Қазақ тілі және әдебиеті
Кайкбаева Гулдана Абдуллаевна, Сөз мағынасы мен байлығы

Мақала авторы: Кайкбаева Гулдана Абдуллаевна
Жұмыс орны: С ҚО Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылы «Бәйтерек» орта мектебі КММ
Лауазымы: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 09.05.2017

Сөз мағынасы мен байлығы

Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Бәйтерек ауылы
«Бәйтерек» орта мектебі КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Кайкбаева Гулдана Абдуллаевна

Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі 14 сабақ
Сынып: 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз мағынасы мен байлығы
Мақсаттары: Сөз байлықтары мен сөз мағынасын меңгеруі.Логикалық ойлау қабілетін арттыру
Күтілетін нәтиже : Сөз байлығы мен сөз мағынасын меңгереді.Ойлау қабілеті артады
Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)
Бағалау: Өзін өзі (ӨӨБ), жұптық (ЖБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)
Деректер: тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары
Әдіс тәсілдер:Миға шабуыл,Жұптық әңгімі,Инсерт

Сабақ кезеңдері Уақыт
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Білім

Қызығушылық
тарын ояту 2мин «Миға шабуыл» әдісі
Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу АКТ
Түсіну 7мин Өткен тақырыпты меңгертуде Постер арқылы жалпы тақырыпты қорғау

Сыни ойлауға берілетін тапсырмалар, өз пікірін негіздеп, дәлелдеуді талап етеді. Әр топ оө ойын помтер арқылы қорғау керек сол арқылы жаңа тақырыпқа қадам жасайды Осы мақсатта оқушыларға қосымша өткен материалды толық меңгеру мақсатында « Ойлан тап» ойынын» пайдаландым
Жауабын постер арқылы тақтаға , қорғап шығу керек. Берілген тапсырманы тек тұжырымдармен және өз ойларын толық жеткізу үшін қағаз беріне түсіріп, берілген жүйелермен түсіндіру қажет ЖТ
ЖЕ
Қолдану 10мин «Сөз мағанасы мен байлығы»Жұптық әңгіме» әдісін пайдаланду арқылы меңгерту /10 мин/
Бұл әдіс арқылы оқушы мен оқушы арасында «Жақын арадағы даму аймағы»(ЖАДА)(Выготский) қалыптасты. Себебі: әр жұп түсінбеген немесе қиындық тудырған сұрақтарын бір-біріне қою арқылы жұптасып, жауап іздеді, талқылады, жаңа тақырыпты бірі-біріне түсіндіреді Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту
Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және оөз пікірлерін ортаға салады. СТО
Сергіту сәті 1 мин «Балапандар биі» атты жаттығу жасау Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды. АКТ
Талдау 15мин Топпен жұмыс «Инсерт әдісі» арқылы жалпы бүгінгі сабақта не үйренгендерін тексеру арқылы тақырыпты талдау
Берілген әдіс бойынша оқушылар бүгінгі сабақтан не үйренгендігін білу үшін оқушылар өз ойларын айтады.

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, өзара пікір алмасады, топпен, жек дара тапсырмаларды орындайды
Жинақтау 5мин Шығармашылық тапсырма-топпен тақырыпты жинақтау Тақырып төңірегінде тапсырмаға қатысты әңгіме құрастыру Әңімелерін құрастырады,тапсырманы эинақтайды
Бағалау 2 мин Өзін-өзі бағалау (2 мин)
Бағдарша, бағалау парақшалары Өзін-өзі бағалау (2 мин)
Блоб ағашы, бағалау парақшалары

Оқушының аты-жөні____________________________________________
Үй тапсырмасын тексеру Постер Инсерт әдісі Сабақты бекіту. Шығармашылық жұмыс Өзін-өзі бағалауы

Өзін өзі топпн бағалайды
Рефлексия 2 мин Стикерлерді толтыру Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну Ұсынылған стикерді толтыру

Қазақ тілі және әдебиеті
Режабова Жадра Нуралықызы, Ханталапай ойыны туралы түсінік

Мақала авторы: Режабова Жадра Нуралықызы
Жұмыс орны: Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудан Краснознаменное орта мектебі КММ
Лауазымы: Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 09.05.2017

Ханталапай ойыны туралы түсінік

Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют аудан Краснознаменное орта мектебі КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Режабова Жадра Нуралықызы
жоғарғы білімді
ҚАЗАҚ ТІЛІ
Тақырыбы:
Ойын Мектебі: Краснознаменное орта мектебі
Күні,айы:
8.04.2017 Мұғалімнің аты-жөні: Режабова Жадра Нуралықызы
3 – сынып Сабаққа қатысқан оқушылар саны: 9 Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
Оқу мақсаты «Ханталапай» ойынының ережесімен танысады. Ұлттық ойынға деген қызығушылықтары артады. Қанша асық барын айта алады.
Күтілетін нәтиже Барлық оқушылар:
«Ханталапай» ойынының ережесін түсінеді.
Оқушылардың басым бөлігі:
Тақырып бойынша белсенді лексиканы еркін қолдана алады, тақырып бойынша өзара сөйлесе алады.
Кейбір оқушылар:
Басқа да асық ойындарын атай алады.
Сабақтың кезеңдері Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
Сабақтың басталуы

3 минут

Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Сыныпта кім кезекші?
Бүгін қандай күн?
Бүгін нешесі?
Бүгін сабақта кім жоқ?
Қазір балалар сендерді шаттық шеңберіне шақырамын!
Шаттық шеңберді «Ауа райы» жаттығуын орындау арқылы ұйымдастыру.
Мақсаты: Оқушылардың зейіні мен сабаққа назар аударуды бағыттау. Ынтымақтастықта жұмыс істей алуды қалыптастырады.
— Бүгінгі КАЗГИДРОМЕТ орталығының болжамы бойынша
— О.Қазақстанда күн ыстық;
— С.Қазақстанда күн суық;
— Б.Қазақстанда қатты жел тұрады;
— Ш.Қазақстанда жаңбыр жауады. Сәлеметсіз бе!
Кезекші орнынан тұрып жауап береді.

Шаттық шеңберіне тұрады

қолдарын соғады
қолдарын үрлеп секіреді
үрлеп, қодарын желпиді
орындарында тұрып қол соғып, айналады

Эмоциялық

әлеуметтік

Үй жұмысын тексеру
5 минут
Сұрақ-жауап әдісі. «7 ғажайып сан» ойыны.
1. Сенің мектебіңде спортзал бар ма?
2. Спортзал қандай?
1. Оқушылар спортзалда не істейді?
2. «Жаттығу» сөзін аудар
1. Сен спортпен айналысасың ба?
2. «Жарыс» сөзін аудар
1. Біздің спортзал нешінші қабатта?
2. «Денсаулыққа пайдалы» сөзін аудар
1. Сен таңертең жаттығу жасайсың ба?
2. «Шеңбер» сөзін аудар
1. «Футбол» сөзінде неше буын бар?
2. «Жүгіру» сөзін аудар
1. Дене шынықтыру сабағында не істейсіңдер?
2. «Жеңімпаз» сөзін аудар Сандардың ішіндегі сұрақтарға жауап береді Эмоциялы, әлеуметтік сандар
Сабақтың ортасы

Сабақты пысықтау

1 минут Топтарға бөлу.
Қоржындағы асықтар арқылы түстеріне қарай топқа бөлу. Асықтарды таңдап алып, түстер бойынша топтарға бөлінеді. асықтар
5 минут

1 минут

2 минут

4 минут

1 минут

5 минут

5 минут

4 минут

4 минут

Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді жазыңдар. Бүгінгі тақырып «Ойын»
Жаңа сөз:
Ойын – игра — game
Ойын дегеніміз не?
Қандай ойындар білесіңдер?

1-тапсырма. «Топта неше асық бар?»
Топтарында неше асық барын және түстерін айтады.

2-тапсырма. Сұраққа жауап бер.
Сенде асық бар ма?

3-тапсырма.Оқулықта 132 бет
Үнтаспаны тыңдап, қайталату. Оқу.
-Асық ойнайсың ба?
-Иә, ойнаймын.
-Балалар, тағы кім асық ойнайды?
-Мен!

«Ханталапай» ойынымен таныстыру.
Ханталапай қазақтың ұлттық асық ойыны. Шеңберге отырып кім көп асық жинайды, сол жеңімпаз атанадаы.
Диалогтік оқу
4-тапсырма. 133 бет.Үлгіні оқу.
-Ал, кәнеки, балақай, Кел, ойнайық «Ханталапай»!
-Кімде қанша асық бар?
-Менде үш асық бар.
-Менде бес асық бар.
-Балалар, кім жеңді?
-Әсет. Әсетте бес асық бар.
Сергіту сәті: Ойын «Ханталапай»
Шарты: Шеңбер құрып отырып, мұғалім «Ал, кәнеки, балақай, Кел, ойнайық! «Ханталапай»! – деп асықтарды шашып жібергенде қатысушылар көп асық жинап алады.

5-тапсырма. Топтық жұмыс:Диалог құрастыру
«Үстел», «бес», «жеңді»

6-тапсырма. Топтық жұмыс: «Суретті ретімен орналастыр» Диалог бойынша ойын ережесіне сай суреттерді орналастыру.
-«Ханталапай» ойынының ережесіне сай суреттерді ретімен орналастырасыңдар.
-Ал, кәнеки, балақай, Кел, ойнайық «Ханталапай»!
-Кімде қанша асық бар?
-Менде үш асық бар.
-Менде бес асық бар.
-Балалар, кім жеңді?
-Әсет. Әсетте бес асық бар. Күнді дәптерлеріне жазып, тақырыппен танысады. Жаңа сөзбен танысып, мағынасын айтады.

1 топ. Біздің топта 3 асық бар, түстері сары.
2 топ. Біздің топта 3 асық бар. түстері қоңыр.
3 топ. Біздің топта 3 асық бар, түстері жасыл.

Сұраққа жауап жазады, оқиды.
-Иә, менде асық бар.

Тыңдап, қайталайды, оқиды.
-Асық ойнайсың ба?
-Иә, ойнаймын.
-Балалар, тағы кім асық ойнайды?
-Мен!

Диалог оқиды.
-Ал, кәнеки, балақай, Кел, ойнайық «Ханталапай»!
-Кімде қанша асық бар?
-Менде үш асық бар.
-Менде бес асық бар.
-Балалар, кім жеңді?
-Әсет. Әсетте бес асық бар.

Шеңбер құрып отырып ойынды ойнайды. Көп асық жинайды.

1 топ. «үстел»,
2 топ. «бес»,
3 топ. «жеңді»

Ойын ережесіне сай топтар суреттерді ретімен орналастырады.

әлеуметтік

әлеуметтік

Әлеуметтік
Жарайсыңдар!

әлеуметтік

Әлеуметтік

слайд

Асықтар

Дәптерлері

Үнтаспа, оқулық

Слайд

Оқулық

Қоржындағы асықтар

Үлестірмелі қағаздар

суреттер
Бағалау

2 минут
Топтық бағалау.

Әр оқушыны бағалау. Топтар қол соғу арқылы бір-бірін бағалайды

әлеуметтік 3-бір рет, 4- екі рет,5 — үш рет қол соғады
Эмоциялы
Үй жұмысы
1 минут
Үй жұмысы: 133бет 4-тапсырма оқу Үй жұмысын күнделіктеріне жазады.
Сабақтың соңы 2 минут
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнату.
Түсінбеген жағдайдағы смайилик

Түсінікті, керемет смайилигі
. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегенін, қызық әрі жеңіл болғанын және қиындық туғызғандығын смаийликтер арқылы білдіреді. смайиликтер
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе не?
1: Оқушылар сабаққа белсене қатысты.
2:Ұлттық ойындарды оқушылардың есте сақтауы.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?
1: Көптеген әдістерді қолдансам
2:

Қазақ тілі және әдебиеті
Адракова Раушан Абайқызы, Есептік сан есім

Мақала авторы: Адракова Раушан Абайқызы
Жұмыс орны: СҚО Жамбыл ауданы "Жамбыл орта мектебі" КММ
Лауазымы: қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 17.04.2017

Есептік сан есім

Сабақтың тақырыбы: Есептік сан есім
Сабақтың мақсаты:
Есептік сан есімді оқыту барысында логикалық , шығармашылық қабілеттерін дамыту;
а)Білімділік – сан есімнен алған білімдерін кеңейту, сан есімнің мағыналық түрлерінің бірі – есептік сан есімді меңгерту, басқа түрлерінен ажырата білу;
ә)Дамытушылық – есте сақтау және ойлау қабілетін дамыту, танымдық қызығушылықтарын дамыту;
б) Тәрбиелік – халқымыздың салт- дәстүрін қастерлей білуге, оны орынды қолдана білуге, кішіпейілділікке, адамгершілікке, ынтымақтыстыққа, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу:
Сабақтың түрі: той сабақ
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, жеке жұмыс, салыстыру, түсіндіру, топтастыру т.б.
Көрнекілігі: «даналық» ағашы, кеспе қағаздар, кесте, слайдттар, сандық т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: — Психологиялық даярлық. Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындықтарын тексеру.
«Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді»,- демекші сыпайылық танытып, қонақтарымызбен амандасып алалық.
Жарқырап күн де ашылды
Айналаға нұр шашылды
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.- жақсы, енді орнымызға отыра қоялық.
Балалар, қандай суреттер бейнеленген. Белгілі бір мерекелердің тойланып жатқаны байқалып тұр. Тойға үлкен, кішілердің бәрі барады. Қазақта әртүрлі себептерге байланысты тойлар көп болады, ия. (Мысалдар келтіру.) Тойға көрші ауылдардан да қонақтар келеді емес пе? Біздер бүгін үлкен тойға жиналып отырмыз. Тойдың себебі — қазақ тілі сабағы, тойдың иесі — мен, сіздер — менің қуанышымды бөлісуге келген құрметті қонағымсыздар. Бұл тойда сіздерден басқа қонаққа келген үлкен аға — апаларымыз бар. Сондықтан халқымыздың салт — дәстүрін қастерлей білетінімізді, үлкенге- құрмет, кішіге- ізет көрсете алатынымызды білдіруіміз керек.
ІІ. Шашу- Өткен тақырыптарды қайталау: — Халқымыздың салты бойынша тойға келген қонақтар үйге шашу шашып кіреді екен. Сендер бұл тойға біліммен шашу шашасыздар. Ендеше, «Даналық» ағашының тапсырмаларын орындайық. (Шарты: Ағаштағы алмалардың тапсырмаларын орындай отырып, себеттерге жинау).
1-алма: Морфология нені зерттейді? (Тіл білімінің сөз құрамын, сөз таптарын зерттейтін сала)
2-алма: Сөз таптары шешеге бөлінеді? (3-ке. Атауыш сөздер — Зат е., Сын е., Сан е., Есімдік, Етістік, Үстеу, Еліктеу сөз мағынасы бар. Көмекші сөздер – шылау жеке тұрғанда мағынасы жоқ, Одағай сөздер – одағай, толық мағынасы жоқ, сұраққа жауап бермейді)
3-алма: Деректі және дерексіз зат есімдерге анықтама беріп, мысал келтіріңіз. ( Деректі зат есім- көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат есім. Кітап, дос, су т.б. Дерексіз зат есімдер- көзге көрінбей, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, ұғым атаулары. Ауа, ой, арман,сезім т.б.)
4-алма: Сапалық, қатыстық сын есімдерді ажырат.
Мысалдар Сапалық сын есім Қатыстық сын есім
Жасыл +
Кестелі +
Әдемі +
Көк +
сулы +

5-алма: Сан есім дегеніміз не? Сөз таптарында қай топқа жатады? (Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, қанша, неше?, нешеу? Нешінші? Тәрізді сұрақтарға жауап береді. Атауыш сөздер тобына жатады.)
137- жаттығуды тексеру. Ауызша
— Міне, құрметті қонақтар, білім шашуларыңызбен төрге шықтыңыздар.
ІІІ. Тойбастар – Жаңа сабақ. – Тойдың басы — тойбастар. Той дастарханынан дәм тату басталды. Ол үшін дәптерлеріңізді ашып, күн санын жазып қойыңыздар.
Салтымыз бойынша үй иесі қонақтарға ауылдың алты ауызын бастауы керек екен. Ауылдың алты ауызына мен сіздерге жаңа сабақты ұсынамын.
Қызықты шумақ.
10 бала қоршады Құрметті бұл қ10ақ
10ыншы вагонды, Ауылға қ10ады
Т10 әкеп қарсы алды С10арда ол болмақ
Ағайды пог10ды Аңшымен с10дағы. Біз өткен сабақтарда сөз таптарының қай түріне тоқталдық? (сан есімге) Мына шумақтарда сан есім қайсы?
Сан есім құрамына қарай, тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

Яғни, осыдан шығатын сабақтағы мақсатымыз: сан есім жайында алған білімімізді кеңейту, сан есімнің мағыналық түрлерінің бірішісі – есептік сан есімді меңгеру, және басқа түрлерінен ажырата білу;
— сан есімдер мағынасына қарай 6 түрге бөлінеді. . Бүгінгі сабағымызда 1-ші түрі есептік сан есімге тоқталамыз.

Анықтамасы: Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? неше?
деген сұрақтарға жауап береді.
Есептік сан есімдер дара да
түрлерін жасауға негіз болады. күрделі болып, сан есімнің басқа
.
Мысалы: жүз, жиырмалаған, ондап, сезігінші, жетеу т.б. Мысалы: екі мың он екі, оннан бір, бес ондық, бір- бірден т.б.
IV Қонақ кәде (салтын айта кету). Құрметті қонақтар келесі кезек қонақ кәде де. Яғни жаңа сабақ бойынша жұмыстар. Кітабымыздағы 138- жаттығуға назар аударайық.
V. Ұлттық ойындар.
— Ал, енді, тойшы қауым, қонақ кәдені абыроймен орындап шықтық. Бұл тойды қыздыра түсетін ұлттық ойындар кезегі күтіп тұр. 1- ойынымыз-
«Орамал тастамақ» ойыны (ережесін айту). Ой толғау.
Қазақтың киелі «жеті» саны. Осыған байланысты сіздер
мағлұматтар жинақтап келу тапсырылған болатын.
-Қазақ халқының ұғымында жеті санының
қасиетті, киелі сан екендігін білесіңдер ме? Оқушылар жауабы. (жеті саны қазақта киелі сан. Жеті жасқа келген бала күрт өседі, яғни есейеді. Аптамыз жеті күннен, қайтыс болған адамның жеті күн садақасын береді. Мұсылмандар балаларына жеті атасын жаттады. Аспанымызда жеті жұлдыз қодарланып орналасқан жеті қарақшы бар.)
А) Қадір Мырза – Әлінің «Жеті» өлеңін жақта айту.
«Жеті»
Киелі сан жеті деген, Жеті Жарғы – заң жеті,
Байланысты жетімменен. Қазынамыз бар жеті.
Көп ұғымы халқымыздың, Жеті атамыз – жеті жұрт,
Белгісіндей салтымыздың. Ағайынды жеті құт.
Жеті қабат көк жер үсті
Жеті қабат жер асты.

Ә) «жеті жарғы» заңы. Сұрақтар:
1. «Жеті жарғы» заңын құрастырған кімдер? (билер, төрелер)
2.Қай ханның тұсында шыққан заң? (17-ғасырда Тәуке ханның тұсында шыққан)
3.»Жеті жарғы» заңын құрастыруға қатысқан билер кімдер? (Әйтеке, Қазыбек, Төле билер)
Б)1. «жеті ата», «жеті ұрпақ» туралы не білесіңдер? («Жеті ата» — бір кісіден тараған аталас қауым).
«Жеті ата» «Жеті ұрпақ»
1. Бала 1. Әке
2. Әке 2. Бала
3. Ата 3. Немере
4. Арғы ата 4. Шөбере
5. Тек ата 5. Шөпшек
6. Түп ата 6. Немене
7. Баба 7. Туажат
2. «Жеті атаңды» білесің бе? Атап айтыңдар.
3. Тағы қандай сандарды киелі деп санайды? (3 арсыз,5 парыз, 9 сөз табы, көжеге 7 түрлі тағам салады т.б.)
В) 1. Бұрынғы заманда елді , жерді кімдер биледі? (Хандар, болыстар)
2. Ал қазір кімдер билейді? (Мемлекетті президент басқарады)
3. Біздің презиентіміз кім? (Н. Ә. Назарбаев)
— Елбасымыз да қазақтың салтын, әдет- ғұрпын дәріптейтін адам. Сондықтан Н. Ә. Назарбаевтың 2030 бағдарламасынан да біз қасиетті «жеті санын» байқаймыз. Ол- жеті бағыты (ұстанымы).
1. Ұлттық қауіпсіздік.
2. Саяси тұрақтылық пен қоғамдық топтасу.
3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуі.
4. ҚР азаматтық денсаулығы, білімі мен әл- ауқаты.
5. Энергетика ресурстары.
6. Инфрақұрылым әсіресе көлік және байланыс.
7. Кәсіби мемлекет.
— Осы күдері біздің мектепте іс- шаралар өтіп жатыр. Ол іс- шаралар не үшін өтілуде? (1- желтоқсан ҚР тұңғыш Президенті күні болып аталып өтілуіне байланысты). Толығырақ мағлұмат беру.
— Ендеше, келесі ойынға да кезек келіп қалды. Басталғалы тұрған «теңге алу» ойынын да тамашалайық.
2. «Теңге алу» ойыны (ережесін таныстыра кету) . «Ғажайыптар алаңы» деп аталады.
1-ші Сан есімнің анықтамасы мен түрлерін атаңыз.
2-ші Дара сан есім мен күрделі сан есімді салыстырыңыз. (Венн диаграммасы).

