Қазақ тілі және әдебиеті
Айкимбаев Данияр Талгатович, Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жүргізілетін дарынды оқушылармен жұмыстың түрлері

Мақала авторы: Айкимбаев Данияр Талгатович
Жұмыс орны: №45 орта мектеп
Лауазымы: Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары
Порталға жариялану мерзімі: 02.01.2018

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жүргізілетін дарынды оқушылармен жұмыстың түрлері

Мектепте оқытылатын қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқушыларға өмірді, шындықты, қоғамды, сол қоғамда  өмір сүріп жатқан адамдарды танып білуге жәрдемдеседі, өмірге көзқарасын қалыптастырады, сөйлеу және жазу мәдениетіне баулиды. Күні ертең кәмелетке толып өмірге араласатын болғандықтан, оқушылардың мектеп қабырғасынан білім мен дағды, іскерлік қана алып шығуы бүгінгі күн талабына жеткіліксіз. Олар жан-жақты ой-қабілеті дамыған тұлға болуы тиіс. Адам шығармашылық ой-қабілеті арқылы қажетті арнаулы білімді тез игеріп білуге шабыттанып отырады. Оқушылардың өз бетінше атқаратын шығармашылық іс-әрекетін, белсенділігін дамыту мәселесі, оларды жан-жақты ойлай білу дағдысына үйрету ісі – өзекті мәселелердің бірі. Өз тәжірибемде кең қолданысқа ие болған В.С.Шубинскийдің шығармашылықты жүргізу барысындағы іс-әрекетін топтастыра қарастырып, оқушылардың шығармашылық тапсырмаларды орындауын ұйымдастырамын.

Шығармашылық үлгідегі өз бетінше орындалатын жұмыстар кезінде оқушы өзінің болжау, топшылау, түрлі құбылыстардың арасындағы байланыстарды салыстыра білу қабілеттеріне сүйене отырып, ой қорытындысын жасап, жаңа шешім табады, өзіндік жаңалық ашады. Сөйтіп, бұл жағдай белгілі дәрежеде оқушылардың бейімділігін анықтап береді.

Шәкірттің шығармашылықпен еңбектенуі үшін оған қозғау салып, оның белгілі бір дәрежеде білім қорын жинақтауына мұғалімнің шеберлігі керек. Оқыту мен оқу үдерісінде қолданылатын шығармашылық жұмыстың алуан түрлері бар. Әр сабақта оқушының ізденуіне мүмкіндік жасағанда ғана тиянақты білімге қол жеткізуге болады. Балаларды мұндай жұмыстарға баулудың бір жолы – пікірсайыс сабақтарын өткізу. Пікірсайыс сабақтарда ауқымы кең, оқушының ізденуіне жол ашатындай тақырып алынып, алдын ала тапсырма беріледі де, икемділіктеріне қарай балалар топтастырылады. Бұл – оқушы шығармашылығын дамыту жұмысының ең тиімді түрі. Өздері оқыған кітаптары туралы пікірлерін жан-жақты талқылап, өзіндік пікірлері, өздеріне деген сенімдері артады. Тіпті ғылыми ізденіс осындай әрекеттерден қалыптасады, ынта туғызады.

Шығармашылық жұмыстарға ынталандыратын әдістердің бірі – әңгіме не эссе жаздыру. Өйткені мұндай жұмыстарды орындау кезінде балалар сөзді сұрыптап қолдануға, ойдың байланысына, жүйелілігіне, көркемдігіне көңіл бөліп, ой қорытулары қалай берілгендігін басты назарда ұстауға дағдыланады. Мәселен, мұғалім «оттан шыққан болаттай жарқ етіп», «үміт кемесіне мініп, бақыт мұхитының кең жойқын төсін өрлемек», «дүбірің тұлпар жылқы жарысқандай», «үмітің айға шабар арыстандай» сияқты көркем оймен берілген тіркестерді ұсына отырып, белгілі бір тақырып төңірегінде оқушылар талабын айқындап, қосымша тапсырмалармен ойын шыңдауға болады.

Аталған жұмыстарға өтілген тапсырманы бекіту кезінде белгілі бір мазмұнға құрылған немесе адамдарға мінездеме, портрет, осыған байланысты оқушылардың шығармашылық тапсырма орындауы жатады. Мәселен, сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлерін өткенде, оқушыларға басыңқы сөйлемдердің бағыныңқы сыңарларын анықтау тапсырылады. Бұдан кейін толықтырылған әр сөйлем өздерінің мәтіндегі орнын табады да, қандай сөйлем екендігіне толық талдау  —  «мінездеме» жасалады. Сабақ түсіндіру кезінде мысалға алынатын сөйлемдерді мұғалім көркем шығармалардан келтіріп, олардың тағылымдық мәніне мән беруі керек. Себебі жоғары деңгейдегі мәтіндер оқушылардың тілі байлығының дамуына, қиялдауына, шығармашылыққа жетелейді.

 

 

Қазақ тілі және әдебиеті
Айкимбаев Данияр Талгатович, Қазақ тіліндегі себеп мәнді құрмаластардың зерттелу тарихынан

Мақала авторы: Айкимбаев Данияр Талгатович
Жұмыс орны: №45 орта мектеп
Лауазымы: Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары
Порталға жариялану мерзімі: 02.01.2018

Қазақ тіліндегі себеп мәнді құрмаластардың зерттелу тарихынан

Қазіргі кезде қазақ тілі синтаксисі әбден толығып жетілген тіл білімінің саласына жатады. Өйткені синтаксистің әрбір саласы бойынша жеке оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазылып, диссертациялар қорғалып жатыр. Әр дәуірде, әр кезеңде жазылған ғылыми еңбектің не мақаланың өзіндік құндылығы мен ерекшелігі болады. Осының ішінде құрмалас сөйлем синтаксисінің кейбір мәселелері бойынша бір ауыздан құпталған қағидалар жоқ. Құрмалас сөйлемде кездесетін проблемалар көбінесе оның сабақтас түрімен байланысты. Мәселен, олардың жасалу жолдары, бағыныңқы және басыңқы сөйлемдері арасындағы байланыстары, орын тәртібі т.б.

Қазіргі қазақ тіліндегі құрмаластың басқа түрлері сияқты себеп мәнді құрмаластардың түрлері бүгінгі күндегі дәрежесіне жету үшін басынан үш тарихи кезеңді өткізді:

  1. 1930-1940 жылдардың арасы;
  2. 1940-1950 жылдардың арасы;
  3. 1950 жылдардан бастап осы кезеңге дейін.

Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлем мәселесін ғылыми жағынан тұңғыш сөз еткен – белгілі түрколог, лингвист-ғалым А.Байтұрсынов. Ол сөйлемдерің құрмаласуын сыйыса құрмаласу және қиыса құрмаласу деп екі түрге бөліп қарастырған. Сыйысулы құрмалас қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлемге, ал қиысулы құрмаас сабақтас пен салаласқа тең болып келеді. А.Байтұрсынов салалас құрмаластардың қиысуын бес түрге бөліп ажыратады: жиылыңқы, қайырыңқы, айырыңқы, сұйылыңқы, қойылыңқы. Ғалымның салаластарды жіктегенінен біз себеп мәнді білдіретінін таба алмаймыз. Бірақ сұйылыңқы қиысуда берілген сөйлемдердің өн бойынан себепті және сол себептен туған салдарды байқауға болады.

   Мәселен, «Шалқайғанға шалқай, пайғамбардың ұлы емес, еңкейенге еңкей, атаңнан қалған құл емес», «Сабыр түбі – сары алтын, сарғайған жетер мұратқа, асыққан қалар ұятқа». Бұл мысалдардан анық байқайтынымыз – бірінші сөйлемнің себебін екінші сөйлем білдіріп тұр, себебі олардың өзін тиісті жалғаулығын қойып айтуға болады. Ал екінші сөйлемде алғашқысы себепті білдірсе, кейінгісі салдарды білдіріп, сондықтан олардың да жалғаулығын қосып айтуға болады.

А.Байтұрсынов сабақтастардың бағыныңқыларын  10 топқа бөліп қарастырады. Бір ерекшелігі,  ғалым бағыныңқы сөйлемді басыңқы сөйлемнің жетегіндегі қосшы жылы есебінде қарастырып, басыңқы сөйлемнің қай мүшесінің шылауында болғанына қарай бағыныңқыны сол мүшенің атымен атайды. Мәселен, бастауыш бағыныңқы сөйлем, анықтауыш бағыныңқы сөйлем, мезгіл пысықтауыштың бағыныңқысы, мекен пысықтауыштың бағыныңқысы,сын ысықтауыштың бағыныңқысы, мақсат пысықтауыштың бағыныңқысы, себеп пысықтауыштың бағыныңқысы, шартты баыныңқы, ереуіл бағыныңқы. Осылардың ішінде біздің тоқталатынымыз – себеп пысықтауышының бағыныңқысы. Ғалым «Олар көше алмайды, үйткені көлігі жоқ» деген сөйлемді мысалға алып, жан-жақты талдаған. Басыңқысы – «Олар көше алмайды», бағыныңқысы – «Үйткені көлігі жоқ» деген сөйлемдер екенін атап өтіп, бағыныңқы сөйлем «неге?» деген сұрауға жауап беріп тұр. Бұл сұрау – себеп пысықтауышының сұрауы. Сондықтан бұл себеп пысықтауышының бағыныңқысы болады… /А.Байтұрсынов, 1992, 306/.

Сондай-ақ ғалымның мысалға алған «Қор аз болған соң, су сонан тасымады», «Малы жұтап қалған соң, ел сондықтан жүдеді», т.б сөйлемдері қазіргі қазақ тіліндегі себеп бағыныңқылардың мазмұнымен сай келеді.»

А.Байтұрсыновтан кейінгі қазақ лингвистилерін көрнекті өкілі Қ. Жұбанов та өз зерттеулерінде құрмалас сөйлем мәселелеріне жете назар аударған. Өйткені қазақ тілінің грамматикалық құрылысын, соның ішінде құрмалас сөйлем синтаксисін мектептерде жүйелі түрде өтуге арналған жоба түріндегі алғашқы ғылыми бағдарлама 1936 жылы профессор Қ.Жұбановтың қолынан шықты. Бұл бағдарламаның құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеуде үлкен маңызы болды. Себебі бұл бағдарламада құрмалас сөйлемге байланысты қағидалар толығырақ айтылып, кейбіреулеріне түсініктемеде берілген. Ғалым салалас құрмаластың бес түрін көрсетіп, оған тән он түрлі жасалу жолды айтады. Солардың ішінде, қатарында қазіргі мектеп грамматикаларына осы атаумен кірген себеп-салдар салалас та бар «…Кейінгі сөйлем алдынғы сөйлемге себеп болатын болса, оның алдында «үйткені», «Неге десең», «Себебі сол» сияқты сөздер дәнекер болады…»/Жұбанов, 1966, 359/

Бұл да қазіргі тіл білімі деректеріне сәйкес келетіні ақиқат. Профессор Қ.Жұбанов сабақтас сөйлемдерді жеті топқа бөледі: бастауыш бағыныңқылы/кімді айтсаң сол келеді/; баяндауыш бағыныңқы/ол қандай болса, менде сондай/; себептес бағыныңқы/ кімді көрсем, мен сонан, бетті бастың, тұра қаштың жалма-жан істесе, Мәмбет те сөйтіп/ солай істейді/; жанас бағыныңқы/ Сабыр қайда барса, Мәмбет те сонда барады/; қабыс бағыныңқы. Бірақ сабақтастардың былайша жіктелуіде бағыныңқылардың жасалу жолдары мен білдіретін мағыналары ескерілмейді. Солай бола тұрса да, Қ.Жұбановтың құрмалас сөйлем синтаксисін зерттелуіне қосқан үлесі мол.

Қазақ тілі синтаксисін зерттеуде өзіндік құнды қөзқарастармен танымал болып, өзіндік мектебін қалыптастырған ғалым профессор С.Аманжолав болды. Ол — ұзақ жылдар бойы Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институтында синтаксис саласы бойынша дәріс берген ұстаз. Ғалым синтаксистің барлық салаларын зерттеп, жеке монографиялар мен оқулықтар жазған. Бірақ біздің тоқтайтымыз – құрмалас сөйлемге байланысты ой-пікірлер мен қөзқарастары. Құрмалас сөйлемдерді жіктеуде өзіндік топтастыру жасаған С.Аманжолов, қазіргі грамматика көрсетілгендей, құрмаластарды үш түрге бөледі: салалас, сабақтас және аралас сөйлемдер. Салалас сөйлемдерді жалғаулықты және жалғаулықсыз деп екі топқа жіктей отырып, әрқайсысының түрлері мен жасалу жолдарына тоқталады. Мәселен, жағаулықты саластарды мезгілдес /ыңғайлас/, қарсалықты, талғаулы, себептес деп төрт түрге, жалғаулықсыздарын он бір түрге: ыңғайлас, қарсылықты, себеп-салдар, іліктес, шартты, үлестес, баяншы, әрқыйлы, детпелі, бейтараптық, ұқсастық деп бөледі.

С.Аманжолов жалғаулықты себептес салаласты «себептік салалас» деп атайды. Оған дәлел ретінде «себебі, сондықтан, өйткені, сол себепті» сияқты жалғаулықтар келтірілген сөйлемдер көрсетеді.

Ғалым сабақтастарды классификациялағанда да өзіндік көзқарастарымен көзге түседі. Мәселен, сабақтастарды он үш топқа қарастыру – бұрынғы-соңды кездеспеген жайт. С.Аманжолов академиялық грамматикада, сондай-ақ басқа ғалымдардың еңбектерінде «себеп бағыныңқылы» деп аталатын сабақтастың түрін «себеп-салдар бағыныңқы сабақтас» деп атайды. Мұнда бағыныңқы сөйлем басынқыда айтылған ойдың, істін, оқиғаның, болмыстың себеп –салдарын көрсетеді.(Аманжолов, 1994, 203)-деп тұжрымдама жасайды. Бірақ құрмаластың бұл түрінде бағынынқы ескерген жөн. Сондықтан бағынынқы компонент-себепті, басынқы компонент- салдарды білдіріп,  себеп- салдар сабақтас деген терминнің тіл деректеріне сәйкес келмейтінін көреміз. Мысалы : «Осы кісінің жәрдемі болғандықтан, біз баратын жерімізге тез бардық». Бағынықы сөйлемнін себепті, басынқы сөйлемнің салдары білдіріп тұрғаны айқын байқалып тұр.ал «Көшпелікпен санасып істегені үшін жоғары орынға қойылды» — деген сөйлем жай сөлемнін қатарына жатады. Өйткені сөйлем құрамында себеп пысықтауыш бар. Ғалымның  сабақтастарды және салаластарды топтарынын арасынан одан әрі дамыта түсетін де мәселелерді көруге болады.

Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді жүйесін жан-жақты

Қазақ тілі және әдебиеті
Айкимбаев Данияр Талгатович, Мақал-мәтелдер мәтініндегі себеп мәнді құрмалас сөйлемдер

Мақала авторы: Айкимбаев Данияр Талгатович
Жұмыс орны: №45 орта мектеп
Лауазымы: Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары
Порталға жариялану мерзімі: 02.01.2018

Мақал-мәтелдер мәтініндегі себеп мәнді құрмалас сөйлемдер

Мақал-мәтелдер – халқымыздың ұрпаққа ұрпаққа , атадан балаға мирас етіп келе жатқан асыл қазынасы. Көне замандарда пайда болғанына қарамастан, мақал-мәтелдер – кешегі мен қазіргіні , ескі мен жаңаны, ұрпақ пен ұрпақты жалғастырып келе жатқан мұрасы. Ешбір стиль жанры мақал мен мәтел сияқты көркем, нақышты, тапқыр, даналық ойды аз сөзбен, бай мазмұнмен бере алмайды. Мақал-мәтелдер – қазақ ауыз әдебиетінің зерттеу нысаны, яғни фольклорлық шығармаға жатады. Халқымыздың бай мұрасын құрайтын мақал-мәтелдер жинақталып, тақырыптары мен мазмұндары айқындала түсті. Бірақ мақал-мәтелдердің негізгі қағидалары, өзіне тән ерекшеліктері фольклор  жанры бойынша жан-жақты, ғылыми негізде зерттелген. Ал мақал-мәтелдер, лингвистикалық жағынан, толығымен зерттелді деп айтуға болмайды. Бұл мәселе төңірегінде 1960 жылдары сөз қозғап, арнайы зерттеу мақаласын жазған профессор Т.Р.Қордабаев болды. Оның сол жылдары «Мақал-мәтелдер синтаксисінің кейбір мәселелері» атты мақаласы «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналында басылған болатын. Қордабаевтың айтуынша, шындығында, мақал-мәтелдерде зерттеуге тұрарлық тілдік ерекшеліктер көп (2, 1960,  63,).

Өзіміздің зерттеу нысанымыз себеп мәнді құрмалас сөйлемдер болғандықтан, біз мақал-мәтелдердің құрылысындағы себептес салалас  және себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерге тоқталмақшымыз.

Мақал-мәтелдер кез келген халықтың даналық, шешендік ойының айнасы іспетті. Сондықтан мақал-мәтелдердің құрылысынан, мәтінінен басы артық, орынсыз тұрған бірде-бір дәнекерді табу мүмкін емес (2, 1960, 63). Мақал-мәтелдердің мәтіні сөзге сараң болғанымен, мазмұнға бай болып келеді. Олардың құрамындағы сөздер мәтін арқылы айқындала түсетіндіктен, кейде әдейі түсіріліп айтылады.

«Қыз ұяты – шешеге,

Ұл ұяты –әкеге» (келеді).

«Адамына қарай сәлемі» (болады).

«Соқыр тауыққа бәрі бидай» (сияқты).

«Көптің қолы ұзын» (болады).

Бірақ мұндай жайтқа қарамастан, мақал-мәтелдер мазмұны жағынан сол ұтымды күйінде қалады.

Себеп мәнді құрмалас сөйлемдердің әрқайсысының өзіне ғана тән мағынасы, ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар. Прозалық жанрда жиі қолданылатын баяндауыш формалары мақал-мәтелдер мәтінінде қалай қолданылатынын айқындауды  негізгі мақсат тұттық. Қордабаевтың айтуынша, мақал-мәтелдердің мәтінінде жиі қолданылатын сабақтас және салалас сөйлемдер түр жағынан алғанда онша көп емес (2, 1960, 64).  Мақал-мәтелдер мәтінінде сабақтас сөйлемдерге қарағанда, салалас сөйлемдер жиі кездеседі және қолданылу аясы кең. Қазіргі қазақ тіліндегі себептес салалас сөйлемдер екі топқа бөлінеді: жалғаулықты және жалғаулықсыз себептес салалас сөйлемдер. Көркем әдебиет стилінде немесе әдеби жанрлардың мақалдан басқа түрлерінде жалғаулықты себептес салаластардың қолдану аясы кеңірек. «Кітап әлі аяқталған жоқ, сондықтан оның кемшіліктері мен жетістіктері туралы сөз қозғау ертерек» (Нұршайықов). «Талайдан теріліп жүрген желісі ұзын дау, себебі мықты кінәлар жатыр» (Әуезов).

