Балапаным – балақаным

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Балапаным – балақаным

Мақала авторы: Жумагулова Айнур Кабдуловна
Жұмыс орны: "Балауса" балабақшасы
Лауазымы: Тәрбиеші
Порталға жариялану мерзімі: 24.11.2016


Мақсаты: балаларға бір жайды әңгімелеп және суреттеп беру, балалардың есту және көру қабілеттеріне әсер етуі арқылы дамыту. Баланы әдемілікке тәрбиелеу және қызыл, сары түстерін ажыратып атауға, күрделі емес сөйлемді қайталауға үйрету. Эстетикалық сезімін ояту. Бауырмалдық адамгершілік тәрбиесін егу. Үй құстарына қамқор болуға табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің түрі: Дәстүрлі емес саяхат.
Методикалық әдіс – тәсілдер: таңғажайып сәт, көрсету, түсіндіру, жаттату, қайталау, тыңдау, сұрақ жауап, сергіту, ойын, бағалау, қорыту.
Құрал – жабдық, көрнекіліктер: тауық, балапан суреттері, жұмыртқа, жұмыртқа макеті.
Пән аралық байланыс: тіл дамыту, сезім тәрбиесі, шығармашылық, дене тәрбиесі, айналамен таныстыру.
Алдын – ала жүргізілген жұмыс: үй құстары туралы суреттер тамашалау, «Шұбар тауық» ертегісін жандандыру.
 Балалар біз әуен сазымен серуенге шығамыз. (балалар жүре бастағанда тауыққа кездеседі)
 Балалар мынау тауық емес пе?
Балалар: Иә, тауық
Тәрбиеші: Тауық – дегеніміз ол балапандардың анасын атайды. Қане, қайталап көрейік – тауық.
Балалар: Тауық
Тәрбиеші: Саламатсыз ба! Тауық ана!
Балалар: Саламатсыз ба! Тауық ана!
Тауық: Қыт, қыт, қыт! Амансыңдар ма, балалар?!
Тәрбиеші: Не болған сізге әбіржіп, қайдан келесіз?
Тауық: мен балапандарыма жем әкеле жатқам, олар байқаусызда себетімнен түсіп қалыпты. Енді балапандарым аш қалатын болды ғой.
Балалар: Оны қай жерде жоғалтып алдыңыз?
Тауық: Балабақша маңында болу керек.
Тәрбиеші: Біз балабақшаға бара жатырмыз. Онда біз сізге көмектесеміз, солай емес пе балалар?
Балалар: Иә, көмектесеміз.
Тауық: қыт, қыт, қыт. Мен кеш батқанша балапандарыма жем тауып беруім керек.
Тәрбиеші: балалар, біз тауық анаға көмектесейік. Ал, сендер не байқадыңдар, тауық ананың жүрісін көрдіңдер ме? Олай болса біз тауық жүрсін салып көрсек қайтеді. Қане, балалар.
Балалар: Көрдік, адымдап жүреді екен. (балалар көрсетеді)
Тәрбиеші: Тауық дәнді қалай жейді.
Балалар: Ол дәнді шоқып жейді.
Сергіту сәті:
Қолымызды жаямыз қанат қылып,
Адымдап жүреміз тауық болып.
Дән шоқимыз, тереміз,
Ұшып – ұшып, Ұшып – ұшып
Бақшамызға жетеміз. (балалар әр сөздерге сәйкес қимылдар жасайды)
Тәрбиеші: Балалар, сендер енді тауық анаға жем беріндер. (балалар қағаз бетіне сары түстен, саусақтарымен жемнің суретін салады )
Тауық: Балалар, сендер неткен керемет едіңдер, сендер де менің балапандарыма жем салып бердіңдер, қандай тамаша! Сендерге дайындаған сыйлығы бар екен.
Тауық: Балалар, бірдеңе жылтырап көрінетін сияқты, жақындап көрейікші. Мен енді балапаныма дайындаған сыйлығымды берейін. (жоғалған себеті, оның ішінде жем табылды және балапанның суреттері бар екен)
Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар. Ал, енді менің қолымдағы суреттерге қараңдаршы.
Тауық: Ненің суреті?
Балалар: Әтештің, балапанның суреті.
Тәрбиеші: Дұрыс айтындар балалар. Олай болса кішкене бой сергітіп алайық.
Сергіту сәті
Тауық:
Маған әлесіп көріңдерші кәне
Оң қанатты бір қағып,
Сол қанатты бір қағып.
Мен қанатты жазамын.
Жерден дәнді шоқып ап,
Ұшып – ұшып аламын.
Тәрбиеші: Тауық ана рахмет сізге, біздің балалар біраз сергіп қалды.
Тауық: Балалар рахмет сендерге.
Балапан:
Шиқ, шиқ, шиқ.
Мен әдемі балапанмын,
Біліп қой сен балақан!
Ән айтқанды, би билеп,
Ұнататын балапан!
Тәрбиеші: д/о «Күн мен жаңбыр»
Балалар, барлығында бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Қыздардың барлығы әдемі болып, құлпырып тұрды, ұлдар өздерін әдемі ұстап сыпайылылық көрсетті. Мен сендерге өз атымнан үлкен рахметімді айтамын. Тауық ана мен кішкентай балапанға бізге қонаққа келіп тұрыңыздар.
Тауық ана: Балалар, сендердің жұмыстарын мен ойындарын өте ұнады және менің балапанымда риза болып қалатын болды. Менің сендерге берер «Сиқырлы жұмыртқа» сыйлығым бар. Қабыл алыңдар. Ал енді балалар, мен балапандарыма барайын, сау болындар!
Балалар: Сау болыңыз!
Тәрбиеші: Сау болыңыз, Тауық ана!
Ал балалар сендерге сабақ ұнады ма? Қандай сәттер ұнады?
Қорытынды:
Нені білу керек:
 Мазмұны бойынша үй құстары туралы қысқа әңгімені,қызыл, сары, жасыл түстерді ажырату.
Нені игереді:
 Үй құстарының тіршілігі туралы, табиғат, жаңбыр құбылыстары туралы түсінікті.
Нені біледі:
 Тәрбиешінің тапсырмасын жауапкершілікпен орындап, өздігінен іс әрекет жасай алуы.
 Ойын қимылдарын орындау, сөздерді айту, кейіпкерлерге жаны ашу.

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz