Біздің ауыл тамаша!

Тәрбие сағаты
Біздің ауыл тамаша!

Мақала авторы: Садуова Зауреш Сапарбековна
Жұмыс орны: Сарыкемер орта мектебі
Лауазымы: орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 15.03.2016


Сыныптан тыс сағаты 5 «Б» сынып Сынып жетекшісі: Садуова З.С
Тақырыбы : «Біздің ауыл тамаша !»
Ұлыстын ұлы күні Наурыз мейрамына арналған сыныптан тыс сағаты
Сабаққа қатысатын : ата-аналар мен оқушылар
Сабақ түрі: Сайыс
Көрнекілер: Сахна,киіз үй салынған плакаттар , суреттер, ауыл аты жазылған плакат, кілем ,көрпешелер,дастархан,қоржын т.б
Мақсаты:
Оқушылардың Қазақстан халықтарының салт- дәстүрлеріне қызығушылықтарын дамыту, Отанына сүйіспеншілік сезімдерін ояту, ата-аналармен балалардың тығыз байланысуы .
(Қосымша 1. ) Наурыз (клип ) Роза Рымбаеваның әні орындалады
— Армысыздар, құрметті қонақтар! Бүгін біз келе жатқан Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамын тойлағалы отырмыз. Наурыз — бұл тек көктемнің ғана емес, ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы кұні адамдар бір-біріне деген өкпе- реніштерін ұмытып, кешірімге келіп татуласып, табысқан.
Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі,
Алаштың баласына нәсіп болған,
Кұтты болсын келе жатқан НАУРЫЗ мерекесі!
— Наурыз — барша қазақстандықтардың ортақ той думаны. Наурыз — достық пен еркіндіктің мерекесі. Наурыз — қаңкылдап қаздар келетің, қырларда қызғалдақ бүршік атып, Табиғат — Ана гүл көрпеге оранатын көктем айы. Мал бағуды кәсіп еткен ата-бабаларымыздың қорада қойы қоздап,түйесі боздап, бір малы екеу болып, аузы аққа тиіп, мол ырысқа кенелетін, қыс қыспағынан арқасы кеңіп, арқа-жарқа, мәз-мейрам шаттыққа бөленетін шақ.
— Сіздерді Қазақстан Республикасынын Президенті ,Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Наурыз мерекесімен құттықтап тілегін жіберді. Видео
(Қосымша 2)
-Бүгінгі «Біздің ауыл тамаша»атты сайысымыз кележатқан ұлыстын ұлы күні Наурыз мейрамына арналады
Сол сайысқа қатысатың 5«Б» сынып оқушылары мен қадірменді ата-аналар ортаға келіп түр . Біз барлық сайыскерлерді төрт кіші ауылға бөлдік. Осы сахнада олар өзінің өнерлерің тамаша қылады: Сонымен ортаға сайыскерлерімізды шақырамыз.
Осында сайыстын шешуін реттейтін қазылар алқасымен таныс болыңыздар
Алдарыңызда Сарыкемер орта мектебінің ………………….
1.
2
Сайыстың шарттарымет таныстыру
Сайыс 4 кезеңнен түрады:
1. Таныстыру
2. Викториналық сұрақтар
3. Салт-дәстүрді көрсету
4. Ойын түрі
1. Кезең Ортаға таныстыруға ауылды шақырамыз 5 ұпай оған қоса ( Таныстыру ерекшелігіне қосылады , сахналық көрінісі бойынша 3 ұпай)
1 Сарыкемер ауылы
2 Үшбұлақ ауылы
3 Бәйтерек ауылы
Бірінші боп Сарыкемер ауылы ортаға шықты
-Ассалаумағалейкум,жол болсын , достым! Ия,қайда бет алдын?
— Ей,мен Сарыкемер ауылына бет алдым? Ол жерде сұлу қыздар көп –дейді, тағы да,той болып жатыр -деп естідім.
— Онда мен де саған қосылайын,жолда серік керек кой?
Жарайды,маған да жақсы,құдай қонақ –деп барайық
-Па,шіркін,бұл ауыл расында да көрікті екен
Алдарынан жамағат шығып,қырсы алады да танысады
2 Таныстыру Үшбұлақ ауылы
-Ей,Сәкен,жол болсын,соншама қайда асығып шауып барасын домбырамен?
-Мына Астана аыулында айдай сұлу, керемет айтыскер қыз бар –деп естідім,соған барып,айтысқа шақырмақшымын
— Бәрекелді, айтыста женетінді сенемін! Отырған адамдармен келіп танысады .Таныстыру
3. Бәйтерек ауылының танысуы
-Саламатсыздар ма! Біз сапардағы кісілер,жолда көлігіміз бізіліп,осы жақын маңдағы ауылға бет бұрдық. Бұл қай ауыл?
-Бәрекелді, саламатсыздар ма!
-Түнде жападан -жадғыз қалғанша, біздің ауылға келгендерінізге дұрыс жасапсындар,төрлетініздер! Таныстыру
2 Кезең Викториналық сұрақтар
Қоржыннан бір конвер алады, оның ішінде 3 сұрақ бар (әр сұраққа 5 ұпай)
3 Кезең Салт-дәстур туралы не білесіз? 5 ұпай ( егер оны қорсетсе тағы 5 ұпай қосылады )
Қоржыннаң бір салт-дәстүрге байланысты тапсырма алады, соны көрсетіп,мәлімет береді
4. Кезең Кім жылдам ?Әр ауылдан кез-келген 1қыз бала , 1 ұл бала ортаға шығып тапсырманы орындайды
Ер балаларға тиын көтеру
Шарты : жерде орамалға тиын салынады,бала оны еңкейып аузымен алу керек.
Қыздарға тез арада жіпке моншақ салу,барлығына бірдей моншақ беріледі
Шарты : 3 мин. тез арада ерекше етіп, әр түсті моншақтарды қолданып ,тусірмей бітіру). Әр жылдам балаға 5 ұпай ( көркем жасалған жағынан 2 ұпай қосылады
Сөз кезегі қазылар алқасына беріледі
Осы сайысқа қатысқан баршанызға алғыс білдіре отырып ,
салауатты өмірдің салтанаты, күн мен теңелген, баршаға арман мен адалдық, құштарлық пен сұлулық ,тазалық пен татулық сыйлаған кележатқан НАУРЫЗ мейрамы кұтты болсын-демекшімын! Дендеріңізге амандық-саулык, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ тілейміз! Келесі кездескенше сау саламат болыныздар!
Шашу шашады Ұлыс оң болсын,Ақ мол болсын,
Қайда барсақ, жол болсын! Ұлыс бақты болсын,Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын,
Қайғы-уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Конкурстар мен олимпиадалар - https://kzu.kz