3-ші Орхон – Енисей ескерткіштері тілінде кездесетін сан есімдер туралы айтыңыз. (Ескерткіште сан есімдер мағынасына қарай беске бөлінеді )
Орхон – Енисей ескерткіштері тілінде кездесетін сан есімдердің айтылуы Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдердің айтылуы
1. Есептік сан есімдер: секіз, йегірмі, бің, түмен т.б.
2. Реттік сан есімдер: екінті, .үчінч, онынч т.б.
3. Жинақтау сан есімдер: үчегүн т.б.

4. Болжалдық сан есімдер: елігче т.б.

5. Аралас сандар: йеті йегірме 1. Сегіз, жиырма, мың, он мың т.б.

2. Екінші, үшінші, оныншы т.б.

3. Үшеуін т.б.

4. Елудей т.б.

5. Он жеті т.б.

4-ші: берілген мақал- мәтелдерді оқып, көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойыңыз.
А) жеті рет өлшеп, бір рет кес. Ә) Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені.
Б) Алты жасар бала алыстан келсе, алпыстағы қария сәлем берер.
В) Ел құлағы- елу. Г) Жүз теңген болғанша, жүз досың болсын.
5-ші:Есептік сан есімнің емлесіне мысал келтіріңіз.
1. 6-шы қыры: Талдаңыз (кеспе тарату): 1. сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңыз. Алты үшке қалдықсыз бөлінеді. 2. Он екі сөзіне фонетикалық талдау жасау.
3. Той сөзін септе
3. «Алтын сақа» ойыны — шығармашылық жұмыс.
Мына жақта балалар асық ойнап жатыр екен («Алтын сақа» ережесін айтып өту). Оны да тамашалайық. Шығармашылық жұмыс. Ұйқасын табу.
Қызықты той тойладық ретімен,
Көп болды ілгеніміз бұл жетіден.
Айлы кеш алтыбақан аясында
Ән салдық тербетіліп екі- екіден.- күрделі сан есім
VІ. Той иесінің ризашылығы «қалта тарату» – сабақты қорытындылау.
Сандықтағы бұйымдарда берілген сан есімдерді мысал келтіре отырып, өз конвертіне салу. ( он, жиырма, отыз, қырық үш, жетпіс бес, тоқсан тоғыз )

VІІ. Мүше беру – оқушы білімін бағалау. Той дастарханында отырған қонақтарға табақтан мүшелер таратады екен. Мен сіздерге бүгін сабақ барысында тапсырмаларды орындағандарыңа байланысты баға таратамын.

VІІІ. Той тарқар — үй тапсырмасын беру. 136- жаттығу, ережені жаттау, тойға байланысты мақал- мәтелдер жазып, жаттап келу.
ІХ. Той батасы – қорытынды сөз.
Той батасы
Көкірегі ояу, көзі ашық білімді болыңдар,
Үйреткенді ұғып алар ілімді болыңдар.
Ойларыңды іркілмей айтар батыл болыңдар,
Білімге құштар, ақылды болыңдар.
Тіліңде қандай заңдылықтар бар
Біліп алу- парыз, жақын болыңдар.
Ұлтыңды сүйер намысты болыңдар.
Білім жолында табысты болыңдар!

Қазақ тілі және әдебиеті
Тамбай Жайнагүл, Әліппені қайтару керек!

Мақала авторы: Тамбай Жайнагүл
Жұмыс орны: Рентабельный орта мектебі
Лауазымы: мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 18.03.2017

Әліппені қайтару керек!

Қазақ әдебиеті      10 -сынып                         Күні: 14.02.2017

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Еңлік — Кебек» дастаны

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін тексеру,дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып,негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау.

Тәрбиелік: Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын , адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу,адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік,ішкі рухани тазалыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту,коммуникативтік,оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту.

Сабақтың түрі : ашық сабақ.

Сабақтың типі: дәстүрлі емес.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Интерактивті, машина, фиш-боун, ақылдың алты қалпағы, т.б.

Көрнекіліктер: «Дана сөздің дарасы» кітап көрмесі, плакаттар, слайд.

Сабақтың барысы :

1.Ұйымдастыру кезеңі : (1 мин)

а)Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу;

ә)Сабақ мақсатымен, барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын сұрау. (10 мин)

Абайдың «Евгений Онегин» аудармасынан үзіндіні жатқа айту

«Ойлау бутерброды» әдісі арқылы үйге берілген тапсырманы сұрау:әр оқушыға өткен тақырыпты бекіту мақсатында үлестірме сұрақ беріледі:

1.Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінде айтқан бес асыл іс пен бес дұшпанды атаңыз ?

  1. «Абай- Гете- Лермонтов» рухани үндестігі болып, үш халықты табыстырған өлең ?
  2. Абай Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан неше үзінді аударған ?
  3. Жаңа сабақ Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Шәкәрім Құдайбердіұлы және оның өмірі мен шығармашылығы». Кейіпкер туралы шағын бейне жазба көрсетіледі және ақын өмірі мен шығармашылығы туралы тағы біраз мәлімет беріледі

 (Бейнебаян көрсетіледі:»Сиқырлы кітаптар» – 3 мин)

Оқушыларға Шәкәрім Құдайбердіұлына қатысты бір-бір сөйлем оқылады.

Оқушылар қолдарындағы дұрыс бұрыс таяқшаларымен бейнебаяннан көрген, естіген мәлімет бойынша жұмыс ітейді.

  1. Ол – Абайдың нағыз мұрагерлерінің бірі.
  2. Ол – жеті жасында әкесінен жетім қалған.
  3. Ол – «Қалқаман-Мамыр»,»Ескендір, «Еңлік-Кебек» помаларын жазған. »
  4. Ол – 30 жыл қараусыз қалған құдықта жатқан.
  5. Шәкәрім Құдайбердіұлы(18581931) –ақынжазушыфилософтарихшыкомпозитор 6. Ол – Париж, Стамбұл ,Еуропа кітапханаларына болған.
  6. Ол – 19 жасында Абай ағасының нұсқауымен «қазақ халқының шежіресін» жазып бастаған.
  7. Ол – халқын, «өнерлі, білімді елден» — орыс халқынан тағылам алуға шақырған.
  8. Оның шығармалары ең алғаш 1912 жылы Семейде «Қазақ айнасы» деген атпен жарық көрген.
  9. Ол – «Абай жолындағы» Шұбар есімді кейіпкердің протатипі.
  10. Ол – 1958 жылы 2 қазанда жазықсыз жазадан ақталады.

«Машина» әдісі. Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығын автомобильдің көрінісі арқылы түсіндіру.Оқулықта берілген ақын өмірі  туралы мәліметті мәтінді пайдалана отырып, оқушылармен бірге стрелка арқылы алға қарай жылжи отырып, ақынның өмір кезеңдерінен  сызба құрастыру

 

 

 

«Еңлік-Кебек» қысқа метражды фильмді тамашалау (Дастанның негізгі мазмұнын түсіну)

Қосымша мәлімет: Еңлік-Кебек (пьесасы) — Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың трагедия жанрында жазған шығармасы[1]. Шығарма 1922 жылы жазылды және 1943 жылы жаңанұсқасымен жарықкөрді. Еңлік Кебек пьесасын жазған кезде М.Әуезов 21 жаста

болған.

Кейіпкерлері:

  • Абыз– Cәуегей қария. Құрметті шал. 80 жаста.
  • Таңшолпан– Абыздың әйелі, білімді, ел анасы болғандай ақкөңіл кемпір. 65 жаста.
  • Ақан, Қалампыр– Меймандос кәриялар, момын.
  • Еңлік– Ақанның қызы. Ашық, өжет, адуын, еркек мінезді, 20 жаста.
  • Кебек– Тобықтының атақты батырының бірі. 28 жаста.
  • Кеңгірбай– (Қабекең) Тобықтының қабырғалы, айдынды биі. Ел ішінде өте қадірлі, сөзі қабыл болатын дуалы ауыз. 60 жаста.
  • Көбей– Қабекең мен елдің арасындағы сөзді алып жүретін, пысық, жүйрік би. Қабекеңнің жұмбақтап айтатын сөздерін тез шешетіндіктен Көмей би деп атанған. 45 жаста.
  • Матақ, Кембай– Көбейден соңғы елдің басты адамдары.
  • Есен– Найманның батыры.
  • Жомарт, Еспембет– Найманның елшілері. Айтқан сөзінен қайтпайтын, қатты адамдар, жалғыз жуастауы Жомарт.
  • Қосдәулет– Дадан Тобықтының басты кісісі.
  • Қараменде– Дадан Тобықтының биі, ақ жүрек, ел қамқоры болған әділ, таза би. 75 жаста
  • Жапал– Ақанның малшы баласы.
  • Жәуетей– Кебектің жолдасы.

 

Жеке, жұптық жұмыс:

  1. «Жұлдыз» әдісі. Мұнда топ оқушылары кім?, қашан?, қайда?, неліктен?, қалай? деген сұрақтар бойынша ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар дайындайды.
  2. . «Фиш-боун» әдісі. Балық кейпінде сызылған тірек-сызба арқылы «Еңлік-Кебек» дастанын талдау (Мұғалім жетекшілігімен)
«Фишбоун»  белсенді оқыту әдісі.

  

 

 

Пайдаланатын мақсаты: Мәселені/тақырыпты талқылауға арналған жаттығу

Орындалу барысы: басы – тақырыптың мәселесі,   үстіңгі сүйектері –  тақырыптың

негізгі түсініктері,

астыңғы сүйектері – себептері,

құйрығы – мәселенің шешімі.

Қаңқадағы жазулар қысқа

болу керек, олар тірек

сөздерден немесе тақырыптың

негізгі ойын ашатын фразалар жазуы керек .

 

 

Сергіту сәті: Роза Рымбаеваның «Еңлік-Кебек» әнін тыңдау

 

Топтық жұмыс: «Қабырғадағы рөл» әдісі

Оқушылар Еңлік пен Кебектің  ажырамас егіздей сұлбасының ішкі жағына жағымды мінезін жазады, ал сыртқы жағына кейіпкерлер жайлы білгісі келетін , толғандыратын сұрақтар легін жазады.

  1. Сабақты бекіту.
  2. Үй тапсырмасын беру.Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік -Кебек» дастанын оқу, мазмұндау.
  3. Бағалау.

