Білім берудің негіздері
Альмагамбетова Майра Кадильбековна, ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді жолдары

Мақала авторы: Альмагамбетова Майра Кадильбековна
Жұмыс орны: ММ"Мичурин орта мектебі"
Лауазымы: Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары
Порталға жариялану мерзімі: 20.11.2017

ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді жолдары

І бөлім. Кіріспе.
Мақсаты: іскерлік ойындардың мақсатымен, жүргізілу әдістемесімен, түрлерімен таныстыру. (слайд 1 — 4)
ІІ бөлім. Жұмыс бөлімі
Мақсаты: ұстаздарды топ бойынша бірлескен әрекетке икемдеу, әрбір қатысушының өзінің топ мүшесі екенін сезіндіру.
«ОБЖС-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбындағы іскерлік ойыны
1. Дайындық кезеңі
— Проблемалық топтарға бөлу;
— Эксперт мамандар тобын құру;
— Ойын жайында кеңес беру.
2. Ойынды жүргізу этапы
А) «Миға шабуыл» әдісі.
Педагогикалық жағдаяттарды шешу.
1 топ: Оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. Жетекшінің, мектеп директорының ескертуінен еш нәтиже шықпады. Мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп Сізді кінәлады. Басқа оқушылар сіздің сабағыңызды ұнатады. Әлгі оқушымен қандай жұмыс атқарасыз және қандай шара қолданасыз?
2 топ: Сіз үйге тапсырма бердіңіз. Оқушы үй тапсырмасын реферат түрінде, оқулықтан тыс материалды, ғылыми деректермен жазып келген. Сіз ол деректер жайында білмейсіз. Оқушы жұмысын қалай бағалайсыз? Білмейтініңізді білдірмеу қалу керек.
3 топ: Сіз бүгін қандай да бір жағдаймен сабаққа дайындалмай, жоспарсыз келдіңіз. Сабағыңызға мектеп әкімшілігі немесе басқа мұғалімдер қатысып отыр. Не істейсіз? Жағдаяттан қалай шығасыз?
Б) «Менде бір ой бар…» әдісі.
Проблемалық топтарға тапсырмалар.
1 топ: Мектептегі ОБЖС-ға дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде, көңіліңіз тола ма?
2 топ: Қатемен жұмысты қалай жүргізу тиімді болады деп ойлайсыз?
3 топ: Өзіңізді 11 сынып оқушыларымыз деп есептеңіз. Мұғалімнің тестке дайындық сабақтарын өткізу әдісі сізге ұнай ма? Нәтижелі болу үшін қандай ұсыныс айтар едіңіз?
В) Топ аралық дискуссия. (әрбір топтың тапсырмаларды орындауы, еңбектерін қорғауы)
Г) Эксперт мамандардың жұмысы ( әрбір топтың жауаптарына баға беру, топтың лидерлерін анықтау)
3. Ойынға анализ жасау, талдап, қорыту этапы.
— Жалпылай баға беру;
— Қорытынды жасау;
— Ұсыныстар жасау.
«Электронды мұғалім» моделімен таныстыру. Мақсаты: мұғалім, оқушы өздеріне қажетті мәліметтерде сервер арқылы өз жұмыс компьютерлерінен жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу (слайд 5 — 6)
ІІІ бөлім. Қорытынды бөлім.
«Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі»

 

 

Білім берудің негіздері
Алимова Акгуль Едиресовна, Тәжірибедегі рефлексия

Мақала авторы: Алимова Акгуль Едиресовна
Жұмыс орны: ММ"Мичурин орта мектебі"
Лауазымы: Математика пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 20.11.2017

Тәжірибедегі рефлексия

Мектеп тренерінің  «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы курсынан есеп

«Қазақстан республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жетілдіру қажеттілігінің маңызы арта түсуде. Осыған орай мұғалімдердің тәжірибесін арттыру және қолдау көрсету мақсатында қазақстан республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары бойынша біліктілігін арттырған мұғалімдердің (бұдан әрі – мектеп тренерлері) әлеуетін пайдалану қарастырылған. Осы мақсатта «Педагогикалық шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесі «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірледі».
Міне,осы бағдарлама негізінде мектеп тренері ретінде мектеп мұғалімдері өз курстарын бастап кетті. Курстың мұғалімдер үшін тиімділігі зор. Біріншіден, жаңа бағыттағы бағдарлама идеяларымен жан жақты таныса алады, екіншіден, курс мектепте өткізілетіндіктен, басқа жаққа барып іздеудің қажеті жоқ. Сондықтан мұғалім үшін уақытты ұту жағынан өте тиімді. Курстың өз дәрежесінде өтуі үшін мектеп басшылығы тарапынан қолдау көрсетіліп, жағдай жасалынып отыр. Тыңдаушылар әртүрлі пәннің мұғалімдері болғандықтан, негізгі мақсат мұғалімдерді жаңа әдіс-тәсілдермен таныстыру, тәжірибеде қолдануға үйрету.
Бағдарламаның мақсаты: Педагогика кадрларына оқушылардың шығармашылық, зерттеу, сын тұрғысынан ойлау, логикалық ойлау және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгерту.
Бағдарламаның міндеттері:
1)Мұғалімдердің бойында төмендегідей дағдылардың қалыптасуын қамтамасыз ету:
• оқыту үдерісін жоспарлау;
• оқушыларды оқу үдерісіне тарту;
• АКТ құралдарын тиімді қолдану;
• оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
• оқушыларды тиімді түрде жүйелі бағалау;
• өзінің оқыту үдерісі туралы рефлексия;
2)мұғалімдерді үздіксіз кәсіби дамуға дайындау.
Осы мақсат пен міндетті алдыға қоя отырып, курс өзінің қызықты да қиын жұмысы арқылы мүғалімдердің жүрегіне жол таба білді.
Бекітілген жоспарға сәйкес тыңдаушылар жаңа әдіс-тәсілдерді меңгере отырып, оқушыларды шынайы өмірге дайындаудың маңыздылығына мән бере бастады. Өздері барлық жұмыстарды өз қолдарымен істеп, оқушының орнына өздерін қойды. Сабақ үстінде сырттағы адамдардан интервью алып, кинометофора әдісін қолдану арқылы фильм дайындады. Ал бұл мұғалімдер үшін қызықты әрі тың дүние болды. Сондай-ақ , күнделікті топқа бөлудің ерекшелігі, әртүрлілігі, сергіту минутының өзінің оұушы үшін маңыздылығы, өз жауабын өзі бағалай алуы , топтық жұмыс, жұмыстардың эстетикалық тұрғыдада өзіндңк ерекше болуына мән берілуі, кері байланыстың тиімділігі курстағы әр сессияның ерекшеленуіне үлес қосты. Әріптестерім тарапынан
« бір күн сабақтан қалсақ, талай дүниеден құр қалады екенбіз» деуі осы курсқа берілген баға деп түсінемін. Мен әр мұғалімнің мүмкіндіктерін, қабілеттілігін және өзін-өзі іске асыруын дамыту мақсатында бірінші бетпе-бет кезеңінің 3 апта 3 күні «Тәжірибені түрлендіру. Қуатты педагогикалық құралдар: талантты және дарынды балаларды оқыту» тақырыбын өттім. Сабақтың мақсаты мен одан күтілетін нәтижелері SMART аббревиатурасына сәйкес, Блум таксономиясына сүйеніп, жеңілден күрделіге қарай жүйеленіп құрылды және мақсатты жүзеге асырғанда нәтижені көруге болады. Мақсаты: Мұғалімдерге сыныптағы барлық оқушылардың оқу қажеттіліктерін анықтауда көмек көрсету, талантты және дарынды оқушыларға арналған зерттеу нәтижелерін назарға алу, түсініктерін анықтауды ойластыру, инклюзивтік тәжірибеге сүйенетін тәсілдер ұсыну, оқу бағдарламасы мен оқу стратегияларын «тереңдету»
туралы идеялар енгізу. Таланттылар және дарындылармен жұмыс басталды.
Осыдан күтілетін нәтиже: Қабілеттілігі әртүрлі оқушылар бірлескен тапсырмаларда қолданатын әртүрлі дағдыларды айырып танып, көмектесуге жету үшін дарындылықты анықтау тәсілдеріне көштім.
Аудиторияда жағымды психологиялық ахуал орнату және мұғалімдер бір-біріне сәттілік тілеп, қоян-қолтық араласып, сабаққа белсене қатысуын қамту мақсатында «Сәттілік» тренингін жүргіздім. Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында мұғалімдердің қажеттіліктеріне және мүдделеріне жүгіну арқылы ғана қызығушылығын оятуға болатынын ескеріп, ойландыруды, уәж тудыруды көздеп, АКТ-ы пайдаланып, «Одаренные дети» бейнеүзігін көрсеттім. Осы бейнеүзік мұғалімдерге ой салды ма? Бейнеүзіктен алған ақпараттар мұғалімдердің талантты және дарынды балаларды оқытудағы көзқарастарын жақсы жағына, дамуына қарай өзгертті ма? деп бұл бейнеүзікті таңдау кезінде өте көп ойландым. Мұғалімнің оқып үйренуге деген ынта-ықыласы, ниеті мен зауқы болмаса, оқу нәтижесінің мардымды болуы екіталай. Француз жазушысы Анатоль Франс кезінде «тамақ тек зор тәбетпен ішкенде ғана сіңеді» деген екен. Уәж тудыру немесе қызығушылықты ояту тура осы білімге, үйренуге, білуге деген «тәбет». (Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер, А.Қ.Әлімов, 57 бет). Өзінің кәсіби тұрғыдан дамып, тәжірибесін жетілдіріп отыруды көздейтін мұғалімге бұл бейнеүзік қызықтырып және ой салды деп ойлаймын. Мұндай ой түюдегі себебім, өз құрдастарымен салыстырғанда дамуы, тапсырмаларды орындауы жоғарырақ деңгейдегі мұғалімдерге сонда, сабақ беретін мұғалімнің деңгейі қандай болуы керек? деген сөздерді айтып, өздерінің бұл тұрғыда қай деңгейде екендіктерін саралап, ойланып қалды. Бұл бейнеүзікті дұрыс таңдағаныма қуанып қалдым, өйткені мұғалімдер үйреншікті емес нәрсеге кезіккенде үйренуге ынталы болатындығын байқадым. Сабақтың тақырыбын бірден ашып айтты.
«Бумеранг» тәсілі арқылы сұрақтар құрастырып, өздері осы тәсілдің ережесіне сәйкес жауап берді. Сыни тұрғыдан ойланып, құрастырылған сұрақтар…
Дарынды балалар дегеніміз кімдер? деген сұрақтар төңірегінде қызықты пікірталас өрбіп, ортақ келісімге келіп, дарынды оқушы дегеніміз — бірнеше қабілеттіліктері жоғары деңгейде дамыған оқушылар деп топ болып анықтады. Өз айтқан ойларын Мұғалімдерге арналған Нұсқаулықтың 73 бетінен тауып оқып беріп, жаңа дағдыларын дамытты. Талантты балалар дегеніміз кімдер? сұрағын қойғанда, мұғалімдерден нені естігім келеді? деп ойландым, өйткені бұл дамытуға ынталандыратын және ойландыратын сұрақ болуы керек. Бұл сұрақты болашақта талантты балалардың қандай ерекшеліктері бар? деп мүмкін өзгертуін сұраймын. «Анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алуы үшін орта буын деңгейінде қандай тәсілді қолданады? cұрақ ой салып, талантты және дарынды балаларды оқытуда өзінің жұмыс тәжірибесіне басқа көзқарас қырынан қарағанда ғана шын мәнінде оның жақсы немесе нашар екенін байқай алды. Бұл құнды пікірлер мені қуантты өйткені, мұғалімдердің бұрынғы тәжірибелері көмектесті деп ойладым. Сұрақтарға жауап бере отырып, тақырыптың қай бағытта өрбитінін түсінген олар кейбір назардан тыс қалған мәселелерді аңғарып, бұл іске басқа тұрғыдан қарау қажет екен деген қорытындыға келді. Мұғалімдер мен бүгін дарынды оқушының рөлінде болып, тақырыпты талдасам ертең сабағымда қажет, өз қажеттіліктерімді қанағаттандыратын білім аламын деп қызығушылық танытты. Мен қандай ой түйдім? Түйінді идеялар жауапкершілігімді екі есе арттырып, жүректен шыққан сөздер маған түрткі болды. Мен осы тақырыптың мұғалімдер үшін өзекті екенін, жауапкершілікпен, белсенді жұмыс істеу қажеттілігін сезіндім. Бұл тақырып бойынша мен не білемін? Не білгім келеді? Бұл білім маған қалайша қажет болады? деген сұрақтарға жауап іздеп, кері байланыс жасауды көздедім.
