Ұстаздарға және оқушыларға арналған порталдар тізімі

  1. "Clever Quizzes" пән олимпиадалары - http://w.zti.kz/4a623c
  2. Лингвистикалық олимпиадалар - https://wonder.zti.kz
  3. Бастауыш білім беру негіздері бойынша 3 тілдік олимпиадалар - https://kokon.kz
  4. Итальяндық дойбы бойынша киберолимпиадасы - https://doiby.zti.kz
  5. Интеллектуалды шахмат киберолимпиадасы - https://chess.zti.kz
  6. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://kzu.kz
  7. Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар мен курстар - https://ukz.kz
  8. Зияткерлік сайыстар, конференциялар мен олимпиадалар – https://tarim.kz
  9. Мұғалімдерге арналған әдістемелік журнал - https://adisteme.kz
  10. Республикалық қашықтық олимпиадалары – https://clever.zti.kz
  11. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://talimger.kz

Ескерту: Мақала сапасы туралы ақпараттарды, сертификат, анықтама және журналға тапсырыс беру батырмаларын мақала авторы немесе журнал тілшісі ғана көре алады.

Бауырмалдық және кең пейілділік

Өзін-өзі тану
Бауырмалдық және кең пейілділік

Мақала авторы: Нұртаза Жанар Тиыштыққызы
Жұмыс орны: Қызлорда облысы, Шиелі ауданы № 244 Ы. Жақаев атындағы орта мектеп
Лауазымы: Мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 05.02.2017
Журнал қорына жариялаған: Н.


6 ә, б сынып «Өзін өзі тану» пәні.

 

Сабақтың тақырыбы:   Бауырмалдық және кең пейілділік

Мақсаты:   Оқушыларға кең пейілділік, бауырмалдық сияқты. Адамгершілік құндылықтар туралы түсінік беріп, олардың бойындағы мейірімділік, қамқорлық сезімдерін дамыту;

Міндеттері: –     оқушыларға кең пейілділік, бауырмалдық ұғымдары туралы түсінік беру;

  • Оқушылардың айналасындағыларға түсіністікпен қарап, олардың қамқорлық сезімдерін дамытуға ықпал ету;
  • Оқушыларды көпшіл, қамқор болуға тәрбиелеу;

 

Көрнекіліктер: нақыл сөздер, гүлдер; аудио, видороликтер

Шаттық шеңбері:  –  Балалар, бәріміз ортаға шығып

« жылылық шеңберін құрайық»

Жұлдыз болып тұрайық  жылы жүзбен

Орта толсын  қуаныш, нұр іздеген.

Мейірімді, жанымыз, жүрегіміз

Сезінсін жылылықты мына бізден.

Мұғалім сөзі;

Өзіңнің сүйікті оқушыларыңды «Өзін өзі тану» сабақтарында көрген қандай жақсы. Осындай мейірімді, ақылды,  өмірге құштар балаларды  көргеніме қуаныштымын. Сендермен бірге болғаныма  мен ғана емес, шуақты күнде қуанып түрғандай . ендеше бізде бір-бірімзге күлімсіреп  алақандарымыздың   жылуын  байқап  отырып, сәлем берейік! Бүгінгі күніміз көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін өзімізге және қонақтарға жақсылық, көтеріңкі көңіл-күй тілейік.

Саламатсыздарма құрметті ұстаздар!

Сәлемет пе арайлы  алтын күн

Сәлемет пе  толған ай

Сәлемет пе күлімдеген  мен

Сәлемет пе  ақылшым сен

Сәлемет пе шуақ шашқан ол

Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!

 

Міне, тамаша! Ал, енді мен сендерді көтеріңкі көңілмен Арман Дүйсеновтың орындауындағы (бауырым )әнді тыңдап би-билеуге шақырамын.

Жақсы балалар өте керемет билейді екенсіңдер. Енді орындарыңа ыңғайланып отыруға шақырамын. Көздеріңді жұма қойыңдар.

                                               Тыныштық  сәті

Әуен ойналады.

Мен әуенді қосқан кезде бәріміз жүрегіміздегі әлемге аттанамыз (тыныс алу). Біздің жүрегімізде кішкентай  адам өмір сүреді. Оның аты да дәл сендердікіндей. Қолдарыңды жүректеріңнің тұсына қойып, оның қалай соғып тұрғанын  сезіңдерші (тыныс алу) Ол біздің жүрегіміздің ішіндегі кішкентай адам ғой. Оған  өздеріңнің күлкілеріңді сыйлаңдар. Жүрегіміз бізге тек ақылдар мен жақсы сөздер айтатын болады. Себебі оны тек біз өзіміз ғана ести алатын боламыз. Жүректеріңе іштей рахмет айтыңдар. Ол сендердің ризашылық сөздеріңді  естісін. Сездіңдер ме, ол одан да бетер қатты соғып кетті. Олар бізді, естігенін білдіріп жатыр. Осы сәтті естеріңе  сақтаңдар.

