Ұстаздарға және оқушыларға арналған порталдар тізімі

  1. "Clever Quizzes" пән олимпиадалары - http://w.zti.kz/4a623c
  2. Лингвистикалық олимпиадалар - https://wonder.zti.kz
  3. Бастауыш білім беру негіздері бойынша 3 тілдік олимпиадалар - https://kokon.kz
  4. Итальяндық дойбы бойынша киберолимпиадасы - https://doiby.zti.kz
  5. Интеллектуалды шахмат киберолимпиадасы - https://chess.zti.kz
  6. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://kzu.kz
  7. Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар мен курстар - https://ukz.kz
  8. Зияткерлік сайыстар, конференциялар мен олимпиадалар – https://tarim.kz
  9. Мұғалімдерге арналған әдістемелік журнал - https://adisteme.kz
  10. Республикалық қашықтық олимпиадалары – https://clever.zti.kz
  11. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://talimger.kz

Ескерту: Мақала сапасы туралы ақпараттарды, сертификат, анықтама және журналға тапсырыс беру батырмаларын мақала авторы немесе журнал тілшісі ғана көре алады.

Баламалы энергия көздері – біздің болашағымыз

Физика
Баламалы энергия көздері – біздің болашағымыз

Мақала авторы: Оразгалиева Мейрамгул Алипкалиевна
Жұмыс орны: Орал "Сервис" технологиялық колледжі
Лауазымы: ІІ санатты физика және информатика пәнінің оқытушысы
Порталға жариялану мерзімі: 12.01.2018
Журнал қорына жариялаған: О.


«Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында атап өткендей, «көмірсутегі шикізатының нарығында ірі ойыншы болып қала отырып, біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. 2050 жылға қарай елде энергияның баламалы және жаңғыртылатын түрлерін қоса алғандағы барлық энергия тұтынудың кем дегенде тең жартысы келуге тиіс».

Еліміз, бүкіл әлем энергия өндірудің жаңа әдісі мен үнемдеу жолын іздестіріп жатқанда, мен де оған тамшыдай болса да өз үлесімді қоспақ ойым бар.

Бүгінгі менің зерттеу жұмысымның мақсаты: арзан, баламалы, экологияға нұқсан келтірмейтін энергия көзін пайдалану арқылы энергияны үнемдеу саясатын ұсыну, шалғайда орналасқан үйлерді жел энергиясы арқылы жарықтандыру.

Жұмыстың міндеті: колледж бағдарламасымен шектеліп қалмай, жел энергиясы туралы теориялық білімімді эксперимент жүзінде пайдалану.

Зерттеу жұмысының нәтижесі мен қорытындысы: жел энергиясы туралы алған білімімді практикамен ұштастырып, қоғамға және адамға пайдалы жел қондырғыларының өмірдегі пайдасын дәлелдеу.

Қазіргі кезде адамзат қоғамының өмірін энергиясыз елестету мүмкін емес. Кеш бата бәріміз электр жарығымен өмір сүреміз, үйдегі көптеген электр құралдары, демалыс, көңіл көтеру орындарының тіршілігі, бүкіл өндіріс, өнімдерді өңдеу, басқа да қажетті заттарды жасау технологиялары электр энергиясын  қолдана отырып жүзеге асатынын білеміз.

Дәстүрлі энергия көздері ретінде органикалық отын, яғни көмір, мұнай, газ пайдаланылатыны белгілі. Бірақ табиғатта қоры шектеулі: ерте ме, кеш пе, ол таусылады. Сондықтан бүгінгі таңда баламалы энергия көздерін іздестіру өте маңызды мәселе болып отыр.

Қазіргі таңда баламалы энергетика қарқынды дамуда. Оның себебі экологияның нашарлауы болып келеді. Баламалы энергияның көптеген түрі бар оның ішінде:

  1. Күн энергиясы
  2. Жел энергиясы
  3. Су энергиясы

Соның ішінде бүгінгі менің зерттеп отырған тақырыбым  жел энергиясы. 

 

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетін нығайтып, көркеюі жолында теріңді төгіп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа», – дейді Елбасы Н.Ә.Назарбаев.

Қазақстан бірінші болып болашақты сақтау үшін энергияның баламалы түрлеріне көшу мәселесін көтеріп, әлемді залалсыз, табиғатқа да, адамзатқа да пайдалы баламалы қуат көздерін дамытуды насихаттап, елімізде жасалып жатқан сол бағыттағы жаңа технологияларды қолданысқа ұсынуда. Астанада «EXPO-2017» көрмесі «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпта ұйымдастырылуда.

Бүгін біздің пайдаланып отырған энергия көздері – жер асты пайда қазбақорлары – мұнай, көмір, табиғи газ барлық энергоқорлардың 90% құрайды. Американдық зерттеушілердің айтуынша жер бетіндегі мұнай 2025 жылға дейін жетеді. Қашан болса да, ол бітеді және әрі қарай не болады? Пайдалы қазба қорларының таусылу қарсаңында, олардың бағасы да қарқындап өсуде. Жыл сайын атмосфераға түрлі жанғыш заттардың жануы нәтижесінде 23  млрд тоннаға жуық көмірқышқыл газы бөлініп, сондай мөлшерде оттек сіңіріледі. Атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері 13%-ке өсті, соның салдарынан атмосфера температурасы бірнеше градусқа мөлшерден тыс жоғарылап, мұздықтар еріп, соның салдарынан Дүниежүзінің мұхиттық деңгейі көтеріліп, табиғатта түрлі апаттар болып жатыр. Дереу проблеманы шешетін  амал табу керек. Бүкіл әлем ғалымдары  мен инженерлері ізденістің арқасында баламалы энергия көзін табуды мақсат етіп қойды.  Ол сарқылмайтын қалпына келтіретін энергия көздері деп аталады.

Қалпына келтіретін дәстүрлі емес энергия көздерінің ерекшелігі қор көздері ешуақытта сарқылмайды және экологиялық таза. Бұларды пайдалану табиғат байланыстарын бұзбайды. Ал менің ұсынысып отырған ғылыми жобамның мақсаты – шалғайда орналасқан үйлерді жел энергиясы арқылы жарықтандыру болып табылады.

 

Ұстаздарға және оқушыларға арналған порталдар тізімі

  1. "Clever Quizzes" пән олимпиадалары - http://w.zti.kz/4a623c
  2. Лингвистикалық олимпиадалар - https://wonder.zti.kz
  3. Бастауыш білім беру негіздері бойынша 3 тілдік олимпиадалар - https://kokon.kz
  4. Итальяндық дойбы бойынша киберолимпиадасы - https://doiby.zti.kz
  5. Интеллектуалды шахмат киберолимпиадасы - https://chess.zti.kz
  6. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://kzu.kz
  7. Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар мен курстар - https://ukz.kz
  8. Зияткерлік сайыстар, конференциялар мен олимпиадалар – https://tarim.kz
  9. Мұғалімдерге арналған әдістемелік журнал - https://adisteme.kz
  10. Республикалық қашықтық олимпиадалары – https://clever.zti.kz
  11. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://talimger.kz