Талантты және дарынды оқушылар туралы Кембридж бағдарламасының түйінді идеясын Н.Теплов «Қабілеттілік сияқты дарындылық та туа бітпейді, ол дамуда өмір сүреді» десе, ал қазақ ғұламасы М.Әлімбаев өзінің ой-толғамында «Талант табиғаттан, талап өзіңнен»,- деп сәйкесінше түйіндейді. (Coogle Chrome браузері, sabaktar.kz, республикалық әдістемелік сайтынан алынды). Дарынды оқушылар тәкаппар, өз қабілеттерін мақтан тұтады және олар басқа оқушыларды менсінбейді деп сыни тұрғыдан ойланатын ой айтты. Дарынды оқушылардың басқа оқушыларды менсінбеу себебін дәлелдеу мақсатында дарынды оқушылар өзі сияқты дарындылармен бірге оқыса, өзін басқалармен салыстырып бағаланады да ол өзгереді деп ойды өрбітті. Дарынды оқушылар қабілеттерінің деңгейлері бірдей оқушылармен жұмыс істесе оң нәтижеге яғни, «таң қаларлық жетілдіруге» алып келеді деді. Ал жай мектепте оларға ерекше көңіл аудару керектігін мойындады. Сонда не істеуіміз керек? деген проблемалық, сыни тұрғыдан ойландыратын сұрақ туындады. Оларға маңызды тапсырмалар беру керек және олардың дарындылығын дамыту үшін қолдау көрсетіп, ойлануларына мәжбүр ететін тапсырмалар беру керек деген пікірталас барысында тамаша тұжырымдар айтылды.
Мұғалiм оқушының талантты немесе дарынды екенін қалай анықтайды? Дарындылықты анықтау мектепте жиі кездесетін мәселелердің бірі. Дарындылықты анықтау үшін «Кластер» тәсілін пайдаландым. Бұл тәсілді пайдаланудағы себебім, өздерінің мектептегі байқағандары мен Кембридж бағдарламасының түйінді идеясын қосып, дарындылық деңгейі мен дәрежесін анықтау туралы қарастыру еді. Дарындылықты анықтауға байланысты күрделі мәселелер көптеген сұрақтарды туындатты. Солардың бірі дарындылықты салыстырмалы түсінік ретінде қарастыруы болды. Мұғалімдер көшбасшылық танытатын оқушыны дарынды оқушыға жатқызатыны, генетикалық факторларға байланыстылығын айтты. Дарынды оқушылардың жетістіктерін анықтайтын тестілерге сүйенгеннен гөрі өз ара араласып, мүмкіндіктері әртүрлі оқушыларды бақылау секілді әдістерді қолдану тиімді екендігі талданып, айтылды. «Кластер» тәсілін пайдалана отырып, өздерінің мектептегі бақылаулары мен Нұсқаулықтағы теорияларды салыстырып талдай отырып, дарынды оқушылардың ерекшеліктерін жіті қарап қорытындылады. «Кластер» тәсілі өз идеялары мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауда осы тапсырманы орындауға арналған өте тиімді тәсіл екендігін байқадым. Мұғалімдер топта осы тәсілмен талдай отырып, дарындылықты анықтаудың жолдарын іздеп тапты.
Топта он бір бастауыш мұғалімдерінің қажетін қанағаттандыру мақсатында талантты және дарынды бастауыш сынып оқушыларына арналған тапсырманы дайындап үйренуі қажет деген оймен «Үш торай» слайдын көрсеттім. Мақсатым: Мұғалімдерді соның ішінде әсіресе, бастауыш сыныптың мұғалімдерін инклюзивтік қағидат негізінде талантты және дарынды аудиал, визуал, кинестетик оқушыларды анықтап осыны ескеріп таныстырылымды жасап, талдап, проблемасын шешуге дағдыландыру, табыс критерийі арқылы бағалау болды. Мұғалімдердің АКТ-ы пайдаланып, іздену сәтінен көрініс.
Оқушылардың ерекшеліктері аудиолар ақпаратты есту мүшесі арқылы қабылдайтынын, визуалдар айналасында жүзеге асып жатқан құбылыстарға терең үңіліп, ақпаратты көздері арқылы қабылдаса, ал кинестетиктер қоршаған ортаны ерекше сезініп, ақпаратты қимыл-қозғалыс арқылы, ал қойылған сұраққа қысқа да, нұсқа жауап беретінін ескерсе білім сапасының артатын түсінді. Үйдің суретін кірпіштен салынғанын визуалдар, ал қасқырдың қулығына қарсы торайдың әрекетіне кинестетиктердің ерекше мән беретінін терең түсініп, дарындыларға тапсырма дайындап және оларды ажыратып, нәтижеге жетті.
Талантты және дарынды балармен жұмыста мұғалімдердің тәжірибе жүзінде білім алуын жетілдірудегі мақсатым, биология пәнінен үлгі ретінде кеңейтілген тапсырма құрастырып, ары қарай өз беттерінше талдау жасату болды. Онда түймедақ гүлінің өмірдегі алатын орнын толық анықтау қажет болды. Мұғалімдер пән бойынша топқа бөлініп, теорияларға сүйеніп, тәжірибе жүзінде өз беттерінше күрделендірілген, кеңейтілген тапсырмаларды дайындады. Мұнда түймедақ гүлінің емдік қасиетін талдап, ол қасиеті барлық адамдарға пайдалы ма? деген проблемалық сұрақтарды талдады. Содан кейін пән бойынша әр топ интернет материалдарын пайдаланып, креативті идеялары бар постерлерді жасады. Мұғалімдер проблема туындатып тіл мамандары «2000 теңге кімге бұйырады?», физиктер дәлелдеу үлгісін көрсететін «Ойлау жылдамдығы», география пәні бойынша «Шығармашылық ойлау» қиындық деңгейі жоғары сұрақтар сияқты әртүрлі тапсырмалар дайындады. Постерді қорғағанда, идеяларын қорытуға келгенде мұғалімдердің ерекшеліктері, бейімділіктері әр түрлі болғанын байқадым. Мұғалімдер күрделендірілген тапсырмаларды дайындағанда оқушылардың жас ерекшеліктеріне де мән берді яғни, өзінің іс-тәжірибесінен дәлелдемелер келтірді. Мұндағы мақсатым, проблема шешкенде бұрынғы білімде білмейтінді анықтау үшін күрделендірілген тапсырмаларды дайындауға дағдыландыру еді. Мұғалімдер осы тапсырмаларды өз постерлерін қорғап, орындай отырып, үнемі өз-өздерін жетілдіріп отырды. «Ересек балалар зейіндерін тиімдірек шоғырландыра алған. Бұл зерттеу біздің селективті зейінімізге еске сақтаудың белсенді сипаты айтарлықтай әсер ететіндігін анықтады. Осындай оқыту нәтижесіндегі қорытынды-тапсырмаларды балалар үшін тартымды, қызықты және оларға сәйкес келетіндей етіп жасау маңызды» (Мұғалімдерге арналған Нұсқаулық, 78 бет).
Мұғалімдерге әр сессияда қолдау көрсетіп, қажетті білімді алғаннан кейін кері байланыс жүргізіп, формативті бағалауды жүзеге асырдым. «Басбармақпен» бағалаған кезде тапсырманың сапалы жерін ажыратып айтты. Байқағаным, кемшілігін тауып, оны сапалы жақсартудың жолдарын айту қиынға соқты. Осы жұмыстың қай жеріне өз үлесіңізді қосар едіңіз дегенде барып, мұғалімдер өзінің түсінігінен туындаған жаңа көзқарастарын айтты. Жақсартудың жолдарын айту үшін, болашақта сыни ойландыратын ауызша дискуссиялар ұйымдастырамын. Мысалы, бастауыш сынып мұғалімдері «Ара мен шыбын» деген тапсырманы түсіндіріп жатқанда, шыбын ара сияқты еңбекқор болуы үшін қалай өзгеруі, не істеуі керек? деп проблемалық сұрақты қойып, пікірталас ұйымдастырамын деді. Біз олардың ойлауларына жетелеу үшін қолдан келгеннің барлығын жасауымыз керек. Бұл айтылған сөз көптеген мұғалімдерге тың ой салды. Формативті бағалауда ең тиімді тәсілдердің бірі — табыс критерийін мұғалімдермен бірігіп құру. Жақында эксперттің жоғары деңгейдегі тәжірибесі маған көп көмегін тигізді. Мен бағалаудың ара жігін өте анық ажыратып алдым. Тағы да мен табыс критерийін барлық топтан жалпы сұрап, олардың айтқанын өзім тақтаға жазатын едім, енді өз ісінің маманы, шебер эксперттің тәжірибелік көмегінің арқасында мен енді бір топқа «жоғарғы деңгей», екінші топқа «орташа деңгей» балының т.с.с. критерийлерін құрастырғызып, талдау кезінде стандартқа сәйкес келсе бірден тақтаға іле беремін. Маған бұл идея өте ұнады, қажетті көмек бергені үшін шексіз алғысымды білдіремін. Әрбір мұғалімнің қалай жұмыс жасағанын анықтауға, жақсартатын жағын айтуға келгенде көпшілігі қиналады. Мұнда себебі, басты сұрақ қалай жұмыс жасап, оқу мазмұнын қандай дәрежеде игергенін бағалау қажет. Сол себепті өздерінің қалай дамығанын білуі үшін оларға бірін-бірі бағалау жұмысын тапсыру орынды деп ойлаймын. Төрт сессияда да жұмысты орындау барысында табыс критерийі бойынша бағалау қажет екен деген тұжырым жасадым. Оқыту үдерісін мақтауға ерекше мән бергенде мұғалімдердің тапсырмаларды орындау қабілеттеріне деген үлкен сенімі артады.
Сабақ жайлы ой-толғанысымды қорытындыласам, болашақта қажетті кері байланысты алу үшін нақтылайтын сұрақтарды көбірек қамтимын. Дарынды балаларды оқыту адам капиталын дамытудың құралы.

Білім берудің негіздері
Алимова Акгуль Едиресовна, Интербелсенді әдістерді сабақта қолдану

Мақала авторы: Алимова Акгуль Едиресовна
Жұмыс орны: ММ "Мичурин орта мектебі"
Лауазымы: Математика пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 08.11.2017

Интербелсенді әдістерді сабақта қолдану

«Мұғалім  өзінің  білімін  үздіксіз  көтеріп  отырғанда  ғана  мұғалім,  оқуды, ізденуді  тоқтатысымен  оның  мұғалімдігі  де жойылады» деп   К.Д .Ушинский айтқандай жаңа форматта сабақ беруге көшуіміз керек. Оны жүзеге асырудың бір жолы ол интербелсенді әдістерді сабаққа қолдану.

Интербелсенді әдістер дегеніміз – қарым-қатынасқа жағдай жасайтын жаңа тәсілдер және оларды сабақта қолдану.
Интербелсенді оқу/оқыту дегеніміз – әрекет көмегімен және әрекет арқылы, яғни әрекет жасай отырып үйрену/үйрету.
Бұл әдіс – “бірлесе үйрену немесе бірлескен әрекеттер” идеясын басты назарда ұстайды.  Яғни: топтық жұмыс және жұптық жұмыс арқылы іске асады.

Интербелсенді әдістерді не үшін қазіргі кезде қолдануымыз маңызды?

Ғалымдардың пікіріне сүйенсек,  бүгінде әр адамға дүние жүзіндегі ең ірі кітапханалардың бірі АҚШ Конгресінің кітапханасының қорына пара-пар ақпарат келеді екен. Ал бұл дегеніміз –130 миллионнан астам  ақпарат бірліктері.

Олар мына төмендегі ақпараттардан беріледі

  • 470 тілде жазылған 30 млн. кітап
  • Бүкіл әлемде шығатын миллионнан астам газет атаулары
  • 58 млн. қолжазбалар
  • 4,8 млн. карталар
  • 12 млн. фотосуреттер
  • 2,7 млн. дыбыс таспалары
  • 500 мың микрофильмдер

Және де  бұл ақпараттар әрбір 4 жылда 25% -ға ескіріп отырады.

Н.Ә.Назарбаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық университетінде “Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына” атты лекциясында  “Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Жаңа тұжырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді, ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі іске асыруы мен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін  ескеруге мүмкіндік береді.

Бұл дегеніміз осы ақпараттарды оқушылар өз-өзін дамытуға, өзінің қабілетін дамытуға жұмсауы керек, оған ықпал ететін мұғалімдер. Ықпал ету дегеніміз- ол сапалы білім беру, сапалы білімді интербелсенді әдістерді қолдану арқылы қол жеткізуімізге мүмкіндік бар.

Интербелсенді әдістерді  қолдануды елбасымыз өзі қолдап, қазіргі кезде кең қолданысқа түскен деңгейлік бағдарламаны игеру арқылы мүмкіндік туады.

Ол дегеніміз 7 модульді  игеру. Олар:

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
  • Оқыту үшін және оқуды бағалау
  • Білім беруде АК технологияларды пайдалану
  • Талантты және дарынды балаларды оқыту
  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту
  • Басқару және көшбасшылық

 

Осы 7 модульдің қай-қайсысын қолдансаң да оны іске асыру үшін интербелсенді әдістерді қолдану керек.

Интербелсенді әдістер түрлері:

  • Кластер (топтау)
  • Инсерт
  • Пирамида құру
  • Т кестесі
  • Синектика
  • Бестармақ, бессаусақ
  • Синквейн (5 жолды өлең)
  • Блум таксономиясы

                  (бағалау үшін)

  • Кубизм
  • Өз таңбаңды жаса
  • Бумеранг
  • Қосжазба күнделік
  • Ментальді карта
  • SWOT талдау
  • ЖИГСО
  • Рефлексиялық эссе
  • Галереяны шарлау
  • Мозайка әдісі
  • Кейін-дейін
  • Төрт сөйлем тәсілі
  • Жарнамалау

Білім берудің негіздері, Әдістемелік қоржын
Сулейменов Бердибек Бейсенович, «Тәжірибедегі рефлексия» — мұғалімдердің кәсіби дамуының игі бастамасы

Мақала авторы: Сулейменов Бердибек Бейсенович
Жұмыс орны: Алматы қаласы Білім басқармасының «№167 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Лауазымы: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Порталға жариялану мерзімі: 03.07.2017

«Тәжірибедегі рефлексия» — мұғалімдердің кәсіби дамуының игі бастамасы

Алматы қаласы Білім басқармасының «№167 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің 2016 жылғы 24 тамыздағы №11-4/372 хатын басшылыққа ала отырып 2016-2017 оқу жылында «Тәжірибедегі рефлексия» білім беру бағдарламасы бойынша деңгейлік курс бағдарламасынан өтпеген мұғалімдер үшін 100 академиялық сағат көлемінде ұйымдастырылған мектепішілік курс аяқталды. Бұл курсты 25 мұғалім оқып, заман талабына сай оқытудың жаңаша технологиялары бойынша кәсіби біліктіліктерін арттырып шықты. Бұл курсты «Мектеп тренері» курсын оқып келген директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сулейменов Бердібек Бейсенұлы өткізді.

«Тәжірибедегі рефлексия» білім беру бағдарламасының мақсаты:                                                     Педагогика кадрларына оқушылардың шығармашылық, зерттеу, сын тұрғысынан ойлау, логикалық ойлау және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгерту.

Яғни, аталған жаңа бағдарлама идеяларын іске асыру мақсатында курс тыңдаушыларына Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жинақталған тәжірибесі, қазақстандық және шетелдік жаңашыл мұғалімдердің үздік педагогикалық тәжірибелері насихатталып, таратылды.

Бағдарлама аясында ұйымдастырылған курста мұғалімдер оқыту үдерісін жоспарлауға, оқушыларды оқу үдерісіне тартуда сындарлы оқытудың 7 модулін және АКТ құралдарын тиімді қолдануға, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға, оқушыларды тиімді түрде жүйелі бағалауға және өздерінің оқыту үдерісі туралы рефлексия жасауға үйренді.

Курстағы өткен барлық тақырыптар мен әдіс-тәсілдердің бәрі яғни,  «Аукцион» әдісі, «Блум таксономиясы», «SMART мақсат», сабақты зерттеудегі «Lesson study» үдерісі, «Сана туннелі», «Ықшамсабақ», «Тимбилдинг» әдісі және «Панельдік дискуссия» маңызды болды. Тыңдаушылар ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларды қалай жасау керектігін үйреніп және әрбір күнделікті жоспарлаған іс-шараларының бәріне әрдайым «SMART мақсат» қойып, соның толық орындалуын үнемі бақылап отырды. Әр сабақ сайын үйренгендерін рефлексивті күнделіктеріне жазумен қатар, өткен белгілі бір тақырып бойынша түсінген ой-тұжырымдарын тірек сызбалар, суреттер арқылы қысқаша параққа түсіріп, ментальды карталар жасады.

Сонымен қатар, бұл курста мұғалімдер сындарлы оқытуда қолданылатын «Кинометафора», «Бейнеталдау», «Рөлдік оын», «Модерация», «Автобус ойыны», «Кейстер әдісін» т.с.с. басқа да әдістердің алгоритмімен танысып, қалай қолдану керектігін үйренді. «Жұлдыздар аллеясына» кезек-кезек шығып өздерін бір сәт жұлдыздарға теңеп, еркін сезініп, барлық жетістіктерімен мақтана отырып, әріптестерімен бөлісті. Топтық жұмыстарға кері байланыс жасай отырып, рефлексия берудің «Бес саусақ», «Бағдаршам», «Екі жұлдыз бір тілек», «Теңгерім дөңгелегі», «Көңіл-күй смайликтері», «Блоб ағашы» сияқты әдістерінің көптеген түрлерін тәжірибелерінде еркін қолдана алды.

Курс барысында ұйымдастырылған сергіту жаттығулары, командалық рухты насихаттаушы «Тимбилдинг» әдісіне байланысты жасалған қызықты жаттығулар және «Сана туннелі» әдісі әріптестер арасында ынтымақтастық атмосферасын мықты қалыптастырып, әрбір мұғалімнің алға қарай ұмтылысына күш беріп отырды.

Бұл бағдарламаның мұғалімдер мен оқушылардың жаңаша өзгеруіне тигізген әсері мол. Мұғалімдер мен оқушылар бойынан көшбасшылық қасиеттердің артқанын көруге болады. Курстарда ұйымдастырылған рухтандырушы «Тимбилдинг» әдісі мен топтық жұмыс арқылы мектепте коллаборативтік орта қалыптасты.

Курс соңында «Тәжірибедегі рефлексия» білім беру бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарға сараптама жасау, жаңа бағдарлама идеясын ұжымға тарату, насихаттау және жаңа бағдарлама аясында мұғалімдердің тәжірибе алмасуын ұйымдастыру мақсатында «Тәжірибедегі рефлексия – жаңа өзгерістерге бетбұрыс» тақырыбында панельдік дискуссия сәтті ұйымдастырылды. Сонымен қатар ықшам сабақ және аукциондар да тиімді ұйымдастырылды.

Курста алған білімдерін мұғалімдер іс-тәжірибелерінде тиімді қолдануда.

Мектебімізде мұғалімдердің іс – тәжірибелерін тарату мақсатында бірнеше рет аудан және қала көлемінде практикалық семинарлар ұйымдастырылды.

8 ақпанда «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5,7-сыныптарына арналған «Жаратылыстану» және «Биология» пәндерінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламаларын жүзеге асыру»  тақырыбында мектебімізде ұйымдастырылған аудандық семинарда биология пәні мұғалімі Ашимова Оля Жаңабайқызы өз тәжірибесін аудан көлемінде таратты. Бұл семинар «Коучинг» әдісі арқылы өткізілді. Ашимова Оля Жаңабайқызы жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары бойынша оқу пәндерінің міндеттері мен оқу мақсаттарының жүйесіне жеке-жеке тоқталып өтті, сонымен қатар ұзақ мерзімді жоспардың құрылымын нақты түсіндіріп шықты. Мұғалімдер топқа бөлініп, әр топ жеке-жеке бөліп алған тақырыптары бойынша кластерлерін қорғап, жаңа бағдарлама бойынша ой-пікірлерін ортаға салды. Рефлексия  арқылы өз түсініктерін берілген парақшаларға жазып, жетістік баспалдағына жапсырды. Коллаборативті орта құру және мұғалімдердің құлшынысын арттыру мақсатында «Тимбилдинг»  жаттығуы ұтымды ұйымдастырылды.

Осы күні жаңартылған мазмұндағы музыка пәнінің авторы, мектебіміздің  мұғалімі Омарова Салиха Касымханқызы жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламаларын түсіндіру әрі талдау мақсатында «Жаңалыққа бастаған-жаңартылған бағдарлама» тақырыбында семинар ұйымдастырып, тәжірибесін қала көлемінде таратты. Бағдарламаға қоса бұл семинарда Омарова Салиха Касымханқызы қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалауға жеке – жеке тоқталып, олардың жүргізілу үдерісін тиімді түсіндіріп шықты.

Бастауыш сынып мұғалімдері Дурумбаева Қарлығаш Мұхтарқызы  №3 педагогикалық кеңесте «Бастауыш сыныпта тұлғаға бағытталған білім берудегі мұғалімнің қызметі» тақырыбындағы әдістемелік баяндамасын оқып, Абжадилова Гулнар Әділқызы №2 әдістемелік кеңесте «Жаңартылған білім беру мазмұны – болашақтағы сапалы білім кепілі» атты баяндамасын оқып, өз іс-тәжірибелерін мектеп ішіне таратты.

Курс соңында мұғалімдер бағдарламаның бір тақырыбын тәжірибелік қызметіне енгізу негіздемесі мен оқыту және оқу  тәжірибесіне  енгізілген өзгерістер тиімділігінің талдауы берілген 2000 сөздік рефлексиялық есеп пен бағдарламаның бір тақырыбын тәжірибесіне енгізгенін көрсететін 250 сөздік түсініктемесі бар 3 сабақтың қысқа мерзімдік жоспарын жасап өткізді.

Бұл бағдарламаның мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына берер әсері шексіз!

