
2). Сөзді түсініп айту дәрежесін байқау. Ол үшін балаға таныс және таныс емес заттарды көрсетіп сұрау, әңгімелесу.
А) Балаға бірнеше таныс заттар мен ойыншықтарды көрсетіп (суреттен немесе заттың өзін) сұрап, түр — түсін, атын, пішінін, қайда, не үшін жасалатынын айтқызу.
Ә) Бөлмедегі 10 — 15 затты бір орынға қойып, соның ішінен бір заттың атын тәрбиеші сөзбен айтады, бала затты танып әкеліп, түр — түсін, пішінін айтады.
Б) Балаға күн сайын жиі пайдаланатын заттарды (сабын, тәрелке, орамал, щетка т. б.) суреттен көрсетіп, оның атын, қажеттілігін, неден жасалғанын айтқызу.
В) Бөтелке (шөлмек), қайық, үтік, шар, доп сияқты пішіні ұқсас заттарды көрсетіп, олардың не екенін, не үшін қажеттігін, сапасын, неден жасалғанын, ұқсас жақтарын сипаттау.

Қазіргі заманда  бала тілінің  кеш шығуының бірден- бір себебі деп қазіргі заманғы  дамыған түрлі технологияларды  оның ішінде күнделікті өзіміз ұстап жүрген түрлі смартфондарды айтуға болады. Ата-аналардың балаларға қарауға уақыты жоқтығы соншалық, тіпті жұмыстарынан қолдары босамай  , «тек осы үндемей отырсыншы»,  деп қолдарына телефон ұстатқызып  қойып отырады.         Осы мәселелерде сараптай келе, 3-5 жастағы бала тілінің кеш дамуының себептері деп осыларды көрсетуге болады.  Ендігіде бұл проблеманы шешу жолдары қандай болмақ?

Ата- ана баласына әрқашан бос уақыт таба білу керек. Баласымен  ересек адамдарша ақылдасып, баланың пікірін сұрай білу керек. Баламен емін-еркін отырып « сен қалай ойлайсың?» -деп сұрақ қою қажет. Ешқашанда балаға «сөйлеме», «үндеме»,-  деп айтуға болмайды.

Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытуда оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы –ойын әрекеті. Ойын дегеніміз жас ерекшелігіне қарамайтын адамынң көңіл күйін көтеретін ойландыратын үрдіс. Ойын арқылы бала өзінің психологиялық ерекшелігін қалыптастырады. Кез келген бала ойнағанда құрдастарымен қарым қатынасқа түседі, олармен сөйлеседі, пікір алысады. Бала жалғыз ойнағанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп, қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі.

Тәрбиеші  ойын  әрекетін  ұйымдастыруда  өзі  жетекші  бола  отырып, балаларды  ойнай  отырып  ойлануға  бағыттайды,заттың  атын  немесе қасиетін  есінде  сақтап  қалуға  жол  ашады,қиялын  дамытады. Мысалы:«Аз,көп»,«Жақсы жаман»,«Қыс,жаз»,«Жоқ,иә»,Он саусақ»,«Моншақ»,«Мен бастайтын,сен аяқта»,«Жалғастыр»,«Не артық?»,«Есіңде сақта» т.б. ойындарды атап көрсетуге болады.

Қорыта айтқанда балалардың ана тіліндегі дыбыстарды анық айтып, дұрыс сөйлей білуге балабақшада берілер тәрбиенің ықпалы зор.
Қазіргі заман талабына сай оқу — тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді ойына, бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу, тәрбиешінің алға қойған міндеті. Айналадағы дүниені, табиғатты бақылап түсіндіріп әрдайым жаңа сөздермен, сөздік қорын толықтырып отыру қажет деп есептеймін. Жоғарыда айтылған мүмкіндіктерге сай балалардың сөйлеу қабілеттерін тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуда айтқан әңгімесіне, өзі құрастырған қысқа әңгімелеріне бағыт — бағдар бере отырып, тіл байлығын, сөздік қорын дамытуды басты назарда ұстау керек деп ойлаймын. Баланы өз баламыздай жақсы көріп, білгенімізді олардың санасына құю, жеткізу тәрбиешінің алға қойған мақсаты. Сол мақсатқа жету үшін талмай, қажымай еңбек етуге міндетіміз.

 

Педагогика
Қобдабай Қабдыразақұлы, Текті тұлға тәрбиелеу жолы

Мақала авторы: Қобдабай Қабдыразақұлы
Жұмыс орны: Теміртау қаласы №8 мектеп мұғалімі
Лауазымы: зейнеткер мүғалім
Порталға жариялану мерзімі: 26.09.2017