Ал мақал-мәтелдерде, керісінше, жалғаулықсыз себептес саластардың қолданылу аясы кең.

«Үй менікідемеңіз,

Үй артында кісі бар.»

«Баймын деп мақтанба,

Жарлылық бар.

Көппін деп мақтанба,

Жалғыздық бар.»

«Киім пішсең кең піш,

Тарылтуың оңай.

Темір кессең қысқа кес,

Ұзартуың оңай.»

Жоғарыда аталған мақалдардан байқалатыны – басы артық сөздердің жоқтығы. Екі жай сөйлемді байланыстыратын себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті жалғаулықтары бұл жағдайда  артық қолданыс болып табылады. Аталған мақалдардың мәтініндегі екі компонент бір- бірімен себептес байланыста тұрғаны айқын аңғарылып тұр.Ал кейбір жалғаулықсыз салалас сөйлемдердің мәтініндегі екі компонент бір-бірімен байланыспайды. Бұл -мақал-мәтелдер үшін әдеттегі жайт (2, 1960, 65).

«Ел артындағы шаң жұтады,

Ел алдындағы май жұтады.»

«Болат қайнауда шынығады,

Батыр майданда шынығады.»

«Ел ұлсыз болмас,

Жер гүлсіз болмас.»

«Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.»

Тағы бір ерекше атауға тұратын жайт – себептес салалас сөйлемдер болсын немесе салаластың басқа түрлері болсын, баяндауыш қызметіндегі сөздердің қайталанып келуі (2, 1960, 66).

«Мал қонысын іздейді,

Ер туысын іздейді.»

«Жақсы жігіт досының қамын ойлайды,

Жаман жігіт басының қамын ойлайды.»

«Екі жақсы қас болмас,

Екі жаман дос болмас.»

«Жылап айтқан шынға нанбайды,

Күліп айтқан өтірікке нанды.»

Мақал-мәтелдер құрамында тек жалғаулықсыз себептес сөйлемдер ғана емес, себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер де кездеседі. Себеп  бағыныңқылы сөйлемдердің компоненттері, негізінен алғанда, есімше және көсемше формалары арқылы жасалады:

  1. –ған + дықтан.
  2. –ған соң.
  3. –п, -ып, -іп.
  4. -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе + — й

Аталған формалар прозалық шығармаларда жиі қолданылады. Ал

мақал-мәтелдер құрылысы жағынан поэзияға жақын. Өйткені поэзиялық шығармаларда сөйлем компоненттері, сөздер ауысып келе береді.

«Адасқанның айыбы жоқ,

Қайтып үйірін тапқан соң.»

                    «Адам болып туған соң,

Адам болып өлу – лазым.»

«Саусақ бірікпей, ине бірікпейді.»

Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің баяндауыштарының жасалу жолының үшінші түрі  — деп жалғаулығының негізгі етістікке тіркесуі. Аталған форманың көркем әдебиет стилі сияқты, мақал-мәтел мәтінінде де жиі қолданылатынын байқадық.

«Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп,

Құлағынан айырылыпты.»

Байға жағынамын деп,

Жарлының тоқтылы қойы шығыпты.»

Мақал-мәтелдер мәтінінде қолданылатын бұл форма прозалық шығармалардағыдай орны тұрақты болып келеді.

Қорыта айтқанда, мақал-мәтелдер тек ауыз әдебиетінің нысаны ретінде ғана емес, қазақ тіл білімінің, соның ішінде синтаксис саласының да зерттеу нысаны болып қарастырылуы керек. Себебі мақал-мәтелдер мәтінінде құрмалас сөйлемдердің әр алуан түрлері кездеседі.

Зерттеу нысанымызды нақтылай отырып, мынадай тілдік деректерге көз жеткіздік:

  1. Мақал-мәтелдер мәтінінде себептес салалас сөйлемнің жалғаулықты түрі кездеспейді.
  2. Себептес бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің баяндауыштары көсемше, есімше және негізгі етістікке деп жалғаулығының тіркесуі арқылы жасалады.
  3. Мақал-мәтелдер мәтінінде себеп бағыныңқылардың басыңқы және бағыныңқы компоненттерінің орны ауысып келе береді.
  4. Мақал-мәтелдер мәтініне жалғаулықсыз себептес салалас сөйлемдер тән.

 

Қазақ тілі және әдебиеті
Айкимбаев Данияр Талгатович, Өнер әлемі

Мақала авторы: Айкимбаев Данияр Талгатович
Жұмыс орны: №45 орта мектеп
Лауазымы: Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары
Порталға жариялану мерзімі: 02.01.2018

Өнер әлемі

     «Әдебиет» деп аталатын тылсым әлем кімнің де болса жанын баурап, қиялын шарықтатып, рақатқа бөлері сөзсіз. Оның «асыл сөз» атануы да сондықтан. Әрбір тармағы мен шумағы, бунағы мен сөзі ғибрат пен өнегеге толы сөздер бір арнаға тоғысқандай. Кезінде ұлы Абай «сөз патшасына» теңеген поэзия мен талай ұрпақ тағылым алған проза әлемі небір асқақ армандар мен ұлы мұраттарға толы. Менің ойымша, кез келген жанды «жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге» шақыратын да «Әдебиет» деп аталатын құдіретті өнер. Асыл сөздің сыр сандығын ашқан сайын биік адамгершілік пен ізгі қасиеттермен қауышамын. «Ақырын жүріп, анық басқан» сайын, ғажайып дүниенің сиқырлы қақпасы алдымнан айқара ашылады. Ал сол қақпаны күнде ашуға мүмкіндік беретін пән – қазақ әдебиеті.