Білім берудің негіздері
Жайлаубаева Индира Жубаткановна, Өрлеу өрге жетелейді

Мақала авторы: Жайлаубаева Индира Жубаткановна
Жұмыс орны: Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі
Лауазымы: Қостанай облысы Рудный қаласы
Порталға жариялану мерзімі: 14.06.2017

Өрлеу өрге жетелейді

Жаңашыл мұғалім бүгінгі заман талабы. Соңғы жылдары еліміздің үздіксіз білім беру кеңістігінде озық технологиялар білім сапасын көтерудің нақты нәтижеге бағытталған кепілі болып отырғаны баршаға мәлім. Сондықтан да мұғалімнің маңызды қызметінің қоғам алдындағы жауапкершілігі арта түсті. Осыған орай барлық педагогтердің білім шеңберін кеңейтіп қана қоймай , кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында елімізде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 232 қаулысымен құрылды. Білім орталығының жалпы қызметінің негізгі мақсаты әлемдік және қазақстандық озық тәжірибені енгізу негізінде жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететін педагог кадрлар біліктілігін жүйелі түрде арттыру. Қазіргі таңда білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институт пен 16 облыстық және Астана, Алматы қалалық біліктілікті арттыру институттары Ұлттық орталықтың филиалдары ретінде анықталып жемісті жұмыстар атқаруда.
Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Ұлттық орталықтың филиалдарының бірінен саналады. Облысымыздағы беделді мекеме білім саласына қатысы бар барлық мамандарға өте жақсы таныс. Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты өзіндік даму жолында сан қырлы асуларды бағындырып, биік белестерден өткен болатын.
Ең қызығы біліктілікті арттыру тек Тәуелсіздік жылдардан кейін ғана қолға алынған жоқ . Аталмыш мәселе бұрыннан білім басқармаларының білікті басшыларының күн тәртібінен түскен емес . Сөзіме дәлел, 1937 жылдың қыркүйек айында Қостанай облыстық білім беру бөлімі жанында әдістемелік кабинет құрылып , кейіннен 1948 жылы мұғалімдерді жетілдіру институты қайта ұйымдастырылып өз жұмысын жандандыра түсті. МЖИ-ның тұңғыш директоры И. Г. Гриненко болды.Ол өзіне тапсырылған қызметті бар жан-тәнімен беріліп абыроймен атқарды. Облыс аймағында білім беру қызметкерлерін біліктілікті арттыру жүйесіне орасан зор үлес қосқан директорлар есімі тарихта мәңгіге қалмақ. Олар : П.Н.Рузанов, В.Н.Колесник, Г. Н.Золотухин, Ю. С.Мануйлов, Т.А.Климчук, А.К.Жаркенов, А.Б.Шалгимбеков, Т. С.Ермағамбетов.
МЖИ –ның ынтымағы жарасқан ұжымына Қазақ КСР ағарту Министрлігі мен ағарту, жоғары мектеп және ғылыми мекемелердің қызметкерлерінің кәсіптік одағы орталық комитетінің ауыспалы Қызыл Туы берілді.Мақсатты жолда маңдай термен келген еңбектің өз бағасын алуы заңдылық .
Уақыт өте келе Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты алғашқы құрылған жылдардан өзгеше , өзіндік бағытпен жұмыс жасауда.
2012 жылдың қазан айында – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Қостанай облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» РМҚК-ы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына» қайта ұйымдастырылды . Әйтсе де алға қойған мақсат-міндеттер өз тұғырынан ешбір түскен емес. Бүгінде республикадағы ең таңдаулы филиалдардың бірі.
Жаңашылдыққа жаны құмар білімді басшы Слесарь Марионелла Васильевна басшылық етіп отырған «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту ,тұлғаны тәрбиелеу» мен «Білім беру үрдісін психологиялық –педагогикалық қолдау» кафедралары жұмыс жасап келеді. Сонымен қатар білім берудің мазмұнының сипаты толықтай өзгеруіне байланысты 2013 жылдың наурызында Деңгейлік бағдарламалар орталығы құрылды. Орталық қызметінің мақсаты — деңгейлік бағдарламалар бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруды сапалы ұйымдастыруды қамтамасыздандыру.Біліктілікті жетілдіру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыруды қолға алған институттың өзге мемлекеттік мекемелер сынды өзіндік жұмыс жасау стилі қалыптасқан.
Институт ұжымы көрнекті педагог Ы.Алтынсарин мұрасын насихаттау және ұлт ұстазын ұлықтау мақсатында көптеген айтулы шараларды ұйымдастырды. Сонау 1981 жылдан бастап институт қабырғасында облыстық Алтынсарин педагогикалық оқуларын өткізу игі дәстүрге айналды. Биылғы жылы Ы.Алтынсариннің туғанына 175 жылдығына орай игі шараларды ұйымдастыруды қолға алған. Соның бірі ретінде «Ыбырайдың ізбасарлары» Қостанай облысының педагогикалық қызметкерлері туралы деректер банкінің«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институтының төл сайтында жинақтап орналастырылуы көңілге нұр ұялатады. Облысымыздың бетке ұстар ұлағатты ұстаздарының есімін біліп қана қоймай олардың тынымсыз еңбек жолымен жақынырақ танысу жас мамандар үшін таптырмас рухани азық.
Сонымен қатар үнемі педагогикалық-психологиялық бағыттағы вебинарлар мен конференциялар , марафондар және олимпиадалар т.б іс-шаралар жоғары деңгейде өткізіледі.
Ал, өңіріміздің барлық аймағынан курс тыңдаушылар тренерлердің қызметіне дән риза. Әр дәріс сайын педагог тренерлер оқытудың әдіс-тәсілдерін теориялық түрде меңгертіп қана қоймай, оны тәжірбие барысында көрсетіп заман сұранысына орай жаңашыл білімді меңгертеді.
Әр курстың соңында қатысушылардың барлығы электрондық жүйеде тест тапсырмаларын орындайды.Тест нәтижесі бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификат беріледі. Қатысушылар арасынан 100 пайыз білім дәрежесін көрсеткен үздік тыңдаушылар анықталып сайттың құрмет тақтасына жазылып отырылады.Мұның өзі кез-келген ұстаздың өз мамандығына деген қызығушылығын арттыра түсіп, курстың тақырыбын толық меңгеруге саналы түрде бағыттайды
Курс тыңдаушыларының қатарында өз мамандығының хас шеберлері мен ұстаздық жолға енді ғана аяқ басқан жас мамандар бар. Олар бір-бірімен тәжірбие алмасып, өз білімдерін одан әрі жетілдіре түседі. Өзара тәжірбие алмасу кәсіби шеберлікті шыңдай түсетіні рас.
Сөз соңында өрлеуліктерді кілең кәсібилердің жинақталған командасыдеуге де болады.Болашақта қол жеткізетін жетістіктерінің ұлғая түсетініне сенімдімін.

Жайлаубаева Индира Жұбатқанқызы,
Ы.Алтынсарин атындағы
Рудный әлеуметтік-гуманитарлық
колледжінің арнайы пәндердің оқытушысы.

Білім берудің негіздері
Кудыкенова Жулдыз Маратовна, Білім беруде жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі

Мақала авторы: Кудыкенова Жулдыз Маратовна
Жұмыс орны: Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжі
Лауазымы: қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы
Порталға жариялану мерзімі: 12.06.2017

Білім беруде жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» — деп көрсетілген [1]. Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында білім ордаларында жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың негізгі мақсатын айқындап алуда, яғни «берілген үлгі бойынша өнім алу», оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру.

