Мәңгілік ел
Садықова Сәнімкул Серікбайқызы, Жаңа буынға сенім артылуда

Мақала авторы: Садықова Сәнімкул Серікбайқызы
Жұмыс орны: №2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернат
Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 19.01.2017

Жаңа буынға сенім артылуда

Бағдарламалар халықтың болашаққа деген үміті мен сенімінің артуы үшін жасалынады. Мемлекет тарапынан жасалған жоспарлар елді ұйыстырып, берек-бірлігінің нығаюына, мақсат-жігерінің бір арнада тоғысуына жол ашады. Елбасымыздың «Қазақстан-2050» стратегиясында ұлт ден саулығы, ауыл шаруашылығын дамыту мен еңбек саясатын
ұтымды шешу жолдары, салауатты ұрпақ тәрбиелеу, ана мен баланы қорғау, білім беру ісін
жетілдіру, кәсіпкерлерді жан-жақты қолдау секілді маңызды бағыттарға мән берілді.
Еліміздің жастары Ел ба сымыздың стратегиясынан өздеріне зор қолдау мен қамқорлықты
сезініп, бұл күндері игілігін де көруде. Себебі, соңғы он шақты жылдың өзінде білім алу ға
жұмсалатын қаржы он есе ге жуық өсіп, жоғары білім алу ға берілетін грант саны да айтар-лықтай ұлғайған. 1993 жы лы қабылданған «Болашақ» бағдарламасы арқылы қаншама жастар шетелдің озық оқу орындарында оқыды. Өз елімізде де әлемдік университеттермен теңесе алатын үздік білім ошақтарын ашу, зияткерлік мектептерді көбейту мәселелері де назардан тыс қалған емес. Бұл 2050 жылға дейін жүйелі жоспар жасап отырған Қазақстанның жастар саясатына оң көзбен қарайтынын көрсетеді. Айта кетерлігі, республика тұрғындарының әрбір екінші азаматы жасы отызға толмаған адам екен. Демек, Қазақстан-жастар мемлекеті. «Жасыл ел», «Дипломмен-ауылға!» «Болашақ» сынды бағдарламалардың бәрі де жас буынға жағдай жасауда. Сондықтан, Елбасымыздың: «Мен жариялаған Жаңа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді. Мен сіздерге, жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіз дер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер» деген сенімінің үдесінен шығуға тырысу-еліміздің әрбір жас азаматының парызы.  Жастарды білімге, еңбекке, ынтымаққа үндейтін «Мәңгілік ел» идеясы барысында кемел де келісті келешектің жарқын күндері алыс емес. Бұл жолда жастардың бірлігі мен отансүйгіштік қасиетті бойларына сіңіруі маңызды болып табылады.

Бастауыш сынып
Садықова Сәнімкул Серікбайқызы, Табиғат — туған анамыз

Мақала авторы: Садықова Сәнімкул Серікбайқызы
Жұмыс орны: №2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернат
Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 17.06.2016

Табиғат — туған анамыз

Сабақтың тақырыбы: Табиғат – туған анамыз.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – оқушылардың жалпы табиғат жөніндегі түсінігін, білімдерін жетілдіру, табиғат тіршілік көзі, адамның ақыл – ойы, табиғаттың ұлы заңымен үйлесімді екенін түсіндіру; Дамытушылық – ой – өрісін кеңейту, жеке тұлғасын, тілдік, сөздік қорын, ізденісін ояту, сөйлеу дағдысын дамыту;

Тәрбиелік – туған табиғатты, Жер – Ананы көздің қарашығындай сақтап, қастерлеп қадірлеуге, отанды сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, табиғат суреттері, слайд, мультфильм.

Барысы.

      Ұйымдастыру.

      Топқа бөлу.

Суретпен жұмыс (слайдтан көрсету).

Балалар,  наурыз көктемнің  алғашқы айы. Сонымен қатар қар астынан қылтиып шығатын бәйшешек гүлі бүршік жарады. Көктемнің көркі – бәйшешек. Ол ең алғаш гүлдейтін гүл. Басқа гүлдерден ерекшелігі де осында. Қырда өскен бәйшешекті алғаш сіздер көрсін деп, мен бәйшешек гүлін теріп әкелгенмін. Сол гүлдерді мен ортаға шашайын, сіздер әрқайсыларын біреуден теріп алып, артында жазылған топ бойынша орнымызға отырайық.

Ертегі. (слайдтан көрсету)

Өте ерте заманда жер шарының көп бөлігін су басып жатты.  Ол заманда өсімдіктер мен жануарлар әлемі пайда болмаған. Суларда тек түйіршік тәрізді тіршілік иелері болды. Біртіндеп жер бетіндегі  сулар азайып, құрғақ жерлер көбейе бастады. Бұрын суда өсіп келген балдырлар құрғақ жерлерге өсуге бейімделіп, жапырақты өсімдіктер, шөптер, ағаштар пайда бола бастайды. Кейін құрғақ жерлер көбейіп, суда да, жерде де мекендейтін бақа сияқты қосмекенділер пайда болған. Ұзақ уақыт өте келе ауа райы өзгеріп, суық бола бастаған. Бұл жағдай өсімдіктер мен жануарларға қатты әсер етіп, көбі өзгеріске ұшырап жаңа ауа райына бейімделді.

Уақыт өте келе жер беті қазіргідей түрге еніп, табиғат осылайша пайда болған.

Табиғат деген сөз жер Ана, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады.