Оқушының аты-жөні: Өзін-өзі бағалау

Қазақ тілі және әдебиеті
Муханов Асет Нартаиевич, Абайтану тақырыбы бойынша 9-сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар

Мақала авторы: Муханов Асет Нартаиевич
Жұмыс орны: Б.Батырбекова атындағы жалпы орта мектебі
Лауазымы: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 04.02.2017

Абайтану тақырыбы бойынша 9-сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар

Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.

Бағдарламада:

Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;

ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді;

Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды;

Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді;

Бағдарлама Абай Құнанбайұлының:

  • қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын:
  • ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін;
  • шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын;
  • Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін;
  • Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын;
  • Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне;
  • курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер, кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған.

Курсты оқытудың мақсаты:
Ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары,білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.

Курсты оқытудың міндеттері:

1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.

2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;

3) Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани- мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты,достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;

5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;

6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;

7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;

 

Курс жүктемесінің көлемі:

9 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

9-сыныптың соңында оқушылар:

1) абайтанудың қазіргі уақыттағы өзектілігін, рухани қажеттілігін түйсінулері;

2) Абайды оқу, түсіну, жұртқа танытудағы басты мақсат пен міндеттерді білуі;

3) ақынның қазақтың халықтық өлең-жырларынан, ертегі, қисса, аңыз әңгімелерінен үйренгендігін білуі;

4) ақын шығармашылығына шығыс, батыс, орыс әдебиеттерінің тигізген игі ықпалын білуге;

5) ақын аудармаларының қазақ әдебиетін көркем ой оралымдарымен байытқандығын білуі;

6) абайтану ғылымының негізін салушылар мен оның қалыптасу кезеңдерін және алғашқы зерттеушілердің еңбектері жайында білуі;

7) ақын шығармашылығындағы шығыс, батыс, орыс әдебиеттеріне қатысты күрмеуі қиын мәселелерді білуі;

8) ақын шығармаларының басылымдары мен оған ықпал еткен адамдар хақында білуі;

9) Абайдың ғылым, білім тақырыбына жазған өлеңдерінің, қарасөздерінің басты идеясын және философиялық көзқарастарындағы тағылымдарын түсіне білуі;

10) ән мен күй өнері жайындағы толғанысын және эстетикалық талғамын білуі;

11) поэмаларының тақырыбын, көркемдік-идеялық маңызын, тәлім-тәрбиелік мәнін, көркемдік ерекшеліктерін білуі;

12) ақын шығармаларының көркем-образдылық қасиеттерін талдай білуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АБАЙТАНУ курсы

9-сынып

(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан)

 

Тақырыптар Сағ.

саны

Мерзімі
Адамзаттың Абай – 1 сағат. 
1 Кіріспе. Адамзаттың Абайы. 1 02.09.2016
«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» – 10 сағат
2 Ақын өмір сүрген заман. 1 09.09
3 Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері. 1 15.09
4 Ақынның халық даналығын тануы. 1 22.09
5 Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар. 1 29.09
6 Абай және орыс әдебиеті. 1 06.10
7 Абайдың Пушкиннен аудармалары. 1 13.10
8 «Онегиннің өлердегі сөзі» өлеңі. Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі. 1 20.10
9 Абай және батыс әдебиеті. 1 27.10
10 Дж. Байрон «Көңілім менің қараңғы», А.Мицкевич «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі», И.В.Гете-М.Ю.Лермонтов «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдері. 1 10.11
11 Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы. 1 17.11
«М.Әуезов және абайтану мәселелері» тарауын оқытуға – 4 сағат
12 Абай мұрасын зерттеушілер. 1 24.11
13 М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері. 1 01.12
14 Абайтану ғылымының қалыптасуы. 1 08.12
15 Ақын шығармаларының басылымдары. 1 15.12
16 Сынақ сабақ. 1 22.12
 

«Абай шығармаларындағы ғылым, білім тақырыбы»  – 10 сағат

 

17 Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі. 1 29.12
18 «Интернатта оқып жүр» өлеңі. 1 12.01.2017
19 «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі. 1 19.01
20 «Сегізінші», «Он жетінші» қарасөзі. 1 26.01
21 «Жиырма бесінші» қарасөзі. 1 02.02
22 Абай қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі. 1 09.02
23 «Екінші», «Оныншы» қарасөзі. 1 16.02
24 «Он сегізінші» қарасөзі. 1 23.02
25 «Он тоғызыншы» қарасөзі. 1 02.03
26 «Отызыншы»  қарасөзі. 1 09.03
«Абай танымындағы ән мен күй»  – 4 сағат
27 Абай әндерінің таралуы. 1 16.03
28 «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңдері. 1 06.04
29 «Өзгеге, көңілім, тоярсың» өлеңі. 1 13.04
30 «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас» әні. 1 20.04
Поэмалары – 2 сағат
31 «Ескендір» поэмасы. 1 27.04
32 Абайдың шағын поэма жазудағы шеберлігі. 1 04.05
33 Сынақ сабақ. 1 11.05
34 Қорытынды сабақ. 1 18.05

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

 

  • Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;

2) М.О.Әуезов Абай Құнанбаев «Монография. Мақалалар, зерттеулер» Алматы «Санат» 1995 ж;

3) М.Бейсенбаев «Абай және оның заманы» Алматы «Жазушы» 1988 ж;

4) Тұрсын Жұртбай  «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж;

5) М.О.Әуезов  «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;

6) М.О.Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы» 2007 ж;

7) Абай туралы естеліктер, Семей 2010 ж;

8) Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» Алматы 1994 ж;

9) Ұ.Әбілдаұлы «Абайды оқу әліппесі» Алматы «Рауан» 1994 ж;

10) М.Мырзахметұлы «Абай жүрген ізбенен» Алматы «Қазақстан» 1985 ж;

11) Б.Байғалиев «Абай өмірбаяны мұрағат деректерінде» Алматы «Арыс» баспасы, 2001 ж;

12) «Абай энциклопедиясы «Атамұра» 1995 ж;

13) М.О.Әуезов және Абайтану проблемалары, Алматы, 1982 ж;

14) Қ.Мұқамедханов «Абай мұрагерлері» Алматы «Атамұра» 1995 ж;

15) М.Мырзахметұлы «Әуезов және Абай» Алматы «Қазақстан» 1997 ж;

16) М.О.Әуезов  «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»  Алматы «Санат» 1997 ж;

17) Абайтану тарихы, Алматы, 1994 ж;

18) Қ.Өмірәлиев Абай афоризмі;

19) М.Мырзахметұлы «Абайды оқы, таңырқа», «Ана тілі» 1993 ж;

20) Т.Қожакеев «Абай-сатирик» «Білім» қоғамы, 1970 ж;

21) Қ.Мұқамедханов «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» Қаз.Мем.КӘБ, 1959 ж;

22) Абай тілінің сөздігі «Ғылым» 1968 ж;

23) Т.Тәжібаев «Абай Құнанбаевтың философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастары» Қаз.Мем.КӘБ, 1957 ж;

24) К.Шаймерденова «Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары» «Рауан» 1990 ж;

25) Республикалық «Абай» журналы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі және әдебиеті
Муханов Асет Нартаиевич, Абайтану тақырыбы бойынша 10-сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар

Мақала авторы: Муханов Асет Нартаиевич
Жұмыс орны: Б.Батырбекова атындағы жалпы орта мектебі
Лауазымы: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 04.02.2017

Абайтану тақырыбы бойынша 10-сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар

 

Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.

Бағдарламада:

Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;

ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді;

Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды;

Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді;

Бағдарлама Абай Құнанбайұлының:

  • қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын:
  • ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін;
  • шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын;
  • Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін;
  • Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын;
  • Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне;
  • курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер, кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған.

Курсты оқытудың мақсаты:
Ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары,білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.

Курсты оқытудың міндеттері:

1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.

2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;

3) Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани- мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты,достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толықадам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;

5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;

6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;

7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;

 

Курс жүктемесінің көлемі:

10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

10-11 сыныптардың соңында оқушылар:

1) ақын өмір сүрген дәуірді және халық ауыз әдебиеті шығармаларын оқып, үлкендерден естіп, жадына тоқығандығын білуі;

2) шығыс, батыс және орыс әдебиеттерінің інжу-маржандарын оқып танысқандығын білуі;

3) ақын мұраларының зерделенуі мен абайтану ғылымының қалыптасу тарихын, кезеңдерін білуі;

4) ғұлама ойшылдың ғылым, білім, өнер, ел билеу, тарих, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, табиғат көрінісі, махаббат, діни таным тақырыбында және  сыншылдық көзқараста жазылған философиялық қарасөздерінің, өлеңдерінің, поэмаларының, аудармаларының мән-мағынасын, маңызын түсінуі;

5) ақынның ән мен күй өнері хақындағы пайымдауларын түсінуі;

6) қазіргі абайтану ғылымының даму бағыттарын, абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы екендігін білуі;

7) Абайдың «Толық адам» философиясы мен «Иманигүл», «Хауас», «Жәуанмәртлік» ілімдері туралы білулері:

8) ұлы ақынның философиялық ақыл-нақыл сөздерінің маңыздылығын, мән-мағынасын түсінуі;

9) ақынның қазақ поэзиясына енгізген жаңалығын, аудармашылық шеберлігін танып білуі;

10) абайтану  бойынша курс жұмыстарын, ғылыми жобалар жаза білуі;

11) абайтануға қатысты ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей білуі;

12) оқушы өзіне қажетті материалдарды интернет арқылы тауып, пайдалана білуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АБАЙТАНУ курсы

10-сынып

(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан)

 

Тақырыптар Сағ.