Болашақ мамандығымды өнермен байланыстырғанымнан шығар, менің мектептегі ең сүйікті пәнім – қазақ әдебиеті. Бұл сабақты жақсы көретінім сонша – сабақ кестесі бойынша күнде өтпесе де, мектепке оқулығымды күнделікті апарамын. Әр үзіліс сайын оқып, білім қоржынымды байытамын. Мені осы пәнге деген ерекше қызығушылығымды оятқан– көркем туындылар, дәлірек айтсам, оқыған шығармаларымның кейіпкерлері. Себебі әдеби туындыларда кездесетін кейіпкерлердің іс-әрекеттері арқылы мен әрқашан жақсылыққа ұмтылып, жамандықтан арылдым. Бал балалық шағымда әжем айтқан ертегілердегі ғажайып қаһармандардан бастап, ересек кезімде оқыған күрделі шығарманың сан мінезді кейіпкерлеріне дейін көз алдымнан өтіп қана қоймай, тұла бойымды баурап алды. «Керқұла атты Кендебай», «Күн астындағы Күнікей қыз», «Алтын сақа», «Қырық өтірік» менің балалық дәуренімнің сүйікті шығармалары болса, ондағы қаһармандар адал достарыма айналған еді. Еш уайымсыз балалық шағымның куәсіндей болған Кендебай мен Күнікей де, Тазша бала да мені талай армандарға жетелеп, шексіз қиялға шомдырған еді. Олардың қайсарлығы мен келешекке деген сенімдері мені де жігерлендіре түсетін. Сондықтан болар, мен әрдайым Кендебайдай ержүрек, Күнікей сияқты асқан ақыл иесі, Тазша баладай тапқыр болғым келетін. Ертегілер менің әдебиеттің ғажайып әлемімен танысуымның алғашқы баспалдақтары еді.

Иә, халқымның «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» шығарған шығармаларымен мені таныстырып, онымен сусындатқан бастау – қазақ фольклорының ел жадынан мәңгі өшпес туындылары еді. Ертегілердің ғажайыпқа толы әлемі мені аңыз әңгімелердің шынайы дүниесімен қауыштырды. Енді мен Асан қайғымен желмаяға мініп, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» Жерұйықты іздедім. Данышпан Жиренше мен кемеңгер Қарашашпен бірге мірдің оғындай өткір сөздермен Әз Жәнібек ханның меселін қайтардым. Енді бір кезде Алдар көсемен бірге уытты көңілге бөлендім.Тіпті өзімді Шық бермес Шығайбайдың сараңдығын бетіне басып, Алдармен бірге Бізбикешті қиялымдағы арғымаққа отырғызып алып бара жатқандай сезінетінмін.

Мұның бәрі «Өнер алды – қызыл тіл» деп ой қорытқан халқымның құдіретті бастауларының қасиеті шығар. Сөйтіп жүріп қазақ әдебиетінің тұңғиығына тереңдей бердім. Енді Мағжан Жұмабаевтың әсем поэзиясымен сырласып, Ғабит Мүсіреповтің сөзден түйген зерлерімен таныстым.  Сәкен Сейфуллиндей азаттыққа ұмтылып, Ілияс Жансүгіров болып туған жерім – Жетісуымды асқақтаттым. Әдебиетіміздің ұшы-қиыры көрінбес өлкесі мені қазақтың тұңғыш эпопеясы – «Абай жолы» романымен табыстырды. Талай елдің ұлыларын таңғалдырған туындыны алғаш қолыма алған сәтім әлі есімде. Ұлтым үшін өшпес тұлға болған Абайды күн өткен сайын тани түстім. Ұлы ақынмен бірге қуанып, бірге қайғырдым. Бала Абайдан дана Абайды таныдым. Ғұламаның әр сөзімен жанымды байыттым. Әсіресе:

Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез, —

деген өлең жолдары дәл  маған арналғандай әсер етті.

Осындай рухани құндылықты бойыма сіңірген – әдебиет пәні. Сондықтан бұл пән мен үшін ең сүйікті. Менің ойымша, бүгінгі таңда өскелең ұрпақ кітапты жан досы деп ұғынса, елімнің ертеңі мерейлі болары сөзсіз. Өйткені асыл сөздің кені болып табылатын әдебиет кез келген оқырманды ерлікке, елдікке баулып, адамгершілікке тәрбиелейді. Ал осындай ізгі істі жүзеге асырып, барша шәкірттерін тәуелсіз Қазақстанымыздың абыройлы азаматтары болып тәрбиеленуіне барынша үлес қосып отырған жан – менің  ең сүйікті ұстазым.  Өзім оқыған көркем туындылардың қаһармандары аңсаған асыл армандарға жетуіме талмай еңбектеніп келе жатқан мұғалім – Алматы қаласындағы №15 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұнасаева Рая Нұрқызы. «Әдебиет – елдің айнасы» деген қағиданы берік ұстанған ұстазымның әлі талай шәкірттері мен сияқты қолына қалам ұстап, Қазақ елінің мәртебесін арттыратынына өзім де үлкен сенім артамын.

Қазақ тілі және әдебиеті
Чабаева Мадина Елеусиновна, Өз үйім-берік қамалым

Мақала авторы: Чабаева Мадина Елеусиновна
Жұмыс орны: Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы №1 орта мектеп
Лауазымы: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 24.09.2017

Өз үйім-берік қамалым

Уақыты:23.09.2016ж   Ашық сабақ

 

Мұғалім: Чабаева Мадина

                     Елеусінқызы

Сынып:7
Тақырып: “Өз үйім-берік қамалым”
Жалпы мақсат:   Үлкенді құрметтеп,сыйлауға.Ата дәстүрімізді сақтауға.Өз аталарының ісін
үлкенге өнеге,кішіге үлгі ете білуге тәрбиелеу.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілінің оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған  қазақ тілі оқулығы

Үлестірме материалдары

Күтілетін нәтиже: Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау.

 

Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақтамен жұмыс, стикерлер
Қолданылатын әдіс:  Сұрақ жауап,пікірлесу,шығармашылық тапсырмалар.

 

 

            Сабақ  барысындағы  мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушылар «Шаттық шеңберін» құру, (жақсы тілектер айту). Түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөліну.
Қызығушылықты ояту “Мен атамның жалғасымын”  тақырыбында   оқушылардың   ойларын тыңдау. Талдау, жинақтау.
Жаңа тақырып  Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой қозғау. 