Осы Табиғат сөзін естігенде көз алдымызға не елестейді? (Оқушылардың ойлары тыңдалады).

ТАБИҒАТ

Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Адамдар табиғат байлықтарын есепсіз пайдаланып, экологиялық ойсырауға ұшырады.  Елді мекен маңындағы ағаштардың кесілуі, бұлақ көздері мен өзендерінің ластануы, қоқыстардың көбеюі, кейбір аңдар мен құстардың жойылуы – бұл экологиялық мәселе. (табиғат сюжеттерін көрсету)

 

                                                                         Жұмбақ                                                                        

Қиналмай тауларды, орманды,

Теңізді, дария, аңдарды,

Ауылды, қаланы, халықты

Ойлап тап көтерген алыпты.                  (Жер)

Мұғалім: Жер саған не  болған, неге сенен тіршілік белгісі білінбейді?

Жер:      Кім жоқтайды даланың

Тобылғы мен жүзгенің?

Таппай жүрме жұртыңнан

Теріскен мен изенін?

Жатады қыр күйзеліп.

Оттан қорға орманды,

Алау жақпа ен онда,

Қоршаған сені айнала,

Бүлдіріп алма абайла.

Сен де өмірдің гүлісің,

Ақыл қойып соны ойла.

Мұғалім: Балалар, біз жерге көмектесуіміз қажет. Қыс кетіп , көктем келіп, айналамыздағылардың бәріне жан ене бастайды. Гүлдер шығады, жәндіктер оянады, құстар ұяларын салады, балық уылдырық шашады, бәрі де оянады. Біздің жеріміз көктеммен бірге оянып, жақсы күйге енуі үшін не керек?

Оқушылар: Ауа, су, құстар, жәндіктер, т.б. керек.

Мұғалім: Дұрыс, алдымен ғаламшарымызға ауа берейік. Бірақ барлық ауа тіршілік үшін жарай бере ме?

Оқушылар: Жоқ, таза ауа ғана.

Мұғалім: Улы ауа адамдар, жануарладың ағзасына, топыраққа, өсімдіктердің тамырларына түседі. Не істеу керек? Бұны қалай шешуге болады?

Оқушылар: Ағаштар, гүлдер мен шөптер отырғызу керек. Ол көмірқышқыл газын жұтып, біз үшін таза ауа оттегін бөліп шығарады. Ал түтіндеп жатқан мұржаларға тазалағыш сүзгілер  орнату керек.

Мұғалім: (тренинг) Өте жақсы, балалар! Қазір бәріміз орнымыздан тұрайық, қолдарымызды жоғары көтеріп, Күннен жарық, жылу, мейірімді шуағын алайық. Жерімізге жақсы тілек тілейік. Сіздердің тілектерін қабыл болып Күн – ана жерге шуағын төгіп, Жер – Ана оянып, өсімдік пен талдар гүлдене бастайды. Жерімізге таза ауаның болуына өсімдіктер көп қызмет атқарады. Ендеше біздің сабағымыздың тақырыбы «Табиғат – туған анамыз» деп аталады. Ал, енді балалар, ертең күн  жылығасын мектеп ауласын көгалдандыруға өз үлесімізді қосамыз. Солай емес пе, балалар?

 

Мультфильм көрсету. Табиғатқа байланысты. Бетбақдала

 

          Жапырақты сөйлету.

       Ғалымдардың зерттеуі бойынша, жануар – жәндік тұрмақ, тіпті көктемде көктеп, күзде қурайтын өсімдіктің де өзіне тән жаны, мінезі бар көрінеді. Өсіп, жайқалып тұрған жапырақтарға биолог ғалымдар ультра жазу аппараттары арқылы мынадай қызықты тәжірибе жасапты.

Сабағына арнайы байланыс құралдарын орнатып, өздері жапырақты жұлуға қол созған. Сөйтіп, жапырақты ұстағанда, экранда қорқыныш діріл пайда болған. Одан әрменгі оқиға былайша өрбіген.

  • Қауіп – қатер төнді!
  • Тірі қаламын ба, жоқ па?
  • Жарақат салды!
  • Құрыдым!

Жапырақты жұлып алғанда, экрандағы қорқыныш дірілі де жоғалған. Яғни бір ғұмыр үзілді. Міне, көрдіңдерме? Яғни, біз бір жапырақ жұлғанның өзінде табиғатқа қасірет әкеледі екенбіз. Ал, біз өзіміздің табиғатымызды көркейте білуіміз қажет. Табиғатты көркейту үшін не істеуіміз керек, балалар? (Оқушылардың ойын тыңдау)

Ой толғау.

        Оқушыларға ақ парақ таратылып беріледі. Әр топ берілген сұрақтарға жауап жазады.

І – топ: Табиғаттың адамға деген пайдасын жаз.

ІІ – топ: Табиғатты қалай қорғайсыңдар?

ІІІ – топ: Табиғатты қоректендіру үшін не істейсіңдер?

Мұғалім: Өте жақсы айтылған жауаптар болды, рахмет!

Табиғаттың суретін құрастырып, өздері қорғап шығу

Оқушылар  көгалдандыру жұмысын өз үйіміздің,  мектебіміздің ауласынан, сыныбымызды гүлдендіруден бастайық. Сіздерге мен «Гүл – өмірдің сәні» атты тәрбие сағатында гүлді отырғызудың әдіс – тәсілдерін, гүлдерді қалай баптап – өсірудің жолдарын айтып өткен болатынмын. Қалай отырғызатыны туралы кім айтады?