Текті тұлға тәрбиелеу жолы

Тектіден текті туады, Тектілік тұқым қуады. Тектілердің тұяғы, Таңдайды құз-қияны. Шын тектілер халқы үшін, Өлімге басын қияды. Жақсы, жаман деместен, Жанына жұртын жияды.. (Бекасыл әулие1822-1915)
Қазіргі кезеңде біз үшін жастар бойындағы өзіндік қасиеттерге нұқсан келтірмей жаңа қасиеттерді, дербестікті және таңдау мен шешім қабылдау жағдайындағы жауапкершілік-ке баулу, қоғамдағы тиімділікті арттыруға әсер ететін білім, білік, дағдыларды ұлттық мәдениет аясында қалыптастыру, «бәсекеге қабылетті» ұрпақ тәрбиелеудің басты амалы болып отыр.. Білім беру жүйесі арқылы ғана оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлғаға бағытталған жұмыс нәтижесінде оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптас-тыруға, олардың әлеуметтік міндеттерінің және өзбетінше жұмыс жасау дағдыларын көтеруге болады. Халқымыздың ар-иманының айнасы, ұзақ жылдар ішіндегі жинақталған асыл да ардақты қазынасын құрайтын рухани игілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, таным-сенімі, саналық танытатын көзқарастар жүйесі, әлеуметтік топтың, ұлттың, халықтың өмірдегі бет-бейнесі, біліктілігі, тыныс-тіршілігінің ғұмыр нәрінің бұлағы – ата-баба мұрасы,адамзат мирасы екені белгілі.Рухани мұралар мен құндылықтар тектілік жолымен де,мирастық үрдіспен де жалғасын табады..Халқымыз «түбін білмеген тексіз,тегін білмеген түбін білмейді, тегі мен түбін білмегеннен келелі кеңес шыға қой-майды» деп кесіп айтқан. Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез – құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалып-тастыру құралы. «Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне — өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі» (М.Жұмабаев).«Тәрбие – бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын жетілдірудің ең күшті сыры бар» (И. Кант). Олай болса, тәрбиелеу жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жүйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымының дамуына, ерік – жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына оң ықпал етеді.Сонымен қатар тәрбие – адамдарды қоғамда еңбекке және басқа да пайдалы әрекеттерді орындауға, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқаруға дайындаудың табиғи заңдылықты іс-әрекеті,қам-харекеті.Тәрбиелеуші әрекеті -біреулердің ізгі ниетпен,адал көңілмен жүргізген өзіндік қимыл-қозғалысы болумен қатар,ұрпақ алдындағы борышы,адамдық парызы, табиғат заңдылығы,атадан-балаға ұласқан тектілігі.Жеке адам бір-бірінен ажыратылатын және оған пәрменді түрде ықпал ететін биологиялық белгілері мен ерекшеліктері арқылы айқындалады.Анықтауыш қасиеттер — жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мақсаттары.Жеке адам болу үшін психикалық дамудың белгілі бір дәрежесіне жетіп, басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білінетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс.
Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды.Жеке адамның қалыптасуы -күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылығы мол құбылыс. Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский «Адамды табиғат жаратқанмен, оны өсіріп,тәрбиелейтін-қоғам»,-деп өте орынды айтқан.Ал,қазақ айтады: «Тән-Тәңірден, тәр-бие-өзімізден» Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғым да бар.Ол адамның өсу шағына сәйкес:нәрестенің дамуы,сәбидің дамуы,жеткіншектің дамуы,жас өспірімнің дамуы, бозбаланың дамуы,бойжеткеннің дамуы деп топталады.Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды. Жеке адамның дамуы — бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі.Осыған әсер ететін ұрпақтың бойында бар,ата-бабадан ұласқан , ақыл-ой,дарын-қабылет,өнер мен даналық нышандары біршама дәреже де оған ықпалын тигізе алады.Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтар-ында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады.«Тәрбие адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс» деп Я.Коменский тәрбие сипатын төмендегідей негізгі элементтерге бөлді:Адамға барлық заттарды білгізу-«ғылыми білім»;Заттардың және өзінің қожасы ету-«адамгершілік»; Құдайға,заттарға құлшылық ету-«діни тәрбие»;Тән саулығы-«дене тәрбиесі».Сөйтіп, тәрбие мен дамудың арасында екі жақты байланыс бар.
Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, т.б. қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелері. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінелі. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға. Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз-оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы өзгешелігімен даралануы.Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі көріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер-айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер-сын көзі-мен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін.
Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялың ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс.Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп қараймыз. Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерін анықтайтын оның санасы болып табылады. Сана ақыл-ойдан туындайды..Жеке тұлғаға тән қасиет — ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу-миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оқығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады.Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды Жеке тұлғаға тән қасиеттерді,оның ата –бабасынан ұласқан тектілігімен ұштастыруды,мұны жүзеге асырудың ғылыми негізін тұжырымдап, қалыптасу жолын айқындап саралау,амал-айласын,тәсілдерін тағайындап беруді текті тұлға тәрбиелеу теориясы деп отырмыз.Бұл теорияның формуласын қорытып,ғылыми негізін анықтауға алғы шарттар мен негіздер бар ма?Сенің іздестіріп тапқандарың мен қорытып тұжырым-даған түйіндерің жеткілікті ме?-деуіңіз әбден мүмкін.Педагогика мен психология тарих-ында мұндай талпыныстар әр кезде болған.Бір сәт тариха бет бұралық.Текті тұлға тәрбие-леу көзқарасына белгілі мөлшерде ықпал жасау мүмкіндігі бар теория-Бихевиоризм Бихевиоризм сана жөніндегі декарттық –локктік концепцияның дәрменсіз екенін атап көрсетті.Бихевиористердің пікірі бойынша психология сананы ,оның мазмұны мен қызметін зерттеуден бас тартуға тиіс.Ғылым тек объективті түрде байқауға болатын және әркім үшін белгілі,яғни мінез –құлықты зерттеуі қажет.Зерттеу пәні өзгерді /сананың орнына мінез-құлық алынды/,сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды “Сана” ,“түйсік” “қабылдау ”, “ерік ”деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды.“Стимул” (сыртқы орта қоздырғышы ) “реакция”(организмнің қозуға қайтаратын жауабы)және стимул мен реакция арасындағы“байланыс”(ассоциация, коннексия )негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Сондықтан да бихевиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп атайды. Бұл теорияның мақсаты–ортаға бейімделуге бағытталған мінез-құлықтың принциптерінанықтау .Бізге керектісі-осы,ортаға бейімделу бағыты. Казіргі психологиядағы тұлға теория-ларынан(Ангьял, Гольдштейн, Роджер) туа берілген организмдегі өзіндік маңыздану да бізге жат болмайды Кейбір теориялар білім беру жүйесі кезеңін, ал енді бірі адамныің бүкіл ғұмырлық дамуын қамтиды. Сондықтан, олар жас ерекшелік және педагогикалық психологияға тән сипаттарға сай құрылған.Сонымен, тұлға туралы теориялар: ішкі қасиеттерді, келбет пен тұлға сапасын немесе олардың сыртқы көріністерін алады. Мысалы: мінез, қылық, іс — әрекет сияқты.Тұлғаның интеракционды теориясын американ психологі У.Майшел жасады. Онда адам тұлғалық факторы мінезді белгілеп, оны бірнеше топқа бөледі:1.Адам қабілеті.2.Когнетивті стротегиясы.3.Кітетіні.4.Құндылығы.5.Мінез жоспары.Тұлға теориясын жасауда американ психологі Э.Эриксон тұжырымдамасының өзіндік орны бар. Ол тұлға дамуы мен қалыптасуын эпигенетикалық принципке сүйене отырып түсіндіреді және өмір сүру барысында болатын тұлға дамуындағы 8 дағдарыстың болатынын белгілейді.
