Әліппе
Кужекова Гульмира, Ә дыбысы мен әрпі

Мақала авторы: Кужекова Гульмира
Жұмыс орны: Маңғыстау облысы ,Мұнайлы ауданы, №3 орта мектеп
Лауазымы: мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 13.01.2018

Ә дыбысы мен әрпі

Пәні: Сауат ашу Сыныбы: 1 «ж»
Тақырыбы: Табиғатқа саяхат . Әә дыбысы мен әрпі.
Мақсаты: Білу: Әә дыбысының дауысты екенін, оның жіңішке екенін білу
Түсіну: Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсіну.
Қолдану:Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту; Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту:
Талдау: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылау.
Жинақтау:Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту. Каллиграфиялық талапқа сай жазу.
Бағалау:Әә дыбысы бойынша алған білімдерін бағалау.
Күтілетін нәтиже Біледі: Әә дыбысының дауысты екенін ,оның жіңішке екенін біледі.
Түсінеді: Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінеді.
Қолданады:Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айтады; Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айтады:
Талдайды: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Жинақтайды :Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айтады. Каллиграфиялық талапқа сай жазады.
Бағалайды:Әә дыбысы бойынша алған білімдерін бағалайды.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Сабақтың құрылымы І.Ақпарат блогы
ІІ.Логикалық тапсырмалар блогы
ІІІ.Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы
ІV.Интеллектуалдық тренинг блогы
V. Күтілетін нәтиже блогы
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
2 минут Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
І.Ақпарат блогы (8 мин)
Жоспар:
1-слайд Шанамен ойнаған балалар. Суретте берілген сөздерді оқиды. (Суреттерімен көрсетіледі.)

2-слайд №1 Оқылым.
Ән сән дән әке Сәкен тәтті дәрі дәрігер тәулік сәуір Дәуір Әсет.
Шана суреті. Мәтінді оқып, талдайды.
3-слайд Жаңылтпашты жаңылмай айту.
Келген малшы
Әрі әнші,
Әрі аңшы.
Әә әрпін ауада жазу.
Дәптермен жұмыс
Сергіту сәті
2 минут Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)
Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)
Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды) Сергіту сәтіне арналған жинақ
ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы . 4 мин
№3 Әріптерден сөз құра. Оларға сәйкес суретті таңда.

ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы . 13 мин
1-деңгей: Cөздерді оқы
1)әке Сәкен тәтті дәрі дәрігер тәулік
2)Түсіп қалған әріпті жазу
С…уір с…н …сет
3)Сөздерді буынға бөл : әтеш Дәурен

ІІ- деңгей
1)Сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Тәтті дән
2) Бізге кім қамқоршы ?

1) Бидай неден өседі?

ІІІ-деңгей:
1) Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай (әтеш)

ІV.Интеллектуалдық тренинг блогы. 10 мин

Көп нүктенің орнына әріп қойып, берілген сөздерді оқиды.
…нші …демі
V. Күтілетін нәтиже блогы. 3 мин
Сынып ішінен ә дыбысы кездесетін заттарды табу
Дәптер, әйнек, т.с.с
Үй тапсырмасы: Бағандағы сөздерді оқу

Қалыптастырушы бағалау
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім

Жаңа қазақ алфавиті, Әліппе
Оскенбаев Алмас Адильбекович, Латын алфавитіне көшудің техникалық аспектілері

Мақала авторы: Оскенбаев Алмас Адильбекович
Жұмыс орны: Зияткерлік технологиялар институты
Лауазымы: профессор
Порталға жариялану мерзімі: 16.11.2017

Латын алфавитіне көшудің техникалық аспектілері

Жаңа алфавитке көшудің техникалық аспектілерін зерттеу мақсатында Зияткерлік технологиялар институтының мамандары апробациялық тәжірибе жүргізу мақсатында https://adisteme.kz порталына мәтінді латын алфавитіне автоматты түрде аударатын бағдарлама жасап, зертханалық жұмыстарын жүргізу үстінде. Кез-келген педагог ұсынылған портал адресіне кіріп, мақаласын жариялап, оны латын әріпіне ауыстыра алады.

Сонымен қатар, техникалық интеграция жұмыстарын жүргізу барысында туындаған мәселелерді шешу әрекеттері келесі тізбекке жинақталды:

  1. Апострофтарды (‘) қолдану тіл мамандары үшін қолайлы шешім. Дегенмен, программалау тілінде апостроф белгісіне көптеген маңызды рольдер жүктелген. Мысалы: Программалау тілдеріде сан-алуан. Осы тілдерді бір-бірімен байланыстыру барысында апостроф белгісі қолданылады. Ал, осы жерге сөз жазатын болсақ, программа бізді түсінбей қалады. Әрине, бұл мәселе программистер күшімен шешіледі. Дегенмен, жоқ жерден жұмыс табылайын деп тұр.
  2. Қазақ тілінде басқа тілдерден келген сөздер аз емес, оларды жазу барысында қолданылатын әріптердің кейбірі жаңа алфавитте қарастырылмаған. Мысалы: автоматты аудармашы бағдарламасын жасау барысында «Ц» әріпін «Ts» осылай жазуға тура келді.
  3. Жаңа алфавитте жуан және жіңішкелік белгілері қысқарып қалған. Бұл әріптерді автоматты аудару бағдарламасына бос орынмен ауыстыратындай етіліп жасалды.

Қосымша мәселелер туындап жатса, тізімге қосып жазып отырамыз. Әзірше мемлекеттің педагогтары мен мамандары ұсынылған портал арқылы өзінің көз-қарастарын комментария ретінде жаза беруді сұраймыз.

Біздің мамандармен жасалған WordPress плагиндері:

  1. Кирилицамен жазылған қазақ веб-сайт мәтінін автоматты түрде жаңа қазақ алфавитіне ауыстыру бағдарламасы — QAZAQLAT плагині.
  2. Қазақша жүктелген жазбалардың ғаламторлық сілтемесін латын әріпіне ауыстыру. Бұл технология қазақ тіліндегі ғаламтор материалдарын қысқа және түсінікті сілтемемен ауыстыруға мүмкіндік береді. QAZLAT плагині.

Сайт жасаған кезде WordPress қолданушыларына қажет болса +77010250020 нөміріне хабарласа алады.