         (Гүл отырғызудың әдіс – тәсілі, гүлдерді қалай баптап өсірудің жолдары оқушылардан сұрау). Әр топқа гүл отырғыздырту.

        Айзия:

Күн сәулесі төгілгені әдемі!

Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі!

Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі!

Биік – биік шыңдарымда әдемі!

Сүңқар құстың самғағаны әдемі!

Даланы әнге бөлеген,

құстарым қандай әдемі!

Мөлдіреген көздері,

киігім қандай әдемі!

Аппақ қарға оранған,

қысым қандай әдемі!

Масатыдай құлпырған,

көктем қандай әдемі!

Асыр салып ойнайтын,

жазым қандай әдемі!

Сары түске боялған,

күзім қандай әдемі!

Осылайша табиғатқа бір қарап,

Табиғатпен сырласуда әдемі!

Жер – Ананы аяласаң жан – тәніңмен,

Боларсыңдар, сендерде дүниедегі ең әдемі! (слайд көрсету)

      «Сиқырлы қалам?»

Қорытынды.

Бүгінгі сабағымызда сіздер табиғат туралы біраз мағлұмат алдыңыздар. Білімдеріңізді жақсы деңгейде көрсеттіңіздер.

Әрқашан өзіміз өмір сүріп отырған қоршаған ортадағы табиғат нысандары мен тірі ағзаларды қорғап, қадірлеп, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға міндетті екенімізді ұмытпайық.

Тәрбие сағаты
Садықов Қарасай Серікбайұлы, «Алтын қақпа» зияткерлік ойыны

Мақала авторы: Садықов Қарасай Серікбайұлы
Жұмыс орны: №237 негізгі мектебі
Лауазымы: Математика пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 17.06.2016

«Алтын қақпа» зияткерлік ойыны

Сабақтың тақырыбы:   «Алтын қақпа» зияткерлік ойыны

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың білімдерін толықтыру, қазақтың салт-дәстүрлерін, ел тарихын қаншалықты білетіндіктерін тексеру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, ел тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, қадірлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, алтын, күміс, тас қақпалар, сұрақтар, алтын сандықша.

Ойынның барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Тренинг «Шаңырақ».

Сәлеметсіздер ме, мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді біз шаттық, жылулық шеңбері дейміз. Себебі шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз — көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз.

Шаңырақ құру.

Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрайық.

Тәрбиешінің кіріспе сөзі:

— Бүгінгі «Алтын қақпа» интеллектуалдық ойынына қатысушы оқушылар! Біз бүгін «Қазақстан – жасампаздық, бейбітшілік, достық мекені» апталығы аясында  сайыс өткізбекпіз.

ІІ. Ойынның шарты:

— Енді сіздерді ойынның шартымен таныстыра кетейін. Балалар, біздің мақсатымыз ел тарихын қаншалықты білетіндігімізді тексеру. Ал бұл ойынның мақсаты – Отанымыздың жүрегі, бас қаласы – Астанадай алыс жердегі «Алтын қақпаға» жету. Ондағы алтын сандықта «Білім» деген қазына бар. Сол «Білім» қазынасын алу үшін түрлі тапсырмалар орындаймыз. Ойын үш кезеңнен тұрады. І кезең «Тас қақпа», ІІ кезең «Күміс қақпа», ІІІ кезең — шешуші кезең- «Алтын қақпа» деп аталады. Сұрақтар салмағы әр кезеңінің атауына байланысты болады. Мысалы, «Темір қақпада» сұрақтар сәл жеңілдеу болса, «Күміс қақпада» сұрақтар алдыңғы кезеңге қарағанда күрделене, қиындай түседі. «Алтын қақпаның» сұрақтары болса, алдыңғы екі қақпаның да сұрақтарынан салмақты, алтындай бағалы болады. Берілген тапсырма, сұрақтарға дұрыс жауап берілген жағдайда қақпа ашылады. Үш қақпа  ашылған соң «алтын сандықты» ашу үшін барлық кезеңде жақсы жауап берген  топ алтын сандықтың сұрақтарына жауап береді. Алтын сандықтың сұрағына жауап берген топ жеңіске жетеді.

— Ойынның шарты түсінікті ме? Түсінікті болса, ойынымызды бастайық.

І кезең — «Тас» қақпа.

«Тас» қақпаны ашуға арналған тапсырма:

Таныстыру (Әр топ топтарына ат қойып, ұранын, сол бойынша суретін салып, қорғайды).

«Тас» қақпа ашылды.

ІІ кезең – «Күміс» қақпа.

«Күміс» қақпаны ашуға арналған тапсырма: 

Сұрақ – жауап (Ұяшықтың артында жасырынған сұрақтардан әр топ 3 сұрақтан таңдайды.

Ойынның шарты бойынша мына қобдишадан қай топ қызыл асықты таңдап алса,  сол топ бірінші болып  ұяшықтан сұрақтарды таңдайды.

