Қазақ тілі және әдебиеті
Сандыбаева Альбина Баймулдиновна, Көптілді білім – мәдениетті тұлғаны қалыптастыру

Мақала авторы: Сандыбаева Альбина Баймулдиновна
Жұмыс орны: "Михайловка орта мектебі" КММ
Лауазымы: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 18.11.2018

Көптілді білім – мәдениетті тұлғаны қалыптастыру

Ел тәуелсіздігінің маңызды нышаны – мемлекеттік тіл. Ол тәуелсіз ұлттың мәдениеті мен салт- санасының, рухани болмысының тірегі. Тіл арқылы халық өзге халықтардан ерекшеленеді. Тіл – ұлттың өзгеден ерек даралығын анықтайтын белгісі. «Қай ұлт болсын тілі арқылы ғана халықтың өзге туыс және туыс емес халықтардан ерекше болмысы мен табиғи қалпын, өзіндік дәстүрін көрсете алады»

Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі таңда азаматтарымыздың алға ілгерілеп, күн сайын жаңарып, тез қарқынмен дамып бара жатқан өзгерісшең өмірге ойдағыдай сәйкесуі үшін , қостілді болып қана қоймай, қайта көптілді болуы төтенше қажеттілікке айналуда. Бұлай істеу әр азаматтың өзіне де, өзгеге де тиімді. Сондықтан қазіргі қоғамда көп тілді болу әр адамды кең өріске, тың өмірге бастайтын жол есептелмек. Жалпы көптілді меңгеру деген ұғым қазақ дүниетанымында бұрыннан бар түсінік. Мұны ел басқарушыға қойылатын талаптардың бірі «жеті жұрттың тілін білу» екендігінен байқауға болады. Себебі ата-бабамыз көптеген хандықтардың көшбасшысына жеті өнерді меңгерген адамды лайық деп танып, сайлаған. «Ел қорғауда – бес қаруын толық пайдалана білу», «ата-бабасының салып кеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүрін білу», «тұрмысты елді мекеннің географиялық орналасуына сәйкес ұйымдастыра білу» және «көршілес мемлекеттермен сауатты саяси қатынас жасай білу».

Сондықтан білім беру жүйесін дамыту – елімізде басты бағыттардың  бірі болып саналады. Бұл бағытта мемлекетіміз білім беру саласында көптеген реформаларды жүзеге асырып жатқаны баршаға мәлім. Солардың бірі – «Үштілділік» мемлекеттік бағдарламасы. Бастауын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев салып берген бұл бағдарлама қазақ тіліне үлкен басымдылық беріп отыр. Бағдарламаның басты мақсаты: Қазақ тілінің мәртебесін көтеру; мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу; ағылшын тілін меңгерту; орыс тілін жетік білу; әр ұлттың тілдерін дамыту, оларды сақтап қалуға мүмкіндік жасау; тілдер гармониясының бірлігіне жол ашу. «Үштіліділік» бағдарламасының негізінде қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдерін меңгеру көзделуде. Орыс тілін білу – тарихи артықшылығымыз. Орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымдары мен араласатын орталарын кеңейтіп жатыр. Ағылшын тілін меғгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Еліміздің тәуелсіздігінің нышаны. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде, яғни қазақ тілі – болашақтың тілі.

Көптілді білім беру дегеніміз – оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тілде білім беру. Мемлекетіміздің мектеп реформасында қаралған үш тілде оқыту – қазіргі заман қажеттілігі. Бүгінде адам қызметінің барлық салаларында жаһандану үрдісі орын алғандықтан, білім беру саласында қайта қарастырулар жетілдіруде. Сол себептен ақпараттық-коммуникативтік құзырлықпен қатар, полимәдениеттілік бүгінгі уақытта әлемдік білім беру құзырлығының басты бағыттарының бірі ретінде анықталды. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі білім ордалары мектеп оқушыларының тілге деген қызығушылығын арттыру мақсатында үштілділікті енгізудің, оны тиімді жүргізудің тың жолдарынан ізденіс табуда.

Қазақ тілі және әдебиеті
Сандыбаева Альбина Баймулдиновна, Заманауи әдіс — тәсілдердің тиімділігі

Мақала авторы: Сандыбаева Альбина Баймулдиновна
Жұмыс орны: "Михайловка орта мектебі" КММ
Лауазымы: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 17.11.2018

Заманауи әдіс — тәсілдердің тиімділігі

 Ұлы педагог: «Мұғалім білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал, оқуды іздеуді тоқтатса, мұғалімдігі де жойылады» деген болатын. Сондықтан, қазіргі мұғалім білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жетекші тұлға болуға тырысу керек.

Бәсекеге түскен дамыған қоғамда адамзат баласын алға жетелеуде білімнің алар орны ерекше. Дәл қазіргі уақытта білім беру үдерісінде болып жатқан түрлі өзгерістер адамның мүмкіндіктеріне жол ашу, дамуына, өзіне-өзі сенуіне мол мүмкіндіктер беріп отыр.  Ал үйреніп келе жатқан жас буынға жол сілтеп, бағыт-бағдар беру жан-жақтылықты талап етеді. «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, шәкірт жанына нұр құя алады» — деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы, құзіреттілігі арқылы айқындалады. Бүгінгі күні білім берудегі өзекті мәселелердің бірі — педагогтың білімін көтеру, оның заманауи технологияларды жете меңгеріп, сындарлылыққа, көшбасшылыққа бейімдеу. Сондықтан заманауи мұғалім өз кәсіби қызметінде, жаңа жағдайларда жұмыс істеуге даяр болу үшін,  дәстүрлі оқытуды ғана емес оқытудың жаңа әдістерін қолданысқа енгізуі, біліктілігін арттыруы керек. Озық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлану стилін, оқыту әдістемесін өзгертеді. Жаңа тәсілдерді пайдалану негізінде мұғалім де, оқушы да табысқа жетіп, білімін шыңдай түседі. Қазіргі заман талабына сай әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тиімді, әрі тартымды, қонымды болары сөзсіз. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығы мен қызығушылығына байланысты. Баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін бүгінгі күні мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет.

Тиімді педагогиканың басты тәсілі – әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарастыру. Біздің міндетіміз барлық оқушының білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде ерекше дамыту болып табылады.

Жаңа білім мазмұнын енгізу арқылы оқыту үдерісін өзгертуге ықпал ете отырып, диалог негізінде білім беру арқылы пән бойынша оқыту тиімділігін арттыру. Мысалы мұғалімдер оқытудың диалогтік әдістерін енгізуге арналған әдіс-тәсілдерді тиімді жол деп қарастырады. Оған  жауап алу мен топпен жұмыс жасау тәсілдері жатады.  Нәтижесінде сабақ барысында оқушылардың еркін сөйлеуін, өзіндік пікірін айту, тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауға, ұшқыр ойлауын қалыптастыруға, оқушыны ізденімпаздық пен шығармашылыққа, дәлелді сөйлеуге дағдыландыруға болатынын байқайды. Ғылыми зерттеулер нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Оқушы диалог кезінде білім алатынын Выготскийдің оқыту моделі жорамалдаған.

Жалпы, жаңашыл технологиялар оқушыны оқу құралының нысанына, өзіне болашақта жол, бағдар таба алатын тұлғаға  айналдырады.  Осылайша оқытудың заманауи технологияларын қолдану оқыту әдістерінің көптеген түрлерін қолдануды талап етеді, ол оқытудың сапасын көтеруге, оқушылардың сабақтағы жұмысының нәтижелілігіне, оқушылардың оқытылатын пәнге тұрақты қызығушылығына әсер етеді.

Қазақ тілі және әдебиеті
Мусабекова Шохизат Курбанбайқызы, Тіл жанашырлары «Туған жер» бағдарламасы аясында

Мақала авторы: Мусабекова Шохизат Курбанбайқызы
Жұмыс орны: №9 М.Жұмабаев ЖОМ, ОҚО, Жетісай қаласы.
Лауазымы: Мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 09.06.2018

Тіл жанашырлары «Туған жер» бағдарламасы аясында

Елбасымыздың Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар мақаласы біз тілшілер қауымына терең ой салып отыр. Әсіресе «Туған жер» бағдарламасы  біз тіл жанашырлары үшін өте маңызы зор деп ойлаймын. Қазақ тілі мен әдебиеті дәрістерінде әрбір ұстаз өз сабағында  бағдарламаны тілге тиек етпей өте алмаймыз. Саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеуде туған ел мен туған жер тақырыбындағы шығармалардың орны ерекше.

Қазақ әдебиетінің зиялы қауымы, ақын-жазушылар шығармасында «Туған жер»  тақырыбы кеңінен орын алады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 11-сынып бағдарламасы бойынша Сырбай Мәуленовтың шығармашылығы менің жүрегімнен ерекше орын алды. Оның әсіресе Ұлы Отан соғысы кезіндегі жазған шығармалары оқушыларға ерекше әсер етті. Табиғатты адам өмірімен байланыстырып жеткізу, «соғыс-табиғат-әлем-адамзат» бәрін шумақ өлең ішіне сыйғызу кез-келген жазушы бойынан табылмас ерекше қасиет.

Оның «Түбірлер» өлеңінде соғыстан қайтқан мүгедек солдаттар бейнесі отқа өртенген ағаштар бейнесімен терең сипатталған, сомдалған. Жапырақ жемістерінен айырылған ағаштар қан майданда отан үшін шайқас үстінде жарақат алған солдаттар бейнесінде әсерлі берілген. Олар аяқ-қолынан текке айырылған жоқ. Туған елі, жері үшін отқа түседі. Бұл шығарманы оқу барысында оқушының туған жеріне, еліне деген құрметі мен сүйіспеншілігі арта түсері анық. Бұл сабақ барысында дәлелденіп отырған көріністер.