 

 Ата-ананы сыйлау – адамгершіліктің ең басты қағидасы. Сол ата-ана балаға бар өмірін арнайды. Ата-ананың адам өміріндегі орны ерекше. Халықта «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаңда оның жақсылығын қайтара алмайсың» – деген сөз бар. Бұл ата-ана еңбегінің өлшеусіз екенін көрсетеді. Ата-ана тіпті қартайып, аяқ-қолынан әл  кеткен кезде де оған «ищай» деуге балаларының қақысы жоқ. Имандылық қағидалары бойынша әкесі мен шешесінің ризашылығын алмаған балаға жәннәттың есігі жабық дейді. Ата-анамен қарым-қатынаста баланың оларға «Сіз» деп сөйлегені жарасымды. «Сен» деп тұрған бала ертеңгі күні оны менсінбей, жаман жат қылықтар көрсетуі мүмкін. Екіншіден, ата-ананың айтқанын бала екі еткізбей орындағаны, тыңдағаны абзал. Үшіншіден, мейлі ата-ана қандай болса да, бала ата-анасын жамандамауы, оларды мүмкіндігінше мақтан тұтуы керек. Адам ата-анасына артық-ауыс айқан сөздері болса, оған кешіріммен қарай білгені, жүректерін ауыртпай, үнемі көтермелеп жүргені жөн.

Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:-          Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін, – депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдыдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:

—          «балам анау не?» деп сұрапты.

—          «ол – түйе» – деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:

—          «Ол – түйе, түйе!» Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің? – деп ренжіпті. Сонда әкесі:

—          «Балам, кішкене кезіңде мен ауыртірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.

Оқушылар зер салып тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардан осы көріністен қандай ой түйгендері сұралады.

 

 

 

 

 

 

Көрініс
Қанеки, балалар,  маған мынадай сұрақтарға жауап беріңіздерші.
— Бір шаңырақ астындағы адамдарды кім дейміз?
— Отбасында кімдер тұрады?
— Отбасында саған ең жақын адамдар кімдер? 
Сұрақтарға жауап береді.
Шығармашылық жұмыс 

 

1.Берілген сөздерге көптік жалғауларын жалғап, көпше түрін жасандар.

 

2.Төмендегі сөздердің аудармасын табу

(қазақша, орысша, ағылшынша)

 

Үй, айна, терезе, тақта, бөлме,  қалам, есік, кітап, гүл, ойыншық.

 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Білу, түсіну, қолдану. Әр топтан оқушылар шығып, шығып қорғайды

3.Оқулықтағы мәтін бойынша шылауларды табу.
Сергіту Ән «Ана туралы жыр» Оқушылар сергіп, демалады.
Топтастыру

 

 

Оқушылар тақтаға шығып, жазады.
Қорытындылау  Отбасында бәрі бірін — бірі жақсы көреді және қамқор болады. Отбасы бір үйде, бір шаңырақ астында өмір сүреді.

— Осымен сабағымызды аяқтаймыз.

— Отбасымыз аман, деніміз сау болсын!

Талдау, жинақтау, қорыту.

 

Үйге тапсырмасын  беру  “Өз үйім-берік қамалым” тақырыбында шағын эссе жазу. Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
Бағалау   Формативті бағалау Топтардың бірін-бірі  бағалауы
Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру «Екі жұлдыз, бір тілек »

 

Қазақ тілі және әдебиеті
Темирбекова Шинар Аманбаевна, Ы.Алтынсарин шағын әңгіме шебері

Мақала авторы: Темирбекова Шинар Аманбаевна
Жұмыс орны: СКО Кызылжарский район с.Прибрежное Озерная СШ
Лауазымы: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 19.05.2017

Ы.Алтынсарин шағын әңгіме шебері

CҚО Қызылжар ауданы
Прибрежное селосы
КММ Озерная ОМ
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Темирбекова Шинар Аманбаевна

«Мұғалім ісі- сырттай қарапайым болғанымен тарихтағы ең ұлы істің бірі»
К.Д.Ушинский
Зерттеу тақырыбы: «Сабақ үрдісінде сын тұрғысынан ойлау әдістерін қолдана отырып, оқушылардың саналы білім алып, ойлауын дамыту және өзін¬дік оқуға¬ бел¬сен¬ді¬ қа¬ты¬суын қалыптастыру»
Сыныбы 10 сынып 4 сабақ Күні
Сабақтың тақырыбы Ы.Алтынсарин шағын әңгіме шебері
Мақсаты Оқушылардың ақын өмірі мен шығармашылығы, ағартушылық қызметі жөнінде білімдерін тереңдету, әңгімелерінің мазмұнын,тақырыбын, идеясын меңгерту
Күтілетін нәтиже Тіл мәдениеті, сөз байлығы, сөздік қорын молаяды, шығармашылық қабілеті артады, өздігінен жұмыс жасауға дағдыланады.Ана тілін қастерлеуге, сөз өнерін дәріптеуге, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, білімділікке тәрбиеленеді
Керекті жабдықтар Белсенді тақта; Презентация; Үлестірме парақтар;Бағалау парағы
Сабақ барысы
Сабақ кезендері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Топқа бөлу Топқа бөлу/Бойлары бойынша тұрады,3 -ке дейін санайды/, Топ ережесі: Уақытты тиімді пайдалану, Тыныштық сақтау , Сөзді бөлмеу,кезектесіп сөйлеу , т.б топ басшысы сайланады;
Үй жұмысын тексеру /Зымыран сұрақтар/ Оқушылар амандасады, топқа бөлінеді.Үй тапсырмаларын орындайды, сұрақтарға жауап береді
Тұсаукесер Қызығушылықты ояту. Ойын «Таныс болайық»Ойынды жүргізудің мақсаты: Әр баланың өмірде өз жолы, өз тағдыры, өз таңдауы бар екендігіне көңіл аударту.Шарты: Әр бала өз есімін атайды да, оның немен байланысты қойылғаны жөнінде мәлімет береді.Балалар жеке жұмыс жасайды. Барлығы өз есімдерінің тарихын айтып шығады. Топтар қойылған сұрақтар бойынша топта жұмыстанады.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айтады;
Бағалау парағына аты-жөндерін толтырады