1.Алғашқы өмір сүру кезеңінде болатын сену, не сенбеу.
2.2-3 жас арасында болатын күмән мен ұят.
3.3-6 жас аралығында белсенділік пен оған қатысты болатын кінәләну.
4.Еңбекқорлық және оған қарсы толық мәнде болмаушылық.
5.12-18 жас аралығындағы болатын тұлғаның өзін — өзі белгілеуі мен жеке дара даралануындағы топтамалар мен дау-дамайлар.
6.20 жас шағындағы өз шектеулігі мен қоғамға араласушылығы оған қарсы мәндері. 7.30-60 жас аралығында жас ұрпақ қамқорлыққа өзін-өзі жегуі.
8.60 жас және одан жоғары жаста өткізген өміріне қанағаттануы мен өкіну, түңілуі.
Бұл дағдарыс пен дамудың барлық нышандары мен белгілері «Адамтану қазақ ілімінде»
толық қарастырылған.(Адамтану қазақ іліміне кіріспе,Балатану баспалдақтары.(Коллеги каз.журнал.Әдістеме кз.Тәрбие кз.Еdu laif.kz Kaz ust.Akikat.kz сайт,порт.)
Материалистік педагогиканың өзінде-жеке тұлға белгілерінің пайда болуы мен дамуын талдау үшін жеке тұлғалардың қалыптасу процесіне әсер ететін мынадай факторларды айқын көрсеткен 1) биологиялық тұқымқуалаушылық. 2) табиғи және әлеуметтік орта
3) Мәдениет 4) Топтық және даралық(ндивидуалды) тәжірибе.
Биологиялық тұқымқуалаушылық белгілері ауаға, суға, ұйқыға, қауіпсіздікке, ауырмауға қажеттілікті қамтитын адамзат тіршілігінің туған қажеттіліктері мен қабілеттерімен толықтырылады. Егер әлеуметтік тәжірибелерде негізінен адам иеленетін жалпы белгілермен түсіндірілетін болса, ал биологиялық тұқымқуалаушылық жеке тұлғаның индивидуалдығын, оның қоғамның басқа мүшелерінің бастапқы айырмашы-лығын түсіндіреді. Осыған байланысты биологиялық тұқымқуалаушылық толығымен жеке тұлғаны қалыптастыра алмауын айтса,біз осы кемістікті тектілік арқылы жоюды ұсынамыз. Себебі-қазақтың тектілік туралы ұстанымы генетикалық тектен терең.Табиғи және әлеуметтің ортаның тұлға қалыптстыру ролін біз жете бағалймыз.Себебі,қазақ халқы жеке тұлғаны қалыптастыру үшін,тек және тектілік туралы аса қомақты білім қорын жинаған ,сондай-ақ, текті тұлға тәрбиелеу тәжірибесі орасан салмақты.Осы педагогикалық процесс,қазақта жалпы ұлттық сипат алған. Бүгінгі педагогикалық-психологияның экспериментальді түйіндері мен тұжырымдарынан еш кем емес.Текті тұлға тәрбиелеу теориясы өмірлік пікірлер, бақылау мен тәжірбиеге, теориялық қорытуға негізделеді де, экспериментке сүйенбейді. Экспериментальді емес теория санатына сиысады,Себебі ол,талай ғасыр бойы керектеніліп сыналған білім.
Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылық немесе бағынушылықты табиғат заңы дейді.
Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі – префор-мистер. Преформизм — XVIII ғасырда биология саласында үстемдік еткен, адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформистер ересек адамдардың барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындағы сәбидің ағзасында болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы деп қарастырады
«Академик Д.Кішібековтың пайымдауынша, текті болуға ата-баба, ана, туған жер, өскен орта әсер етпей қоймайды, бірақ, осылардың ішінде ең бастысы – әр адамның өз басы, ақыл-есі, парасаты, жігері, алдына қойған биік мақсаты, жаманнан жиреніп, жақсыға ұмтыла білуі. Сонда ғана, адам дараланып, сомдалып, тұлғалық дәрежеге көтерілуі мүмкін. Осылайша, қоғам қашан да тектілерге сүйенеді. Текпен берілетін қасиеттерге өнеге-үлгі, инабаттылық, кішіпейілділікті жатқызуға болады. Себебі, баланың бойын-дағы бұл қасиеттер әке-шешеден бастау алады. Адамгершілік, азаматтық, қайраткерлік, қолбасшылық, зиялылық, діншілдік, әділеттілік те адам бойына текпен дарыса керек-ті. Ғалым, философ Ж. Молдабеков текті жанды «ол өнер жолын қуады, сертінде тұрады, уәдесін орындайды, қолы ашық, көңілі жайдары, тілі майда, әрекеті батыл келеді» деп сипаттайды.Ақын Сәкен Иманасов, дінді тектіліктің бастауы деп біледі. Сонау ламаизмнен, даоцизмнен, тәңіршілдік, буддизмнен бастау алып Исламмен жалғасын табатын адами қасиеттер сананың, зерденің оянуы, жетілуі, ар тазалығы, инабаттылық пен қайырымдылық иірімдерін қалыптастырады, тектілікке жол ашадыАмерикандық ғалымдардың зерттеуінше бақытты болуға жалғыз жол достық қар ым-қатаныстарды нығайту мен әлемдік дәстүрлі діндер насихаттайтын адамгершілік нормаларын ұстану екенін ғылыми жолмен дәлелдеген. Қазақи шежірені зерттеуші ғалым, Дәуірхан Айдаров: «ғылыми тек (ген) – адамның шыққан негізі, нәсілін, тұқымын білдіреді. Ал, қазақы танымдағы тектіліктің мазмұны тереңде» – деп тек пен тектілікті ажыратады. Жазушы Қ.Түменбай тектілікті шыңырау құдыққа теңеп, «оның суы мөлдір болғанындай, тектілік те мөлдір болады» – дейді.
Жазушы А.Смайыл «тегінің ар-намысын ойлаған жігіт арғы-бергі үрім бұтағының қамын қатар күйттеп, жанын арына садаға етеді. Арлы ер аз сөйлеп, көп тындырар, тек осындай табанды азаматтардың қатары толыққан сайын халық тектілене түседі» деп тектіліктің азаматтықпен біте қайнасып жатқандығын көрсетеді. Сонымен, зиялы қауымның пікірі тектіліктің туын биік ұстау үшін адамның бойында мынадай өлшемдер болуы шарт дегенге саяды: дене бітімі, ой-санасының деңгейі, тәрбие, жүріс-тұрыс, киім киісі, қоғамдық ортада өзін өзі ұстауы, сөйлеу мәнері, тамақтануы, тәртібі, ғылым мен өнерге жақындығы, салт-дәстүр мен дінді ұстануы, жаны, сезімі, ақыл-парасаты, ізденімпаздығы, жауапкершілігі, рухының биіктігі, қанағаты, иманы, шыншылдығы, турашылдығы, мүсәпірге қол ұшын беруі, жанашырлығы және т.б. Әрине, аталған қасиеттердің жиынтығы бір адамның бойынан табылуы некен-саяқ кезедеседі. Десек те, қазақ тұлғаларға кенде емес!» (А.Молдабекова.www.akikat/kz)
Гуманитарлық ғылымдар да тектің әлеуетін пайдалануды көздеді. Әсіресе, психо-терапия ғалымдары адамның ата тегін зерттеу арқылы отбасылық қатынастарда туындайтын мәселелерді анықтауға көштіОсылайша, бүгінде әлеуметтік психология мен клиникалық әлеуметтану ғылымында адамның шыққан тегін сызғызу арқылы, оның бүгінгі өміріндегі әлеуметтік мәселелеріне жауап айтады. Адамның сол текті жалғаушысы немесе белгілердің тасымалдаушысы ретінде келер ұрпаққа не беретінін, не беруге болатынын да талдауға болады. Тіпті, ажырасу, ішімдікке салыну, психологиялық бедеулік, ер азаматтың отбасын тастап кету жағдайлары, жеңіл жүрістікке салыну және т.б. әлеуметтік мәселелердің тек арқылы берілетіндігін ғалымдар байқаған. Қазақта текті сипаттаудың негізгі құралы болған шежірені ғылымда «социо-генограмма» дейді. Қазақтың шежіресіндегідей социогенограммада да кемінде жеті атаға дейін туған-туыстар көрсетіледі. Тіпті, оны сызудың, қандай ақпараттар көрсетілуі керектігін ғалымдар ғылыми тұрғыда жасап, шартты белгілеріне дейін анықтап қойған. Ешкім де туысқан- туғансыз, ағайынсыз емес. Кім болса да адамнан шығып, адамнан тараған, ал адам да сол көп жапырағы бар бұтақ пен көп тамырлары бар ағашқа ұқсайды. Туған-туыс дегеніміз де сол бір түбірден өсіп шыққан ағаштың бұтақтары тәрізді. Адамның көрген тәрбиесі, алған нәрі, бұрынғыдан қалған мирас-мұрасы, бәрі-бәрі алпыс екі тамыр арқылы тұла бойға тараған қаны бір түп ағаш тәрізді.Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын- туысын, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел- жұртын тани білуге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер жетім», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек.Осы негізде,қазақ әулет мектебінде «Тарих-шежіре» деген пән оқытылған.