Бүгінгі күннің талабы – қашықтықтан оқыту

Педагогика, Қашықтықтан білім беру
Бүгінгі күннің талабы – қашықтықтан оқыту

Мақала авторы: Изтурганова Айнагул Жоламановна
Жұмыс орны: Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Қызан ауылы Ә.Жангелдин орта мектебі
Лауазымы: Тарих пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 24.04.2020


Қашықтықтан  оқыту  дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта   интернет  ресурстарының   сүйемелдеуімен   өтілетін оқытудың формасы, яғни   интернет   желілерінің   көмегімен   белгілі  бір арақашықтықта оқыту.  Қазіргі   таңда   әлемде болып   жатқан  індеттің таралуына байланысты бұл оқыту түрінің   маңыздылығы  арта  түсті. Себебі   еліміздегі мектептер Covid-19-дың    таралу   қаупіне   байланысты   өз   жұмыстарын  тоқтатып, оқушыларды   қашықтықтан   оқытуға  кірісіп, оқушылар   соңғы  тоқсанның  сабағын  қашықтықтан   оқып жатыр.  Ал қашықтықтан  оқыту   босаңсуға  жол бермейді, өйткені   қазіргі   заманғы   технологиялар оқу   үрдісінің   барлық кезеңдерін    қашықтық     форматқа   көшіруге   толығымен   мүмкіндік береді. Яғни, қашықтықтан   оқыту   карантин   жағдайында   оқу   үрдісін  жалғастыруға мүмкіншілік   туғызып  отыр.

      Қашықтықтан   оқыту- білім    беру   процесінде   компьютерлік    және    телекоммуникацияларға    негізделген    оқытудың   дәстүрлі    және    нақты әдістері, құралы   мен   формасы.  Яғни,  компьютер   мен   интернет    желіні толық қажет   етеді.  Дегенмен, мемлекет   тарапынан   қашықтан   оқытуға   қажетті   шаралар   жасалып,  бақылануда.   Оқушылар   білім   алу   үшін «Балапан», «Ел Арна» телеканалдары, «Daryn. online», «Bilimland.kz»   порталдарының    көмегі  ерекше. Интернет платформасы. Мұны онлайн деп түсінбеу керек. Қазақстандық   «Bilim Media Group»,   «Мектеп онлайн» және «Дарын»   интернет     платформалары   мұғалімдер   мен   оқушыларға  тегін    қызметтерін   ұсынып   отыр. Мұнда   әр   пән   бойынша   бірнеше   мыңнан   аса   видео  сабақтар   орналастырылған. Осы   ресурстарды   пайдаланып, әр   мұғалім   оқушыларға   тиісті  тақырып   бойынша сілтемелер, тапсырмалар   беріп, оқушылармен   кері   байланыс жасайды . Соның нәтижесінде мектеп, оқушы, ата-ана бірлікте жұмыс жасап, қиындықтарды артта қалдырды. Мұғалім   балаларды     қашықтан   оқытуға   бастапқыда   алаңдаушылық   білдірсе, кейін   оқушылар   үшін   бейнесабақтар   түсіріп, АКТ   сауаттылықтарын   арттыруда. Оқушылар    өзіндік    білім   алуға   деген    жауапкершіліктері    артып, өзін-өзі   реттеу     дағдыларын    дамытуда.  Әлбетте, қазір  ақпарат   заманы. Қашықтан    оқытуды     жақсарту   мақсатында  виртуалды    кітапхана, электронды   оқу  құралдары, электронды   карта т.б. енгізуге   болатын   ақпараттық   білім   беру   кеңістігін   кеңейту    керек   деп ойлаймын.

     Әрине,барлық оқу  ордалары  оқушылары   болмаса мектептің сәні бола қоймайтыны белгілі…  Мұғалімі де оқушыларын,білім ордасын сағынды…Бұйырса,  аты жаман індеттен  аман-есен құтылайық!  Сағынысып,қауышар  күндеріміз алдымызда!  Еліміз  аман  болып, жұртымыз тыныш болғай!

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Конкурстар мен олимпиадалар - https://kzu.kz