1-сұрақ:  Керей мен Жәнібек қай жылы көшті?  (1456 жылы)

2-сұрақ: Қазақтардың алғашқы қонысы «Қозыбасы» жері қазіргі қай облыс? (Жамбыл облысы)

3-сұрақ: Қазақ хандығы қай жылы құрылды және алғашқы ханы кім?                           (1465 жылы, Керей хан)

4-сұрақ: Қазақстан халықтарының Ассамблеясы қашан құрылды?                                                 (01 наурыз 1995ж)

5-сұрақ: «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қай жылы қол қойылды?  (2008 жылғы 20 қазанда)

6-сұрақ: Жеңіс туын қай жылы, қай күні сағат нешеде және кім тікті? (1945 жылдың 30 сәуірінде 6 сағат 30 минутта Рақымжан Қошқарбаев)

7-сұрақ:  Профессор кешкі сағат 8-де ұйықтап, сағатының қоңырауын азанғы тоғызға туралайды. Сонда профессор қанша сағат ұйықтайды?   (1 сағат)

8-сұрақ: Көбінесе ай 30 не 31 санмен аяқталады. Ал қай айда 28 деген сан бар? (12 айда)

9-сұрақ: Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қай бұтаның астында отырады?                                                (су бұта)

«Күміс» қақпа ашылды.

ІІІ кезең – «Алтын» қақпа.

«Алтын» қақпаны ашуға арналған тапсырма: 

«Кім тапқыр?»  Берілген сөзден сөздер құрастыру. Сол сөздердің орысшасын, ағылшыншасын қапталына жазу. Толық жазылған сөз ғана дұрыс болып есептелінеді.

І топ – Қазақстан,

ІІ топ – Бейбітшілік,

ІІІ топ – Жасампаздық.

«Алтын» қақпа ашылды.

-Біз барлық қақпаларды аштық.

Өте тамаша. Балалар, сыйлықтың бәрі сандықта жатыр. Оны ашу керек. Ашу үшін тапсырма бар. Барлық кезеңде жақсы жауап беріп, алда келе жатқан топ  сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап берілсе ғана «Алтын сандық» ашылады. 

«Алтын» сандықтың тапсырмасы:

Қолданбалы сән ескерткіштерінің бірегейі. Ол біздің күнімізге дейін жеткен көшпенділер сәулетінің үлгісі. Жинақы, жеңіл, лезде жиналып қойылатын бұл не?    (Киіз үй)

Рефлекция кезеңі.

-Балалар, сендерге бүгінгі ойын ұнады ма?

-Несімен ұнады?

-Қандай қиындықтар болды? (Лента арқылы) 

Қорытынды:  «Алтын» сандықты ашқан топ жеңімпаз болып саналады.

 

Ашық сабақтар
Садықова Сәнімкүл Серікбайқызы, Вв дыбысы мен әрпі

Мақала авторы: Садықова Сәнімкүл Серікбайқызы
Жұмыс орны: №2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты
Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 04.02.2016

Вв дыбысы мен әрпі

Пәні: Әліппе

Сабақтың тақырыбы: Вв дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Балаларға В дыбысы мен әрпін таныстыру. Вв дыбысы мен әріп таңбасының ерекшеліктерімен таныстыру. В дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасата білуге үйрету. В әрпін әдемі, көркем етіп жазуға үйрету.

Әдіс – тәсіл: Сұрақ – жауап, түсіндіру, көрнекілікпен жұмыс, «қар тазалау», «шырша» ойыны, ассосация.

Көрнекіліктер: В дыбысына байланысты суреттер, электрондық оқулық, слайд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Біз бақытты баламыз,

Ойнап білім аламыз.

Сауат ашу пәнінде,

Оқып, жазу жазамыз.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.

«Қар тазалау» ойыны.

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қыс.
  • Жарайсыңдар! Қазір сабағымызды бастау үшін сыныбымызды қардан тазалап алайық. Кейбір парталардың үстінде қар жатыр. Сол қарда сұрақ жазылған. Егер сұраққа толық, дұрыс жауап берсек, қардан тазалаймыз.
  1. «һ» дыбысы қандай дыбыс?
  2. «һ» әрпі сөздің қай жерлерінде кездеседі?
  3. «Қаһарман» деп кімді айтамыз?
  4. Еліміздің қаһарман қыздары мен ұлдарын ата.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа сабағымыздың тақырыбын білу үшін бәріміз тақтаға қарайық? (Пойыздың даусын шығару)

  • Балалар, ненің даусы шықты?
  • Пойыздың.
  • Пойыз не істеді?
  • Пойыз тоқтады.
  • Пойыз қайда тоқтайды?
  • Вокзалға.
  • «Вокзал» сөзін буынға бөлейікші.
  • Қандай дыбыстан басталып тұр?
  • В (оқушыларға в дыбысын айтқызу)
  • В қандай дыбыс екен?
  • В – дауыссыз, ұяң. В дыбысы орыс тілінен енген сөздерде ғана кездеседі.

Велосипед – дыбыстық талдау жасату. (текшелер арқылы)

-Дыбысты немен таңбалаймыз? (Әріппен)

-В әрпінің баспа түрі.

ІV. Оқулықпен жұмыс:

Ва гон (суреті), вок зал, ав то бус, трам вай, ве ло си пед,

  • Велосипедтен әлемдік жарыстарға қатысып жүрген қазақстандық азаматтың есімін білесіңдер ме?
  • Винокуров
  • Сендерден де сондай спортшылар шығады деп сенемін.

ак ва ри ум, во лей бол, ви та мин.

Оқушыларға бағандағы сөздерді оқыту.

Мәтінмен жұмыс.

                   Вокзал.

Бұл – темір жол вокзалы. Оған пойыздар үздіксіз келіп, кетіп жатады.

Біз вокзалдың жанында тұрамыз. Әжемді күтіп алуға вокзалға бардым. Пойыз бірінші жолға тоқтады. Мен әжемді қарсы алдым.