Оның «Шөңге» өлеңінде туған жері – Тосын құмын айлы түнде шарлап келе жатқан ақын құмның бір кеудесінде өткен күн-өткен өмір қалып қойғанын түсінеді. Туған жердің «гүлі тұрсын, тікенек-шөңгесін»де сағынған, құмды жалаң аяқ кешіп келе жатқан кейіпкердің табанынашөңгк қадалғанда, аңсаған жүрек «жыңғылдардың баяғыша аяқ қарағанын» түйсінеді. Өлең соңында шөңге туған жерді еске салатын астарлы символға айналады. Бұл оқушылардың бойында туған жерге деген сағыныш, қимастық сезімін оятады.

«Туған жердің, топырағы ыстық»,- дегендей, сол туған жердің бір тал шөңгесі ұзақ уақыт ақын төс қалтасында сақталып, табиғатпен үйлесіп, боз балалық шақтан, қимастық кезден қалған естелік болып ерекше сипатталған.

Бұл ақын шығармасының  бүгінгі жастар өмірінде алар орны ерекше. Себебі, туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін?- дегендей, өз Отанының қадірін білмей адасып, бойындағы асыл қасиеттерден алыстап  жүрген жастар қаншама?

Ұрлық, зорлық жолына түсіп өмірін қор етіп, темір тордың артында қалып, туған жердің таза ауасын аңсап, топырағында аунап жатуға-жете алмай, қиналып жүргендер қаншама? Жер ана, Хауа ана, Табиғат ана адамзат үшін бәрін жаратты. Бірақ «қолда бар алтынның қадірін білмей жүрген адамдар»,- әліде баршылық.

Ақын-жазушыларымыздың туған жер, атамекен тақырыбындағы шығармаларының бүгінгі саналы, биік рухты ұрпағымыз үшін маңызы зор деп ойлаймын. Бірақ өкініштісі бүгінгі  кейбір жастар бұл шығармаларды терең түсініп, сараптай алмай отыр.

Оларға рухани жаңғыру керек деп айтқым келеді. Рухани жаңғыру бүкіл жан-дүниесінің және сана- сезімінің жаңаруы, рухани дамуы.

Сөзімді қорытындылай келе тіл жанашырлары, қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда бала бойына рухани жаңару, туған жер мен туған Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда аянбай еңбек етейік. Өйткені Қазақстан күннен-күнге өркендеп, тұғыры биік елге айналуда. «Оның болашағы білімді жастар» деп Елбасымыз айтқандай бүгінгі ұрпақ жан-жақты дамыған, кез-келген тығырықтан сапалы білімі мен саналы тәрбиесімен шыға алатын тұлға болуы керек. Бұл жолда білімді ұрпағымыз биік білім шыңына шығып, алған білімін өмірде қолданып, дәлелдей алатын, шет елдермен тереземіз тең боларлықтай талантты да талапты болуы маңызды. Бұл Қазақстанның кез-келген азаматының қолынан келеді. Мен бүгінгі жастарға сенім артамын. Қазақстан болашағы жарқын болып, саналы жастарымыз көп болсын.

Қазақ тілі және әдебиеті
Рашиева Назымгуль Зинатулловна, Оқушының талдау дағдысын жетілдіру жолдары            

Мақала авторы: Рашиева Назымгуль Зинатулловна
Жұмыс орны: Өскемен қаласыхимия -биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Лауазымы: Қазақ тілі мен əдебиеті мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 06.06.2018

Оқушының талдау дағдысын жетілдіру жолдары            

Тірек сөздер мен үлгілерді  қолдану арқылы оқушының талдау дағдысын жетілдіру жолдары

Қaзaқcтaндық бiлiм бeру caлacындa eлeулi өзгeрicтeр әлeмдiк экoнoмикaдa жәнe 21-ғacырдa тaбыcты бoлу үшiн, әрбiр aзaмaтқa қaжeттi бiлiм мeн дaғдығa тeрeң әceрiн тигiзу мaқcaтындa жacaлып жaтыр.

Қазіргі таңда оқу сауаттылығы, тілдің функционалды қызметі тілді игерудің басты дағдыларына айналып отыр. Демек оқушы мәтіннің мазмұнын ғана біліп, түсініп қоймай, мәтінді талдау, пайымдау, ақпараттарды іректей алу, оны қолдану жағына да көбірек мән беруі тиіс. Осы орайда біздің, Өскемен қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің,  орта буындағы оқушылары жоғарыда аталған тілдік дағдыларды қаншалықты тілдік пәндерде де, тілдік емес пәндерде де қолдана алып жүр деген сұрақтың туындағаны да заңды. Әсіресе осы зертеу тақырыбына негіз болған алдыңғы жылдардағы сыртқы жиынтық бағалау қортындысы да аталған мәселеге әлде де тереңірек, тиімдірек қарастыруға себеп болды. Мектеп оқушыларының біршама жоғары көрсеткіш көрсеткенімен, бірінші тілді оқушылардың мәтіді талдау дағдыларын дамыту бағытында әлі де болса жұмыс жасау қажеттілігі туындап отырғаны байқалды. Оның үстіне көптеген тапсырмалар дәл осы талдау дағдысына негізделгендіктен, осы дағдыны арттырудың қандай тиімді жолдарын табуға болады немесе қолданып жүрген әдістеріміздің қайсысының тиімділігі жоғары деген мәселенің өзектілігі айқындала түсті. Осы мақсатта қазақ тілі, орыс тілі, тарих пәндері мұғалімдері жинала келіп, мәтінді талдауға дағдыландырудың тиімді әдістерді ортаға салғанымызда дайын үлгіні көрсете отырып, тірек сөздер негізінде берген тапсырмалардың тиімділігі артады деген пікірлер көбірек айтылды. Аталған мәселе төңірегінде оқушылардан сұрағанымызда да көпішілігің жауабы осы аталған тәсілдің тиімділігін айтты. Алайда үлгіні көрсете отырып, тірек сөздерді пайдалану арқылы мәтін талдауға дағдыландыру шынымен де тиімді ме, тиімді болса кімдерге, қандай деңгейлі оқушыларға оңтайлы болмақ, оның артық-кемі қандай деген сұрақтар аталған тәсілдің тиімділігін зерттеуге сұранып тұрды. Сондықтан қазақ, орыс тілінің мұғалімдері мен тарих пәнінің мұғалімі аталған мәселені сабақта қалай қолдануға болады және «Тірек сөздер мен үлгілерді  қолдану арқылы оқушының талдау дағдысын жетілдіруге бола ма?» деген әдістің тиімділігін зерттеу мақсатында тізбектелген сабақ жоспарын біріге құрып зерттеуге келістік.

Алғашқы сабақты қазақ тілі пәнінің мұғалімі . өткізді. Сабақты жоспарлауда 3 тапсырма негізге алынып, соңғы үшінші тапсырмаға көбірек мән берілді. Себебі дәл осы үшінші тапсырмада оқушылар кілт сөздерді пайдалана отырып, талдау үлгісі негізінеде жасалынған алгоритм кестеге сай мәтінді жеке талдау керек болған. Сабақ соңында әр мұғалімнің жеке талдауында көрсетілгендей АВС деңгейлі оқушылар тапсырманы орындай алған. Алайда С деңгейлі оқушы талдауында тірек сөздерді қолданғанымен, алгоритм негізінде жасалған үлгіні пайдалана алғанымен сөйлемдерді байланыстыруында, баяндауыштарды қолдануында кемшілектердің жиі кездескені байқалды. Осыған орай келесі өткізетін қазақ тілі пәнінің мұғалімі  сабағына төмендегідей ұсыныстар берілді:

1. Мәтін талдауда үлгі мен талдау алгоритмін топта талдауға көбірек уақыт, көңіл бөлу;

2. Тірек сөздерді АВС деңгейлі оқушыларға саралап құрып, әсіресе ВС

деңгейлі оқушыларға баяндауыштарға сілтеме бере отырып құрастыру;

3. Тапсырманы жұпқа және жекелей беру (жеке жұмыста қаншалықты тиімді екендігін бақылау мақсатында);

2-айналымдағы сабақты талқылау барсында оқушылардың тапсырманы әлдеқайда жүйелі, үлгіге сай орындай алғандығы бірден көрінді. Тіпті алдыңғы сабақта байқалған стильдік қателіктердің де біршама азайғаны анық. Әсіресе ВС деңгейлі оқушылардың жауаптары, егер оқушыларға таныс емес мәтінді жазғандарын ескергенде, әжептәуір жүйеленген, сөйдемдері жақсы байланысқан. Алайда осы тұста бұрын байқала қоймаған мәселе туындады. Мысалы, оқушылар талдау үлгісін өте жақсы қолданған, дегенмен екі талдаудың да жанры бірдей еді, ал тірек сөздердің дайын күйінде қолданғандығы олардың өз бетінше жауап бере алуы мүмкіндігн шектеуі мүмкін деген болжам айтылды. Сондықтан келесі сабақта тірек сөздерді алмастыратын, оларға балама бола алатын бірнеше нұсқаны ұсынуды жөн санадық. Себебі оқушы мәтінді өңдей алуы тиіс. Ал тірек сөздер оған кедергі болмауы тиіс. Оның үстіне келесі сабақта перифразаға, ақпаратты өңдей алу жаттығуларына да көбірек мән беруді жөн деп санадық.