Енді көздеріңді аша қойыңдар. Қолдарыңды жоғары, содан кейін екі жаққа созыңдар. Терең дем алыңдар.

Міне, тамаша.

Әңгімелесейік :      Ойланайық, пікірлесейік айдары.

Балалар, бүгін сендермен «Бауырмал, бауырмалдық, кең пейілділік жайлы әңгіме қозғаймыз.

Бауырмадық сөзін кім қалай түсініп отыр екен?

Синонимдерін кім айтады?

Қарастырылып отырған сөздердің антонимдерін кім айтады?

Бауырмал, кеңпейіл, туысшыл, көпшіл

Тасбауыр, қатыгез, менмен

Жақсы балалар! Енді біз бәріміз бауырмалдық дегенді қалай түсінесіңдер  екен, ақ параққа өз ойларыңды  қаламмен түсіріп  көрейікші. (балалардың жауаптары).

Оқу ақпараты.                      Қазақ  отбасында ата-бабаларының   салтында ата-бабаларының салтын  сақтай отырып, балаларына тәлім-тәрбие берген. Қазірде осы дәстүрдің  негізі сақталған. Содан барып  үлкен  мен   кіші  арасында, ұжымда, сыныпта, отбасында, туыстар, құрдастар арасында  жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол  әдетке  айналып, бауырмалыдық ережесін тудырған.

 

 

 

 

 

 

Келісім     .                                                       сыйластық.                                        .  қамқорлық

 

 

Бауырмалдық ереже                  .Кішіпейілділік

Адалдық кең пейілділік.

.     мейірімділік

Достық.                       жылулық.

 

Адамдардың бір-бірін жақсы көруі, мейірімділігі, жанашырлығы , қамқорлығы-бауырмалдықты білдіреді.

Ол – адамдардың туыстық негізінде ғана емес, жалпы адами қасиет ретінде  өзге жұрттарды бауырына тарту оларды жақын санап, қамқорлық көрсету, жатсынбау көпшіл болудан көрінеді.

Мәтінмен жұмыс.          Адамдардың жан жылуы, мейірбандығы мен  бауырмалдығын көрсету мақсатында өз шығармашылығымнан  «Ағайынды қос жігіт»  өлеңін нақышына келтіріп оқимын. (жәй музыка әуені ойналады)

 

 

«Сәт» триосының әні тыңдалады.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Жүректен жүрекке.

Сабақ соңында  тағы бір  өте  мағызды жайтты айтқым кеп тұр. «Өзін-өзі тану әлемінде» – тек біздің жүректеріміз ғана сөйлесе алатын бір ғажайып жер бар. Ол туралы білгілерің келе ме?

 

Айқара ашып жүректі

Ыстық лебіз, тілекті

Айтам  саған жан досым

Бауырмалдық саған ән болсын

Ол жерге бару үшін «жүректен –  жүрекке» шеңберін құрумыз керек. Шеңберіміз керемет, жылуды өте мол. Ендеше бәріміз тату-тәтті өмір-сүру үшін бір-бірімізге жүрек түкпіріндегі  мейірімділікті гүл шоқтарын ұсынып, би-билеумен  бір-бірімізге қуаныш  сыйлап білдірейік.

«Біздің кішкентай бауырларымыз» әні тыңдалады

 

Ұстаздарға және оқушыларға арналған порталдар тізімі

  1. "Clever Quizzes" пән олимпиадалары - http://w.zti.kz/4a623c
  2. Лингвистикалық олимпиадалар - https://wonder.zti.kz
  3. Бастауыш білім беру негіздері бойынша 3 тілдік олимпиадалар - https://kokon.kz
  4. Итальяндық дойбы бойынша киберолимпиадасы - https://doiby.zti.kz
  5. Интеллектуалды шахмат киберолимпиадасы - https://chess.zti.kz
  6. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://kzu.kz
  7. Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар мен курстар - https://ukz.kz
  8. Зияткерлік сайыстар, конференциялар мен олимпиадалар – https://tarim.kz
  9. Мұғалімдерге арналған әдістемелік журнал - https://adisteme.kz
  10. Республикалық қашықтық олимпиадалары – https://clever.zti.kz
  11. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://talimger.kz