саны

Мерзімі
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла — 1сағат
1 Кіріспе. «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла».  Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігі. 1
«Абай мұрасының XX ғасырдың отызыншы-алпысыншы

жылдары зерттелуі» — 2 сағат

2 Абайтану  мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар. 1
3 Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой- пікірлері. (Ғ.Тоғжанов, Н.Төреқұлов, І.Қабылов, С.Мұқанов, Е.Смайылов, З.Шашкин) 1
«Абай шығармаларындағы білім, өнер тақырыбы»  — 6 сағат
4 Ақын қарасөздеріндегі философиялық ойдың ұлттық дүниетаныммен үндесуі. Абайдың отыз екінші қара сөзі. 1
5 Абайдың хақиқат, ақыл, бахас  ұғымдары жөніндегі танымы. 1
6 Абайдың отыз үшінші қара сөзі. 1
7 «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі. 1
8 Өлеңнің идеясы, өлеңге қойған эстетикалық талабы. 1
9 «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі. 1
10 Шығармашылық жұмыс. Сынақ тест. 1
«Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер» — 7 сағат
11 Абайдың табиғат лирикасы. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі. 1
12 «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңі. 1
13 «Көлеңке басын ұзартып» өлеңі. 1
14 Абайдың отыз жетінші қара сөзі. 1
15 Абайдың дүниетанымдық көзқарастары. 1
16 «Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа» өлеңі. 1
17 «Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңі. 1
«Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек» — 6 сағат
18 Абайдың үшінші қара сөзі. 1
19 Ақынның саяси-әлеуметтік болмыс туралы толғанысы. 1
20 «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі. 1
21 «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңі. 1
22 «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап» өлеңі. 1
23 «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңі. 1
Сыншыл, сатиралық мазмұндағы шығармалары — 4 сағат
24 Абайдың он бірінші қара сөзі. 1
25 «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» өлеңі. 1
26 «Байлар жүр жиған малын қорғалатып» өлеңі. 1
27 «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі. 1
Абайдың аудармалары — 2 сағат
28 «Тұтқындағы батыр» өлеңі. 1
29 «Өзіңе сенбе, жас ойшыл» өлеңі.
Поэмалары — 3 сағат
30 «Масғұт» поэмасы. 1
31 Идеялық-көркемдік маңызы, поэмадағы шығыстық сарындар. 1
32 «Әзім әңгімесі» дастаны. 1
33 Сынақ жұмысы. 1
34 Қорытынды сабақ. 1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

 

  • Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;

2) М.О.Әуезов Абай Құнанбаев «Монография. Мақалалар, зерттеулер» Алматы «Санат» 1995 ж;

3) М.Бейсенбаев «Абай және оның заманы» Алматы «Жазушы» 1988 ж;

4) Тұрсын Жұртбай  «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж;

5) М.О.Әуезов  «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;

6) М.О.Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы» 2007 ж;

7) Абай туралы естеліктер, Семей 2010 ж;

8) Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» Алматы 1994 ж;

9) Ұ.Әбілдаұлы «Абайды оқу әліппесі» Алматы «Рауан» 1994 ж;

10) М.Мырзахметұлы «Абай жүрген ізбенен» Алматы «Қазақстан» 1985 ж;

11) Б.Байғалиев «Абай өмірбаяны мұрағат деректерінде» Алматы «Арыс» баспасы, 2001 ж;

12) «Абай энциклопедиясы «Атамұра» 1995 ж;

13) М.О.Әуезов және Абайтану проблемалары, Алматы, 1982 ж;

14) Қ.Мұқамедханов «Абай мұрагерлері» Алматы «Атамұра» 1995 ж;

15) М.Мырзахметұлы «Әуезов және Абай» Алматы «Қазақстан» 1997 ж;

16) М.О.Әуезов  «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»  Алматы «Санат» 1997 ж;

17) Абайтану тарихы, Алматы, 1994 ж;

18) Қ.Өмірәлиев Абай афоризмі;

19) М.Мырзахметұлы «Абайды оқы, таңырқа», «Ана тілі» 1993 ж;

20) Т.Қожакеев «Абай-сатирик» «Білім» қоғамы, 1970 ж;

21) Қ.Мұқамедханов «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» Қаз.Мем.КӘБ, 1959 ж;

22) Абай тілінің сөздігі «Ғылым» 1968 ж;

23) Т.Тәжібаев «Абай Құнанбаевтың философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастары» Қаз.Мем.КӘБ, 1957 ж;

24) К.Шаймерденова «Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары» «Рауан» 1990 ж;

25) Республикалық «Абай» журналы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі және әдебиеті
Муханов Асет Нартаиевич, Абайтану тақырыбы бойынша 11-сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар

Мақала авторы: Муханов Асет Нартаиевич
Жұмыс орны: Б.Батырбекова атындағы жалпы орта мектебі
Лауазымы: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 04.02.2017

Абайтану тақырыбы бойынша 11-сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар

 

 

Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.

Бағдарламада:

Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;

ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді;

Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды;

Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді;

Бағдарлама Абай Құнанбайұлының:

  • қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын:
  • ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін;
  • шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын;
  • Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін;
  • Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын;
  • Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін

 

оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне;

  • курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер, кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған.

Курсты оқытудың мақсаты:

Ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары,білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.

 

Курсты оқытудың міндеттері:

1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.

2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;.

3). Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани- мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету.

4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толықадам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;

6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;

7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;

 

Курс жүктемесінің көлемі:

11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

10-11 сыныптардың соңында оқушылар:

1) ақын өмір сүрген дәуірді және халық ауыз әдебиеті шығармаларын оқып, үлкендерден естіп, жадына тоқығандығын білуі;

2) шығыс, батыс және орыс әдебиеттерінің інжу-маржандарын оқып танысқандығын білуі;

3) ақын мұраларының зерделенуі мен абайтану ғылымының қалыптасу тарихын, кезеңдерін білуі;

4) ғұлама ойшылдың ғылым, білім, өнер, ел билеу, тарих, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, табиғат көрінісі, махаббат, діни таным тақырыбында және  сыншылдық көзқараста жазылған философиялық қарасөздерінің, өлеңдерінің, поэмаларының, аудармаларының мән-мағынасын, маңызын түсінуі;

5) ақынның ән мен күй өнері хақындағы пайымдауларын түсінуі;

6) қазіргі абайтану ғылымының даму бағыттарын, абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы екендігін білуі;

7) Абайдың «Толық адам» философиясы мен «Иманигүл», «Хауас», «Жәуанмәртлік» ілімдері туралы білулері:

8) ұлы ақынның философиялық ақыл-нақыл сөздерінің маңыздылығын, мән-мағынасын түсінуі;

9) ақынның қазақ поэзиясына енгізген жаңалығын, аудармашылық шеберлігін танып білуі;

10) абайтану  бойынша курс жұмыстарын, ғылыми жобалар жаза білуі;

11) абайтануға қатысты ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей білуі;

12) оқушы өзіне қажетті материалдарды интернет арқылы тауып, пайдалана білуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АБАЙТАНУ курсы

11-сынып

(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан)

 

Тақырыптар Сағ.

саны

Мерзімі
 «Абайтану» курсы туралы түсінік — 1сағат.
1 Кіріспе. «Абайтану» курсы туралы түсінік. 1
Қазіргі Абайтану мәселелері — 1 сағат
2 Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы. 1
«Білімдіден шыққан сөз»  — 2 сағат
3 Абайдың отыз бесінші қара сөзі. 1
4 Абайдың отыз бірінші қара сөзі. 1
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» — 7 сағат
5 «Осы мен өзім – қазақпын». 1
6 «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі. 1
7 «Жақсылық ұзақ тұрмайды», «Бөтен елде бар болса» өлеңдері. 1
8 «Сегіз аяқ» өлеңі. 1
9 «Сегіз аяқ» өлеңі. 1
10 «Ішім өлген, сыртым сау», «Қажымас дос халықта жоқ» өлеңдері. 1
11 Абайдың жиырма екінші қарасөзі. 1
«Абай – сатирик» — 5 сағат
12 «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдері. 1
13 «Көзінен басқа ойы жоқ», «Менсінбеуші ем наданды» өлеңдері. 1

 

 

 

 

14 «Бойы бұлғаң» сатирасы. 1
15 Абайдың қырық бірінші қарасөзі. 1
16 Шығармашылық жұмыс. 1
 

«Махаббатсыз дүние бос» — 4 сағат 

17 «Қор болды жаным», «Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол» өлеңдері. 1
18 «Сен мені не етесің», «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңдері. 1
19 «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы»  лирикалық өлеңі. 1
20 «Қызарып, сұрланып» өлеңі. 1
«Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ» — 7 сағат
21 Жүсіп Баласағұн, Йасауи ілімдері және Абай. 1
22 Жүсіп Баласағұнның «Жәуанмәртлік», Йасауидің «Хал ілімі» және Абайдың «Толық адам» ілімінің арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер және дәстүр жалғастығы. 1
23 Абайдың «Толық адам» философиясы. 1
24 Абай іліміндегі «Хауас» мәселесі. «Лай суға май бітпес қой өткенге», «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес» өлеңдері. Абайдың  жетінші қарасөзі. 1
25 Абайдың отыз сегізінші және қырық үшінші қарасөздері. 1
26 «Осы үш сүю болады имани гүл» өлеңі. 1
27 Алланы сүю, адамзатты сүю, хақ жолын сүю «Иманигүл» философиясының негізі болатындығы туралы. 1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақтың бас ақыны»  — 7 сағат
28 Абай өлеңдерінің тілі және қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы. 1
29 Ақынның шеберлік тәсілдері, даралық ерекшеліктері. 1
30 Абай мектебінің қалыптасқан дәстүрі, жаңашылдығы, прогрессивті мақсат-мүддесі. 1
31 Абайдың талантты ақын шәкірттері: Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әсет, Әріп, Әубәкір. 1
32 Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы ақындар. 1
33 Шығармашылық жұмыс. 1
34 Қорытынды. 1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

 

  • Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;

2) М.О.Әуезов Абай Құнанбаев «Монография. Мақалалар, зерттеулер» Алматы «Санат» 1995 ж;

3) М.Бейсенбаев «Абай және оның заманы» Алматы «Жазушы» 1988 ж;

4) Тұрсын Жұртбай  «Құнанбай /Тарихи және әдеби тұлға»/ Алматы «Алаш» 2004 ж;

5) М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;

6) М.О.Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы» 2007 ж;

7) Абай туралы естеліктер, Семей 2010 ж;

8) Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» Алматы 1994 ж;

9) Ұ.Әбілдаұлы «Абайды оқу әліппесі» Алматы «Рауан» 1994 ж;

10) М.Мырзахметұлы «Абай жүрген ізбенен» Алматы «Қазақстан» 1985 ж;

11) Б.Байғалиев «Абай өмірбаяны мұрағат деректерінде» Алматы «Арыс» баспасы, 2001 ж;

12) «Абай энциклопедиясы «Атамұра» 1995 ж;

13) М.О.Әуезов және Абайтану проблемалары, Алматы, 1982 ж;

14) Қ.Мұқамедханов «Абай мұрагерлері» Алматы «Атамұра» 1995 ж;

15) М.Мырзахметұлы «Әуезов және Абай» Алматы «Қазақстан» 1997 ж;

16) М.О.Әуезов  «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»  Алматы «Санат» 1997 ж;

17) Абайтану тарихы, Алматы, 1994 ж;

18) Қ.Өмірәлиев Абай афоризмі;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19) М.Мырзахметұлы «Абайды оқы, таңырқа», «Ана тілі» 1993 ж;

20) Т.Қожакеев «Абай-сатирик» «Білім» қоғамы, 1970 ж;

21) Қ.Мұқамедханов «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» Қаз.Мем.КӘБ, 1959 ж;

22) Абай тілінің сөздігі «Ғылым» 1968 ж;

23) Т.Тәжібаев «Абай Құнанбаевтың философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастары» Қаз.Мем.КӘБ, 1957 ж;

24) К.Шаймерденова «Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары» «Рауан» 1990 ж;