Қазіргі танда біздің Республикада білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігінде енуге батыл қадамдар жасалынуда. Білім берудің мазмұны жаңарып, оларды технологиялық-педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындауда. Білім беру деңгейіндегі озық технологияларды пайдаланудың мақсатты түрде үйрете жүріп, үйрену.

Білім беру саласында озық технологиялардың енуі оқытушының ойлану стилін, оқтыу әдістемесін өзгертеді. Оқытушының өз пәнін оқытуда озық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – студенттерге білім беру процесінде көмектесу. Оған: оқыту бағдарламалары, оқытуда қолдануға арналған электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары мен тестік, өзіндік жұмыстар ерекше орын алады.

Сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалану студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады.

Педагогикалық ізденіс барысында студенттерді тәрбиелеу мен оқытуда жаңа әдістемелерді қолдануды оқу үрдісіне енгізудің маңызы ерекше.

Сабақтың тиімділігін студенттердің танымдық қызығушылығын арттыру үшін тақырып материалдарын оқып үйренуде, олардың әртүрлі ізденушілік бағыттағы тапсырмаларды орындауларынан байқауға болады. Оқытудың осындай жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануда оқытушы да, студент те табысқа жетіп, білімін шыңдай түседі.

Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде оқыту үрдісінде қолданылатын тәсілдер, принциптер мен айқындаушы жүйе, нақты оқыту процесі ретінде сипатталады. Осыған орай, бүгінгі күні білім беру мекемелері мен педагогика ғылымы алдында білім берудің философиялық негіздеріне, білім жүйесінің стратегиялық бағыттарына, мақсаты мен мазмұнына, оны орындаудың әдіс-тәсілдеріне деген жаңа көзқарастар қалыптасуда.

Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты тұлғаға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болып отыр. Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.

Білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа технологияны жоспарлы түрде енгізіп, жүйелік интегралды өткізу немесе қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі замандағы технология әрбір тұлғаның білім алу үдерісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Дәл осы жаңа технология мен әрбір тұлғаның өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол беретін анық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының бағдарламалануы және өзгермелі бейімделінуі есебінен оқу үдерісінің біртұтастығын сақтай отырып оны дараландыруға мүмкіндік беретін компьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде тұлғаның оқу үдерісінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа білім алу технологиясын түбегейлі өзгертуді тығыз байланыстырады.

Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен сабақтастыруға мүмкiндiк бередi.

Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерi:

– ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;

– бiлiм берудi ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;

– оқу-тәрбие үдерісіне жаңа ақпараттық технологияны енгiзудi қамтамасыз ету бойынша ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүргiзу;

– пәндер бойынша жасақталатын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiлдiру бiлiм берудi басқаруда ақпараттық жүйенi құру;

– бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн бағдарламалық-техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық бағдарламаларды, электрондық оқулықтарды жасақтау;

– педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн көтеру.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі екендігі даусыз. Педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру, қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану, педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.

Әлемдік өркениетке қадам басқан Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени дамудағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім деңгейін, оқыту әдіснамасын жетілдіруде тың ізденістер жасауға мүмкіншілік туғызып отырғандықтан алдыма мынадай мақсаттар қойдым.

– жаңа технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;

– жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;

– жаңа технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;

– бiздiң елiмiздегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;

– мультимедиялық электрондық оқулықтарды пайдалану.

– отандық бiлiм беру жүйелерiн бiртұтас әлемдiк ақпараттық бiлiмдiк кеңiстiкке ену арқылы сабақтастыру және т.б.

Қазір «Ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болу керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазір заман да, қоғам да өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар – өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар.

Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.

ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді.

Компьютер студент үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту болып табылады.

Электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – студенттерге ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі студент мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.

Электрондық оқулықтарды пайдалану студенттердің, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.

Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, студентке оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын студенттердің өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір студентпен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды.

Осылайша жаңа технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.

Бүгінгі орта білім беру ісіне қойылар талаптар қай кездегіден де күрделі маңызды. Өйткені бізді дамудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Сол кезеңге лайық ұлттық санасы жаңғырған жаңа ұрпақ тәрбиелеу міндеті мойынымызда. Барлық кедергілерді жеңу табысқа талпыну өз қолымызда деп білемін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. 2007 ж.
  2. Смирнова С.А. Педагогика: теории, системы, технологии. –М., 2006.
  3. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М., 1989.

 

Білім берудің негіздері
Шаймерденова Гулдер Елтаевна, Дін-тәрбие бастауы (коучинг)

Мақала авторы: Шаймерденова Гулдер Елтаевна
Жұмыс орны: СКО Кызылжарский район с.Пенькова Пеньковская СШ
Лауазымы: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 19.05.2017

Дін-тәрбие бастауы (коучинг)

 

Тақырыбы Дін-тәрбие бастауы
Мақсаты Дін туралы түсінік бере отырып,мейірбандыққа, имандылыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа баулудың және діни теріс бағыттағы діни ағымдар туралы білімдерін дамыту арқылы сана сезімдерін,дүние танымдарын, түсініктерін қалыптастырудың түрлі жолдары туралы талқылап, ортақ көзқарас қалыптастыру.Жат әрекеттердің алдын – алу тәжірибеммен бөлісу.
Күтілетін нәтиже o Діни жат ағымдарға деген көзқарасы өзгереді.
o Жүректеріне мейірімділік ,имандылық сезім ұялайды
o Өзіндік ой –пікір қалыптасады, іс әрекетті шешуде жаңа әдіс –тәсілдерді үйренеді.
Негізгі ой Теріс ағымға жол жоқ. Кедергілерді жеңу
Сыни көз қарас қалыптасады, топта бірлесіп жұмыстанады, іс әрекеттің алдын –алу шараларын табады.
Коучинг-сессияның барысы
Коучтің әрекеті/ уақыты Мұғалімдердің әрекеті Ресурстар
І. Ұйымдастыу:
Танысайық: «Бүгінгі жаңалығым қандай?»,
«Тілек айту» . Коуч бір шарды алып өзінің жағымды жаңалығы мен тілегін айтып бір қатысушыға береді. Ол өз жаңалығын айтады. Қатысушылар аяқталғанша осылай жалғаса береді.
• Мұғалімдердің көңіл- күйі көтеріледі,
ТОПҚА БӨЛУ .Мына жерден фигураларды таңдаңыз, сол фигураға байланысты топтарға бөлінеді.
• : Мұғалімдерде бір – бірінің мінезіне сай топқа бөлінеді.
Әр фигураға сай адамның мінезін айту
1.
Әр топ «Мейрімділік» сөзіне кластер құрайды
-жеке: — жұппен; — топпен; — ұжыммен. Әр топ жұмыстарын қорғайды – 3 мин. Ортақ шешім қабылданып, ортақ постерге түсіріледі.
2.«Дін»бейне фильм көрсетіледі.
Бейнефильмде сіздер нeні бaйқaдыңыздaр? (Әр тoп өз oйын oртaғa caлaды)
Бейнфильмде тамашалағаныңыздай бүгінгі коучингте қандай тақырып қарастырылады деп ойлайсыздар?
Топқа бөліну бойынша тақырыптың маңызын ашу (постер қорғау)
Құрметті әріптестер, міне біз бүгінгі тақырыбымызды тереңірек талдау үшін сіздерге арнайы сауалдар беріп, топтық жұмыс арқылы бірге талқылайтын боламыз. Осы сұрақтарды топта талқылап, постер дайындап, ортаға келіп қорғауыңыз қажет.
1-топ: Діни ағымдардың арбауына түспеу үшін не істеу керек?
2-топ:Діни секталардың іс –әрекеті нені көздейді?
3-топ:Діни экстремизм жіне оның алдын –алу үшін не істеу керек? (7 минут)
3.Жер бетіндегі барлық адамдарды не біріктіреді?