Осы ұсыныстарды негізге ала отырып құрылған сабақты орыс тілі пәнінің мұғалімі өткізді. Сабақ жоспарға сай, жүйелі өтті. Нәтижесінде расында да А деңгейлі оқушы ақпаратқа көбірек мән беріп, өңдей алды. Талдау дағдысы өте жақсы көрініс тапты. Ал ВС деңгейлі оқушылардың талдауы да, тілдік қолданысы да қалыптасқанын анық көруге болады. Ең бастысы оқушылардың тірек сөздерді қолдану барысында шаблонға түспей, тиімді тіркестерді таңдау мүкіндігінің болғандығы ұтымды болды. Расымен де оқушы дайын үлгіні ғана емес енді өзінің таңдауына да жол ашылды. Талдау барысында оқушылардың біршама қалыптасқандығы анық байқалғанымен бұған бір-біріне ұқсас үлгідегі тапсырмалардың болғандығы да себепші болуы мүмкін деген күмәнді пікірлер де айтылды. Осы болжамды зерттеу үшін тарих пәнінің мұғалімі өткізетін 4-айналым сабағына төмендегідей ұсыныс жасадық:

1. Мәтінді талдамас бұрын ұқсас мәтінге дайын талдау үлгісін ұсыну, топта талдату;

2. Мәтінді жеке талдатып, SWOT кестесіне лайық жауапқа сілтеме беретін бірнеше тірек сөздерді белгілеу;

Нәтижесінде А деңшейлі оқушы үлгі негізінде өте жоғары деңгейде, тіпті өз аргументтерін де негізге ала отырып талдай алғанды айқын көрінді. Ал В деңгейлі оқушының тірек сөздерді пайдалана отырып жасаған талдауы дұрыс әрі бұрынғыға қарағанда жылдармырақ талданғандығы байқалды. С деңгейлі оқушы болса, ол да кестеге сай агументтерді дұрыс іріктеп, жай орындаса да жауабында жалпылықтан, нақтылыққа қадам жасағаны көрінді. Оны терминдерді, негізгі оқиғаларды дұрыс іріктегенінен анық бауқаға болатын еді. Бір сөзбен айтқанда оқушылар тапсырманы талапқа сай орындай алған.

Төрт циклді сабақты зерттей отыра, сабақты жетілдіре, талқылай отыра үлгі мен тірек сөздер арқылы оқушылардың мәтін талдау дағдыларын жетілдіруге, қалыптастыруға болады деген ортақ қорытынды шығардық. Расымен де дайын үлігіні талдата отырып оқушының талдау туралы түсінін қалыптастыру оңтайлы болғаны анық көрінді. Қай сабақта болса да өз көргенін түсініп басқа контекстте дұрыс бағыт таба алды. Ал тірек сөздерге келетін болсақ, тірек сөздерді негізсіз ұсына берудің барлығы тиімді бола бермейтінін, тіпті кей жағдайларды кедергі де бола алатындығын айтауға болады. Демек зерттеуімізде көрсетілгендей тірек сөздердің қызметі бағыттаушылық, қалыптастырушылық қызмет атқаратынын қатаң түрде ескеруіміз тиіс. Дайын тірек сөздерді беріп жазған жауабынан дағды толық қалыптасты деуге болмайды. Осы тұста дайын берілген 2-сабақтағы баяндауыштарды атап өтуге болар еді. Тіпті тірек сөздердің өзінде де оқушыға таңдау беру керек. 3-сабақтағы перифразамен жасаған жұмысты нақты мысал ретінде атауға болады. Яғни тірек сөздер дұрыс қолданған жағдайда ғана оқушының талдау дағдысын қалыптастыратын тиімді тәсілдердің бірі бола алатындығына көзіміз жетті. Әсіресе В, С деңгейлі оқушылар үшін маңыздылығы көбірек болды.

Қорытындылай айтқанда үлгі арқылы, оны талдау арқылы жасаған тапсырмаларды тәжірибелік тұрғыдан толықтыратын болса, тиімділігі өте

жоғары болады. Себебі оқушылар үлгі негізінде дұрыс бағытта талдай алды. Ал тірек сөздерді қолдану В, С деңгейлі оқушылар үшін маңыздырақ болғанын айта кету керек. Себебі оқушылар тірек сөздер негізінде талдап қана қоймай талдауларын байланыстыра, пайымдай отыра жаза алды. Демек үлгі және тірек сөздерді де  оқушылардың талдау дағдысын қалыптастыруға болатын тиімді тәсілдердің қатарына қоюға толық негіз бар.

Қазақ тілі және әдебиеті
Тілеубекқызы Әсемгүл, Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту

Мақала авторы: Тілеубекқызы Әсемгүл
Жұмыс орны: "Риддер қаласы № 17 Орта мектебі"КММ
Лауазымы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 27.02.2018

Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту

«Қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамыту жолдары.» 

Ұрпақ тәрбиесі – ұлы іс. Қай зманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұраттың ең бастысы – өзінің ісін өмірін жалғастыратын ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол болашақтың иелерін жан- жақты жетілген , ақыл-парасаты мол, ғылыми- мәдени өрісі озық етіп тәрбиелеу -ата-ана мен ұстаздардың қоғам алдындағы борышы.  Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деп Әл – Фараби бабамыз айтқандай балаға тәрбие беруіміз керек .Қазіргі оқушы жан-жақты, рухани бай тәрбиелі болуы тиіс.Баланың тәрбиесі , адамгершілік қасиеті болмаса құрғақ біліммен одан жеке тұлға қалыптаспайды. 

Мақсаты:
— қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзырдың  қалыптасуының ең тиімді әдіс-тәсілдерін айқындау;

— оқушылардың тілдік қатынастағы білім қорын өмірде қолдануына қажетті тілдік құзіреттілікті қалыптастыру.

Мақсаттың жүзеге асуы үшін келесі міндеттерді анықтадым:
— Ауызша және жазбаша қарым – қатынасын қалыптастыру;
— Сөйлеу дағдыларын дұрыс меңгерту ;
— Жеке тұлғаның құзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыру;

             Құзыреттілік дегеніміз — тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы.

«Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» -қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) – қажетті  тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді  меңгеруді қамтиды.

Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері:

  • Сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушылар)
  • Диалог (оқушы мен оқушы)
  • Ауызша қарым – қатынас (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
  • Жазбаша қарым – қатынас (тақырыпқа байланысты мәтінмен, суретпен жұмыс)

Бұл  жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттіліктің алашқы баспалдағы  болып есептеледі. Себебі, бұл жұмыс түрлерін барлық сабақта мұғалім  мүмкіндігінше қолдана алады. Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері оқушылардың

  • — Қатысым және жазылым қарым – қатынасын қалыптастыруға
  • — Сөйлеу тілін дұрыс меңгеруге
  • — жеке тұлғаның құзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыруға ерекше ықпал ететінін көруге  болады.

Өз іс-тәжірибемде коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан оқушы екінші адаммен, сыныптасымен белгілі бір ақпаратты жеткізіп қана қоймай, өз ойын түсіндіре, олардың пікірін ұға, түсіне білетініне көз жеткізіп жүрмін.

Мерсер сыныпта талқылаудағы дәлелдің үш түрін көрсетеді:

1.Пікірталастық әңгіме;                   2.Топтық әңгіме;              3.Зерттеушілік әңгіме.

Өз іс — тәжірибемде жоғарыдағы үш түрлі диалогтың екіншісі қолайлы деп шештім.    Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асырылады,олар жұптық, топтық, ұжымдық. Жұптық жұмысқа түсу осы диалогтерден тұрады. Диалогтің өзі сабақ өту кезінде әр түрлі әдіс арқылы жүзеге асады. Мысалы : сұрақ — жауап,рөлдік,тапсырманы орындату, жұптық жұмыс, диалогтік мәтінді оқу.

1.Сұрақ — жауап әдісі — қазақ тілі сабағында оқушылардың ынтасын арттырады, қызығушылығын оятады. Мысалы бастауыш сыныптарда «Апта күндері»  тақырыбын  қайталату үшін мен «Апта күндері» атты сөздік  жаттығуын қолданамын.

Мақсаты:дедукцияны, емін-еркін сөйлесуды жұмыспен біржолата өтеу, зейін және логикалық ойларын дамыту.

Дүйсенбіде доп ойнадық далада

Сейсенбіде серуен құрдық қалада

Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп

Бейсенбіде би биледік әндетіп

Жұма күні жидек тердік қыратта

Сенбі күні кино көрдік клубта

Жексенбіде бір жиналып дем алдық

Осылайша өте шықты бір апта.

Жаттығу барысы:                                                    

 

  1. Жаңа  сөздермен жұмыс.
  2. Таныс сөздермен жұмыс.
  3. Оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды.
  4. Сұрақтарды қою:

Дүйсенбіде доп ойнадық қайда?

— Сейсенбіде не құрдық қалада?

— Сәрсенбіде не салдық сәнді етіп?

— Бейсенбіде би биледік пе әндетіп?

— Жұма күні жидек тердік қайда?

— Сенбі күні  не істедік клубта?

— Жексенбіде бір жиналып не істедік?

— Осылайша өте шықты неше апта?

