Ұстаздарға және оқушыларға арналған порталдар тізімі

  1. "Clever Quizzes" пән олимпиадалары - http://w.zti.kz/4a623c
  2. Лингвистикалық олимпиадалар - https://wonder.zti.kz
  3. Бастауыш білім беру негіздері бойынша 3 тілдік олимпиадалар - https://kokon.kz
  4. Итальяндық дойбы бойынша киберолимпиадасы - https://doiby.zti.kz
  5. Интеллектуалды шахмат киберолимпиадасы - https://chess.zti.kz
  6. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://kzu.kz
  7. Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар мен курстар - https://ukz.kz
  8. Зияткерлік сайыстар, конференциялар мен олимпиадалар – https://tarim.kz
  9. Мұғалімдерге арналған әдістемелік журнал - https://adisteme.kz
  10. Республикалық қашықтық олимпиадалары – https://clever.zti.kz
  11. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://talimger.kz

Ескерту: Мақала сапасы туралы ақпараттарды, сертификат, анықтама және журналға тапсырыс беру батырмаларын мақала авторы немесе журнал тілшісі ғана көре алады.

Блум таксономиясы

Бастауыш білім негіздері
Блум таксономиясы

Мақала авторы: Даукараева Жамила Базарбаевна
Жұмыс орны: "Тобанияз атындағы орта мектеп"ММ
Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 17.01.2017
Журнал қорына жариялаған: Ж.


Сабақ жоспарын Блум таксономиясын басшылыққа ала отырып, әдіс – тәсілдерді тиімді пайдаланудың  маңыздылығы

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тəрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, ұстазға жүктелетін жүк ауыр»  деген болатын.  Қазіргі таңда мектептегі білім жүйесін реформалаудың басты мақсаты – білімді игеруде күтілетін нәтижелерге қол жеткізу. Мұнда басты назар мұғалімнен жеке тұлғаға ауысады. Бұл мезетте тұлға өзінің өмірлік проблемаларын тиімді және рухани тұрғыдан шеше білетіндей өмір сүре алуды үйренуге міндеттеледі. Жеке тұлға жаңа талап бойынша өздігімен білім алушы , үйрене білуші ретінде танылады . Сондықтан жеке тұлғаны осы рөлдерді атқаруға лайықтау үшін оның жаңа бейнесін заман талабына сай дайындауымыз қажет . Мен алғаш 3 ай (базалық) деңгейлік  курсын оқып келгенде әлі де түсінігім аз болды.Әдіс-тәсілдерді сабақ құрылымында қалай қолдану керектігін білмедім. Орта,қысқа мерзімді жасақтау жолдары да қиындық әкелді.

Бірақ  аудан білім үйлестіру бөлімінің  ұйымдастыруымен  құрылған  серіктес  қауымдастық мектептерінде өткізілген семинар сабақтарға қатысу арқылы,  сабақ барысында  әдіс-тәсілдерді пайдаланудың  тиімділігі  жөнінде  түсінігім  кеңейді. Кембриждік оқытудың негізгі мақсаттарын түсіне бастадым. Қазір өз сабақтарымда әдіс-тәсілдерді еркін қолданамын. Соның айғағы ретінде өзімнің бір сабағымды талдап көрсеткелі отырмын.

3-сынып  дүниетану пәнінен  « Жануарлардың көптүрліліг»  тақырыбында  өткізген сабағым. Бұл сабағым  Блум таксономиясы  бойынша құрылды. Жалпы сабақтың  құрылымы осы Блум таксономиясымен  құрған  ыңғайлы  екен. Осы әдіс арқылы сабақ жоспарын жасақтай отырып, қалған барлық әдіс-тәсілдерді салуға болады. Сабағымда  Ойлаудың  6  қалпағы , семантикалық карта, топтастыру әдістері пайдаланылды. Сабақ  басында  оқушылар   бір-біріне  сәттілік тіледі.  Сыныпты  бастарына  киіп   отыратындай    етіп жасалған    6 түсті   қалпақ бойынша «Сүтқоректілер» , «Құстар» , «Бауырымен жорғалаушылар», «Жыртқыштар» , » Жәндіктер «, «Балықтар» атты  6 топқа бөлінді.  Жалпы сабақ  жұптық жұмыс ретінде жүрді. Жұптық жұмысты көп жүргізу оқушылардың өзін көрсетуге  мүмкіндік беретініне көз жеткіздім. Сабақтан қалыс қалатын оқушы болмайды. Біріге жұмыс жасап, жобаларында  біріге қорғайды. Сыныпта  ынтымақтастық  құруда да үлкен рөл атқарады.