25) Республикалық «Абай» журналы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі және әдебиеті
Маканова Динара Жумабайевна, Қазақ тілі сабақтарындағы тіл дамыту жұмыстарының маңызы

Мақала авторы: Маканова Динара Жумабайевна
Жұмыс орны: Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі
Лауазымы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы
Порталға жариялану мерзімі: 18.01.2017

Қазақ тілі сабақтарындағы тіл дамыту жұмыстарының маңызы

         Тіл ғасырлар бойы ата – бабамызбен бірге жасасып келеді. Тіл қатынас құралы болудан айрылған жұрт ұлт болудан қалады. Бұны адамзат тарихы дәлелдеген. Тілдің құдіреті оның міндетті қызметінде. «Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған» — деп Б.Момышұлы ағамыз айтқандай, ана тіліміздің қолданылу аясының тым тар шеңберде қалып қоймауы үшін, өзге тілдерге сорлы болмауы үшін бәріміз де тіл мәселесіне бей – жай қарамауымыз керек.
Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруда білім мен тәрбие ұштасқан тұста ғана оқу үрдісі нәтижелі болады. Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде ұлттық санасын оятып, тілін дамытып және білім беруді тиімді әдістемемен жандандыра түсіп дамыта оқу керектігі туындап отыр. Оқушының тілін дамыту – қазіргі кезде оқу – тәрбие ісіндегі басты мәселе.
Біздің елімізде қазақ тілі мемлекеттік тіл. Соған орай оқу орыс тілінде жүретін дәрісханаларында егемендік еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие.
Орыс дәрісханаларындағы қазақ тілі сабағының білімдік дәрежесі бүтіндей басқа. Өйткені, орыс топтарындағы қазақ тілін оқытудың әдісі де, оған қойылатын талаптары да өзгеше. Мақсаты-оқушыларды қазақша сөйлей білуге үйрету болады да, сол сөздерден сөйлем құрау үшін грамматикалық ережелер, анықтамалар сөз үйретудің техникасы ретінде қарастырылады.
Қазақ тілін нәтижелі үйрену үшін оның оқыту әдістемесін жетілдіре түсіну – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін маңызды мәселесі. Міне, заманымыздың тілек – талабы білім мазмұнын жаңартумен бірге, оны өмір мұқтажына орай дамытып, оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдерін қолданудың мүмкіндіктерін арттыруды күн тәртібіне қойып отыр. Осындай мәні мен маңызы зор өзекті мәселелердің бірі – оқушылардың тілін дамыту процесі. Себебі оқушылардың берілген білімді саналы түрде ұғынып, ойының дәлдігі, өмірге көзқарасының қалыптасуы, өз бетінше білім алуға дайындығы, басқа ғылым негіздерін меңгеру нәтижелері ана тілінде сөйлеу деңгейіне байланысты. Сондықтан да оқыту процесі нәтижелі болу үшін оқушыларға ана тіліміздің қыр – сырын ауызша сөйлеу тілінде де, жазу мәдениетінде де ерекше ұғындыруымыз қажет – ақ.
Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша дегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет. Сабақты жоспарлауға қандай негізгі талаптар қойылады. Олардың жобасы төмендегідей:
— Оқушылардың сабаққа бар зейінін аударып және ықыласпен, ынта-жігермен тыңдауын ұйымдастыру.
— Сабақтың тақырыбына сай мақсатын нақтылай білу.
— Оқытушының тақырыпты терең және жан-жақты меңгеруі.
— Мұғалімнің материалды жеткізу шеберлігі, сезімі,тиімді әдіс-тәсілдері.
— Көрнекі құралдардың нақтылығы, әсерлігі, мазмұндылығы.
— Мысалдардың өмірмен байланыстылығы, баланы ойлантуға, сөйлетуге, тәрбиелеуге ықпалы.
— Топпен, жеке оқушымен жұмыстың жандылығы, әртүрлігі.
— Студентке теориялық жағынан меңгергенін іс-тәжірибеде, күнделікті сабақта қолдана алуы.
— Студенттердің алдына проблема қойып, оны ізденіске бастау.
— Сабақты басқа пәндермен, өнер салаларымен үйлесіміне, ұқсастығына қарай түрлендіру.
— Студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыратын өз бетінше жұмыс беру.
— Бағалау, оның тәрбиелік мәні.
— Үй тапсырмасы уақытында түсіндіріп, үлгісін беру.
— Осылардың ең бастысы-сабақтың жүйелігі.
Оқытушының іскерлік сапасына төмендегідей талап-міндеттер қойылады:
— Сабақтың мақсаты айқын болуы.
— Материалды жан-жақты әрі түсінікті баяндауы.
— Басты мәселені бөле көрсетуі.
— Аудиторияны пәнге қызықтыру.
— Мәселе қозғап, пікір-сайыс туғыза білу.
— Баяндау тәсілі жүйелі әрі қисынды болуы.
— Сөйлеу мәдениетінің тартымдылығы, сөздерді анық айтуы.
— Алған материалдардың өмірмен байланысты, әрі тәрбиелік мәнінің маңызды болуы.
— Студенттерге еркін жұмыс істетуі.
— Сабақта дидактикалық материалдардың жеткіліктілігі.
— Көрнекі құралдардың барлығы.
— Техникалық құралдар қолданылуы.
— Үйге тапсырма уақтылы, әрі дұрыс берілуі.
— Студенттермен жеке жұмыстар жүргізілуі.
— Студенттердің қателері дер кезінде түзетіліп отыруы.
— Бағалау нормалары сақталып, әділ бағалануы.
Сабақты жоспарлағанда оқыту, үйрету, тәрбиелеу, дамыту шарттарын ескеруіміз керек.
1. Оқыту, яғни білім беру мақсаты. Ғылыми-теориялық жағынан не айтуға тиіспіз. Ол қандай мөлшерде,қалай қабылдату керек.
2. Үйрету. Осы білгенін студент практикада қолдана ала ма. Ережеге байланысты тапсырманы студент қиналмай орындауы керек.
3. Тәрбиелеу. Ендігі бір жауапты кезең–тәрбиелеу, екінші әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы студенттерді көптеген қасиеттерге, имандылыққа, шеберлікке, еңбекке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
4. Дамыту студенттердің логикалық ойлауын қамтамасыз ету. Ой-өрісін шындай отырып,өмірге көзқарасын қалыптастыру. Бойындағы өнерін танып, бағыт-бағдар беру. Ғылымға қызықтыру. Студентке беретін тапсырмаларда дәлелдейтін, түсіндіретін, пікірмен келісетін, келіспейтін, ұсыныс енгізетін, сын көзбен қарайтын, бір сөзбен айтқанда, баланы жан-жақты ойландыратын жұмыстар болуы керек.
Сөйлеуге және дұрыс жазуға үйрету – бір-бірімен тығыз байланысты процесс. Бірақ сөйлеуге үйрету әрдайым жазуға үйрету процесінің алдында келетіні ескеруіміз қажет.
Тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру – оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттырады.
Бұл жұмысқа төмендегідей талаптар қойылады:
оқушыларға әдеби тіл нормасын игерту.
сөздерді орфоэпиялық нормаға сай айтқызу.
оқушының сөздік қорын молайту.
сөздерді өзара дұрыс байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға үйрету.
Тілі жақсы дамыған оқушы ойын дәл жеткізеді, оқуды да ойдағыдай меңгереді. Тіл дамыту – ой дамыту. Тіл – ойлау құралы.
Белгілі педагог К.Д.Ушинский оқушының ана тілінің білім алуда басты құрал екендігін айта келіп «Өзінің ана тілінің мазмұнын, мағынасын жете түсінбеген, оны ауызша және жазбаша сөйлеу дағдысында дұрыс мәнінде қолдана алмаған баланың басқа пәндерді дұрыс түсінуіне қабілеті жете бермейді, бұл оның бүкіл өміріне зияның тигізеді» деген еді. (К.Д.Ушинский. Человек как предмет воспитания, т.v, 1949. стр.13).
Тіл дамыту барысында жаңа сөздермен өткізілетін жұмыс арқылы өтетіні белгілі. Қазақ тілін үйрену барысында ауызекі тілде сөйлеуді меңгеруге қандай көңіл бөлсек, жазба тілді дамытуға сондай көңіл бөлуіміз керек. Себебі қазір республикамызда іс қағаздарының қазақ тілінде жүргізілуіне үлкен мән берілуде.
Міне, сондықтан да біз күнделікті сабақ барысында оқушылардың тек сөйлеу дағдысын дамытуға ғана көңіл қоймай, сонымен бірге олардың сауатты жазуға үйренуіне жағдай жасаймыз. Осы мақсатта жүргізілетін жұмысымыз 2 кезеңге бөлінеді:
Жазба жұмыстарының алғашқы немесе бастапқы кезеңі.
Жазба жұмыстарының арнайы немесе негізгі кезеңі.
Жазбаша сауаттылықты дамыту барысында негізгі орын мазмұндама мен шығармаға беріледі. Негізінде жұмыстың бұл түрлерін сабақтың басынан бастап қолданған тиімді. Жазба жұмыстарының нәтижелі болуы олардың алдыңда өткізіліп отыратын мынадай дайындық процесіне байланысты:
Әр түрлі жаттығулар орындау;
Сөйлем элементтерін ауыстыруға арналған жаттығулар;
Берілген үлгі бойынша жаңа сөйлем құрау;
Диалог құру;
Монолог құру;
Шағын көлемді мәтін мазмұнын айтып беру;
Сурет бойынша әртүрлі жұмыс жүргізу;
Сұрақ – жауап жаттығуларын орындау.
Оқушылардың жазба тілін дамытуда, сөздерді байланыстырып сөйлем құрастыруда алуан түрлі мазмұндама, шығарма жазу жұмыстары басты тілдік материалдар болып саналады.
