Болашаққа үміт - жастарға сенім [Русский язык]

Автор статьи : Сауле Ж.
Организация : И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі
Должность : Орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы
Дата : 12.03.2023
Издатель : Гульмира М., Автор
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

Кештің мақсаты: мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін пайдалануға көмектесу; адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжіне абитуриенттер шақыру.

Көрнекілігі:  Слайдтар, бейнероликтер , жарнамалық буклеттер.

Қатысушылар: қаладағы №№ 8, 198,187, 7 мектептерінің 9-11 сынып оқушылары мен жетекшілері, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжін бітіріп, мамандығы бойынша жұмыс жасап жүрген түлектер және колледж басшылығы, оқытушылары мен студенттері.

Кештің бағдарламасы:

  1. Мектептен келген оқушыларды қарсы алу.
  2. Кеш қонақтарын таныстыру.
  3. Музейге саяхат, көрмемен танысу.
  4. Кештің ашылуы.
  5. Бейнеролик «Жастар жылы».
  6. Сұрақ – бізден, жауап – сізден. Оқушылар мен қонақтар арасында сұхбат.
  7. Колледж студенттерінің мектеп оқушыларына студенттік өмір жайлы сөзі.
  8. Жарнамалық бейнеролик.
  9. Қорытынды.

Көрнекілігі:  слайдтар, бейнероликтер , жарнамалық буклеттер.

Өтетін орны: И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің кітапханасы.

Өтетін уақыты: 22.05.2019ж.

Кешті әзірлеп, өткізгендер: Мусурманкулова Г.А., Жапбарова С.Т.

 

Кездесу-fest барысы:

1- ші жүргізуші:

- Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Болашаққа – үміт, жастарға – сенім» атты кездесу-fest-ке қош келдіңіздер! Бугінгі кеш, жастар, сіздерге арналады.

2 – ші жүргізуші:

- Армысыздар, құрметті кештің қонақтары! 90 жылдан астам тарихы бар, мұнай, теміржол, агроөнеркәсіп және политехникалық мамандар дайындайтын И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық жоғары колледжіне қош келдіңіздер!

 1 - ші жүргізуші:

- Еліміздің алғашқы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді».

2 - ші жүргізуші:

- Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін – деген қазақтың Ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың жігерлі сөздері жастарға үлкен құрмет пен сенімді білдіреді. Сондықтан да жастар өзіміздің қоғам, халық алдындағы борышымызды, міндетімізді сезіне білуі қажет. Назарымызды экранға аударайық.

 

Бейнеролик «Жастар жылы».

 

1 - ші жүргізуші:- Тағдырыңды өзгертетін таңдау жасау өте қиын. Әсіресе, мамандық таңдау. Біз бүгін мамандық таңдау туралы сөз қозғайтын боламыз. Мынау нарықтық қарым - қатынас жағдайында өмірге аттағалы отырған жастың көкейінде «Кім болам?» деген сұрақ тұр. Сондықтан да, оқушыларға бағыт - бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін бүгінгі кешімізге ұстаздарды, түлектерімізді, оқып жатқан студенттерімізді, яғни болашақ маман иелерін және елге елеулі, халыққа қалаулы өз ісінің мамандарын шақырып отырмыз. Қонақтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер:

 - И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің түлегі, GT OIL сервис компаниясының қызметкері Акпар Төребек.

- И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің түлегі, «Нұрдаулет» ЖШС механигі Раушанбек Нұрдаулет.

2- ші жүргізуші:

- И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің түлегі, «Қазақавтожол» ЖШС Қызылорда облыстық филиалының байланыс операторы Шыңғысхан Гаухар.

- И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің түлегі, «Қазақстан темір жолы» АҚ Қызылорда Магистральдік жол бөлімшесі филиалының қызметкері Сиятов Мұхаммед-Ханафия.

1- ші жүргізуші:

- И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің түлегі, «Шынар проект» компаниясының проектировщигі Садық Ләйлә және Қызылорда қаласының №8, №198, №187, № 7 орта мектептерінің оқушылары мен мұғалімдері.