Негізгі бөлім 1. Жұптық жұмыс (берілген әңгімені оқып, бір біріне түсіндіреді, түсінігі бойынша негізгі тақырыбын ашып айтады)
2. Топтық жұмыс. Әр топқа берілген мәтін бойынша рөлге бөлініп, қойылым көрсетеді.(басқа топ мүшелері бағалап, тақырыбын айтады)
3. І топқа: жазушының өмірі мен шығармашылығы жөнінде 4 сұрақтан тұратын сұхбаттасудың үлгісін көрсету (мәнді,ұтымды сұрақтар мен толық, дұрыс жауаптар бағаланады)
4. ІІ топқа: Жазушы әңгімелерінің негізгі тақырыптары туралы сызба дайындап, түсіндіріп беру (постерда қорғау)
5. ІІІ топқа: «Әдебиет лотосын» толтыру (диолог түрінде тақтада қорғау) 1. Әр оқушы өзіне берілген тапсырма бойынша жауап береді;
Топ басшысы сәйкес бағаларын бағалау парағына түсіреді;
2. Топта оқушылар рөлдерде ойнайды;
Нәтижесін басқа топ түйіндеп айтады
Топта көшбасшыны, белсенді оқушыны, ұсынысты дайындап барлық оқушылар алдында айта отырып формативті бағаларын береді;

Қорытынды
Кері байланыс «Балалар әдебиетінің атасы» тақырыбында бүгінгі сабақта алған білім туралы эссе жазу (2-3 балаға оқыту)
Бағалау.
Сабақты пысықтау үшін, топтар бірін-бірі бағалайды.Үш түрлі смайликтер арқылы әр топтан ең жақсы қатысқан оқушыларды топ ішінде ақылдаса отырып, марапаттайды.
Бағалау:топ басшыларынан бағалау парақтары бойынша қорытынды бағаларын түсіру
Үй тапсырмасы: «Атымтай жомарт», «Мейірімді бала» әңгімелерін оқу
Топ басшысы топ мүшелерімен ақылдасып өзара бір-бірін бағалайды;
топ басшысы бағалау парағына қорытынды бағасын қойып, таныстырып өтеді

Қазақ тілі және әдебиеті
Такен Саулет, Сөз тіркесі әлеміне саяхат

Мақала авторы: Такен Саулет
Жұмыс орны: СКО Темирязов ауданы Белоградовка ауылы Белоградов орта мектебі
Лауазымы: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 09.05.2017

Сөз тіркесі әлеміне саяхат

Солтүстік Қазақстан облысы
Темирязов ауданы
Белоградовка ауылы
Белоградов орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:
Такен Сәулет

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сыныбы: 7
Пәні: қазақ тілі
Тақырыбы: Сөз тіркесі әлеміне саяхат
Мақсаты: сөз тіркесінің қасиеттерін өздігімен меңгерте отырып, сөйлем құрауда пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру
Міндеттері:
-сөз тіркесін синтаксис ұғымымен байланыстыра отырып түсіну, қасиеттерін білу;
— сөз тіркесін сөйлем құрауда шебер қолдану;
— алған білімді жинақтау, қорытындылау.
Күтілетін нәтижелер:
Сабақ кезеңдері
Уақыты Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
Кіріспе
2 мин

2 мин

4 мин

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі
«Сен бүгін…»
Мақсаты: бір-біріне жақсы сөздер айту

« Футбол » командасы
Мақсаты: топқа бөлу

«Галерияға саяхат»
Мақсаты: үй тапсырмасын тексеру (білу)

«2 жұлдыз, 1 тілек»
Мақсаты: өзін-өзі және сыныптасын бағалау, рефлексия жасау Шаттық шеңберін құрып, оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұрау.
Бір-бірлеріне жақсы сөздер айтқызу.

Оқушыларды футбол командасының атымен атау арқылы 2 және 3 оқушыдан тұратын 2 топқа бөлу.
Топтың атын, топ басшыларын оқушылармен ақылдаса отырып сайлау

Оқушылардың менталды карталарын тақтаға ілу, оқушылардың өздері бағалап, қорытынды жасау.

Оқушылар бірін-бірі бағалау үшін стикерлер беріледі
Оқушылар бір-біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілей отырып, тілектер айтады. Әртүрлі тілде амандасады.

Оқушылар команда аты арқылы шағын топқа бөлінеді. Оқушылар өз ұсыныстарын білдіреді, бір-бірінің пікіріне сыйластықпен қарайды.

Өзін-өзі және басқаны бағалайды

Оқушылар «2 жұлдыз, 1 тілек» арқылы іс-әрекетті бағалайды.
«Керемет!»

Бәрекелді!

Жарайсың
дар!

Екі жұлдыз, бір тілек
Өте жақсы!
Топ атаулары жазылған парақшалар,
маркерлер

Стикерлер
Тұсаукесер
4 мин

«Миға шабуыл»
Мақсаты: түрткі сұрақтары арқылы тақырыпты ашу
(түсіну) Екі топқа тақырыптың мазмұнын ашуға арналған түрткі сұрақтар беру.
1.Қазақ тілінің қай саласын өтіп жатырмыз?
2.Синтаксиис нені зерттейді?
3.Сөз тіркесі дегеніміз не?
4.Сөз тіркесінің айрықша белгілерін ата!
5.Сөз тіркесінің түрлерін ата!
6.Сөз тіркесі бола алмайтындар!
7.Олардың бір-бірінен айырмашылығын ата!
8.Синтаксистік қатынастарды ата.
9.Сөздердің байланысу тәсілдерін ата!
10.Сөздердің байланысу түрлерін ата!

Бас бармақ

Слайд
Негізгі бөлім
10 мин

2 мин

10 мин Мағынаны ашу сатысы
«Домино» ойыны

«Ойлан, ізден, тап» (қолдану)
Мақсаты: жаңа тақырыпты жұпта, топта талқылау арқылы түсіну

«Көңілді күн»
Мақсаты: сергіту

«Кім жедел?»
Мақсаты:
Сөз тіркестерін құрастыру
Сөйлем құрастыру
(қолдану)

Оқушылар жасыныған сөзді тауып сабақтың не туралы болатыны жөнінде пікірлеседі. Сабақтың мақсатын анықтайды.
Топтардың жұппен және топпен жұмыс жасауын бақылау
Перфокартамен жұмыс.

