Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытудың әдістері [Английский язык]
Кілт сөздер: ерте жастан оқыту, заманауи ақпараттық технологиялар, қарым-қатынас, ойындар, жаңа әдіс-тәсілдер
Қазіргі шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты бүгінгі заманғы психологтар мен педагогтардың іс-әрекетті орындау сапасы мен оның нәтижелілігінің көрінісі. (И. А. Зимняя)
Неліктен ағылшын тілін ерте жастан үйрену керек? деген сұрақ туындауы мүмкін. Себебі бастауыш сыныптағы оқушылардың қабылдау және есте сақтау қасиеттері, ынталары жоғары болып келеді. Олар ағылшын тілінде оқығысы және түсінгісі, сөйлегісі келіп тұрады.
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде коммуникативтік қарым-қатынас жасай алу негіздерін дамытады. Сондай-ақ, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден бірнеше тілде сөйлеу қабілетіне жол ашады.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың жетекші оқу әрекеті арқылы теориялық ойлау және әрекеттің ішкі жоспары қалыптасады. Осы жас кезеңінің соңына қарай шындыққа теориялық, когнитивтік қатынас танытатын, танымдық міндеттерді шешетін, ең болмағанда белгіліден белгісізді ажырата алатын жеке оқу әрекеті қалыптасуы тиіс.
Алдымен оқушының ағылшын тіліне сүйіспеншілігін ояту үшін жақсы әрі қызықты оқулық болу қажет. Қазіргі таңда оқулықтар өте көп, мысалға Eyes Open, Макмилан және Кембридж баспасынан шыққан оқулықтар қолданылуда. Оқулықтарда тек мәтін, әңгімелер болып қана қоймай, суреттер, ойындар, дискілер болуы дұрысырақ. Ең басты назар алдымен ауызша оқуға аударылуы жөн, бірақ кейіннен тек оқушылардың жазу және оқу дағдыларын қалыптастырып шектеліп қалмай, сонымен бірге осы жастарғы балаларда түсіну, тыңдау,саралау қабілеттері көру арқылы жүзеге асады. Ал, оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру барысында диалог, монолог т.с.с., әндер және рөлдік ойындар секілді іс-әрекеттер жатады. Мысалы, жаңа тақырыптарды меңгеру барысында көптеген сөздерді карточкалар ,суреттер, ребус, жұмбақтар арқылы үйретуге болады.
Мұғалімнің заманауи технологияларды пайдалана алуы өте маңызды. Атап айтсақ, сабақта интерактивті тақтаны қолдану, бұл оқушылардың қызығушылығын арттырады (басты назар ашық түсте және дизайнда болуы керек). Видео-сабақтар арқылы баланың тыңдап-түсіну қабілеті жетіледі.
Қазіргі таңда көптеген әдіс-тәсілдерді педагогтар меңгеруде. Соның ішінде сабақты қорытындылауға арналған рефлексиялық ойындар (көңіл күй арқылы, «Бағдаршам», «Алма ағашы» және т.б.), Венн диаграммасы, ББҮ(білемін, білгім келеді, үйрендім ), ассоциация құру жатқыза аламыз.
Қорытындылай келе баланы бастауыш сыныптан, яғни 1 класстан оқыту өте тиімді әдіс болып саналады, осы жастан баланың ағылшын тіліне қызығушылығы оянатын болса, алдағы уақытта жетік меңгеруге сан қилы мүмкіншіліктер табылады. Кеңес Одағының педагогы А.В.Сухомлинский айтып кеткен болатын «шығармашылықсыз, ойынсыз, әнсіз және жаттығусыз сабақ толық мәндегі сабақ болып саналмайды» деген екен. Сондықтан педагог әр сабағында жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруі шарт.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Методика обучения студентов экономической специальности пониманию иностранного языка. – Алматы., ВАК., 2001, 6 б. Мукушева Г.Р.
- Профессиональное общение как лингводидактическая категория. // Актуальные проблемы системы контроля качества подготовки специалистов в вузе. – Алматы., 13-14 ақпан 1997, Тыныштыкбаева А.Б.
- Қазіргі шеттілдік білім берудің теориясы мен практикасы .-Алматы, 2011, Құнанбаева С.С.