Қазақ отбасында баланы өмірге дайындау дәстүрінің бірі-шежіре үйрету .Оның негізгі мақсаты – ата-текті білу, ұрпақ тазалығын сақтау. Шежіре ақыл-ойға қозғау салып, адамды тануға итермелейді. Өзінің кім екенін, ағайын-тумаларының қайдан шыққанын білу өте қажет. Осы арқылы жастың тұлғалық қасиетіне тірек қояды. Сондықтан халық «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» дейдіБала жас ерекшелігі ескеріліп, қазақтың классикалық шежіре жазу дәстүріне сәйкес, «Менің шежірем» атты белгілеу кітапшасын жасап,шамалы әулетте (200-дей отбасын қамтып) , ұстаздар мен ата-аналар көмегін ала отырып, генетика, родология, нумерелогия, астрология жетістігіне сүйеніп, қолданып,керектеніп көріп едік, ата-аналардан жақсы қолдау тауып,тым жылдам таралып отыр..Кейбір ата-ана «Әулет шежіресі» деген фотосуретпен безендірілген кітаптар дайын-дап алды.(«Менің шежірем» кітапшасының жасалу жолы,пайдалану әдісі-/Тәрбие орг сайтында:14.қыркүйек 2017 №23088. Tarbie.org 23088—pdf:; Edu Laif kz Тектану амалы-тамаша тәрбие құралы.Ол өңді суреттер мен кестелерден тұратындықтан мұнда көрсетілмеді/ осы сайттарда толық көрсетілгендіктен,содан танысуға болады.) Тектіліктің дәл анықтамасы болмағанымен, белгілі бір нышандары мен қалыбына сәйкес біз өз анықтамамызды ұсыгнатын боламывз.
Қазақтың көрегендігі де, көсемдігі де санасында, сананы тәрбиелейтін, қор¬ғайтын, жетілдіретін амал айла,әдіс-тәсіл толық жетіліп,қалыптасқан. Қиыншылық қыспағының қар¬қынын рухани жағынан тежейтін көрегендік саналы адамдардың шығуына ықпал еткен, әділетсіздіктің заңын орындайтын санасы жұтаң адамдарға бұл әдіс белгісіз болып көрінгенімен, тарихтың рухымен қатар келетін ұлттық сананың қасиетін ұрпақ бойынан қайта ашатын қазақы тәрбиенің әдіс-айласы ойдан ойға, бойдан бойға тарап рухты күшейтеді. Ұлт перзенттерінің интеллектуалдық оянуына тез ықпал етіп отырады. Ата-бабаларымыздың тектілік ұғымының мәні осында жатыр. Бала күн¬дерінде тағдырдың қиыншылығымен са¬балақ атанған қазақтың хандары, қойшы атанған қазақтың күйшілері, тай мініп, садақ атқан қазақ балаларының батыр болуының басты себебі жан дүние өрісінде. Ол уақыты келген, өмір талап еткен уақытында күшіне еніп, деңгейіне жетіп жан-дүниеден жарып шығатын қуатқа айналып, ең соңында елеусіз жүрген бала өзінің қасиетімен өмірдегі шынайы ролін, тарихтағы орнын өз күшімен дәлелдеп шығады. Демек тектіліктің заңы дала заңының бір белгісі, қазақтың ұлттық ерекшелігін айқындайтын басты байлығы,рухани құндылығы.(Ү.Сәрсенбин.www.akikat/kz)
Жалпы текті тұлға тәрбиелеуде мектеп пен әулет бірлесе отырып,кең көлемді, орасан аумақты іс шараларды жүргізіп тамаша табысқа жету мүмкіндігі бар екенін атап өткен дұрыс.Тұлға тәрбиелеудің басты тәсілі адамды сақтау, әлеуметтік ортада тектілікті қалыптастыру, сол тек¬тілік арқылы елдің болашағына қыз¬мет ету. Қазақ тұлғаларының қа-сиеті арқылы көрсетіліп отырған рухани қасиет үлгілер, яғни, төзімділік, шыдамдылық, батырлық, ақылдылық, зерделілік, сезімталдық, діни сауаттылық кешегі өткен ата-бабаларымыздың бойында бар болатын. Мыңдаған жылдарға жететін, ұлттың тәрбиесі арқылы ұр¬пақтың қасиетімен тарихи уақыттың бөгетінен өтіп отыратын тектіліктің қасиеті, тектілік қасиеттің күші. Біз көп жағдайда батырды қара күштің иесі, ханды ақыл мен айланың иесі, биді сөздің иесі деп жатамыз, бірақ, олардың қанында, жан әлемінде, бойында бар ортақ қасиет- тектілік. Тұлғалық қасиетті бойына тартып, оны өмірдің жағдайында, халықтың мұң-мұқтажына сай шығара білу, батырдың жаугершілік сәттерде жауынгерлікке жүгініп, ел ішінде, бейбіт уақытта қарапайым адам болуы рухани қасиет иесінің ерекше табиғатының мәнін айқындайды. Сондықтан да, қазақ тектілікті адамның өзін сақтайтын, өзі арқылы өмірін сақтайтын, өмірі арқылы ұлтын қорғайтын қасиет деп түсінген. Тектілік феномені хақында пайымдалған асыл сөздердің астарында терең ой, ғасырлық өмір тәжірибесі, генетикалық ілімге тән даналық көзқарас жатыр. Бұдан қан арқылы берілетін қасиетті еш нәрсемен алмастыру мүмкін емес екені анықтала түседі. Оған дәстүрлі қазақ қоғамының қойнауында пайда болған «алма сабағынан алыс түспейді», «түбіне қарай бұтағы, тегіне қарай ұрпағы», «тектен нәр алған тозбайды», «шұғаның қиқымы да шұға», «тұлпардың тұяғы, сұңқардың қияғы», «тегінде бар тектілік», «тектілік тұқым қуады», «тегі мықты», «тегі таза», «тегіне тартқан», «асылдың қиығы», «тектінің тұяғы», «жақсының көзі», «асылдың сынығы» деген ілкіден келе жатқан нақыл сөздер де дәлел бола алады. Керісінше, бұған антипод мағынадағы «жетесіз», «жүгенсіз», «парықсыз», «көргенсіз», «тексіз», «тәрбиесіз», «ұятсыз», «намыссыз», «ештеңе көрмеген», «қарғыс атқан», т.б. нәлетті сөздерде жайдан-жай айтыла салмаған. Бағзы бабалардан жеткен «барымташыдан ұры, ұрыдан қары, қарыдан бәрі шығады» деген ұлттық дүниетаным кей кезде «өзі болған жігіттің -ата-тегін сұрама», «жаманнан жақсы туса – теңі болмас, жақсыдан жаман туса-емі болмас» деген пайыммен алмасқан. Қазақтың шежіресі-қан мен сүт тарихы. Жетпіс жеті пұс¬¬тысынан жеті атасына дейін білген, үш жұртын:-өз жұр¬ты, нағашы жұрты, қайын жұр-тын таныған қазақ баласы қай ғасырданда текті еді. Же¬телі еді, көргенді еді. «Жеті ата¬сын білмегенді жетесіз» дей¬ді жұрт. «Жігіттің жақсы бол¬мағы нағашысынан» дейді жұрт. «Жаманнан жақсы туа¬ды, адам айтса нанғысыз, жақ¬сыдан жаман туады, күндердің күні болғанда бір аяқ асқа ал¬ғысыз» дейді тағы да. «Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық» дейді.Осы текке қатысты қазақ білмеген, қазақ айтпаған дүние бар ма өзі?! Қазақтың сезбегені, түйсін¬бегені бар ма?! Әкеден атаға, одан әз атаға, одан бабаға, одан тектікке, одан төркінге, одан тұ¬қиянға дейін жатқа айтатын, баладан немере, шөбере, шөп¬шек, өбере, туажат, жүрежат, жек¬жат, жұрағат, жамағатқа дейін бірін-бірі көрер көзге та¬нитын, өркеннен әулетке, одан зәузатқа, одан жаранға, одан қалыс ағайынға дейінгіні бата¬сына қосқан қазақ баласы кімнен кем еді.(Жаңабек Жақсығалиев)
Тектілік – адам бойындағы асыл қасиеттердің, парасаттылықтың үлгісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа рухани азық береді. Тектілік құбылысы жақсы адамның кездейсоқ қалыптаспайтынын, ата-бабалардан берілетін дүниетанымдық, психологиялық т.б. бейімділіктері болуға тиістілігін көрсетеді. Тектілік гендік түрде берілетін биологиялық қасиет қана емемс. Нағыз тектілік сыпайылықтан, кешірімпаздықтан, мейірбандықтан көрініп, осы ізгі ниетпен ешкімді төмендетпей, шеттетпей биіктеуге мүмкіндік береді. Текті жан деген кім? Қазақ біреудің білік-бітімін, мінез-болмысына, хам-харекетіне, ақыл-парасатына риза болса, «Апыр ай, бұл текті жан екен ғой!» «Тектен нәр алған тозбайды» деп сүйінеді. Демек, тектілік дегеніміз – қасиетті ұғым. Тектілік адамға ана сүтімен, әке тәрбиесімен бойға дарып, бірте-бірте өмірді тани келе, біле келе кемелдене түседі. Айналаңдағы адамдардың тыныс-тіршілігі, болмыс-бітімі, оның өзіңше ой түюіңе түрткі болады. Қазақ «тегі жақсы» деген бір ауыз сөз арқылы адамды өсіріп, «тексіз», «жаман» деген бір ауыз сөз арқылы өшіріп отырған. «Сол тексіз немені қойшы» деп ұлдан үмітін үзген Мыңның біріне ұя салатын текті¬лік құ¬былыстыңөзгеге ырық бермейтін, ол атаның қаны, ананың сүтімен дарып, сүйекке бітетін асыл қасиет екенін қазақ халқы алыстан аңғарды. Сайып келгенде, ұлттың тектік қорын (генофондын) күшейту мақсатында жеті атаны сақтау, құдандалы болу, атастыру, қалың мал, полигамия (көп әйел алу), әмеңгерлік, т.с.