Мәтінді оқып беру. Оқушыларға оқыту. Мәтін бойынша сұрақтар қою.

  1. Бұл не?
  2. Оған нелер үздіксіз келіп, кетеді?
  3. Олар қайда тұр?
  4. Ол қайда барды?
  5. Пойыз қайда тоқтады?
  6. Ол кімді қарсы алды?

Үлкенге құрмет – балаға міндет. (оқушылардың ойын тыңдау)

Сурет арқылы толықтырып, түсіндіру.

Сергіту сәті. «Шырша» ойыны.

-Балалар, жазба әріпті не үшін пайдаланамыз?

-Ендеше, В әрпінің жазба түрімен танысайық.

В жазылуын көрсету.

Ауада жазу.

Тақтаға жазу.

Дәптермен жұмыс.

Оқулықтың төменгі жағындағы сөздерді оқыту.

Жұптық жұмыс:Екі қатарға сөз беріледі. Әр жұп бірлесе отырып, сол сөзге дыбыстық талдау жасап, сөйлем құрайды.

Вагон             автобус            вокзал

 

  1. Сабақты қорытындылау.

Бүгін қандай дыбыспен таныстық?

«Ассосация» әдісі.

В

Дауыссыз

Ұяң

Автобус

Вазелин

Витамин

Вокзал

Трамвай

Вагон

VII. Бағалау.

Жұлдызша – өте жақсы

Төрт бұрыш – жақсы

үшбұрыш – әлі де  дайындықты қажет етеді.

 

Бастауыш сынып
Садықова Сәнімкүл Серікбайқызы, Білім бастауы – Әліппе!

Мақала авторы: Садықова Сәнімкүл Серікбайқызы
Жұмыс орны: №2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп - интернаты
Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 04.02.2016

Білім бастауы – Әліппе!

Білім бастауы – Әліппе!

Музыка ойнап тұрады. Сахнаға хан мен оның кішкене қызы шығады.

Хан:  Уа, халайық! Армысың!

Ағайын, туған, бармысың?

Жарлығымды тыңдаңдар,

Босқа қарап қалмаңдар.

Мен сендерге сенемін

Қызымды мектепке апарғанға,

Ат басындай алтын беремін.

Ханша: Жоқ, әке

Бұл не дегенің?

Оқымай – ақ мен бәрін білемін.

Сабақ, оқу, әріп, жазу

Дәптер, кітап – ол не керек?

Ол не береді?

Мен сұлумын, ханшамын

Тәтті қыздың бірімін.

Оқуыңа өзің бар,

Керек емес білімің.

Тазша бала: Уа, тақсыр, армысыз,

Ханшайымда бармысыз,

Жақсы хабарым бар.

№2 мектеп – интернатының 1 – сынып оқушылары Әліппемен қоштасу тойын тойлап жатыр, соны көріп ханшаның пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.

Хан: Ойбай, қызыма көмегі тисе, жүр, түс алға!

Ханша: Барсақ, баралық, көрсек, көрелік!

1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, уа халайық!

2-жүргізуші: Армысыздар, ардақты әкелер мен аруана аналар!

1-жүргізуші: Бүгінгі «Білім бастауы – Әліппе» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші: Уа, халайық!

Ортаға шақырайық қол соға

Сүйікті біздің ұстазды,

Шәкірттермен ортаға.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Білім бастауы – Әліппе» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да қызыға аттаған бірі – отбасының тұңғышы, бірі – кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқалы отыр. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Ендеше, біздің оқушылар қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса жүргізушілерімді ортаға шақырамын.

1-жүргізуші: Шашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

2-жүргізуші: Әліппенің тойында,

Жақсы дәстүр жасайық. (шашу шашылады)

1-жүргізуші: Сөз кезегін оқушылардың өздеріне берейік.

Ислам: Сабақтан еш қалмаған,

Ерінбей оқып талмаған.

Боламын дейді үлгілі,

Ислам атты бір балаң.

Жанымсұлу: Баршаңызға иіліп, сәлем берем,

Мен қызымын Асылханның Жанымсұлу деген.

Оқуды да, жазуды тез меңгердім,

42 әріпті жатқа білем.

Нұрислам: Нұрислам деген баламын,

Таудай биік талабым.

Жақсы оқып сабақты,

Білімді адам боламын.

Нұрайна: Қыздар деген  бола алады қыр гүлі,

Қазақ қызы болу керек үлгілі.

Жақсылыққа ұмтылатын әрқашан

Нұрайнамын Мұраттың бір гүлі.

Намыс: Жақсы әдепті, жақс істі,

Бойыма әркез термекпін.

Қиын-ау деп қайыспайтын,

Ер мінезді Намыспын.

Назира:

Сабыржан:  Суретті шебер саламын,

Есепті тіпті шағамын.

Білімді де өнерлі,

Сабыржан атты баламын.

Назерке: Отбасының еркелеткен,

Жарқыраған жұлдызымын.

Сабақты жақсы оқитын,

Назерке деген бір қызыңмын.

Мұхаммед: Ұстаз ұғар қашанда,

Дамуын әр баланың.

Жақсы оқитын сабақты,

Мұхаммед атты баламын.

Айана: Ай нұрынан жаралған,

Ай мен күні анамның.

Ақылдысы баланың,

Кілең бестік сабағы.

Айана деген сұлуың,

Мен боламын ағайын.