2.Рөлдік ойындар — сабақ үдерісін жандандырып,тілді үйренуге деген қызығушылықты арттырады. Рөлдік ойындардың басты қызметі шынайы, дайындықсыз сөйлеуге қажетті ахуалды туғызу. Тіл үйренушілер сөйлеу жағдаятына ене отырып,тілді қатынас құралы ретінде пайдалануға ұмтылады. Ойынды өткізу үшін тіл үйренушілердің психологиялық дайындығын қалыптастыру маңызды компонент болып табылады. Оқушылар ситуацияны толық қабылдап,өзін еркін сезінуі қажет. Сабақтарымда оқушыларға рөлдік ойын тапсырмаларын дайындаймын.Тақырыпқа сай рөлдік ойынға тура келетіндей басқа оқулықтардан тапсырмалар қосымша іздестіремін. Сол тапсырмаларды оқушыларға орындатамын. Мысалы,8-сыныпта «Дабыл қағылды» тақырыбын өткенде  оқушыларға жағдаят берілді жер сілкінісі болған жағдайда не істеу керектігі туралы оқушылар рөлдерге бөлініп, орындау керек болды. Мұнда мені таңқалдырған нәрсе, оқушылар топ болып мәтінді оқып, оны  талқылап,топ басшысы оларды рөлге дайындап сонымен бірге сыни тұрғыда ойлай отырып  ондағы образдарды сәтті орындап шыққандары.

Құзыреттілікті  қалыптастыруға  бағытталған  тапсырмалар.Сөз болып отырған әдіске қатысты негізгі идея, басты өзек – қатысым болып табылады.Тілдерді үйрету әдісі үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады.

Орыс тілді мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсаты оқушылардың қарым-қатынас біліктілігін, яғни тілдік және танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында көрсетілген.Осыған байланысты менің міндетім – мәдениетті түрде білімімен, іскерлігімен қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін көтеру, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол арқылы жүзеге асыру.

«Диалог-ертегі» ойыны.   «Сұрақ-жауапқа құрылған хат». «Композиция» ойыны

«Сөйлеу минуты» ойынымен бастауға болады. Ойын мақсаты – балаларға үйде не істегенін ауызша диалог түрінде айтқызып, әңгімелеп беруге үйрету. Ойын сұрақ-жауап түрінде өтеді.

«Сиқырлы қалта» ойынын өткізуге болады. «Сиқырлы қалтаның» ішіне мамандық иелері бейнеленген кесте-суреттер салынады. Тақтаға шыққан оқушы өзі жақсы көретін мамандығы бейнеленген суретті таңдап алады. Ойынға қатысушы оқушылар «Бұл кім? Не істейді?» – деген сұраққа жауап береді. Бұл ойын «Мамандық» тақырыбын өткеннен кейін, меңгерген материалды бекіту, қайталау, тексеру сабағында өткізіледі.

«Лимерик» ойыны. Ол ойынды ойлап тапқан – Эдвард Лир деген ағылшын. Ойының шарты: белгілі бір құрылысқа бағынатын сайқымазақ, күлдіргі өлең шығару. Ол құрылыс – бойынша өлең бес тармақтан тұруы шарт. Сонымен бірге әр тармақтың мазмұнына сілтеме беріледі. Айталық, бірінші тармақ – кейіпкер, екінші тармақ – кейіпкерге мінездеме, үшінші, төртінші тармақта – қимыл — әрекет, оқиға, бесінші – оқиғаның салдары немесе автордың сол кейіпкердің іс-әрекетіне бағасы.Диалог құруға үйретудің тағы бір сатысы, өнімді (продуктивті) сатыда болады.

Қорыта келгенде өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру — заман талабы. Сондықтан оқушыларымыз жаңа заман талабына сай білімді, жан-жақты, қазақ тілінде өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, мәдениетті, өмірге икемделген тұлға болуы үшін оның бойында коммуникативтік құзыреттілікті дамыту ұстаздың қолында.

 

 

 

Қазақ тілі және әдебиеті
Жумабекова Шынаргуль Рамазановна, Білім берудің сапасын арттыру жолындағы жаңа технологиялардың тиімділігі

Мақала авторы: Жумабекова Шынаргуль Рамазановна
Жұмыс орны: Павлодар облысы Баянауыл ауданы №1Майқайың жалпы орта білім беру мектебі
Лауазымы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 07.02.2018

Білім берудің сапасын арттыру жолындағы жаңа технологиялардың тиімділігі

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.  Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің интеллектуалдық,

кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжіриеде жақсы нәтиже беруде. Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагог-тік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Еліміздің алдағы уақытта көркейіп, дамыған елу елдің қатарына қосылу мақсатында білім сапасын арттыруымыз қажет. Еліміздің дамыған елге айналуына, көк байрағымызды желбірете  жоғары көтеріп, Қазақстан деген елдің бар екендігін әлемге танытатын  біздің білімді жастарымыз. Біздің оқушымыз таным белсенділігі жоғары дамыған, заманның кез келген қиындығынан қорықпай, өз шешімін қабылдап, шыға алатын зерделі болуы тиіс.

Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технология-лардың  бірі – оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер.   Сыни ойлау – ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген –әр жеке тұлғаның кез –келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы.Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі.  Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:

Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.

Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру  емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керісінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыруы мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.

Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді.Өзінің жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.Осындай әдістеме негізінде жасөспірімдерге қазақ тілі мен әдебиетінен терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданып келемін..

       Мақсатым: Оқушыларды сабақта сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдарын анықтау; Әр түрлі қызықты тапсырмалар беру арқылы оқушылардың  қазақ тілі мен әдебиеті  сабағына деген қызығушылығын, тіл байлығын, ой-өрісін, ынтасын дамыту; 

        Міндетім: Сыни тұрғыдан ойлана алатын таным белсенділігі жоғары тұлғаны қалыптастыру; Өз ойын еркін жеткізе алатын және алған білімін кез-келген жерде пайдаланатын ойлы, білімді, парасатты оқушыны тәрбиелеу;

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. «Миға шабуыл», «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта»,  «ЭССЕ», «Т кестесі», «ДЖИК СО» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне,  ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды, сын көзбен қарайды, пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін – өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытады, қызығушылықты дамытады, қызығушылықты артырады, кез – келген сабақты меңгертеді, оқушы өзін – өзі тәрбиелейді. Әдебиет сабағында көркем шығармаларды танытуда «ДЖИК СО», «Миға шабуыл», «Венн диаграммасы», «Блум таксаномиясы» сиқты стратегияларды көптеп қолдану арқылы оқуылардың танымдық белсенділігін арттыруға болады.

Мектепте оқылатын әдебиет сабағы, онда талданатын көркем әдебиет шығармалары өзінің өмір танытқыштық қасиетімен ерекшеленеді. Ол өмірдегі оқиғаларды қаз қалпында тізбектеп жатпастан оны көркемдік құралдар арқылы сипаттайды. Осындай жазушының ойы мен негізгі мақсатын тануда, оқушының шығармашылық ойлауы мен танымдық әрекеті өте жоғары болуы тиіс. Жазушы шығармасында басы артық нәрсе болуға тиісті емес. Оны шығарма сюжеті мен композициясын құрғанда, үнемі есте ұстайды. Шығарманың басталуына да ерекше мән береді. Оны өзі алып отырған тақырыптың түйінін  ашуға жол көрсететін, оқушыға ой салуды көздейтін көркемдік детальді іздеуден бастайды. Мұның классикалық үлгісі ретінде М.Әуезовтің «Абай жолы», Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романдарын алуға болады. Мұнда жазушылар қаладан қайтқан үш жолаушыны, тіресе, таласа қонған екі бай ауылыны өзінің келешек ой тірегіне экспозиция ету үшін, оқушыны романдағы шытырманы көп оқиға желісіне ой тастату үшін арнайы алып отыр. Әдебиет пәнінің мұғалімі шығарманы бастаудағы көркемдік детальдарды дәл таба білудегі жазушы шеберлігін оқушыларға дұрыс танытуы керек.  «Абай жолы» роман-эпопеясын меңгертуде оқушылардың таным белсенділігін қалай арттырып, олардың шығармашылықпен жұмыс жасауына көмектесе аламыз. Автордың Абай мен Құнанбай арасындағы қатынастың қалай қалыптасатынын, романның алғашқы беттерінен бастап-ақ баяндауға кірісетінін, жазушының пайдаланған көркемдік детальдары оның шеберлігін аңғартатынын оқушы бірден біле бермейді.

Сынып оқушыларын үш топқа бөліп алғаннан кейін, «Миға шабуыл стратегиясы арқылы»  оқушыларға  төмендегідей сұрақ қоюға болады.

1.Жас шәкіртпен ілесіп бір адам немесе бірнеше адамның қайтуы мүмкін ғой. 2.Неге автор нақты екі кейіпкерді алып көрсеткен?

3.Жазушы жас Абайға неліктен Жұмабайды қудырды, неге оның шоқпарын

алдырды?

4.Неге Жұмабай тартысуға да қорғаншақ, атқа шабуға да қолапайсыз болып

қалады?

5.Жазушы шеберлігі неден көрінеді?

6.«Абай жолы» романының басталуына жазушы қандай мән берген?