с. ата дәстүрлерді сары майдай сақтап, шынжырлы-текті тұ¬қымдардың тамырын үзіп алмай, ұрпақтарға сабақтастыруда бай тәжірибе жинақтады. Дәстүр¬лі қазақ қоғамында қалыптасқан некелік-отбасылық қатынастың негізгі өзегі бозбала мен бой¬жеткеннің арасындағы тамыры жоқ арзан сезім емес, жарық дүниеге ақыл-ойы зерек, дені сау, аяқ-қолы балғадай текті ұрпақ әкелу философиясымен байланысып жатыр. Өйткені қай кезде де ұрпақтың денсаулығы мен зердесі мемлекеттің ең үлкен қазынасы екені сөзсіз. Ортағасырлық жазба де¬реꬬтерде бірде Жәнібек хан ғұ¬лବма ға¬лым, шипагерліктен қара¬ үзіп шыққан Өтейбойдақ Ті¬леу¬¬қବбыл¬-ұлы¬нан: «Қандай ау¬ру¬ды ем¬деу қиын?», — деп сұ¬ра¬ғанда емші: «Тұ¬қым қуалай¬тын ау¬руды емдеу қиын», — деп жа¬уап береді. «Оның алдын алу¬ға бо¬ла ма?» — деген ханның екінші сұ¬-рағына Өтейбойдақ: «Болады. Жеті атаға дейін туыс адамдар өз¬ара қыз алыспау керек. Же¬ті қазақ үшін қасиетті сан», — деген екен. Аты аңызға айналған емшінің айтқанына тоқтаған Жәнібек хан жеті атаға дейін үйленуге тыйым салып: «Кімде-кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесіл¬сін!» (Тілеуқабылұлы Ө. Шипагерлік баян. Араб қарпінен көшіргендер – К.Елемес, Д.Мәсімхан. Алматы: Жалын, 1996.15,43-б.) деген жар¬лық шығарады. Көшпелі қазақтардың ел билеу заңы Жеті жарғы бо¬йынша да жеті ата ішінде қан араластыру өлімге не ағайындар белгілеген жазаға бұйырылады. М.Қозыбаевтың пікірінше, «тоқсан тоғыз қырылып, тоқсан тоғыз тірілген ол (қазақ-Ж.Ж.) халықтың асыл тұқымын қалай сақтау заңын игерді.Жеті атаға дейін өзара қан араластыруға болмайтынын барша түрік тайпаларының ішінде ең алдымен түсінді» (Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. Алматы: Қазақстан, 1994. 59-б.). Демек, ата-бабаларымыз дәл қазіргідей ДНК-ны толық зерттемесе де, жақын адамдардың отбасылы болуынан сан алуан дерттің етек алатынын же¬тік білген. Тұқымқуалаушылық¬тың заң¬дары тұрғысынан алғанда туыс адамдардың некелесуі дұрыс емес. Бүгінде сирек кездесетін сырқаттар негізінен генетикалық аурулар екендігі анықталып, ме¬дициналық тілмен айтқанда, ор¬фандық аурулар проблемасын дәрігерлер соңғы жылдары дабыл қағып көтере бастады. Әсіресе, мутацияға ұшыраған нәрестелер санының көбеюі қоғамды алаң¬датып отыр. Дамыған елдерде адамның тұқым қуалайтын 50-55 түрлі ауруларына тест жасайтын генетикалық консультациялар¬дың жұмыс істеуінің өзі көп нәр¬сені аңғартады.(Ж.Жақсығалиев.abai.kz)
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен дараланады.Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз-оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі көріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер — айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер — сын көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін.
Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялың ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс.Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемділігі, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп қараймыз. Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерін анықтайтын оның санасы болып табылады. Сана ақыл-ойдан туындайды.Жеке тұлғаға тән қасиет — ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу — миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оңығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоңып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады. Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өзінің жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы.
Тұлға -жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз — адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты.
Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп «мың ойланып, жүз толғанып» іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты. Тұлға дегеніміз — сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі.Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай алу еркіне байланысты құбылыс. Даму — жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және құбылмауы процесі. Балада анадан туа біткен белгілі сезімдер мен мінез бар(бұрын жоқ деп келдік Бұған қарсы пікір де бар «Баланы туғаныңмен мінезді тумайсың!»). Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде толысып жетіледі(бұрын қалыптасады деп келдік) Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Біздің пайымдауымызша;тұқым қуалаушылық-ұрпақтың ата-тектен алған еншісі- биологиялық—рухани ұқсастығының белгісі,нышаны.Ол-ата-тектен ұрпаққа қан арқылы және періште әкеліп салған жан арқылы беріледі.Қан арқылы ата-тектік бет-бейне,өң-түс,қимыл-әрекет,тіл,діл,дін,мінездік нышандар ұласады.Жаратушыдан жолдан-ған жан арқылы ата-тектік ақыл-дарын,сезім-қабылет,рух-қуат дариды.Кейбіреулер баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нерсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұңсастықты еске түсіреді., ал кейде музыкаға, биге, математикаға,тілге қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді жан арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай. Міне,осы нақты жағдайларды еске ала отырып,текті тұлға тәрбиелеу жолын айқындаймыз, Текті жан иесі атанған сәбиді текті тұлға(Кісі) болғанға дейін Қазақ педагогикасындағы тәрбиелеу ілімін тірек етіп алып,ұлы даланың ұлық ұстаздарының ұлағатымен баулимыз.Мысалы,Ы. Алтынсарин текті тұлғаға тән,жеті жақсы қасиетті атап көрсеткен:Бiрiншi:Имандылық.Екiншiсi:Жоғарғыәдiлдiк.Үшiншiсi:Адалдық,ақкөңiлдiлiк.Төртiншiсi: Сыпайылық, момындық.Бесiншiсi: Адал ниет пен өсиет беру. Алтыншысы: Жомарттық, қайырымдылық. Жетiншiсi: Дұрыс заңдылық Барлық әлемдік діндерге тән қасиеттердің бірі имандылық. Оның түбірі иман, яғни ақиқатқа, шындыққа жетелер сенім тірегі, бар бет-бейненің, мінездің айнасы.Имандылық дегеніміз-нұрын шашып тұрған күн екен.Күнді иман ретінде танысақ, оның сәулелеріне не жатады екен?1. Әділеттілік
2. Тазалық 3. Мейірімділік 4. Сенім 5. Қайырымдылық 6. Ізгілік Бұлардың дені текпен беріледі,әрі жан басында бар,сана сарайын ашуды ғана күтіп тұрған табиғи болмыс,рухани мұра.Сондықтан, тектілікке баулу дегеніміз – ол адамдардың үлкен бе, кіші ме, әрбір істеген ісін, сөйлеген сөзін, өзгелермен қарым — қатынасын ақылға салып, ар — ұят таразысынан өткізіп, біліммен ұштастырып, ең әділ, ең дұрыс жолын таңдап ала білуі. Тектілік – адамның рухани байлығы.ұлт мәдениетінің құрамдас бөлігі. Анықталған мәдени тәжірибе барлық адамзат үшін жалпы болып табылады және сол немесе басқа қоғам дамуының қандай сатысында тұрғанына тәуелді емес. Сонымен қатар әрбір қоғам өзінің барлық мүшелеріне басқа қоғам бере алмайтын кейбір ерекше тәжірибелерді, ерекше мәдени үлгілерді береді. Амеркан зерттеушісі К.Дьюбайс сол қоғамға тән жалпы белгілерді иемденетін жеке тұлғаны модальды деп атады. Модальды тұлға деп Дьюбайс сол қоғамның мәдениетіне тән кейбір ерекшеліктерді иемденетін жиі кездесетін жеке тұлғалардың типін түсінді. Бұл -біздің ұсынып отырған Текті тұлғаМодальды тұлға қоғам мәдени тәжірибесіне барарда өзінің барлық мүшелеріне беретін жалпы мәдени құндылықтарды өзіне сіңіреді. Яғни әрбір сол қоғамның мәдениетіне сай келетін бір немесе бірнеше тұлғалық типтерді дамытады. Бірақ күрделі қоғамда субмәдениеттің көп болуына байланысты жеке тұлғалардың жалпы қабылдаған типін табу өте қиын. Біздің қоғамымыз көптеген құрылымдық бөлімдермен сипатталады: аймақ, ұлт, шұғылданатын іс, жас ерекшелік категориялы, жеке тұлғалар бар. Бұлардың әрқайсысы өздерінің жеке субмәдениетін жасауға бейім. Бұл үлгілер жеке индивидтерге тән тұлғалық үлгілермен араласады және аралас тұлғалық типтер пайда боуы да мүмкін.Ал.түптеп келгенде текті тұлғаның басымдық алуы заңды.Ал,қазақ халқының мыңдаған жылдық тектілік тәрбиесінің тәжірибесіне қоса орасан мол мұра -білім қорын жинағанын жоғарыда айттық Сондықтан сол білім қорын жас ұрпаққа беруіміз, игертуіміз керек.