Ерсұлтан: Ерекше елге айтсам Е әрпін,

Ерлікпен ер шығарар елдің атын.

Сұлтаны болсын ердің деп,

Ерсұлтан атамның қойған аты.

Еркеназ: Әліппені жатқа оқып бүгінде,

Өз бетіммен оқи алам ертегі.

Танысаңыз: әдепті қыз Еркеназ,

Мен боламын еліміздің ертеңі.

Абзал: Шәкіртінсіз ұстаз ісі,

Жарқырай ма, жана ма?

Жеті өнер де жеткіліксіз,

Абзалдай балаңа.

Ақниет: Ата – анамның ардақтаған,

Ақниет атты қызымын.

Әжем мені еркелетіп,

Дейді «Алтын жүзігім».

Жандос: Жандос деп қойыпты есімімді,

Бұл әрине ата-анамның шешімі де.

Ақылды боп көп істер атқарамын,

Ұстаз сөзін ұғамын жатқа бәрін.

Балнұр: Кен болсыншы еліміздің керегесі,

Тату болсын, болмағай ерегісі.

Таныстырсам өзімді, оу ағайын,

Балнұрмын ата-әжемнің немересі.

Нұртуған: Мен де есті баламын,

Айтқан тілді аламын.

Жұмсағанға барамын,

Жақсы менің сабағым,

Нұртуған деген ұлдарын,

Мен боламын ағайын.

Ару: А әріптің абыройы асқар ма?

Ай сәулесі жарқырайды аспанда.

Адам, ата, ана, менің де атым Ару,

А әрпінен басталар.

Айзия: Лаулатып сәби сезім ой алауын,

Шаттық тілеп таңменен оянамын.

Еркелеткен есті қызы әкемнің,

Мына мен Қаласқызы Айзиямын.

Абылай: Жақсы оқитын мен үлгілі баламын,

Азамат боп мен де өсіп толамын.

Бассам деймін даналардың тек ізін,

Мен Төреахметұлы Абылайханмын.

2-жүргізуші: Армысыздар, көрермендер, әз жандар!

1-жүргізуі: Бармысыздар, инемен құдық қазғандар!

2-жүргізуші: Әліппеге рахмет деп шырқайық!

1-жүргізуші: Ал, қанеки енді тойды бастайық!

2-жүргізуші: Не үйреніп, не білдік, жырдан шашу шашайық!

1-жүргізуші: Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.

2-жүргізуші: Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын. Ертегі, әңгімені де өз бетімше оқи аламын.

1-жүргізуші: Біз көп нәрсені – кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендік.

Ән: Әліппе.

2-жүргізуші: Достар! Осы мен Әліппемен қоштасуды жөн көрмей тұрмын.

1-жүргізуші: Ой! Не болды? Неге олай дейсің?

2-жүргізуші: Білмеймін. Жылағым кеп тұр.

1-жүргізуші: О, несі, неге жылағың кеп тұр?

Жанымсұлу: Мен Айзияның неге жылағысы кеп тұрғанын білемін, бірақ айтпаймын.

Мұғалім: Дауласпайық, балалар! Мен сендерден де бұрын біліп тұрмын. Себебі сендер 4 ай бойы оқыған білім атасы – Әліппемен қоштасқалы тұрсыңдар. Қимай тұрсыңдар, солай ма?

2-жүргізуші: Дұрыс айтасыз.

1-жүргізуші: Әліппеге рахмет айтсақ та қимай тұрмыз.

Ортаға Жалқаубек кіріп келеді.

Жалқаубек: Ой, мұнда неге көп балалар жиналған? Өздері шеттерінен әдемі екен. Бұл жерде не болып жатыр өзі, а?

Оқушылар: Біз бүгін Әліппемен қоштасып жатырмыз.

Жалқаубек: Әліппе деген не?

2-жүргізуші: Балалар, Жалқаубек әліппенің не екенін білмейді екен. Жалқаубек әліппенің не екенін білу үшін мен сендерге сұрақ қоямын.

Іші толы әріпке,

Білімдіге жарық не?

Оқушылар хормен: Болашаққа жол ашар,

Ол – сүйікті Әліппе,

Ол – сүйікті Әліппе!

1-жүргізуші: Олай болса, бәрімізге ең қымбат дос  «Әліппені» ортаға шақырайық.

Оқушылар: Әліппе, Әліппе, Әліппе!

(музыка ырғағымен ортаға Әліппе келеді!)

Әліппе:  Менің атым – Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ер жеткен,

Ағаң менен әпкең де.

Армысыздар, жас достар!

Армысыздар, ата – ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Мерекеңмен құттықтаймын,

Бүлдіршіндер, балғындар!

Не үйреніп, не білдік,

Қане, ортаға салайық!

Назира: Әліппе – білім анасы,

Әліппе – кітап данасы.

Әліппе бетін ашпаған,

Адамның бар ма баласы?

Намыс: Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық тойладық.

Нұрайна: Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріпте.

Оқимыз қазір ертекті,

Үйреткен оны Әліппе.

Ерсұлтан: Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырысып бақ, намысқа.

Балнұр: Әліппем, менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Нұрислам: Әліппені бітірдім,

Әріптерді танимын.

Мен атаның баласы,

Мен оқушы баламын.

Әліппе: Іші толы әріпке,

Менмін әйбат Әліппе!

Барлық ілім – білімнің,

Бастауы мен – Әліппе!

Бұл жерге менің әріптерім менен бұрын келіп қалыпты ғой.