- Кешімізді ашуға сөз кезегі И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің директоры, философия ғылымдарының кандидаты Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлына беріледі. 

Музыкалық сәлем.

2 - ші жүргізуші:

- Жастық шақта адам баласы «болашақта кім боламын?» деген сұрақты көп ойлайды. Мамандық таңдауға көптеген факторлар әсер етеді. Біреулер нарық талабына қарай, қай мамандық иесінің айлығы жоғары, соған байланысты таңдайды. Біреулер ата - анасының айтуымен таңдаса, ал кейбіреулер жүрек қалауымен таңдайды.

1- ші жүргізуші:

- Мамандық таңдау оңай шаруа емес. Евгений Александрович Климов - мамандықтар типологиясын құрастырған, еңбек психологиясын зерттеген ғалым. Оның зертеуінше, мамандықтарды келесі қарым-қатынастарға сәйкес топтастыру қажет: «адам – адам», «адам – сандар, белгілер мен тілдер», «адам – табиғат», «адам – техника», «адам – өнер». Егер сіз адамдармен тез тіл тапсаңыз, мұғалім, сатушы, дәрігер сияқты мамандықтар иесі бола аласыз. Егер сіз жүрген жеріңізде есептеп, санағанды ұнатсаңыз, жазу, белгілерге көп көңіл бөлсеңіз, сіз бухгалтер, экономист, химик тәрізді мамандықтардың иесі болуыңыз мүмкін.

2- ші жүргізуші:

Ал егер сіз жануарларды асырап-бағып немесе есік алдына гүл егіп, ағаш өсірумен көп айналыссаңыз, табиғатқа жақын мамандықтар (орманшы, агроном, зоотехник, ветеринар) таңдауыңызға болады. Автомобиль жөндеп, техникамен жұмыс жасағанды ұнатсаңыз, техник-механик, электрик сияқты мамандықтар таңдауыңызға болады. Осындай мамандықтардың иесі болғыңыз келсе, әрине, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжіне келіп, оқуға тапсыруларыңызға болады.

- Ученые считают, что есть пять типов профессий: 1) человек – человек,      2) человек – техника, 3) человек – природа, 4) человек- числа, знаки, языки, 5) человек - искусство. Если у человека есть призвание к работе с людьми, он может выбрать, например, профессии продавца, врача, учителя.

           Если человек любит технику он может стать инженером, трактористом, шофером, летчиком. Экономист, машинистка, программист, лингвист – это профессии типа «человек – числа, знаки, языки».

           Людям, которые любят природу, лучше выбрать профессию агронома, ветеринара, лесника, биолога. А если у человека есть способности к искусству, он может стать музыкантом или артистом, художником или писателем.

Часто у людей бывают способности не к одному типу професий, а к двум или к трем. Например, способности и к математике, и к технике, и к искусству. 

-Ребята, если вы любите природу или технику, если вам нравятся сельскохозяйственные, технические специальности, то вы можете выбрать наш колледж. Двери нашего колледжа всегда открыты для Вас!

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің жарнамалық бейнеролигі.

1- ші жүргізуші:

- Осы ретте сөз кезегін кешімізге келіп отырған маман иелеріне берсек. Әркім өз мамандығы туралы сыр шертсе... Сөз кезегін біздің түлектеріміз мамандарға берейік.

Сұрақ – бізден, жауап – сізден. Оқушылар мен қонақтар арасында сұхбат.

2 - ші жүргізуші:

- Қазір сөз кезегін колледжіміздің студенттеріне берсек. ГР-18о тобының студентері Тасболатов Мұхамеджан, Құрамыс Алихан, АТС-17о тобының студенті Абуталип Нұрбек колледждегі студенттік өмірі жайлы айтып бермек.

Қорытынды сөз. Колледж директорыныің тәжірибе жөніндегі орынбасары Айтенова Мағрипа.

Жүргізушілер: Келесі кездескенше, қош, сау болыңыздар! Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге улкен рахмет! Біздің колледжіміздің есігі сіздерге әрдайым ашық.

Ән «Менің Қазақстаным», колледждің жарнамалық буклеттерін мектеп оқушыларына тарату.