Дерек көздері:
Ж.ЖақсығалиевТектілік феномені e-histori.kz
Ж.Жақсығалиев Тектілік феномені old.abai. kz
Ж.Жақсығалиев Тектілік феномені akikat razgazet.kz
А.Молдабекова Қазақ тектілігі-ұлт көрсеткіші alahs ainasy.hz
Ү.Сәрсенбин Текті тұлғадан текті ұлтқа дейін akikat.kz

Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым-жазушы)
Күннұр Қайратқызы(Теміртау қаласы №8 мектеп,шет тіл мұғалімі) 25 қыркүйек 2017

Педагогика
Әжібекова Гүлнара Жамаханқызы, Оқытудың философиялық негіздері

Мақала авторы: Әжібекова Гүлнара Жамаханқызы
Жұмыс орны: Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеты
Лауазымы: филология ғылымының кандидаты
Порталға жариялану мерзімі: 14.05.2017

Оқытудың философиялық негіздері

 

Мақала басында проблеманың жай-күйіне көшпес бұрын, жеке адам жөніндегі түсінікке тоқталғымыз келеді. Бұл арада жеке адам деп психология ғылымындағы “личность” үғымын беріп отырмыз. Алайда ғылымның түрлі салаларында терминдік алақұлалық бар екенін ескертеміз. Бір әдебиеттерде жеке адам “субьект” ретінде алынса, тағы бір ғылыми еңбектерде “индивид” деген ұғымды да аңғартады. “Личность” дара тұлға деп алынған әдебиеттер де кездеседі (сонымен бірге жеке тұлға, заңды тұлга деген атаулардың да қалыптасқаны белгілі).

Оқытудың философиялық-психологиялық проблемалары бұл ұғымның атауын педагогикада жеке адам деп (қолдануға негіз береді. Себебі өскелең жас ұрпақтан дара тұлға (индивидуальность) жасау үшін, алдымен оны жеке адам ретінде қалыптастыру қажеттілігі мәселені талдау барысында айқын көрінбек.

Сонымен философиялық тұжырым бойынша жеке адам дегеніміз кім? Ол — әрекет жүйесі шығармашылық болмыстан туындайтын тұлға. Жан-жақты дамыған жеке адам үшін шығармашылық — оның болмысының нысаны, әрекетінің тәсілі. Ал шығармашылық болмыс теорияға сүйенеді (қазіргі педагогикадағы теориялық сана, дамыта оқыту идеялары осымен байланысты). Қоршаған ортамен, адамдармен теориялық қарым-қатынас жасау деген сөз — кез келген құбылысты жалаң аңғарып, аңдап қана қоймай, фактілерді тізіп, топтап қорытумен шектелмей, сол құбылыстың, фактінің түпкі мәнін, терең негізін, ішкі әлеуетін, қозғалысын, дамуын, ішкі заңдьшықтарын ұғыну. Кез келген құбылысты соңғы нәтиже, тиянақталған қорытынды ретінде қабылдап қана қоймай, оны процесс ретінде тану.