Оқушыларға бейнебаян арқылы сергіту сәтін жасату

1- топ.
Еңбектеген …., келер …. жайнаған … , қауқиған …, ербиген …. , алатын …., істейтін …. .
2-топ.
Сөйлер …., масайраған ….айтылар ….,, бітер …. , оқитын …., көретін … , еңкейген ….. .
1-топ
Қара торы, мөлдір су, сурет салды, көзді-ашып жұмғанша.
2-топ
Жетпіс жыл, күннің көзі, жұмған аузын ашпады. Екі топ бірдей тапсырмалармен жұмыс жасайды.
Оқушылар алдымен жұппен, содан кейін топпен жұмыс жасайды. Нәтижесінде екі топ тақырыпты өздігінен түсіне отырып меңгереді, бірлескен шешімге келеді.

Оқушылар бейнебаян әуеніне қосылып билейді, сергіту жаттығуларын жасайды

Оқушылар жұппен, топпен бірлесе жұмыс жасайды, қарама-қарсы топқа толықтырулар енгізуге ұсынады, эксперттер тобы тексереді, нәтижесін әр топ тақтаға жазады

Стакандар

Тамаша!

«Критериалды бағалау» парақшасы

Оқулық

Маркерлер

Бейнебаян

Тапсырма
лар

4 мин «Конверттегі суреттер»
(жинақтау)
Мақсаты: суреттер арқылы тақырыпты қорытындылау Оқушыларға өтілген тақырыпты қорытындылау, жинақтау үшін тапсырма ұсыну Оқушылар конверттегі суреттерге қарап сөз тіркестерін құрайды, жауап беру арқылы білімді қорытындылайды, жинақтайды Стакандар
суреттер маркерлер
Қорытынды
5 мин «Критериал
ды бағалау»
Мақсаты: топтық іс-әрекетте оқушыларды бағалау Топ басшысына «Критериалды бағалау» парақшасы арқылы өз тобының оқушыларын бағалау ұсыну. Топ басшысы әділ түрде өз топ мүшелерінің жұмысына баға береді. «Критериалды бағалау» парақшасы Тапсырма жазылған парақшалар
Үй тапсырмасы Синтаксистен өткенді қайталап келу. «Біз бейбітшілікті сүйеміз» атты шығарма жазып келу. оқулық
«БББ»
Мақсаты: сабақтан алған әсерлерін анықтау Сабақтан алған әсерлерін жазу үшін стикер тарату Стикерлер арқылы сабақтан алған әсерін жазады. «БББ» Кері байланыс
Стикерлер
Сөз тіркесін синтаксис ұғымымен байланыстырып түсінеді, қасиеттерін біледі;
-сөйлем құрауда сөз тіркесін тиімді пайдалана алады, қолданады;
-алған білімді жинақтайды, қорытындылайды;
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқытудағы жаңа технологиялар. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқытуда АКТ-ны қолдану. Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау. Оқытудағы басқару және көшбасшылық. Жас ерекшелігіне сай оқыту. Талантты және дарынды балаларды оқыту
Стратегиялар: «Сен бүгін…» , «Миға шабуыл», «Галерияға саяхат», «2 жұлдыз, 1 тілек», «Миға шабуыл», «Кім жылдам», «Көңілді күн», «Конверттегі ссуреттер», «Бағалау парағы», Кері байланыс «БББ».

Қазақ тілі және әдебиеті
Садвакасова Аруна Кажмухановна, Лексика туралы түсінік

Мақала авторы: Садвакасова Аруна Кажмухановна
Жұмыс орны: С ҚО Уәлиханов ауданы Қулыкөл ауылы КММ Әуезов орта мектебі
Лауазымы: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 09.05.2017

Лексика туралы түсінік

Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы
Қулыкөл ауылы
КММ Әуезов орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Садвакасова Аруна Кажмухановна
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Лексика.
Мақсаттары: Сөз бен мағыналарын айқындап, ұғымдық белгілерін ашу. Жалпы лексика ортақ сөздердің мағыналық құрылысында ұқсастық мен айтулы айырмашылықтарды аңғарта алу.
Күтілетін нәтиже : Сөз бен мағыналарды айқындай алады.Еркін сөйлеп, өз ойларын таза, еркін жеткізе біледі.
Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)
Бағалау: Өзін өзі (ӨӨБ), жұптық (ЖБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)
Деректер: тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары
Әдіс тәсілдер:Кім жылдам, Кім алғыр,Жигсо әдісі, Дебат

Сабақ кезеңдері Уақыт
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Білім

Қызығушылық
тарын ояту 2мин «Кім жылдам»
Сұрақтар слайдта әр топқа Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру
,Слайда үй тасырмасын қайталау ға сұрақтар жасалып, интерактивті тақтада көрсетіледі. Мұғалім берген тапсырманы орындау Слайдта жазылған барлық қайталау сұрақтары мен тапсырмалар интерактиті тақтамен беріліп, әр топ өз білгендерін, білетіндерін сыни тұрғыдан ойлау арқылы нақты дәлелдермен жауап береді АКТ
Түсіну 7мин «Кім алғыр» әдісі
Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы өткен тақырыпты еске түсіруге байланысты бірненше сұрақтар дайындау Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу
Топпен жұмыс жасау ЖТ
ЖЕ
Қолдану 10мин «Лексика » (10 мин) «ЖИГСО әдісі» пайдаланамыз
Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға қысқаша түсіндіру мақсатында осы көрсетілген әдіс бойынша жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту
Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді СТО
Сергіту сәті 1 мин «Балапандар биі» атты жаттығу жасау Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды. АКТ
Талдау 15мин Топпен жұмыс «Дебат» әдісі
Тақырыбы Лескиканың ортақ құрлымы Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында тапсырмалар беріледі.Сұрақтар мен қосымша тапсырмалар жаңа мтақырып бойынша, сабақты қалай түсінгендігін тексеру және жұмыс істеу Берілген тапсырманы уақытылы орындау, топпен тапсырмаларды талқылау, әр топтан оқушыортаға шығып өз ойын және пікірін бүгінгі тақырып бойынша жеткізу, талдау және бағалау, тапсырмаларды орынату
Берілген сұрақтар арқылы топтар бір-біріне сұрақ қою арқылы диалогке түседі.

Жинақтау 5мин Шығармашылық тапсырма
«Тақырыпты былай түсінеміз» (кітап,суретпен жұмыс, жинақтау, бағалау) (5 мин Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тапсырма қағаздарын таратады Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын қағазға жазып береді
Бағалау 2 мин Өзін-өзі бағалау (2 мин)
Бағдарша, бағалау парақшалары Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату Өзін өзі топпн бағалайды
Рефлексия 2 мин Стикерлерді толтыру Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну Ұсынылған стикерді толтыру