Жалқаубек: Сонда сендер барлық әліппені білесіңдер ме?

Хормен:  Әрине.

Жалқаубек: Ал, мен білмеймін.

Мұғалім: Әліппе, өзіңіз әмір бергендей әріптеріңіз дыбысталуына қарай 2 топқа бөлініп тұр. Не бұйырасыз?

Әліппе: Ал ендеше мұғалім, осының сыры неде екенін көрермендерге айтып берсең.

Мұғалім: Жарайды, Әліппе. Балалар бұл бір үлкен ертегі. Ертегі тыңдағыларың келе ме?

Оқушылар: ия

Мұғалім: Ендешені ертегіні тыңдайық.

Ертегі: Ерте, ерте, ертеде,

Ешкі жүні бөртеде,

Орманда екі үй болыпты:  біреуі көк, біреуі қызыл. Көк үйде дауыссыз дыбыстар, қызыл үйде дауысты дыбыстар тұрыпты. Олардың атасы «Әліпби» деген дана болыпты. Осы екі үйдің қызыл үйшіктегі әріптері дауыс шығарып көңілді тұрыпты да, ал көк үйдегі  әріптер үнсіз өмір сүріпті. Мұны көрген Әліпби «Мен осы екі үйдегі әріптерді араластырсам не болар екен?» деп ойланып, араластырыпты. Сөйтсе ғажап бір жайға куә болыпты. Әріптер сөйлей жөнеліпті. Осылайша әріптерден сөз, сөйлем пайда болыпты. Ендігі кезекті осы әріптерге берейік.

Әріптер.  «ОТАН», «ӘЛІППЕ».

«О» — Ару:

Оспан да өлең жаттады,

Олжас та өлең жаттады.

Мына менен басталған,

Екеуінің аттары.

«Т» — Мұхаммед:

Торғай, торғай, торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тонбайсың.

«А» — Жандос:

Астана – Астанам,

Астана – бас қалам.

Ардақтап атыңды,

Аузымнан тастаман.

«Н» — Балнұр:

Ас біткеннің атасы,

Қасиетті нан осы.

Қайсы әріптен басталып,

Аяқталғанын қарашы.

«Ә» — Нұрислам:

Әжем ойған оюды,

Әкем қойды көрмеге.

«Л» — Намыс:

Лашын биік самғайды,

Лашын көкті шарлайды.

«І» — Назерке:

Ірімшікті жедің ғой,

Тәтті екен дедің ғой.

«П» -Ислам:

Ата-анаңмен барып сен

Пілді көрдің парктен

«П» -Айзия:

Пайымды жан – әдепті,

Пайымдылық әдетті.

Парықтадық, үйрендік,

Пайымдымыз әдепті.

 «Е» — Ерсұлтан:

Е әрпі Ерсұлтанмын мен деген,

Білім іздеп, оқу оқып терлеген.

Оқушы: Осы қыс ішінде әйбат әліппені үйреніп кел. (Әріптердің барлығын Жалқаубек береді.)

Мұғалім: Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?

Оқушылар:   Балаларға ақ тілек,

Болашаққа бақ тілеп.

Біздерге білім үйреткен

Әліпппе, саған мың рахмет!

Ән: Әліппе, саған мың рахмет!

Әліппе: Балалар, сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар, сонымен  бірге қандай  пәндерді оқыдыңдар?

Оқушылар: математика, дүниетану, ағылшын, ән, бейнелеу, еңбекке баулу.

Әліппе: Мен қазір сендерге сұрақ қоямын. Сұрақтың жауабын білетін оқушы қол көтеріп жауап берсің.

  1. Біздің елбасымыз кім? (Н.Ә.Назарбаев)
  2. Еліміз қалай аталады? (Қазақстан)
  3. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? (Ту, Елтаңба, Гимн)
  4. Ең алғашқы қоңырау біз үшін қашан соғылды? (1 қыркүйек)
  5. Ең алғаш қолыңа алған кітабың? (Әліппе)
  6. Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42)
  7. У дыбыс қандай дыбыс? (бірде дауысты, бірде дауыссыз)
  8. Қосарлы дыбыстарды ата. (я, ю, ё )
  9. Дыбыс бермейтін әріптер. (ь, ъ)

Жалқаубек: математика деген не?

Математика шығады:

Сәлемет пе достарым?
Сабағы боп жоспардың.
4 амалды қолданған,
Математика достарың.

 Сандар шығады. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.

1 — Еркенез

Біздің үйде бір тауық,
Бір жұмыртқа жүр тауып.
Бір сиыр бар қорада,
Бәтіш тәтем жүр сауып.

2-Сабыржан
Екі аяқпен жүремін,
Екі көзбен көремін.
Екі қолым бар менің,
Екеу құлақ, білемін.

3-Абзал
Үйімде бар үш қалам,
Үшеуін де ұштағам.
Үш досымды салдым мен,
Үш балыққа ұқсаған.

4-Абылай
Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да…
Тауыса алмай бидайды,
Төрт тышқан жүр қамбада.

5-Нұрайна
«Бестік» деген бағаны,
Бақыт күнде алады.
Бәрі жақсы көреді,
«Беске» оқыған баланы.

6-Жанымсұлу
«Алақай!» дер келді күн,
Алтыдамын мен бүгін.
Алты жасқа келмекші,
Алғы аптада енді кім?!

7-Назира
Жеті саны киелі,
Жұрттың бәрі біледі.
Жеті жасқа жеткендер,
Жығылмай — ақ жүреді.