Жеке адам туралы ұғым, адам мәні туралы ұғым философия ғылымында дәйектелген десе де болады. “Формирование личности не может быть сведено к системе воспитательных воздействий на нее, но выступает как процесс деятельного присвоения и реализации сущностных сил человека”, 1 “Когда труд становится только средством для создашия вещей и вещного богатства он перестает быть способом формирования мира человека” деген дәйектемелерді педагогика ілімі философиялық тұжырымдардың негізінде көтеріп отыр.

Философия ғылымында жеке адам белгілі бір мақсатқа жетудің құралы ретінде қаралмайды, жеке адам — түпкі мұраттың өзі болып табылады (яғни орыс тіліндегі ұғымымен берсек, “человек — как самоцель, как цель в себе”). Бұл не деген сөз? Яғни индивид әлеуметтік міндеттерді, қызметтерді атқарушы немесе жұмысшы күші ғана емес, ең бастысы, ол — Әмбебап болмыс (сыртқы және өз ішіндегі шектеуліктерден асып, шексіз мүмкіндіктерге ұласа алатын болмыс). Оның ішкі кеңістігі әрқашан кең.

Ол сыртқы ықпалға бағынып, шектеуліктерге тәуелді болуға тиіс емес. Жеке адам ішкі кеңістігі арқасында сыртқы жағдайларды қайта құрып, қайта жасай алады. Ол өзін-өзі өзгерте алады.

Индивидтер толық индивид ретінде жетілгенде ғана, олардың арасындағы қарым-қатынас теориялық қарым-қатынас деңгейіне көтеріледі. Толық индивид (целостный индивид) дегеніміз кім? Тұтас ойлау арқылы әрекет формасын өзгертіп, қайта кұра алатын, өзін-өзі өзгертуге қабілетті тұлға. Белгілі бір әрекет саласына қатысты білім, білік дағдыларды меңгерумен шектелмей, өзін-өзі жасап шығуға, өзін-өзі өзгертуге қабілетті адам.

Біз оқу, тәрбие процесінде көбіне-көп жас ұрпақтың сыртқы ортаға икемділігін қалыптастырумен ғана шектеліп келеміз. Мысалы, нарық заманында қандай білім, білік, дағды кешені қажет, соларды меңгертуді мақсат етеміз. Ал мұның бәрі адамның жеке адам ретінде қалыптасуына мүмкіндік бермейді. Адам әрекеті белгілі бір салаға ғана қатысты білім, білік деңгейлеріне, арнаулы бағдарламаларға тәуелді. Өздігінен әрекет ету, ішкі әлеуетін ашу, Әмбебап болмысын жүзеге асыруға белгілі бір саламен шектеліп қалатын білім, білік көлемі кедергі келтіреді. Белгілі бір саламен шектеліп қалған адам өздігінен әрекет формаларын тудыруға қабілетсіз боп шығады. Яғни ондай адам өзін-өзі өзгертуге де қабілетсіз. Сондықтан да бүгінгі таңда білім беру жүйесі бойынша адамды жеке адам ретінде тәрбиелеуге не бөгет жасауда? Оны анықтау үшін оқу пәні, оқу материалының құрамы, құрылымы деген мәселеге назар аударалық.

Оқу материалы (белгілі бір білім негіздері мен оларды қолданудың жүйесі) оқушыларды түрлі ғылым салаларында жинақталған білім көздерімен таныстыруды және оларды белгілі бір амалдарды қолдану арқылы жүзеге асыру қабілетін қалыптастыруды көздейді. Білім беру — адам баласының танымдық әрекетінің нәтижелерін қорыту болып есептеледі. Ол қандай нысанда көрініс табады? Бұл — оқу бағдарламаларындағы қүрылымдық жүйемен көрінеді. Оқу материалдарын іріктеуге қойылатын талап сол білімнің пайдаға жарамдылығымен өлшенеді. Алайда күннен-күнге ғылыми ақпарат та өсіп келеді, оқушы меңгеретін білім көлемі де артып келеді. Білім, білік құрылымы өзгеріске ұшырауда. Оқушы миы ақпараттарды жинақтаушы құралға ғана айналып келеді. Кешегі білім мен білік, дағды бүгінгі күн қажетіне жарамсыз болып жатыр. Өзгермейтін, тұрақты, барлығына негіз бола алатын нәрсе ғана оқушы санасының құрылымын жасауға тиіс. Ол үшін білім беру шығармашылық әрекетті дамытуға негізделмек.

Орта және жоғары білім тәжірибесінде білімді меңгеру процесі оны қабылдау мен еске сақтау деңгейінде ғана жүреді. Ал дидактикада көрсетілген білімді үлгі бойынша қолдану және білімді бейтаныс, жаңа, тың жағдайда қолдана білу деңгейлері өз дәрежесінде емес. Бұл — оқушының, студенттің шығармашылық қабілетінің төмендігін көрсетеді. Білімді шығармашылық тұрғыдан жаңа, тың жағдайларда қолдана білу қабілеті де оқушының оқу материалын меңгеру деңгейін анықтайды.

Білімді шығармашылықпен меңгеруге не кіреді? Шығармашылық әрекет құрамын белгілі дидакт ғалым М.Н. Скаткин былай жүйелейді:

  • білім мен икем нормаларын жаңа шығармашылық жағдайға сәйкес өз бетімен тасымал жасай алу;
  • бұрынғы таныс, белгілі жағдайдан жаңа, тың нәрсенің, проблеманың болмысын көре білу;
  • нысананың жаңа қызметін аңғару;
  • әрекет амалдарын өз бетімен басқаша құрастыра білу;
  • нысананың құрылысын тани білу, барлық элементтерін ажырата білу;
  • шешімге жетудің алуан түрлі нысан-дарын меңгеру, қарама-қарсы дәлелдеулердің болуы;
  • тың шешімдерді құра білу.2

Біз осы аталған шығармашылық әрекетті тудыру үшін оқу материалын меңгерудің бастапқы деңгейіне не кіретінін айта кетсек дейміз. Ең алдымен, білім негіздері құрылым, жүйе, үлгіге түсіріледі. Аталған құрылым, жұйе оқушыны теориялық ойлауға — белгілі бір пән, нысана, құбылыс бойынша ұғым құра білуге, нысананың сыртқы белгілерін танып қана қоймай, оның ішкі дамуын, ішкі заңдылықтарын, ішкі мәнін ұғынуға үйретпек. Осының ішінде ұғым құра білу деген түсінікке ерекше мән бергіміз келеді. Бұл мәселенің екі қыры бар: біріншідең, ұғымды оқушының өзі құра алуы тиіс. Оқушы үғым құра алуы үшін білім дайын күйінде берілмейді, процесс ретінде қабылданады (яғни оқушы ғылыми ойдың жүрісін бақылайды). Екіншіден, ой процесі үстінде құрылымның, нысанның қалай түзілгенін аңғаруы шарт (яғни мұны ұғымның түзілуі деуге болады).

Сонымен осы айтылғандарды дидакт ғалым В.В. Давыдовтың сөзімен тұжырымдауға болады:

“Иметь понятие о том или ином объекте — это значит уметь мысленно воспроизводить его содержание, строить его. Действие по построению и преобразованию мысленного предмета является актом его понимания и обьяснения, раскрытия его сущности” 3.

Сонда ғана оқушының (студенттің) алған білімі ақпараттар қоры немесе фактілер мен ғылым нәтижелерінің жиынтығына емес, оның (оқушының) ішкі қабілет-қасиеттерін жаңа негізде қайта құрап шығатын тетікке айналады. Өзін-өзі өзгерту қабілеті бар, ішкі мүмкіндіктерін шексіз жүзеге асыра алатын, сыртқы ықпалдарға тәуелсіз жеке адамды тәрбиелеудің педагогикалық құралы осында.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Михайлов Ф.Т. Эмперическое и диалектическое понимание личности // Философско-психологические проблемы развития образования. — М., 1994. – С. 11-13.
  2. Скаткин М.Н. Дидактика средней школы, М., 1982.-107 б.
  3. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения: Опыт теоретического и экспериментального психологического исследования. М., 1986,- С. 105.
  4. Гусинский Э. Н., Турчанинова Ю. И. Введение в философию образования. М., 2000.
  5. Wilfred Carr, Philosophy and education, Journal of Philosophy of education, vol.38, 2004. P. 59.

Бастауыш сынып, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, Педагогика, Психология
Скакова Лариса Владимировна, Применение ИКТ для развития познавательной активности детей с ЗПР

Мақала авторы: Скакова Лариса Владимировна
Жұмыс орны: Кабинет психолого-педагогической коррекции Успенского района, Павлодарской области
Лауазымы: Педагог-психолог
Порталға жариялану мерзімі: 09.05.2017

Применение ИКТ для развития познавательной активности детей с ЗПР

Принципы инклюзивного и коррекционно-развивающего образования основываются на поддержке детей с особыми образовательными потребностями, которые проявляются не только в методологии, но и в окружении (инклюзивная среда, общение), отсутствие дискриминации. Для успешнoгo прoявления пoзнавательнoй активнoсти и для развития способностей ребенка с ЗПР ему необходимо чувствовать себя полноценным членом коллектива.

К моменту поступления в школу, у детей с задержкой психического развития, обнаруживается недостаточность общего запаса знаний. У данной категории детей ограничены представления об окружающем мире, отмечается незрелость мыслительных процессов, недостаточная целенаправленность интеллектуальной деятельности, быстрая ее пресыщаемость, а самое главное, преобладание игровых интересов.

Для решения даннoй проблемы, специалисту работающим с ребенком с ЗПР, неoбхoдимы средства и технoлoгии, кoтoрые oднoвременнo дoлжны быть универсальными, а также индивидуальными, так как каждый ребенoк oбладает сoбственными oбразoвательными пoтребнoстями и спoсoбнoстями. Именно такими возможностями обладают современные информационно-коммуникационные технологии (ИКТ), позволяющие полноценно осуществлять коррекционно-развивающий процесс с детьми с особыми образовательными потребностями.

Информационно-коммуникационные технологии (ИКТ) – это совокупность методов, производственных процессов и программно-технических средств, интегрированных с целью сбора, обработки, хранения, распространения, отображения и использования информации в интересах ее пользователей.

С появлением в процессе образования такой составляющей, определяются следующие задачи по использованию ИКТ в образовании:

  • применение активных методов обучения и, как результат, повышение творческой и интеллектуальной составляющих учебной деятельности;
  • интеграция различных видов образовательной деятельности (учебной, исследовательской и т.д.);
  • адаптация информационных технологий обучения к индивидуальным особенностям обучаемого;
  • обеспечение непрерывности и преемственности в обучении и воспитании;
  • совершенствование программно-методического обеспечения учебного процесса.

Можно выделить более востребованные интерактивные  технологии, которые позволяют:

— наладить контакт детей в группе, а также сo взрoслым;

— при работе в группе создать различные проблемные ситуации (при этом учитываются индивидуальные oсoбеннoсти каждoгo ребенка), для решения кoтoрых мoжнo пoпрoбoвать различные варианты.

ИКТ технологии позволяют педагогам самостоятельно создавать для ребенка учебный материал с учетом его особенностей и потребностей, и максимально быстро, гибко вносить необходимые изменения.

Кабинет психолого-педагогической коррекции посещают дети с различными нозологиями и основная доля приходится на детей с задержкой психического развития (ЗПР). Эти дети отличаются тем, что уровень развития основных психических функций и познавательной активности ниже нормы.

Дети с задержкой психического развития характеризуются тем, что у них неустойчивое внимание, нарушены процессы зрительного и слухового восприятия, память находится на низком уровне, в особенности слуховая память, воображение слабо развито, запас представлений об окружающем бедный, мышление на низком уровне – им сложно оперировать мыслительными операциями без наглядности.

Необходимо организовывать работу с детьми с ЗПР, учитывая все особенности психического развития. На занятиях с использованием игровых приемов ИКТ необходимо использовать:

  1. сюрпризный момент, тем самым вызвать познавательный интерес;
  2. частую смену деятельности;
  3. красочный наглядный материал презентаций;
  4. подвижные игры на физкультминутках и разминках;
  5. пальчиковые гимнастики;
  6. современные дидактические игры.

Учитывая особенности развития детей с особыми образовательными потребностями, я использую на занятиях такие методики обучения как – информационно коммуникативные технологии (ИКТ).

Создаю авторские презентации по изучаемым темам. Если на занятии необходим качественный и красочный демонстрационный материал, в таком случае ИКТ выступают в роли наглядности. Используя компьютерный инструментарий, выполняю поиск необходимой информации, ее структурирование и оформление. Применение в презентациях цветовой графики, звукового сопровождения, позволяет создавать реальный предмет или явление. Дети с ЗПР лучше запоминают предлагаемый материал в виде: презентации, развивающих видеофильмов, мультфильмов и хорошо сосредоточивают своё внимание на нем.

Для занятий с детьми с ЗПР я разработала следующие интерактивные игры-презентации:

— «Большой и маленький»;

— «Посмотри, найди, покажи»;

— «Путешествие с Лунтиком»;

— «Интерактивный альбом развивающих упражнений для детей с особыми образовательными потребностями 5-7 лет» и др.

Материалы презентаций содержат в себе комплексы упражнений и игр для развития и совершенствования основных психических функций: памяти, внимания, мышления, речи, воображения, навыков самоконтроля и саморегуляции.

По результатам применения на занятиях игровых приемов ИКТ, выявились положительные стороны в познавательном развитии детей старшего дошкольного и младшего школьного возраста с ЗПР, активизировало совместную деятельность, детям стало интереснее воспринимать материал. Также положительная динамика, хоть и незначительная, отмечается у детей в развитии основных психических функций (память, внимание, мышление, восприятие, воображение). И главные достижения моих воспитанников — это хорошие результаты участия в олимпиадах проектов: kko.kz. Infourok.ru, Znanio.ru, Videouroki.net и др

Подводя итоги можно отметить следующее, что использование игровых приемов ИКТ на занятиях действительно способствует развитию познавательной сферы, речи, основных психических функций, произвольной регуляции, учебной деятельности у детей с особыми образовательными потребностями. Так как данная модель обучения сочетает в себе лучшие стороны, как традиционного обучения, так и информационно-коммуникационных технологий в целом.