Бірінші  «Білу»   бөлімінде  көбіне  үй тапсырмасы пысықталады, білімдерін тиянақтап алады.Мен  «Африка» тренажері арқылы  оқушылардың  білімдерін  пысықтап алдым. Тест соңында  би билеп  бүгінгі сабаққа деген  қызығушылықтарын арттырды.

Екінші  «Түсіну» бөлімінде  оқушылар  өз  топтарының  тақырыптары  бойынша  білімдерін топтастырып,  постер құрып, жұмыстарын   қорғады .Үйге  осы жануарлар туралы ізденіп келуге берілген, сол бойынша өздері жазып шықты. Жұмыстары толықтырылды.

Үшінші » Қолдану» бөлімінде  әр  топ  өздерінің  табиғатқа  келтіретін пайдалары  туралы айтты .

Төртінші » Талдау» бөлімінде  жұптық   жұмыс  «Ойлан, талқыла » әдісі бойынша ойлаудың  6 қалпағы әдісі бойынша жұмыстанды. Әр топқа тапсырма берілді.

1.Ақ  қалпақ:

Жануарлардың  табиғатқа бейімділігі туралы  мағлұмат келтіреді

  1. Сары қалпақ

Жануарлардың  табиғатқа келтірер пайдасы туралы баяндайды

  1. Қара қалпақ

Жануарлардың табиғатқа  тигізер зияны туралы  мағлұмат береді

  1. Қызыл қалпақ

Жануарларды  қалай қорғауға алуға болатыны туралы идеялар айтады.

5.Жасыл қалпақ

Жануарлар  туралы  қызықты мағлұмат келтіреді

  1. Көк қалпақ

Әр топтың  жұмыстарына талдау жасап,толықтырады.

Бесінші  «Жинақтау» бөлімінде   оқушыларға жеке сұрақтар берілді.Оқушылар жылдам жауап беруі керек.

Алтыншы » Бағалау» бөлімінде  әр топбасшылары  суырылған  қағаздардағы берілген тапсырмалар бойынша жан-жануар туралы  ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтел, ырым, өлеңдерден мысалдар келтірді.

Рефлекция бөлімінде алты қалпақ бойынша өз  көңіл-күйлерін білдірді.

Рефлекция  жаздыру оқушылардың  есте сақтау  қабілетін,  тіл байлығын,сауатты жазуын  дамытады. Қызыға жазады.

Әр оқушы  көшбасшы болуға ұмтылады. Әр топтың  жұмысын талдау олар үшін қызғылықты. Сол талдату арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениеті артады. Жалпы келесі өтетін  жаңа тақырып бойынша ізденіп,дайындалып келуді үйге беріп, сабақ барысында оқушылардың ізденуі мен кітап бойынша сабақ барысында талқылап,мұғалім толықтыруы керек , әрі сол сабақта тақырыпты тиянақтап,меңгертіп,  үйге қайтадан келесі тақырыпты берген тиімді деп ойлаймын. Оқушы жаңа  дүниені білуге,оның құпиясын ашуға өте құмар. Жаңа тақырыпты да солай ізденіп келеді. Өздері ізденген,тапқан тапсырмаларын есте жақсы сақтайды.

Ұстаздарға және оқушыларға арналған порталдар тізімі

  1. "Clever Quizzes" пән олимпиадалары - http://w.zti.kz/4a623c
  2. Лингвистикалық олимпиадалар - https://wonder.zti.kz
  3. Бастауыш білім беру негіздері бойынша 3 тілдік олимпиадалар - https://kokon.kz
  4. Итальяндық дойбы бойынша киберолимпиадасы - https://doiby.zti.kz
  5. Интеллектуалды шахмат киберолимпиадасы - https://chess.zti.kz
  6. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://kzu.kz
  7. Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар мен курстар - https://ukz.kz
  8. Зияткерлік сайыстар, конференциялар мен олимпиадалар – https://tarim.kz
  9. Мұғалімдерге арналған әдістемелік журнал - https://adisteme.kz
  10. Республикалық қашықтық олимпиадалары – https://clever.zti.kz
  11. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://talimger.kz