Бұл сұрақтарға оқушыда жауабын білуге деген құштарлық пайда болады, оны шешу үшін ынтасы артып, танымдық белсенділігі күшейеді. Оқушылар кейіпкерлердің характерін басқалармен салыстыруға кіріседі. Олар Жұмабай мен Байтастың Абайға деген, Абайдың оларға деген қарым-қатынасын немесе олардың Құнанбайға, Құнанбайдың оларға деген қарым-қатынасын айқындауға кіріседі. Өйткені оқушылар шығарманың тақырыбы ескі мен жаңаның,соның бір көрінісі Құнанбай мен Абайдың арасындағы тартыс  желісіне құрылғанын жазушы шығармашылығын талдаудан аңғарған болатын. Кейіпкер характерін анықтауда кейіпкер портреті, тілдік ерекшеліктер, автордың түсініктемесі, жанама портреттер, диалог, лирикалық шегініс негізгі өлшем екені белгілі. Оқушылар талдауды, міне, осыдан бастайды. Оқушылар екі кейіпкер характерін талдай отырып, белгілі бір қорытындыға келеді. Олар баланы қорқыта сөйлейтін, қоршаған ортаға шошына қарайтын, зорлықты, күштілікті өзінше мақтан ете, дәреже көре сөйлейтін Құнанбайға қадірі бар Жұмабайды көрсе, оған керісінше, ақ жарқын, әңгімешіл, сөзінде зіл, ызғар жоқ әзіл-қалжыңы аралас жүретін

Сері, әнші Байтасты көреді. Абай-Жұмабай. Бұл арқылы жазушы Абайдың келешекте озбыр жуандар тобымен айқасқа түсетінін, шонжарлардың жаңалық атаулыға қас екенін көрсетуді мақсат еткенін айтады. Абай-Байтас. Ол арқылы Байкөкше, Барлас, Шөжелермен жалғастыра, ұластыра келіп, Абайдың ақындық көзінің ашылуын көрсетуді мақсат еткенін түсіндіреді. Романдағы образдар жүйесін, олардың өзара қатынасын, шығарманың тақырыбы мен идеясын ашудағы атқаратын рөлін, жазушы идеалын кейіпкерген қарай анықтау жұмыстарын жүргізу мақсатында «Топтастыру немесе кластер стратегиясын» пайдаландым. Құнанбай мен Абай тобына арнап топтап сызба  құруды тапсырдым.

Сызба жасау арқылы оқушылар романның бас кейіпкері Абайдың бейнесіне, оның бауыры, туысы, досы, мұңдасы, сыйласы, арманы, үміті, сенімі, бағыт-бағдары, туыстары кім екеніне, сол сияқты жаты, жауы, қасы, жау топтың келешегі, ұрандасы, үзеңгілесі кімдер екеніне талдау береді. Мұндай жұмыс шығарманы жан-жақты білуді, салыстыру жасауды, шығарма мәтініне қайта-қайта үңілуді талап етеді. Оқушылар алдына ұзақ ізденуді мақсат етіп қояды, бұрынғы білгендерін толықтырады. Оқушылармен жүргізген жұмыс олардың әр алуан танымдық қабілеті мен шығармашылық ой-өрісін жетілдіреді.

«Венн диаграммасы» арқылы 9-сыныптағы ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиетін шолу  бөлімінде әдебиеттегі екі бағыт, екі ағымның өкілдеріне талдау жасатуға болады. Оқушылардың ойлануы үшін: Бұл кездегі ақын шығармашылығы неге екі бағытқа бөлінеді?

Қандай негізге сүйенеді деген жетекші сұрақтар беріледі.

 

Салыстыру

 

 Дулат                                                              Жанкісі

Мынау азған заманда                                            Өзіңіз қосқан зекетші

Қарасы-антқор,ханы-арам,                                   Біздің елде Жүзбай бар.

Батыры көксер басы аман,                                   Жүзбайдың жүрген жерінде

Бәйбіше-тантық,бай-арам.                                   Жылау менен ойбай бар.

Махамбет

Атау жауым сен едің,

Ата жауың мен едім.

Ежелгі дұшпан ел болмас,

Етектен кесіп жең болмас…

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Венн диаграммасын орындағаннан кейін оқушыларға

Бір дәуірде өмір сүре отырып, бұлардың ой-пікірлерінің бірдей болмауы неге байланысты?  Шындықты әр түрлі сипаттауы қалай деген екі сұрақ қойылып, оқушылар осы сұрақтар төңірегінде постер қорғайды.

«Блум таксаномиясы немес сұрақтар стратегиясы» арқылы,оның ішінде жалпақ сұрақтар арқылы Бұқар жыраудың «Керей қайда барасың?» өлеңінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін ашуда оқушылардың танымдылығын артыруға болады. Ол үшін алдын ала сұрақтар тізімі жасалады.

Осы сұрақтардан кейін оқушыларға  «ЭССЕ немесе ой толғаныс стратегиясын»  пайдалана отырып, Бұқар көзқарасында кездесетін осы қайшылық қандай әлеуметтік проблемаға байланысты? деген сұраққа  өзінің ой-толғанысын жаздырамын.Оқушы өз бетімен жұмыс жүргізіп,5-10 минут тоқтамай жазады. Бұқар жыраудың өлеңі бойынша өз ойын қорытады. Әдебиет сабақтарында проблемалық сабақтарды бөліп алу, әзірлеу, соны талқылау, өзіндік қорытынды жасау, өз беттерімен анализ, синтезге, бағаға жету, өзін-өзі бақылау, жұмыстары балаларды шығармашылыққа, жүйелі

білімге жетелейді.
1. Өзіндік қорытындылары, оның қаншалықты шындыққа жақын екенін саралайды.
2. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасын, шығармашылық жұмыстарға қабілетін, танымпаздық белсенділіктерін арттырамыз.
3. Білім дәрежесі деңгейін саралау /өзіндік анализ, синтез, бағалауының деңгейі қалыптасады/
4. Бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай білуі, айтыса білуге дағдыланады.
5. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда болады, онымен қатар өзінің және өзгеледің пікірі мен тәжірибесіне құрметпен қарауға үйренеді.
6. Оқушы әрекеті адамның ойлау қабілетін дамытады және ол кітап оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды.
7. Оқушылар өз ойымен, іс-тәжірибесімен, пікірлермен бөлісуге үйренеді, бұл бағыт топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

  1. Жұмыс барысында алмасу арқылы оқушының өз ойын ашық, жасқанбай айтуға, басқа адамның ойын дұрыс қабылдауға үйренеді.

 «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша өткізілген сабақтар үрдісіндегі өзгерістер және нәтижесі.

1.Жаңа тақырып бойынша оқушы іздене отырып меңгереді. Мазмұнын айтып

береді.

2.Жеке кейіпкерлерді талдайды, олардың іс-әрекетін зерттейді.

3.Кейіпкерлерге мінездеме береді

4.Тақырып бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады.

5.Тақырып бойынша шығарма жазады.

6.Эссе жазады. Венн диаграммасын жасайды.

7.Сыни тұрғысынан ойлана отырып ой қорытып, тұжырымдама жасап,

оны қағаз бетіне түсіреді.

8.Мұғалім аз сөйлеп, оқушы өз ойын еркін жеткізеді.

Міне, бұл технологияда оқушы өз топшылауын, өз пайымын еркін білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, өз пікірін, өз тоқтамын жасайды, танымдық белсенділігі артады. Бұл әдіс шәкірттерге де, оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс-тәсілдері білім алушыға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды .

 

Қазақ тілі және әдебиеті
Усенова Гульсара Сеильбекқызы, Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойын түрлері

Мақала авторы: Усенова Гульсара Сеильбекқызы
Жұмыс орны: СҚО, Тайынша ауданы. Любимовка негізгі мектебі КММ
Лауазымы: қазақ тілі мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 30.01.2018

Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойын түрлері

Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері — мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті — балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Осы мақсат, міндеттерді орындау үшін мұғалім түрлі жұмыстарды ұйымдастыруы қажет. Ол жұмыстардың негізі болып әрқашан түрлі ойындар қала береді.
Сондықтан төменде ойындарды жіктеп, балаларды қызықтырады-ау деген тақырыптарда бірнеше түрлерін беріп отырмын. Ойындардың негізгі мақсаты қысқаша беріліп отыр. Бұл ойындарды бұрыннан танымал ойындармен бірге пайдалана отырып, баланың ойы мен тәрбиесін жеке тұлға ретінде заманауи талаптарға сай ұштауға, одан әрі дамытуға қадам басамыз деп ойлаймын. Ойындарды жас ерекшелігіне қарай өзгертіп, икемдеуге оңай, әрі балалардың өздеріде өздігінше жүргізе алатындай жеңіл.
Тақырыбы: Мақал жарыс
Мақсаты: Мақалдардың мағынасын түсіндірумен бірге тәрбиелік жағын аша отырып, баланы ауыз әдебиетін оқуға, шешендікке баулу. Әр сөзді орынды қолдануға шақыру.
Тақырыбы: Тапқыштар
Мақсаты: Әр түрлі тақырыптағы астарлы сұрақтарға жауап іздеу арқылы баланың логикалық ойлауын дамыту.
Тапқырларға арналған әзіл викторина
Елекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз күйінде)
Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)
Есік пен терезенің арасында не тұр? («пен» тұр)
Орыс күнтізбесінде ең қысқа ай қай ай? (Май- үш әріптен тұрады)
Қай өзен ең қорқынышты ? (Тигр өзені)
Страус өзін құспын деп айта алады ма? (Жоқ, ол сөйлей алмайды)
Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақты)
Жасыл доп Сары теңізге құласа не болады? (су болады)
Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс? (шәйді қасықпен араластырған дұрыс)
Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз ба?)
Жаңа жылда адамдарды жаппай құлататын табиғат құбылысы ? (мұзтайғақ)
Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады? (бәрі жарылып қалады)
Ойынның аты: “Ұйқасын тап!”
Ойынның мақсаты: Балаларды өлең құрастыруға баулу.
Ойынның шарты: Өлең жолдарында айтылуға тиісті ұйқас сөздерді табу.
Қайсы күні қандай сабақ,
Қалай менің үлгерімім?
Еш жаңылып қалмай, санап
Жүреді ылғи … .
Ой маржанын тере білген
Әр жазушың, әр ақының.
Әр сөзіңді емемін мен,
Ана сүті – … .
Достастырып әріптермен,
Білімге жол салып берген,
Алдымнан шам жағып берген
Айналайын … .
Мекендеген портфелімді,
Беттер аппақ, ақ көңілді.
Қызаратын қатем үшін
Кірлетпеймін … .
Ойынның аты: “Сөз ойыны”
Ойынның мақсаты: Оқушылардың сөздік қорларын арттыру.
Ойынның шарты: Өлеңдегі қарамен жазылған сөздердегі әріптерді пайдаланып, басқа
Балаға да,
Ағаға да –
Пайдасы мол аңдағанға.
Қызықты бұл ойын түрі,
Қызықтайық біз де мұны.
Бұрын ойнап көріп пе едің?
Жеке бір сөз әріптерін
Алды – артына таратамыз,
Жаңа сөзге жаратамыз
“Балмұздақтан” пәлен сөзді,
“Тоқылдақтан” түген сөзді,
“Оспақшылдан” он бес сөзді,
“Жүзтаныстан” жүз бес сөзді,
Құрастырып, тіл ұштаймыз,
Сөз ойынын қызықтаймыз.
Ойынның аты: “Мағынасы қандай?”
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сөздердің мағыналарын ажырата білуге үйрету.
Ойынның шарты: Өлең жолдарына сүйеніп, қарамен жазылған сөздердің мағыналарын
Қайыпбайдың, қарашы,
Қандай ерке баласы.
Нан жемейді нансаңыз,
Тек қант пен бал – асы.
* * *
Тұр уылжып жемістер,
Еңбек қызды егісте.
Күз – береке,
Күз – ырыс,
Тер сіңіріп,
Жеміс тер!
* * *
– Үй бола ма ауласыз?
Қоршап таста бау – бақты, –
Деп ем,
Інім:
– Аула сыз
Тартады, – деп зар қақты.
Ойынның аты: “Жұмбақ зат”
Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттыру,
Ойынның шарты: Оқушылардың алдына ыдысқа салынып бір зат әкелінеді.Сол затты мұғалім,жауабын айтпай сөзбен сипаттайды.Оқушылар шешімін табуы қажет.
Ойынның аты: “Сұрақ – жауап”
Ойынның мақсаты: Оқушыларды мақал – мәтелдерді тез есте сақтап,
Ойынның шарты: Оқушыға белгілі бір мақалдың негізіне құрылған сұрақтар
Мысалы:
– Елдің атын кім шығарады?
– Елдің атын ер шығарады.
– Әдепті бала қандай бала?
– Әдепті бала – арлы бала.
– Әдепсіз бала қандай бала?
– Әдепсіз бала – сорлы бала.
Ойынның аты: “Сұрақ – жауапқа құрылған хат”
Бұл ойынды итальян жазушысы Дж. Родари ойлап тапқан.
Ойынның шарты: Алты оқушыға алты түрлі сұрақ беріледі. Сол
Бірінші сұрақ: “Кім? Не?” (яғни бір оқушы зат есімнен
Екінші сұрақ: “Қай жерде?” (яғни жатыс септігіндегі тұрған кез
Үшінші сұрақ: “Не істеді?” (оны үшінші оқушы жазады)
Төртінші сұрақ: “Ол не айтты?” (бұл сөйлем төл сөз
Бесінші сұрақ: “Адамдар не деді?” (бұл сөйлем де төл
Алтыншы сұрақ: “Оқиға немен тынды?” (бастауышы жоқ бір –
Бір қызығы әр оқушы қандай сұрақ берілгенін білсе де,
Мысалы:
а) Құмырсқа
Қонақта
Топырақ жеді
Ол айтты: “Мен бақыттымын”
Адамдар: “Ғұмырың ұзақ болсын”, – деді.
Құмырсқа жарылып өлді.
ә) Шегіртке
Мектепте
Доп тепті.
Ол айтты: “Мен кетемін”
Адамдар: “Біз де кетеміз”, – деді.
Шегіртке сылқ – сылқ күлді.
Осы екі мысалдағы соңғы сөйлемге назар аударыңыздар. Оқушылар соңғы
Ескерту. Бұл ойынды ойнатарда мұғалім сыныптағы оқушы лардың дайындық
2 – сыныпта ойынның алғашқы үш сұрағымен шектелуге болады.
Ойынның аты: “Жалғасын тап”
Ойынның шарты: Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөздер жазылады. Олардың жалғасын табу керек
1.Ұяда … …
Ұшқанда … …
2. Көп …
Терең …
Ойынның аты: “Жылдам жауап”
Ойынның шарты: Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі.
Әзіл аралас сұрақтар:
Қар жана ма?
Келіннің сөзі қандай, баланың сөзі қандай?
Көрдім деген неше сөз, көрмедім деген неше сөз?
Ананың сүті мен баланың тілі бірдей дейді. Сонда қалай?
Бір қазанға сыймайтын қандай бастар?
Адамның қай жеріне нан піседі?
Сиырдың сүті қай жерінде?
Қандай бала сүйкімді?
Қандай кілт аспанда болады?
Тауық түс көре ме екен?
Ойынның аты: “Сөйлем құра”
Ойынның шарты: Оқушыларға екі заттың суретін көрсету арқылы сөйлем
Мысалы: алма мен аю
1. Аю алманы көрді.
2. Аю орманда жүріп келе жатып, алманы көрді.
3. Алма ағашын көрген аю тез жинап алғысы келді.
Ойынның аты: “Бізде”
Ойынның шарты: Мұғалім балаларға бір әңгімені бастап айтады. Әр
1. Мен өзенге бардым.
2. Онда үйрек ұстап алдым.
3. Үйректің жартысын итім жеп қойды. Бізде.
Ойынның аты: “Ертегіні аяқта”
Ойынның шарты: Ертегі сәтсіз болса, сәтті аяқтау.
Мысалы: Ешкі апан ішінде қалып қояды. Ешкі апаннан қалай-ары қарай балалар жалғастырады.
Ойынның аты: “Ұқсату”
Ойынның шарты: Бір – біріне ұқсамайтын, байланыс пайтын суреттерді
Мысалы: күн, кітап, қасқыр, кесе, тамақ, сабын, т.б.
Ойынның аты: “Жұмбақ құрастыр”
Ойынның шарты: Етістігі берілген немесе соңғы сөзі берілген сөйлем
Мысалы: …. …. тынығады,
…. …. зымырайды. (шана)
Ойынның аты: “Режиссер”
Ойынның шарты: Берілген тақырып бойынша диафильм жасайды. Ол үшін
Мысалы, «Алтын күз» тақырыбына диафильм жасау.
Ойынның аты: “Жаңылмаймын жаңылтпаштан”
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сөйлеуге, дұрыс оқуға тәрбиелеу.
Мысалы:
Жаңылтпаштарымнан жаңылысыңқырағандарың
Жаңылысыңқырамағандарыңды
Жаңылыстырмасаңдарсайшы.
Ойынның аты: “Мақал–мәтелдер айтудан жарысайық”
Ойынның мақсаты: Оқушыларға тәрбиелік мәні жоғары, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді
Ойынның шарты: Бұл ойында мұғалім әрбір топтың алдына келіп,
Мысалы, мұғалім бірінші топтың алдына келіп, өтірік сөз деді,
Жыртық үйді жел табар,
Өтірік сөзді жан табар.
Өтпес пышақ қынға қас,
Өтірік сөз жанға қас.
Өтірікшінің шын сөзі зая кетер
Өтірік деген дұшпан бар,
Отқа сүйреп салады, т.б.
Мұғалім екінші топтың алдына келіп, ұрлық деді. Оқушылар ұрлық
Көп жортқан түлкі терісін алдырар
Ұрлық түбі – қорлық
Жаман ұры жанындағысын қармайды, т.б.
Ойынның аты: “Жалғасын тап”
Ойынның мақсаты: Оқушылар үлкенді сыйлауға, мінез – құлықтарын жас
Ойынның шарты: Жасырылған мақал – мәтелдердің екінші сыңарын табу.
Адам болар баланың,
Кісіменен ісі бар.
Адам болмас баланың,

Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без,

Көп оқыған білмейді,

Әдептілік – адамдықтың белгісі,

Санамақтар
Мқсаты: Оқушылардың тілін ұстарту әрі санауға үйрету
Бес саусақ
Бас бармағым,
Бақташы бол!
Қырағы көз,
Сақ малшы бол!
Сұқ саусағым,
Сауыншы бол!
Өнеріңе
Табынсын ел!
Ортан қолым,
Орманшы бол!
Күллі орманға,
Қорғаншы бол!
Аты жоғым,
Аспазшы бол!
Өз қолыңнан
Дәм татсын ел!
Шынашағым,
Бақшашы бол!
Жемісіңді Мақтасын ел!
Аз қимылды ойындар
Тақырыбы: Айна
Мақсаты: Баланың зейіні мен байқампаздығын әрі әр түрлі дене қимылдарын жетілдіру.
Әр бала – «айна» болады. Жүргізуші әр айнаға бір барып, сол «айнаға» қарап, түрлі қимылдар жасайды. «Айна – бала» сол қимылдарды үлгіріп, әрі дәл қайталауы керек. Ең дұрыс «айна-бала» – жүргізуші болады. Ойын осылай қайталана береді.
Тақырыбы: Қызыл табан
Мақсаты: Балаларды ұжыммен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, шыдамдылыққа, әдептілікке үйрету.
Ойынның шарты түсіндіріледі. Осы лагердегі бір адамның табанына «қызыл табан» белгісі жапсырылған. Ол белгі кез-келген адамда болуы мүмкін. Қай топ сол адамды бірінші тауып, әуелі әдепті сөздер көмегімен табанын көрсетуін сұрап, дәл тапса, солар ұтады.
Балаларды екі топқа бөлеміз. Жүргізуші әр топтың алдына келіп бір сөзді айтады. Сөздер алдын-ала дайындалады. Қай топ осы сөз кіріктірілген мақалдарды көп тапса солар ұтады. Мысалы: «тіл» деген сөзді қатыстырып мақал айту. «Тіл –тас жарады, тас жармаса бас жарады», т.с.с.
Логикалық ойындар
Тақырыбы: Балық, құс, аң
Мақсаты:
Жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана «балық, құс, аң»- деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде дауысын қаттырақ шығарып:
-Балық!(немесе аң, құс) –деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді.
Қағазға жазылған әр түрлі мақалдар тең етіп екі топқа таратылады. Жүргізуші бір тақырыпты айтады. Сол тақырыпқа қатысы бар мақалы бар бала ортаға шығып, дәлелдер келтіріп, түсіндіруі керек. Қай топтан көбірек, әрі «дәлелі түсінікті» жауаптар болса, сол топ ұтады.
Өзін-өзі тануға арналған ойындар
Тақырыбы: Жақсы сөз – жарым ырыс
Мақсаты: Баланың білетін бар жақсы сөздерін достарына айтқыздыра отырып, өзара сыйластыққа, достыққа жетелеу, әрі сөздік қорын молайту. Өзін-өзі тануға, өзінің тіл байлығын бағалауға үйрету. Баланың бойындағы ізгілікті ояту, түрткі болу.
Қатысушыларды шеңбер бойына отырғызамыз. Жүргізуші «жақсы сөздерді» айта отырып, қолындағы допты кез-келген балаға лақтыра салады. Допты алған бала дереу бір «жақсы сөзді» айтады да келесі балаға допты лақтырады. Жақсы сөздер тізбегі осылай жалғаса береді. Ойынның шарты бойынша айтылған сөздер қайталанбауы керек. Сөз таппай қалған, немесе қайталанған сөз айтқан қатысушы ойыннан шығады. Ойынның тағы бір ізгі шарты бар: ойыннан шығып қалған баланы досы «жақсы сөз» сыйлап қайта кіргізе алады. Бірақ бір рет қана бұл мүмкіндікті пайдалана алады.
Тақырыбы: Мен кіммін?
Мақсаты: Баланың өз бойындағы қасиеттері мен қылықтарын таразылауға үйрету. Әрі ол арды жақсы, жаман деп жіктей білуге, ажыратуға үйрету. Әділ болуға, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Әр бала параққа екі бейне салады. Біреуі: күліп тұрған бала-күннің бейнесі. Бұл бейненің жан-жағына тек қана өз бойындағы жақсы қасиеттерін жазады. Екінші сурет: қабағын түйіп, түнеріп тұрған бала-күннің бейнесі. Бұл суретке керісінше өз бойындағы өзіне ұнамайтын қылықтарын жазады. Ең соңында әр бала өз жұмысына өзі баға береді. «Шыншыл бала» атағы беріледі.
Тақырыбы: Мамандықтар таңдау
Мақсаты: Баланың мамандықтар туралы білімін кеңейте отырып, еңбек ету арқылы өз мақсатына жетуге болатындығын ұғындыру.
Ортаға әр түрлі мамандықтар аты жазылған қағаздар тасталынады. Әр бала бір-біреуден алады. Әркім өзіне тиесілі мамандық бойынша: шағын көрініс, тақпақ, қысқаша монолог, сипаттама т.б. жасап, мамандықты барынша дәріптейді, презентация жасайды. Ойын соңында «Ең жақсы презентация» марапатталады. Барлық қатысушыларды қамту мақсатында әр түрлі марапаттар ұйымдастыруға болады.
Тақырыбы: Мақал жарыс
Мақсаты: Мақалдардың мағынасын түсіндірумен бірге тәрбиелік жағын аша отырып, баланы ауыз әдебиетін оқуға, шешендікке баулу. Әр сөзді орынды қолдануға шақыру.
Тақырыбы: Тапқыштар
Мақсаты: Әр түрлі тақырыптағы астарлы сұрақтарға жауап іздеу арқылы баланың логикалық ойлауын дамыту.
Тапқырларға арналған әзіл викторина
Елекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз күйінде)
Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)
Есік пен терезенің арасында не тұр? («пен» тұр)
Орыс күнтізбесінде ең қысқа ай қай ай? (Май- үш әріптен тұрады)
Қай өзен ең қорқынышты ? (Тигр өзені)
Страус өзін құспын деп айта алады ма? (Жоқ, ол сөйлей алмайды)
Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақты)
Жасыл доп Сары теңізге құласа не болады? (су болады)
Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс? (шәйді қасықпен араластырған дұрыс)
Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз ба?)
Жаңа жылда адамдарды жаппай құлататын табиғат құбылысы ? (мұзтайғақ)
Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады? (бәрі жарылып қалады)
Ойынның аты: “Жануарлар қалай дыбыстайды?”
Ойынның мақсаты: Балалардың тілін ұстарту.
Ойынның шарты: Ойынға қатысушылар өздері білгенінше жануарлардың қайсысы қалай
Жануарлардың дыбыстауын ең көп білетін бала, былай түсіндіреді:
Жылқы – кісінейді, шұрқырайды, азынайды.
Сиыр – мөңірейді, өкіреді.
Қой, ешкі – маңырайды.
Түйе – боздайды, сарнайды.
Шошқа – шыңғырады, қорсылдайды.
Ит – үреді, ырылдайды, арсылдайды, қыңсылайды.
Мысық – мияулайды.
Тышқан – шиқылдайды.
Қаз – қаңқылдайды.
әтеш – шақырады.
Торғай – шырылдайды.
Бұлбұл – сайрайды.
Қарға – қарқылдайды.
Сауысқан – шықылықтайды.
Шыбын – ызыңдайды.
Жылан – ысылдайды, суылдайды.
Бақа – бақылдайды.
Аю – ақырады, өкіреді
Ойынның аты: “Ұйқасын тап!”
Ойынның мақсаты: Балаларды өлең құрастыруға баулу.
Ойынның шарты: Өлең жолдарында айтылуға тиісті ұйқас сөздерді табу.
Қайсы күні қандай сабақ,
Қалай менің үлгерімім?
Еш жаңылып қалмай, санап
Жүреді ылғи … .
Ой маржанын тере білген
Әр жазушың, әр ақының.
Әр сөзіңді емемін мен,
Ана сүті – … .
Достастырып әріптермен,
Білімге жол салып берген,
Алдымнан шам жағып берген
Айналайын … .
Мекендеген портфелімді,
Беттер аппақ, ақ көңілді.
Қызаратын қатем үшін
Кірлетпеймін … .
Ойынның аты: “Сөз ойыны”
Ойынның мақсаты: Оқушылардың сөздік қорларын арттыру.
Ойынның шарты: Өлеңдегі қарамен жазылған сөздердегі әріптерді пайдаланып, басқа
Балаға да,
Ағаға да –
Пайдасы мол аңдағанға.
Қызықты бұл ойын түрі,
Қызықтайық біз де мұны.
Бұрын ойнап көріп пе едің?
Жеке бір сөз әріптерін
Алды – артына таратамыз,
Жаңа сөзге жаратамыз
“Балмұздақтан” пәлен сөзді,
“Тоқылдақтан” түген сөзді,
“Оспақшылдан” он бес сөзді,
“Жүзтаныстан” жүз бес сөзді,
Құрастырып, тіл ұштаймыз,
Сөз ойынын қызықтаймыз.
Ойынның аты: “Мағынасы қандай?”
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сөздердің мағыналарын ажырата білуге үйрету.
Ойынның шарты: Өлең жолдарына сүйеніп, қарамен жазылған сөздердің мағыналарын
Қайыпбайдың, қарашы,
Қандай ерке баласы.
Нан жемейді нансаңыз,
Тек қант пен бал – асы.
* * *
Тұр уылжып жемістер,
Еңбек қызды егісте.
Күз – береке,
Күз – ырыс,
Тер сіңіріп,
Жеміс тер!
* * *
– Үй бола ма ауласыз?
Қоршап таста бау – бақты, –
Деп ем,
Інім:
– Аула сыз
Тартады, – деп зар қақты.
Ойынның аты: “Жұмбақ зат”
Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттыру,
Ойынның шарты: Оқушылардың алдына ыдысқа салынып бір зат әкелінеді.Сол затты мұғалім,жауабын айтпай сөзбен сипаттайды.Оқушылар шешімін табуы қажет.
Ойынның аты: “Сұрақ – жауап”
Ойынның мақсаты: Оқушыларды мақал – мәтелдерді тез есте сақтап,
Ойынның шарты: Оқушыға белгілі бір мақалдың негізіне құрылған сұрақтар
Мысалы:
– Елдің атын кім шығарады?
– Елдің атын ер шығарады.
– Әдепті бала қандай бала?
– Әдепті бала – арлы бала.
– Әдепсіз бала қандай бала?
– Әдепсіз бала – сорлы бала.
Ойынның аты: “Лимерик”
Бұл ойынды Эдвард Лир деген ағылшын ойлап тапқан.
Ойынның шарты: Белгілі бір құрылымға бағынатын мазақтама, күлдіргі өлең
Мысалы:
Болыпты бір пенде
Өзі аңғал, әпенде
Түбі тесік шелекпен
Су тасыпты күн ұзақ
Әй, жарымес әпенде
Ойынның аты: “Сұрақ – жауапқа құрылған хат”
Бұл ойынды итальян жазушысы Дж. Родари ойлап тапқан.
Ойынның шарты: Алты оқушыға алты түрлі сұрақ беріледі. Сол
Бірінші сұрақ: “Кім? Не?” (яғни бір оқушы зат есімнен
Екінші сұрақ: “Қай жерде?” (яғни жатыс септігіндегі тұрған кез
Үшінші сұрақ: “Не істеді?” (оны үшінші оқушы жазады)
Төртінші сұрақ: “Ол не айтты?” (бұл сөйлем төл сөз
Бесінші сұрақ: “Адамдар не деді?” (бұл сөйлем де төл
Алтыншы сұрақ: “Оқиға немен тынды?” (бастауышы жоқ бір –
Бір қызығы әр оқушы қандай сұрақ берілгенін білсе де,
Мысалы:
а) Құмырсқа
Қонақта
Топырақ жеді
Ол айтты: “Мен бақыттымын”
Адамдар: “Ғұмырың ұзақ болсын”, – деді.
Құмырсқа жарылып өлді.
ә) Шегіртке
Мектепте
Доп тепті.
Ол айтты: “Мен кетемін”
Адамдар: “Біз де кетеміз”, – деді.
Шегіртке сылқ – сылқ күлді.
Осы екі мысалдағы соңғы сөйлемге назар аударыңыздар. Оқушылар соңғы
Ескерту. Бұл ойынды ойнатарда мұғалім сыныптағы оқушы лардың дайындық
2 – сыныпта ойынның алғашқы үш сұрағымен шектелуге болады.
Ойынның аты: “Жалғасын тап”
Ойынның шарты: Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөздер жазылады. Олардың жалғасын табу керек
1.Ұяда … …
Ұшқанда … …
2. Көп …
Терең …
Ойынның аты: “Жылдам жауап”
Ойынның шарты: Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі.
Әзіл аралас сұрақтар:
Қар жана ма?
Келіннің сөзі қандай, баланың сөзі қандай?
Көрдім деген неше сөз, көрмедім деген неше сөз?
Ананың сүті мен баланың тілі бірдей дейді. Сонда қалай?
Бір қазанға сыймайтын қандай бастар?
Адамның қай жеріне нан піседі?
Сиырдың сүті қай жерінде?
Қандай бала сүйкімді?
Қандай кілт аспанда болады?
Тауық түс көре ме екен?
Ойынның аты: “Сөйлем құра”
Ойынның шарты: Оқушыларға екі заттың суретін көрсету арқылы сөйлем
Мысалы: алма мен аю
1. Аю алманы көрді.
2. Аю орманда жүріп келе жатып, алманы көрді.
3. Алма ағашын көрген аю тез жинап алғысы келді.
Ойынның аты: “Бізде”
Ойынның шарты: Мұғалім балаларға бір әңгімені бастап айтады. Әр
1. Мен өзенге бардым.
2. Онда үйрек ұстап алдым.
3. Үйректің жартысын итім жеп қойды. Бізде.
Ойынның аты: “Ертегіні аяқта”
Ойынның шарты: Ертегі сәтсіз болса, сәтті аяқтау.
Мысалы: Ешкі апан ішінде қалып қояды. Ешкі апаннан қалай-ары қарай балалар жалғастырады.
Ойынның аты: “Ұқсату”
Ойынның шарты: Бір – біріне ұқсамайтын, байланыс пайтын суреттерді
Мысалы: күн, кітап, қасқыр, кесе, тамақ, сабын, т.б.
Ойынның аты: “Жұмбақ құрастыр”
Ойынның шарты: Етістігі берілген немесе соңғы сөзі берілген сөйлем
Мысалы: …. …. тынығады,
…. …. зымырайды. (шана)
Ойынның аты: “Режиссер”
Ойынның шарты: Берілген тақырып бойынша диафильм жасайды. Ол үшін
Мысалы, «Алтын күз» тақырыбына диафильм жасау.
Ойынның аты: “Жаңылмаймын жаңылтпаштан”
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сөйлеуге, дұрыс оқуға тәрбиелеу.
Мысалы:
Жаңылтпаштарымнан жаңылысыңқырағандарың
Жаңылысыңқырамағандарыңды
Жаңылыстырмасаңдарсайшы.
Ойынның аты: “Мақал–мәтелдер айтудан жарысайық”
Ойынның мақсаты: Оқушыларға тәрбиелік мәні жоғары, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді
Ойынның шарты: Бұл ойында мұғалім әрбір топтың алдына келіп,
Мысалы, мұғалім бірінші топтың алдына келіп, өтірік сөз деді,
Жыртық үйді жел табар,
Өтірік сөзді жан табар.
Өтпес пышақ қынға қас,
Өтірік сөз жанға қас.
Өтірікшінің шын сөзі зая кетер
Өтірік деген дұшпан бар,
Отқа сүйреп салады, т.б.
Мұғалім екінші топтың алдына келіп, ұрлық деді. Оқушылар ұрлық
Көп жортқан түлкі терісін алдырар
Ұрлық түбі – қорлық
Жаман ұры жанындағысын қармайды, т.б.
Ойынның аты: “Жалғасын тап”
Ойынның мақсаты: Оқушылар үлкенді сыйлауға, мінез – құлықтарын жас
Ойынның шарты: Жасырылған мақал – мәтелдердің екінші сыңарын табу.
Адам болар баланың,
Кісіменен ісі бар.
Адам болмас баланың,

Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без,

Көп оқыған білмейді,

Әдептілік – адамдықтың белгісі,

Қазақ тілі және әдебиеті
Тлегенова Мейрамгуль Жанабаевна, Қазақ тілі мен іс қағаздарын жүргізу пәндерін оқытудың жаңа технологиялары

Мақала авторы: Тлегенова Мейрамгуль Жанабаевна
Жұмыс орны: Павлодар гуманитарлық-педагогикалық колледжі
Лауазымы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы
Порталға жариялану мерзімі: 04.01.2018

Қазақ тілі мен іс қағаздарын жүргізу пәндерін оқытудың жаңа технологиялары

 

БҰҰ шешімімен «XXI  ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады, оның негізгі белгісі – қоғамның жаңа кезеңге енуі. Білім саласындағы жаңа технологиялар бір сөзбен ақпараттық – коммуникациялық технологиялар делінеді. Олар: ЭЕМ жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделген. Технология – іс — әрекеттің өзіне тән нақтылы алынған  әдістер, құралдар, тәсілдер жиынтығын пайдалану арқылы белгілі бір нәтижеге жету . Жаңа технологияларды сабақтарда қолдану қандай нәтиже береді, соны қарастырып, көрелік. Біріншіден, технологиялардың түрлі  әдістерін  пайдалану сабақтың нақты мәнін ашады. Екіншіден, оқушылардың барлығы сабаққа қатысады және олардың деңгейін анықтай аласың, бағалауға да мүмкіндік аласың. Үшіншіден, оқушылар өздігінен жұмыс істеуге үйренеді. Төртіншіден оқушылардың қабілеттілігі, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады. Бесіншіден, жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылық шыңдауға, кәсіби сенімін қалыптастырады.  Пәнді игерудің басты шарты  — мұғалімнің өз сабағына деген қызығушылықты туғыза білуден басталады. Ал жаңа технология – мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Осыған байланысты әр мұғалім – жаңа технологияларды қолдануы тиіс.

Менің де алдымда  қазақ тілі мен мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәндері сабақтарының тиімділігін жаңа технологиялар арқылы арттыру міндеті тұрды. Мемлекеттік тілге оқыту сабақтарында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданған өте қолайлы деп ойлаймын. Сын тұрғысынан ойлау  – сынау емес, шыңдалған ойлау. Барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарау, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

СТО бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзілетіндігі бізге мәлім. Қызығушылықты ояту – бұл үйрену процесі. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ой қозғау» стратегиялары қолданылады. Қазақ тілі болсын, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу сабақтары болсын ұйымдастыру кезеңінен кейін «Ой қозғау» стратегиясын қолдану тиімді. Оқушыларға тапсырма беріледі, 1 минөттің ішінде қолдарын қаламдарынан  үзбей  берілген  жазу нені  білдіретіндігіне түсінік беру.  Оқушылар әрқайсысы жаңа тақырып бойынша сөздер тізбегін құра бастайды. Екінші кезең қасында отырған көршісімен тілдесу, ойларын толықтыру. Содан соң топпен жұмыс жасалынып, сарапшылар өз жұмыстарын қорғайды. Осы кезеңде   тақырып болсын ,сабақтың мақсаты болсын оқушылар өздері ашады.  Мағынаны ажырату  – бұл түсіне білу, яғни жаңа ақпаратпен танысу. Бұл кезеңде INSERT, ДЖИГСО, түсініктеме күнделігі қолданылып жүр. Бұл әдістер жаңа тақырыптың мазмұнын ашқан кезде қажет. Оқушылар кең ауқымды тақырыптар өткен кезде, әсіресе мәтінмен жұмыс жасаған кезде өте қолайлы. Мәселен, іс қағаздарын жүргізу сабақтарында, көбінесе ұйымдық — өкілеттік құжаттарды өткен кезде алты топқа бөлінетіндігін ДЖИГСО стратегиясымен шығуға болады. Өйткені оқушылар бір – бірлеріне қонаққа барып, құжат түрлерімен танысып, жаңа мағлұмат алып, үй тобына оралады. Сонда  бір сабақтың ішінде құжаттардың бірден алты тобымен  танысады.   Ой толғаныс – баға беруге үйрету, басқаға сын көзбен қарау. Дәстүрлі сабақтардан гөрі бүгінгі қоғамға, сабаққа керегі де осылар. Себебі елімізге ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай алатын, шығармашыл азаматтар қажет. СТО бағдарламасына қатысудың нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелерім қандай: жаңа құрылым, оқушылар арасында сыйластық қарым – қатынас , бір – бірінің пікірін тыңдау, жеке тұлға ретінде даму, өз ойын ашық айту, бағалау, проблеманы шешу пайда болды.