8-Ислам
Сен де, мен де баламыз,
Сегіз санын саламыз.
Сегіз деген екі төрт,
Сегіз жаста ағамыз.

9-Айана
Тоғыз жасқа келгенім —
Тоғыз жылды көргенім.
Тоғыз жаста тәнті еткен,
Талабымды көр менің!

10-Нұртуған
Он жыл, он жас — он деген,
Он жас кіші ол менен.

Онды жаза аламыз,
Он — тұрған бір нөл менен.

Оқушылар: Ал, мамырға дейін санап үйреніп кел. (Сандардың барлығын Жалқаубекке береді)

Ән. «Жалқаубек»

2-жүргізуші: Абылай, 2 алмаға 2 алма қосқанда неше болады?

1-жүргізуші: Қиын сұрақ қойдың ғой, ойланбай айта салайын. 4 Дұрыс па?

2-жүргізуші: Бәрекелді, сондай ауыр сұрақ емес еді. Бірақ математик екеніңді мойындаймыз.

1-жүргізуші: Достар! Одан да «Математика» пәні білімімізді тексеріп көрсін.

Математика: математикадан не үйреніп жатқандарыңды жария етуге дайын болсаңдар, мен сынақ жүргізуге дайынмын.

Жұмбақ есептер:

  1. 5-тен 4-ті алайық,

Қанша қалды санайық.

Қарайық та санайық,

Санайық та табайық.  (1)

  1. Бесбайда бар 5 іні,

Естайда бар 2 іні.

Қоссақ 5-пен 2-ні,

Қанша болар шешуі?  (7)

  1. Шығармақ боп кеше есеп,

Жиналғанда 5 есек.

3-еуі ұйықтап отырды,

Ынталысы неше есек?  (2)

  1. Қазып жүр құмды 5 мысық,

3-і жатыр күн ыстық.

2-і жүр шомылып,

Барлығы қанша санап шық.  (10)

  1. Мұз айдында жеті бала,

Асыр сап жүр сырғанап.

Сырғанамай екі бала,

Жағалауда тұр қарап.

Енді осы бар баланың,

Санын айтсаң – жарадың.  (9)

  1. Көлден ұшты 7 қаз,

Қайтып қонды 2 қаз.

Қонбады оның нешеуі?

Қане, кім тез шешеді?   (5)

  1. Жаңа ғана шалғында,

Алты бұзау жүр еді.

Әлде шаршап қалды ма,

Жатып қапты біреуі.

Нешеу енді жайылып,

Айт, жүргенін айырып.   (5)

Математика: Жарайсыңдар, балалар! Математикадан да сауат ашып қалыпсыңдар ғой. Көп нәрсе үйреніпсіңдер.  

Әліппе: Енді мен сендермен қоштасайын.

Кір шалмасын беттерін,

Таза болсын оқулық пен дәптерің.

Оқығандарың есте болсың,

Күнделіктерің 5-ке толсын!  (бес жұлдыз таратып береді).

Жалқаубек: Мен өз қатемді түсіндім, мен де сендер сияқы ақылды да, тәртіпті болғым келеді. Мен өз атымды Ақылбекке ауыстырып ендігі жылы әліппені меңгеріп келемін.

Оқушылар: Біз саған сенеміз, Жалқаубек. Қош сау бол! (Жалқаубек кетеді)

Би. «Барбарики»

2-жүргізуші: Әліппені бітірдік, енді не оқимыз?

1-жүргізуші: Соны мен де ойлап тұрмын.

2-жүргізуші: Шынымен де не оқимыз?

Мұғалім: Қиналатын түгі де жоқ. Ана тілі деген досымыз бар.

(Ана тілі келеді)

Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, менің жаңа достарым. Енді мені оқитын боласыңдар.

Мен де келдім дайындалып тойыңа,

Оқы талмай, түй санаңа жас бөбек.

Сыр құямын, нұр құямын бойыңа,

Таза ұста, оқы мені қастерлеп.

Оқушылар: Оқимыз, таза ұстаймыз.

Мұғалім: Ал, енді балалар, Әліппемен қоштастық. Енді қолымызға ана тілін алатын боламыз. Ана тілі бізбен бірге болып балалардың өнерін тамашала.

          Ақниет: Ана тілін ақтандар,
Ана тілін сақтандар.
Ана тілмен безеніп
Ата берсін ақ таңдар.

          Жүргізуші:  Ана тілдің құрметіне «Вальс» биін қабыл алыңыздар!

Хан: маган осы сынып қатты ұнады мен қызымды осы сыныпта оқуға қалдыраман.

Ханша: Иә, әке шынында да білімді  балалар екен осы сыныпта қаламын. Олармен дос

          болуға қарсы емеспін.

          Мұғалім: Оқушылар ханшайымды өзіміздің сыныбымызда қалдырамызба?

Оқушылар: Иә, әрине қалдырамыз.

          1-жүргізуші: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

          Енді қолға ана тілін аламыз.

2-жүргізуші: Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

          Сауатты боп шықты міне балаңыз.

1-жүргізуші: Сөз кезегін ата – аналарға берейік.

Мұғалім: Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын!

Білімдерін ары қарай дамытатын,

Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын! Осымен «Білім бастауы – Әліппе!» атты

ертеңгілігіміз аяқталды. Ертеңгілігімізді қорытындылау үшін сөз кезегін мектеп

басшысы Даулетова Қалия Үкімашқызына береміз.