Осы жазу жұмыстарына байланысты көңіл бөліп ескеретін жайт, оқушылардың мазмұндама мен шығарма жұмыстарына дайындалу және жазу орындарына мынадай түрлерге бөлуімізге болады: а) сыныпта; ә) үйде; б) сыныпта-үйде; в) үйде-сыныпта. Қазақ тілін оқытуда ұйымдастыру процесінде мазмұндама мен шығарма жұмыстарын осылай топтастырудың маңыздылығы жоғары. Бұл ең алдымен, оқушылардың жазу жұмыстарына дайындықтарын белгілі оқу кезеңдеріне бөліп – бөліп орындауларына мүмкіндік береді.
Тіл ұстарту сабақтарының табысты болуы көбінесе мұғалімдердің сыныпта және оқыту әдістемесімен айқындалады. Сонымен бірге тіл ұстарту сабақтары оқушылардың шығармашылық дамуына мүмкіндік туғызып, төмендегідей дағдыларды қалыптастырады:
өз ойын, пікірін жеткізе білу;
байқампаздығын дамыту;
құбылыстарды шынайы бағалай білу;
ой өрісін, ұғымын кеңейту;
ізденгіштікке ұмтылуы;
«өз сөзін» айту мүмкіндігін қалыптастыру;
толық фантазиялық еркіндігі;
орфографиялық сауаттылықты нығайту.
Тіл үйрену, тіл ұстарту адамның ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Ойлау қабілетін дамытудың негізгі әдістерінің бірі жаттығу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Жаттығулар екі топқа бөлінеді: 1. Тілдік жаттығулар, 2. Сөйлеу жаттығулары.
Екінші тілді үйрету ісінде сөйлеу жаттығуларының атқаратын рөлі зор. Әдетте сөйлеу жаттығуларына сөйлем құрастыру, мәтінмен жұмыс істеу, деңгейлік тапсырмалар беру, мазмұндама, шығарма жаздыру, сұхбат құрастыру, т.б. жатады.
Мәтінмен жұмыс істеу. Сабақ барысында оқушылардың сөйлеген сөздерінде жиі кездесетін кемшіліктерге көңіл бөлсек, баланың сабақ үстінде айтайын деген ойын анық жеткізе алмауы, яғни мәтінге байланысты мазмұнын айтуда бір деректі айтып бітпей жатып басқасына ауысып кетуі немесе керексіз сөзді орынсыз қолдануы (мысалы: жаңағы, сосын, яғни, сөйтіп, т.б.) сияқты ауызша сөйлеу тіліндегі қателарді көптеп кездестіреміз.
Байқалған кемшіліктерді ескере отырып, оқушының ойлау мен сөйлеу дағдыларын жетілдіру жолдарындағы ізденістерде оның «тірі тіл» неғұрлым түсінікті, жинақты, нақты болғанын талап теіп, өз ойын дәл айтуын қадағалап отыру керек.
Оқушының оқуға деген ынта ықыласын, қызығушылығын жойып алмау мақсатында кез – келген тапсырманы берер кезде:
БІРІНШІДЕН, оның оқушы ұғымына сәйкес, түсінікті болуын ескеру. Себебі, «оқушының түсінбей қалған сөзі – топастықтың алғашқы бастамасы» деген нақыл сөз бар. Мысалы: калькуляторда бір сан қате болса, сол санмен орындалған есептеу әрекетінің нәтижесі де әрқашан қате болып шығады. Міне, тап осы сияқты оқушының түсінбеген сөзге қате мағына немесе балама тауып, нәтижесінде сөйлемді қате түсінуі жиі кездеседі. (Мысалы: ағашты аралау – сөздің кесу деген мағынасын, көшені аралау – жүру деген мағынасымен шатастырады).
ЕКІНШІДЕН, берілетін тапсырманың тәрбиелік мәніне көбірек көңіл бөлу.
ҮШІНШІДЕН, қандай да болсын берілген тапсырма оқушы қызығушылығын оятатындай деңгейде болу керек. Егер оқушы бір нәрсеге қызықса, онда оның табиғатына білсем, білгенімді айтсам деген талпынысы күшейе түседі де, сөйлеуге деген қажеттілік туады.
Жоғарыда жазылған ой қорытындыларына сүйене отырып, оқушының ауызша сөйлеу тілін дамыту жолдарын мұғалімдерге іздестіру қажет.
Тіл дамыту жұмыстарындағы пәнаралық байланыс
Мектептегі тіл дамыту жұмыстарының ең тиімді жолдары пәнаралық байланысқа иек арту болып табылады. Соның ішінде әдебиет пәні мен қазақ тілі пәндеріндегі тіл дамыту жұмыстарын жеке дара қарастырмай, үнемі, жие түрде, бірлікте, бір мақсатта жүргізіп отырған нәтижелі, жемісті болмақ. Тіл байлығының ұғымы кең. Ал қазақ тілі мен әдебитіндегі тіл дамыту жұмыстарын мынандай мақсаттар негізінде жүргізуге болады:
аз сөзге терең мағына сыйғызу (нақтылық, дәлдік);
ойын бейнелі, көркем айшықты да шешен оралымдарды пайдалана отырып жеткізу (ауызша да, жазбаша да);
ауызекі сөйлеу тіліндегі мәнерлілік, айқындық, нақтылық, дәлдік, жүйелілік, еркіндік;
жазба тілдеріндегі жатықтық, сөздерді түрлендіре пайдалану, шешендік сауаттылық, жазу мәдениетіне қойылатын талаптарды меігеру;
көркем әдебиеттен алған білімдерін қазақ тілі сабақтарында, қазақ тілінен алған білімдерін әдебиетте пайдалана білу.
Пәнаралық байланыстар арқылы мынандай жазба жұмыстарын жүргізіп, тіл дамыту технологиясын жетілдіруге болады.
Шығарма арқылы тіл дамыту
Шығарма – суреттеме
Басты белгілері
Өнер түрлерінің туындыларына (бейнелеу, сәулет, т.б.), табиғат, қала, ауыл көріністеріне жазылады.
Негізгі талаптар: шағын, тұжырымды көркем тілмен жазылу. Ең бастысы – көріністі бейнелі сөзбен дәл бере білу. Шығарма – суреттемені шығарма сипаттаудан ажырата білген жөн. Суреттеменің басты белгісі – көрініс, суретті бейнелі сөзбен дәл көрсету болып табылады. ШС жазғызу бұрыннан да бар. Бірақ, қазіргі технология талаптарын басшылыққа алу керек, яғни суреттеме жазғыза отырып білімнен түсінік, түсініктен қолдану, қолданудан анализ, анализден синтез, синтезден оқушының өзіндік бағалауынадейін білім деңгейлерін шығармашылық деңгейге дейін сатылай көтеруді мақсат ету.
Шығарма – рецензия (талдау)
Рецензия – латынша бағалау
ШР-ның бір түрі – оқыған көркем шығармаларына талдау жазу (сын да, жақсы пікір де). Дегенмен, рецензия жұмысына баулу, оқушының оқыған шығармаларына деген өзіндік пікірін қалыптастыруға түрткі жасау өте дұрыс. Өз көзқарасы бар, тілі дамыған шығармашылық тұлға қалыптастыруда бұл жұмыстың маңызы ерекше.
Екінші түрі — өздері жазған шығармаларын бір – біріне оқытып, тексертіп, сол бойынша рецензия жазғызу (ауызша да орындатуға болады).
Қазақ тілі: Есімше.
Әдебиет: Абай өлеңі («Құлақтан кіріп, бойды алар») Шығарма – рецензия мақсаты: Абайдың («Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңіндегі есімшелер мен көсемшелердің орнын саралау. Көмек нұсқау Абайдың ән мен күйге, әнші мен тыңдаушығақояр талабына өз пікіріңді білдір (әдебиет оқулығындағы сұрақтарға қара). Есімшелерді, көсемшелерді теріп алып, олардың өлеңдегі орнын саралауға тырыс, өзің олардың қайсысың қалай өзгертер едің?
Мысалы: Абай «Дүние ойдан шығады» дейді. Шығады деген етістікті ұшады деген етістікпен ауыстыруға болатын сияқты. . . .
Ұжымдық оқу технологиясын пайдалана отырып, жұптық, топтық жұмыстар арқылы бір – бірінің жазған шығармасын, тіпті осы рецензиясын талдауларына болады. Бұл жұмыс ауызша да, жазбаша да орындалады. Жұмыс соңында рецензия жазылады.
Шығарма – аннотация
Аннотация – (латынша – ескерту) көркем шығармаға қысқаша тұжырым жасау.
Басты мақсат – кітаптың не туралы жазылғанынан хабар беру, оқырмандарды қызықтыру.
Аннотация үлгісі
кітап авторы, аты
ол туралы басқа да мәліметтер
қысқаша тұжырымдама
кітапқа баға, пікір беру
ұсыныстар, т.б.
ША-ны сыныптан тыс оқып жүрген шығармаларына жазғызу тиімді. Аннотация сол көркем шығарманы еске сақтауда пайдалы болып келеді.
Әдебиет: С.Торайғыров
«Мен — қазақ» өлеңіндегі зат есімдер.
Көмек – нұсқау.
Ең алдымен өлеңде қандай мәселелер көтерілген, соны жаз. Сондай – ақ әр шумақта не айтылады, соған тоқтал. Ақынның өз пікірі, жүрек соғысы қай шумақта қалай көрінеді, соны ажырата біл. Зат есімдерді теріп ал. Аннотацияларда соны пайдалан.
Ескерту. Аннотация рецензия – талдау емес. Оның мақсаты көркем туындыда не айтылады, соны түсіне білу екенін ұмытпа.
Мазмұндама дегеніміз – белгілі бір шығарманың, мәтіннің мазмұнын ауызша немесе жазбаша түрде баяндап беру.
Оқушыларға жаздыруға болатын мазмұндаманың мынадай түрлерін көрсетуге болады:
Дайын әңгіме бойынша мазмұндама
Сурет бойынша мазмұндама
Кинофильм бойынша мазмұндама.
1. Мазмұндаманың бұл түрі атына лайық, белгілі бір алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жаздырылады. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама жеңілден ауырға, белгіліденбелгісізге көшу принципімен жүргізіледі.
2. Сурет бойынша мазмұндама
Мұнда балалар суреттің мазмұнын түсінуге үйренеді. Мазмұндаманың бұл түрін бірнеше топқа бөлуге болады.
Дайын сурет бойынша мазмұндама Мұғалім алдын ала дайындалған сурет береді, ал оқушылар сурет бойынша мәтін құрайды.
3. Кинофильмдер бойынша мазмұндама
Кинофильм соңғы жылдарда мектеп өмірінен берік орын ала бастады. Кино оқушылар арасында оқу – тәрбие жұмысын жақсарту жолындағы ықпалды құралдардың біріне айналып отыр.
Фильм көрсетілер алдында оқушылардың көңілін сол фильмде болатын оқиғаға аудару үшін кіріспе әңгіме айту керек және оқушыларды экран материалдарын игеруге бірте – бірте үйрету қажет.