4. Тренинг «Шыбынды өлтір»
Газетпен ұшып жүрген шыбынды өлтіресіз
Ол шыбын емес, шағатын ара болды
Ал енді аяғыңыздың астында шағатын қара құрт
5.Бейне фильм көрсетіледі.
Рефлексия Бүгінгі сессиядан не алдыңыздар?
Қортыныдылау.

— жаттығу жасайды

Тілектерді тілей отырып, топқа бөлінеді;

Сөзді топтастырады

Мұғалімдер өз ойларын айтады
Постерге жазып, қорғайды

Үлестірмелік заттар;




— Постерлер; -Түрлі-түсті маркерлер;
Үлестірмелік карточкалар

— Постер

— Презентация


— Постерлер;
Түрлі-түсті маркерлер;

Білім берудің негіздері
Саймова Фариза Бисембаевна, Оқыту үрдісінде заманауи технологияларды пайдалану арқылы шығармашыл тұлғаны дамыту

Мақала авторы: Саймова Фариза Бисембаевна
Жұмыс орны: БҚО,Орал қаласы, №41 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп-лицейі
Лауазымы: Информатика пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 24.03.2017

Оқыту үрдісінде заманауи технологияларды пайдалану арқылы шығармашыл тұлғаны дамыту

 

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы  тағдырына  басшылық етуді мойнына алған маман. Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым.

Қазіргі таңда оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Заман талабына сай сабақ беру әдіс-тәсілдері де жаңарып, жаңаша технологиялар мен модульдар анықталуда.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «XXI ғасыр — ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасына да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі — қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезең енді. Қоғамды ақпараттандыру экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі. Сол жүктемені орындау, іске асыру мақсатында мен 2015 жылдан бастап «Оқыту үрдісінде заманауи технологиялар мен техника жетістіктерін пайдалану арқылы ой-өрісі дамыған, шығармашыл тұлғаны дамыту» атты тақырыпта жұмыс істеп келемін. Бұл тақырыпты алуымның мақсаты оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуы, ақпараттық коммуникативтік технологияларды меңгерту болды. Осы мақсатқа жету барысында келесі міндеттерді қойдым:

  1. Әр сабақта түрлі жаңа технологияларды тиімді қолдана білу;
  2. Жаңаша оқыту;
  3. Техника жетістіктерін сабақтарда қолдану.

Аталған міндеттерді орындау үшін қазіргі таңда күн өткен сайын пайда болып отырған әр түрлі технологиялармен танысу және жаңа әдіс-тәсілдермен жұмыс істеуге үйрену мақсатында түрлі біліктілік арттыру курстарынан өттім.

Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалды:

  • Уақытты үнемдеу, сабаққа көп уақыт бөлуді үйренді;
  • Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренді;
  • Заманауи тұлға болып қалыптасуына ықпал етті;
  • Жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін жетік меңгерді және оны сабақ барысында тиімді қолдануға дағдыланды.

Жаңаша оқыту – жетістік көзі. Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуы және олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі болып есептеледі. Сондықтан мүмкіндігінше педагогикалық технологияның түрлі тәсілдерін игеріп, оқушыларды өз беттерімен  ақпараттар іздеуге, қосымша материалдарды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен анықтай алуға және заманауы технологияларды тез меңгеруге, олардың мүмкіндіктерімен таныстырамын. Қазіргі таңда сабақтарымда қолданып жүрген педагогикалық технологиялар: жаңа форматта оқыту, сыни тұрғыдан ойлау стратегияларының элементтері, ақпараттық коммуникативтік технологиялар, ойын элементтер, интерактивті оқыту, деңгейлеп оқыту және Smart-оқыту технологиясы т.б.

Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық «жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек. Бiздiң ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер   интер — активтi  деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.

 

Интерактив – ағылшын тiлiнен аударғанда, inter – аралық, бiрнеше, action- әрекет, яғни «өзара әрекет” дегендi бiлдiредi. Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, «интерактивтi” деп атаймыз.

Интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады.

Интерактивті оқытудың мәнісі – кластағы барлық оқушы таным үрдісімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Таным үрдісінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді: әр оқушы өзіне тән еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерімен алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл үрдіс мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады.

Интерактивті әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:

-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;

-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;

-педагогикалық қолдау көрсету.

Smart оқыту – бұл білім берудің жаңа парадигмасы. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер, сонымен қатар Қазақстан да Smart білімін дамытуға назарын аударды.Жаңа Smart-қоғамның моделі бұл заманауи ақпараттық және ұйымдық жүйелер арқылы адамның интеллектуалдық, жоғары технологиялық, жайлы ортасын құру. Қойылғын міндеттерді заманауи технологияларды қолданатын,  жаңа ойларды,  білімді және интеллектуалдық капиталды  түрлендіретін маман шешеді.Мектептерге Smart-білім жүйесін енгізу үшін мұғалімдерді оқыту қажет.Заманауи білім жүйесінің дүниежүзілік жетекшісі, Оңтүстік Корея Республикасындағы Smart-оқыту ұйымы, Smart-оқыту саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру және инновациялық тәжірибесімен танысу. Қазіргі электронды оқытуда қолға алған шараларымыздың басым бөлігі ақпаратты жинау, түгендеуге арналған. Білімімізді көтеруге қатысты тұстары әзірге іске қосылмады деуге болады. Білімді көтеруге арналған механизм – бейнедәріс, жаңа форматтағы оқулық, сарапталған тест тапсырмалары, контент жұмысы жанданғанда ісіміз оңға басады деуімізге болады.

Интерактивті ресурстарды сабағымда кеңінен қолданамын. атап айтқанда: Learningapps.org сайтының көмегімен түрлі тапсырмалар жасап оқушыларға сабақты бекіту кезінде немесе үй тапсырмаларын сұрау мақсатында,  Kahoot.it бағдарламасында тесттік жұмыс орындату үшін қолданамын. Әдістерді қолдану арқылы оқушылардың білімінің тұрақталығы, беріктігін, оқуға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерінің арттыруы, өз-өздерін бағалай алуы мүмкіндіктер туғызды.

Қорыта келе, қазіргі кездегі барлық білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты мақсаты – білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Жалпы осы аталған бағдарламаның: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкесоқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық модульдерін болашақта да барлық өзімнің сабақтарымда қолданып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге тырысамын. Бұл модульдердің сабақтарда тигізетін пайдалары өте көп. Сабақтарымыз үнемі мазмұнды, нәтижелі, мағыналы, жан-жақты, оқушыларға қызықты болсын деп тілеймін.