Әр оқушы өздігінен Оқушылар бір – бірінен
жұмыс істеуге қалмауға тырысады.
дағдыланады

Оқушының жеке Әр оқушы өз деңгейімен
қабілеті анықталады бағаланады.

Рөлдік ойындар арқылы оқушылардың сөздік қорын, тілін дамыту.
Оқушылардың әдеби сөйлеу дағдалары мен біліктерін қалыптастыруда және меңгерген тілдік заңдылықтар мен ережелерді тәжірибеде орын қолдануына арналған рөлдік ойындар оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын туғызумен қатар олардың тілдік қатынасқа түсу белсенділігін арттырады.
Оқушының тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ой өрісін, дүниетанымын жетілдіруде рөлдік ойындар тиімді нәтиже береді. Сабақта оқушылардың рөлдік ойындарды ойнау барысында іс — әрекеті әлеуметік сипат алады. Оқушылардың тілін дамытуда рөлдік ойындар қолдану жұмыстары мынадай бағытта жүргізіледі:
— сөздік қорды молайту;
— байланыстырып сөйлеуге үйреті.
Рөлдік ойындар оқушылардың шығармашылық ойлауын қалыптастыратын, өз пікірін екінші адамға (аудиторияға) толық жеткізуін жетілдіретін тиімді тәсілдердің бірі. Бұл тәсіл арқылы оқушылардың әдеби сөйлеу дағдылары қалыптасып, оларды шығармашылыққа баулиды.
Осы мақсатта мақал – мәтелдердің тақырыбын айқындап, мақал – мәтелдерді өмірдегі жағдайларда қолдану кезіне мәтін құрау тапсырылады. Сол үшін «Мақалды дұрыс қолдан» ойыны жүргізіледі.
Ойынның мақсаты: оқушылардың сөздік қорын молайту, оқушыларға халықтың асыл – маржаны мақал – мәтелдерді меңгерту. Ойын ойнату барысында әрбір оқушыға әртүрлі мақал – мәтелдер жазылған кеспе қағаздар таратылып беріледі.
Берілген бір сөзді қатыстырып мақал құрау тәсілі.
«Мақалды тап» ойыны. Мұғалім сынып оқушыларын екі топқа бөледі. әрбір топтың алдыңа келіп, бір сөз айтады.қай топ осы сөз кіріктірілген мақал – мәтелдерді көп тапса, сол топ ұтқан болып есептеледі. Мысалы, мұғалім бірінші топтың алдыңа келіп, тіл деді; оқушыларға тілге байланысты мынадай мақал – мәтелдер айтуға болады:
Өткір тіл – дарын,
Ұзын тіл – жауың.
Тіл – тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
Келісті сөз алтын,
Жемісті жұмыс алтын т.б.
Мақал – мәтелдерді табу оқушылардың тілін дамытумен қатар олардың әсерлі сөйлеу дағдыларын да қалыптастырады. Оқушылардың сөйлеу тілінде мақал – мәтелдер көп болса, олардың тілдік қарым – қатынасқа түсу түрткілері артады. Сөйлеушінің сөзінде орынды қолданылған мақал – мәтелдер тыңдаушыға да әсер етеді. Нәтижесінде сөйлесіп тұрған адамдардың арасында жағымды жағдай қалыптасады.
«Сөзді тап» ойыны. Мұғалім оқушыларға бір сөзі түсіп қалған мақал – мәтелдерді таратып береді. Мысалы, Су ішкен . . . . түкірме. Ауру қалса да . . . . . қалмайды. Қайтып кірер . . . қатты жаппа. Екі . . . таласса, бір қарғаға жем болар. Бірлік түбі — …. тірлік. Тозған … топтанған қарға алады деген мақал – мәтелдер жазылған кеспе қағаздарды оқушыларға таратып береді.
«Дұрыс тап» ойыны. Мұғалім алғашқы қатарлары жазылған мақал – мәтелдері бар кеспелерді оқушыларға таратып береді.
Жақсы байқап сөйлер, . . . ..
Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ, . . . . .
Мұндай ойындар оқушының ой жалғастыру, сөйлемді дұрыс құрау дағдыларын жетілдіреді.
Хат жаздыру. Оқушыларды шығармашылыққа дайындайтын бірден – бір өз бетінше орындайтын жұмыс түрі – хат жаздыру.
Хат жазу — өз бетінше дербес орындалатын және сапалы мәтін құра білуге, өз ойын дәл әрі логикалық байланыстабере білуге жаттығудың бірден – бір адамға қажетті үлкен мәні бар жазба жұмыстарының бірі. Бұл жұмыс түрінің білімде де сауатты адамдар өмірінде қажеттілігіне оқушалдың көзін жеткізе отырып, тәрбие алу, білім толықтыру үшін де пайдасы зор демекпін.
Мұғалім оқушыларды хат жазуға үйретуде мынадай жайттарды түсіндіріп айту керек:
А) Хатты әңгімелесу түрінде жазуға болады, бірақ ауызекі тілінде біз көбінесе анықтау, түсіндіру, толықтыру, қайталау секілді амалдарды жиі қолдансақ, ал оған қарағанда хат жазу жинақтылықты талап етеді.
Ә) Сонымен қатар, оқушылардың жалпы ойы сөйлем арқылы беріледі, ал сөйлем байланысты сөздерден құралады, сондықтан да хат жазуда ой желісі мүмкіндігінше қысқа және анық, түсінікті болуы керек.
Б) Әдетте, хат жазғанда алдымен хат жазып отырған адамға тікелей қатысты ойлар айтылады, сонан кейін барып хатты жазушы немесе басқа адамдар жайында айтуға болады.
В) Хат иесіне дұрыс жетуі үшін конвертті дұрыс толтырып, мекен – жайды сауатты, әрі анық жазу керек екенін ескерту қажет.
Хат жаздыру жұмысын жолдастарына, ата — әжелеріне, үй ішіне, туған – туыстарына, жақын таныстарына жаздырудан бастаған дұрыс. Оқушылар жұмысқа кіріспес бұрын ең бірінші, өздеріне мына сұрақтарды қоюға дағдыланулары керек:
кімге жазам?
не жайлы жазғым келеді?
Не жайында жазуға болатынын мұғалімдер оқушыларды естеріне салып, нұсқау берулеріне болады, атап айтқанда:
өз бастарынан кешкен қуанышын, ренішін;
өмірінде болып жатқан қызықты, таңғажайып оқиғалар;
алға қойған жоспарлары;
қаласы, мектебі, достары жайлы;
көмек, ақыл – кеңес сұрау;
белгілі адамдармен болған кездесулерден алған әсері;
өзіне қажетті бір нәрсені сатып алу, т.б.
Сұхбат. Сөйлеу жаттығуларының ішіндегі ең негізгі түрі – сұхбат құрастыру. Оқулықтарда сұхбат құрастырудың сұраққа жауап беру, берілген жауапқа сұрақ қойғызу, сұхбатты жалғастыру тәрізді түрлері жие қолданылады.
Алайда бүгінгі күні қазақ тілді аудиториялық тапсырмаларды пайдаланудың мәні ерекше. Әсіресе, заң мамандығына байланысты өтілетін «Тергеуші», «Сарапшы», «Қорғаушы», т.б. мәтіндерді өту барысында ситуациялық тапсырмалар беру арқылы оқушыларға мынадай сұхбаттар құрастыртуға болады: «Тергеуші мен айыпкер», «Тергеуші мен куәгер», «Тергеуші мен жәбірленуші», «Қорғаушы мен айыпкер», т.б.
Енді осы тақырыптар бойынша берілетін ситуациялық тапсырмалардың бірнешеуін мысалға келтірейік:
Тергеушіге орта жастағы әйел келді. Ол баласының жоғалғандығы туралы айтты. Тергеуші мен жәбірленушінің арасында қандай әңгіме болуы мүмкін?
Ойнап жүрген жерінен 5 жасар Т. Деген баланы белгісіз біреу ұрлап кеткен. Баланың бір ер кісімен кетіп бара жатқаның көрші үйде тұратын С. Деген азамат көрген. Сіз тергеуші ретінде куәгермен қалай әңгімелесесіз?
Қылмыскер пәтерге ұрлыққа түсіп жатқан жерінен ұсталған. Тергеуші мен айыпкер, қорғаушы мен айыпкер арасындағы сұхбатты құрастурыңыз.
Сұхбат кемінде екі адамның арасындағы сөзге байланысты құрылғандықтан, сөйлеу түрі түрліше болып келеді. Сөйлеушінің хабарына қарай қандай сұрақ – жауап түрлерін ұйымдастыруға байланысты берілетін ситуациялық тапсырмалар да түрленіп отырады.
Демек, тіл ұстарту сабақтары оқушылардың шығармашылық дамуына жағдай туғызатын сабақтар болуы тиіс, өйткені іздену, зерттеу дағдылары шығармашылық жазба жұмыстарын орындау үстінде қалыптасады және бұл жұмыстар олардың тіл байлығын, білім деңгейін, сана – сезімін, сауаттылығын танытады.
Қорытындылай келе тіл дамыту жұмыстары мынадай бағытта жүргізілсе деймін:
Мұғалім сабақты түсіндіру барысында оқушымен қарым – қатынас жасағанда әсерлі сөйлеп, тыңдаушысын өзіне қаратып баурап алуы, яғни тіл мәдениетінің өте жоғары болуы шарт;
Өтілетін мәтіндерді, орындалатын жаттығу жұмыстары, иллюстративтік материалдар оқушының ұғымына таныс және жеңіл болуы;
Тіл дамытуда мақал – мәтелдер, мысалдар, өлең – жыр, ойнақы қызықты әңгімелер, шешендік сөздер іріктелініп алынуы керек;
Лексикалық жұмыстарды жие жүргізу;
Сөздік жұмысын жүргізу, жаңа сөздерді үйрете отырып, оны іс жүзінде қолдана білу;
Фразеологизмдердің жеңіл түрімен сөйлемдер құрату және ауызекі сөзде қолджана білу;
Оқушыны әдеби тілде ауызша сөйлетуге және жазбаша сауатты жазуға үйрету.
Қазақ тілі сабақтары бойынша жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарында жоғарыда айтылған ұсыныстар ескерілсе.
Сонымен, тіл ұстарту мен тіл дамытуға қатысты мәселелерді жинақтай келгенде мынадай тұжырымдар айтуға болады:
Оқушыларға қазақ тілін оқытудағы негізгі мақсаттардың бірі – тіл дамыту. Бұл тек қазақ тілінің ғана объектісі емес, басқа пәндерге де ортақ нәрсе. Олай болса, тіл дамыту жұмыстары – оқушылардың барлық пәндер бойынша, ауызша, жазбаша тілін дамытып, сөздік қорын қалыптастыруға бағытталған біртұтас, бірлескен іс — әрекеттер арқылы іске асырылатын күрделі процесс. Тіл дамтыту шаралары оның әдістемесін жетілдіріп, сындарлы қалыптастырғанда ғана дұрыс нәтижелер береді.
Тіл ұстарту жұмыстарының негізгі мақсаты оқушыларды ауызша және жазбаша түрде өздерінің және өзге біреудің ойын грамматикалық және стилистикалық дұрыс, мазмұнды да мәнді білдіруге қаруландыру болып табылады. Әр студентті «Кішкентай жазушы» етіп тәрбиелеуде тіл ұстарту сабақтарының мақсаты кең және жұмыс түрі шексіз.
Оқушылардың тілін дамыту жұмыстары олардың болашағы үшін үлкен мағыналық маңызға ие.